Инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 18:54, реферат

Краткое описание

Қазіргі жаңа заманғы дәуірде барлық мемлекеттердің, өнеркәсіптердің, кәсіпорындардың және фирмалардың тұрақты және серпінді дамуы инновация процесімен өте тығыз байланысты. Ииновация процесі жаңа жаңалықтарға, жаңа идеяларға жүгінеді, ал бұл процесті өз кезегінде жүзеге асыратын – мемлекет және адам капиталы. Сондықтан да мемлекеттің Казақстан Республикасының өнеркәсіптеріндегі инновациялық процестерге тікелей, нақты және интенсивті әсер етуі қажеттігінде бұл курстық жұмыстың мақсаты ашылуда.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................... 3

1 ИННОВАЦИЯ мен инновациялық дамудың теориялық аспектілері: ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ............
1.1 Инновация. Оның түрлері және іс әрекеті.......................................
1.2 Инновациялық қызмет және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер................................................................................................
1.3 Инновациялық қызмет субъектілері...............................................
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ........................................................
2.1 Қазақстандағы шағын және орта инновациялық бизнестің жағдайы.....................................................................................................
2.2 Қазақстандағы 2006 – 2008 жылдар аралығындағы инновациялық қызметтің көрсеткіштерін талдау................................
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДА МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ және орта инновациялық бизнестің проблемаларын шешудің бір жолы.......................................................................................................
3.1 Инновациялық процестердің дамуында мемлекеттік реттеудің қалыптпсуы............................................................................................
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары......................................................................................
3.3 Қазақстандағы шағын және орта инновациялық бизнестің проблемаларын шешудің бір жолы.........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................ 39

Файлы: 1 файл

Инновация реферат.doc

— 338.50 Кб (Скачать)
  1. жаңа (қайта енгізілген)- радикалдық өнімдік инновация;
  2. жетілдірілген бұйымдар;
  3. жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзгеде инновациялық өнімдер.

      Инновациялық  белсенді кәсіпорындар – кәсіпоырынның инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни зеттелетін кісіпорындардың жалпы санына қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық- белсенді кәсіпорындар сандарының қатынасы ретінде анықталады.

      Инновациялық  өнім көлеміне есепті кезеңде әр түрлі технологиялық инновациялар негізінде өндірілген өнімдер кіреді.  

        Инновацияға жұмсалатын шығындар  кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығындар. Жалпы шығындар құрамына ағымдағы және күрделі шығындар ескеріледі.

      Инновациялық  қызмет түріне қарай, жаңа өнімдер мен  технологиялық процестерді енгізуге байланысты ғылыми зеттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар түрлері:

      - заттандырылмаған технологияларды  өнертабыстарды пайдалануға лицензияларды,  өнеркәсіптік үлгілерді, пайдалы  модельдерді, патенттерге құқықты,  патентсіз лицензияларды, технологиялық мазмұндағы қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығындар;

      -   өнеркісіпті жобалауға жұмсалатын  шығындар;

      -  жаңа немесе жетілдірілген өнімдер  мен технологиялық процестерді  енгізуге байланысты машиналар  мен жабдықтарды сатып алуға  жұмсалатын шығырдар;

      -   жаңа өнімдерді нарыққа шығару  бойынша маркетингтік зерттеулерге  жұмсалатын шығындар.

      Ғылыми  зерттеулер мен әзірлемелер – ғылыми білімнің және оларды  тәжірибеде қолдануға жаңа салалар іздеу жиынын көбейту мақсаьында жүйелілікнегізде жүзеге асырылатын ғылыми қызмет.

        Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер құрамына іргелі, қолданбалы зерттеулер мен ғылыми – техникалық әзірлемелер кіреді.

      Іргелі  зеттеулерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір нақты мақсат қоймай жаңа білім алуға бағытталған эксперементтік және теориялық зеттеулер жатады. Олардың нәтижесі – болжамдар, теориялар, әдістер және т.с.с. Іргелі зеттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зеттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылими жариялымдар, т.с.с. жасаумен аяқталуы мүмкін.

      Қолданбалы  зеттеулер дегеніміз – нақты түпнұсқа міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған жаңа маңызды жұмыстар. Қолданбалы зеттеулер іргелі зеттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан проблемаларды шешудің жаңа әдстерін айтады.

      Ғылыми  – техникалық әзірлемелерге бар білімге негізделген, зеттеулер мен практикалық тәжірибе нәтижесінде алынған және жаңа материалдарды, өнімдерді, процесстерді, құрылғыларды, қызмет көрсетуді, жүйелерді немесе әдістерді құруға бағытталған жүйелік жұмыстар жатады. Бұл жұмыстар сондай-ақ бар объектілерді елеулі жетілдіруге бағытталуы мүмкін.  
 
