Инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 18:54, реферат

Краткое описание

Қазіргі жаңа заманғы дәуірде барлық мемлекеттердің, өнеркәсіптердің, кәсіпорындардың және фирмалардың тұрақты және серпінді дамуы инновация процесімен өте тығыз байланысты. Ииновация процесі жаңа жаңалықтарға, жаңа идеяларға жүгінеді, ал бұл процесті өз кезегінде жүзеге асыратын – мемлекет және адам капиталы. Сондықтан да мемлекеттің Казақстан Республикасының өнеркәсіптеріндегі инновациялық процестерге тікелей, нақты және интенсивті әсер етуі қажеттігінде бұл курстық жұмыстың мақсаты ашылуда.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................... 3

1 ИННОВАЦИЯ мен инновациялық дамудың теориялық аспектілері: ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ............
1.1 Инновация. Оның түрлері және іс әрекеті.......................................
1.2 Инновациялық қызмет және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер................................................................................................
1.3 Инновациялық қызмет субъектілері...............................................
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ........................................................
2.1 Қазақстандағы шағын және орта инновациялық бизнестің жағдайы.....................................................................................................
2.2 Қазақстандағы 2006 – 2008 жылдар аралығындағы инновациялық қызметтің көрсеткіштерін талдау................................
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДА МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ және орта инновациялық бизнестің проблемаларын шешудің бір жолы.......................................................................................................
3.1 Инновациялық процестердің дамуында мемлекеттік реттеудің қалыптпсуы............................................................................................
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары......................................................................................
3.3 Қазақстандағы шағын және орта инновациялық бизнестің проблемаларын шешудің бір жолы.........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................ 39

Файлы: 1 файл

Инновация реферат.doc

— 338.50 Кб (Скачать)

      МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ........................................................................................................... 3
 
1 ИННОВАЦИЯ мен инновациялық дамудың теориялық аспектілері: ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ............

    1.1 Инновация.  Оның түрлері және іс әрекеті.......................................

    1.2 Инновациялық  қызмет және ғылыми зерттеулер  мен      әзірлемелер................................................................................................

    1.3   Инновациялық қызмет субъектілері...............................................

 
 
 
5 

8

11

 
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ДАМУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОЛАРДЫ  ТАЛДАУ........................................................

    2.1  Қазақстандағы шағын және орта  инновациялық    бизнестің жағдайы.....................................................................................................

    2.2  Қазақстандағы 2006 – 2008 жылдар аралығындағы   инновациялық қызметтің көрсеткіштерін талдау................................

 
 
 
 
15 

20

 
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДА МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ және орта инновациялық  бизнестің  проблемаларын шешудің бір жолы.......................................................................................................

    3.1 Инновациялық процестердің дамуында мемлекеттік реттеудің қалыптпсуы............................................................................................

    1.   Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары......................................................................................

    3.3  Қазақстандағы шағын және орта инновациялық  бизнестің  проблемаларын шешудің бір жолы.........................................................

 
 
 
 
 
25 

31 

34

 
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
 
37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................ 39

КІРІСПЕ 
 

      Реферат тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жаңа заманғы дәуірде барлық мемлекеттердің, өнеркәсіптердің, кәсіпорындардың және фирмалардың тұрақты және серпінді дамуы инновация процесімен өте тығыз байланысты. Ииновация процесі жаңа жаңалықтарға, жаңа идеяларға жүгінеді, ал бұл процесті өз кезегінде жүзеге асыратын – мемлекет және адам капиталы. Сондықтан да мемлекеттің Казақстан Республикасының өнеркәсіптеріндегі инновациялық процестерге тікелей, нақты және интенсивті әсер етуі қажеттігінде бұл курстық жұмыстың мақсаты ашылуда.

      Қазіргі бәсекелестік заманында интелектуалдық ресурстардың, инновациялық серпінді идеялар мен жобалардың тынымсыз ізденісің көзі болмаса, көштен қалу оп-оңай. Инновация – бұл қашанда сезгілікті тауар өндірісі өсіміне әкелетін, пайда мен бәсекеге қабілеттілікті күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы мен бизнес. Фрэнсис Бэкон: “Білім – ел мен халыққа пайда әкелгенде ғана күш”, деген екен. Егер экономикалық пайда әкелмесе, ғылыми-техникалық прогрестен еш пайда жоқ.

      Рефераттың  мақсаты. Индустриялды-инновациялық мықты серпінді дамуы бар мемлекетке кол жеткізудің жолдарын айқындау, бар проблемаларын ашық көрсету және оларды тиімді шешу тетіктерін мемлекеттің бастауымен басқаруды негіздеу.   

      Рефераттың міндеті. Қазақстанның алдында экономиканы жеделдете модернизациялау, шикізаттық экономикадан индустриялық экономикаға көшу міндетін айқындау.

      Бұл рефераттық жұмыста Казақстан Республикасының өнеркәсіптеріндегі инновациялық процестерінің түрлері, оларды қолдану аясы мен стратегиялары толық қамтылып толығымен қарастырылған. Сонымен қатар отандық өнеркәсіптеріндегі инновациялық процестердің проблемалары ашық түрде көрсетілген және оларды мемлекеттік басқару тұтқаларымен реттелуі, қолданылуы және бағытталу нысандары қамтылған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
  1. ИННОВАЦИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
 
      
    1. Инновация. Оның түрлері және іс әрекеті
 

      Инновация – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың жаңаруын қамтиды.

      Инновациялардың мынандай түрлері  болады:

      1. Жаңалығына байланысты:

      - базистік инновациялар, олар ірі  зерттеулерді іске асырады;

      - жақсарту инновациялары, олар кіші және орташа зеттеулерді іске   асырады.

      - жалған инновациялар, техника мен  технологияның ескірген  бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.

      2. Қолданылуына байланысты:

      - өнімдік инновациялар – жаңа  өнімдерді шығарып, қолдануға  бағытталған;

      - технологиялық инновациялар –  жаңа технологияларды шығарып,   қолдануға бағытталған;

      - әлеуметтік инновациялар – жаңа  құрылымдарды құруға бағытталған;  

      - нарықтық инновациялар – жаңа  нарықтағы өнімдер мен қызмет  етуді    тұтынуды іске асыруға бағытталған.

      3. Шығу көздеріне  байланысты:

      - ғылым мен техниканың дамуынан  пайда болған инновациялар;

      - өндірістің қажеттілігінен пайда  болған инновациялар;

      - нарықтың қажеттілігінен пайда  болған инновациялар.

      4. Қайта өндіру процесіндегі  роліне байланысты:

      - тұтыну инновациялары;

      - инвестициялық инновациялар.

      5. Масштабына қарай:

      - күрделі инновациялар;

      - жай инновациялар.

        Инновация түрлері мен инновациялық мақсаттардың тәуелділігі төменде көрсетілген:

Кесте 1

Инновация түрлері мен инновациялық мақсаттардың тәуелділігі

Инновация түрі       Инновациялық  мақсаттар
 
 
 
 
Өнім-инновация
Аман қалуды қамтамасыз ету;                                                              Пайданы көбейту;                                                     

Нарық үлесін көбейту;                                                                        Тәуелсіздік;                                                                        Клиенттер қызығушылығы;                                                                        Престиждің жоғарылауы;                                                                      Жаңа жұмыс орындарын құру;                                                                        Айналым мен өткізуді өсіру;

 
 
Процесс-инновация
Пайданы өсіру (өнімділікті өсіру,                                              шикізат пен энергияны үнемдеу арқылы)                                                               Қоршаған ортаны ластауды азайту;
 
 
Әлеуметтік  инновациялар
Коллектив пен  қоғамға деген қарым-                                                                                                  қатынаста әлеуметтік жауапкершілік;                                                            Тәуелсіздік;                                                                 Еңбек нарығында жағдайдың жақсаруы.
 

      Инновациялық  іс-әрекет – бұл өнімнің ассортиментін кеңейту және сапасын жоғарлату, технологияны және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында инновацияларды іздеу және жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет.

      Инновациялық іс-әрекетке келесі жағдайлар кіреді:

      - кәсіпорынның проблемаларын айқындау;

      - инновациялық процесті жүзеге  асыру;

      - инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыру.

      Инновациялық  идеяның ішкі және сыртқы көздері  болады.

      Ішкі  көздеріне мыналар жатады:

  1. күтілменген жағдай – сәттілік,сәтсіздік, сыртқы жағдай;
  2. конгруэнтсіздік – ол жөніндегі шындық пен біздің байқауымыз, түсінігіміздің сәйсес келмеуі;
  3. процесстің қажеттілігіне негізделген жаңалық енгізулер;
  4. сала немесе нарық құрылымындағы кездейсоқ өзгерістер.

      Енді  сыртқы инновация көздеріне келетін болсақ, оларға мыналар жатады:

  1. демографиялық өзгерістер;
  2. қабылдаулардағы, көңіл-күдегі және құнды бекітпелердегі өзгерістер;
  3. жаңа білім.

      Инновациялық  іс-әрекетке – ұйымдастырудың, басқарудың және қаржыландырудың, жаңа өнім шығарудың жаңа нысандарын пайдалануға негізделген. Оған жататындар:  

      • техника мен технологияның, ғылыми-техникалық құжаттардың, өндірісті дайындаудың жаңа үлгілерін жасап шығару;

      • ғылыми-техникалық жасалымдар мен шығармашылықтарды, жаңалықтарды, ноу-хауды іске енгізу және көбейту, экспертизаны ұйымдастыру;

      • ғылым мен техника саласында халықаралық құқығы бар өндірістік үлгілерді, тауарлық белгілерді және басқа да жаңалықтарды ашу;

      • жаңа техника мен технология үлгісін жасап шығару үшін ғылыми зеттеулер, жобалау, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зеттеулер жүргізу;

      • патенттік-лицензиялық қызмет.

      Кәсәпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға байланысты:

      • жаңа техниканы жасап іске енгізудің  тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша ролі;

      • өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;

      • жаңа техниканы жасап және іске асыру  мерзімдердің қысқартудың қажеттілігі;

      • өндіріс дамуының интенсифті факторларының  артуы, олардың ғылыми-техникалық прогрессті экономиканың бралық саласында қолданылуына ықпал жасау;

      • ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;

      • жаңа өнімді шығаруды кәсіпорындардың  шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;

      • техника мен технологияның тез  арада тозуы;

      • жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т.б.

      Қорыта  келе, инновациялық іс-әрекет – бұл  ғылыми зеттеулермен, жаңа өнім шығарумен, еңбек құрал-жабдықтарын жетілдірумен, ғылым мен техника жетістіктерініңарқасында өндірісті ұйымдастыру мен технологиялық  процестерді дамытумен, ғылыми-техникалық процесстің дамуын жылдамдатуға және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыруға негізделген шаралар жүйесін жасап шығаруға бағытталған, басқарудың ұйымдары мен факторларының әртүрлі әдістерінің күрделі жүйесі.    

    1. Инновациялық  қызмет және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер
 

      Инновациялық  қызмет – жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе нарыққа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс; әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл. Жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.

      Технологиялық инновациялар – бұл ұйымның инновацияларды әзірлеу және енгізуге байланысты қызметі. Атап айтқанда, өнеркәсіпте – технологиялық жағынан жаңа өнімдер мен процестер, сондай-ақ, өнімдер мен процестердегі технологиялық елеулі жетілдірулер; қызмет көрсету саласында – технологиялық жағынан жаңа немесе едәуір жетілдірілген қызмет көрсетулкр мен қызмет көрсетулердің жаңа тәсілдері.

      Инновациялық  өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім.Мына бұйымдарды қамтиды:

Информация о работе Инновация