 

    1. Инновациялық  қызмет субъектілері
 

          Инновациялық кәсіпкерлік қызмет субъектілері деп ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, яғни бұл қызмет түрімен айналысуға куәлік алған жеке кәсіпкерді айтамыз. Инновациялық кәсіпкерліктің мұндай субъектілеріне өнертапқыштарды, технологтарды, конструкторларды  және экономиканың түрлі аймақтарына жаңашылдық жасап, оны енгізетін шығармашыл тұлғаларды жатады. И.Шумпетер кәсіпкер болу – ол басқалар істемегенді істеу және басқалар істемегендей етіп істеу деп текке айтпаған. Оның ойынша, кәсіпкерлік – инновациялық адамдар, новаторлар мен өнертапқыштардың шығармашылық қызметі. Әйгілі американдық ғалым П.Дракердің ойынша, кәсіпкерліктің құралы болып қызметтің барлық саласындағы жаңалықтар табылады, ол кәсіпкерлік субъектілрімен, кәсіпкерлік ұйымның мүмкіндіктері мен мақсаттарынан тәуелді.

         Инновациялық кәсіпкерліктің дамуы  көптеген факторларға тәуелді,  оның ішінде экономика салаларында  жұмыс істейтін, әсіресе экономикалық  өсуді анықтайтын жұмыскерлердің  ғылыми деңгейі мен санын бөлуге  болады. Инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы қабілетті халықтың білімінің деңгейі, инновациялық идеяны ұсынып қана қоймай, оны іс-жүзінде жүзеге асыра алатын ғылыми кадрларды «тартумен» айналысады, ол бұл елдерге аз шығынмен және жылдам темппен инновациялық кәсіпкерлік пен ғылыми-техникалық прогресстің дамуына мүмкіндік береді.

         Экономиканың барлық саласындағы  ғылыми-техникалық прогресс пен  инновациялық кәсіпкерліктің дамуы  заңды тұлғалардың болуымен –  ғылыми-зерттеу ұйымдарының болуымен  анықталады.

         Инновациялық қызметтің алдыңғы қатарлы субъектілері болып заңды тұлғалар табылады, ережеге сәйкес, нақты жобаға инновациялық идеяны жасап және ол үшін пайда түрінде қаржылық нәтиже алатын коммерциялық ұйымдар жатады. Сондықтан да меншік формасына тәуелсіз инновациялық кәсіпкерлік субъектілеріне ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдар, экономиканың түрлі ұйымдары мен кәсіпорындары, жоғарға оқу орындары жатады. Азаматтың заңдылықтарға сәйкес инновациялық қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары болып шаруашылық серіктестер мен қоғамдар, мемлекеттік және муниципалдық унитарлы кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар мен мекемелер табылады.

        Ғылымисыйымды және күрделі ақпараттық  идеяны жүзеге асыру кезінде  маңызды рөлді кәсіпкерлік ұйымдардың  бірігулері алады: консорциумдар, концерндер, холдинг-компаниялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар мен басқа да ассоциациялар және заңды тұлғалар одақтары. Мұндай бірлестіктер арасында маңызды орынды консорциумдар алады, олардың басты мақсаты ірі инновациялық жобаларды іздеу мен жасау болып табылады және ол техника мен жаңа технологиялардың енуімен байланысты. Инновациялық салада консорциумды банктер, кәсіпорындар, фирмалар мен ғылымисыйымды және капиталсыйымды жобаларды жүзеге асыру үшін ғылыми орталықтар арасындағы уақытша келісім ретінде анықтауға болады. Алғаш рет халықаралық консорциумдар банктік салада, ал соңғы жылдары ол шаруашылық қызметтің басқа да салаларында пайда бола бастады. Ал 1960 жж. жаңа типтегі, яғни қатысушысы мемлекет болып табылатын консорциумдар пайда бола бастады. Консорциумдарға біріге отырып, оның қатысушылары өзінің техникалық және коммерциялық бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуды мақсат тұтады. Сондай-ақ консорциум – бұл алға қойылған мақсаттарға жеткеннен кейін өз қызметін жоятын уақытша бірлестік.

         Инновациялық кәсіпкерліктің күрделі  формаларының біріне өнеркәсіп,  транспорт, сауда және банкілік  саланы біріктіретін концерн  жатады. Концерн қатысушылары болып  жалпы мақсатқа жету үшін, соның  ішінде ғылымисыйымды инновациялық  жобаны жүзеге асыру үшін біріктірілген кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар жатады. Кәсіпорындар мен ұйымдар концернінің қалыптасу мақсаты: анықталған салалық маусымдық ауытқу мен тәуекелдің теңесуі; аз перспективті экономика салаларынан үлкен перспективалы экономика салаларына капиталдың ауысуы; шағын және орта кәсіпорынмен салыстырғанда ірілерінің инновация негізінде кейбір артықшылықтары бар. Бірінші кезекте – бұл ірі қаржылық құралдардың концентрациясы, өйткені маңызды ашылулар шығындарды талап етеді; сәтті инновацияны игеру үшін шығын бірнеше рет ұлғаяды, тек ірі кәсіпкерлік құрылымдар ғана соңғы нәтижеге жете алады. Ірі бірлестіктердің ғылыми зерттеулердің келесі ерекшелігі мен артықшылығы көпмақсатты зерттеулерді жүзеге асуында жатыр. Мұндай құрылымдардың ғылыми-технологиялық бөлімшелері өзіне көп сала бойынша зерттеушілер мен ғалымдарды біріктіруге мүмкіндік береді. Мұның барлығы инновациялық қызметтің тиімділігін арттырады.

         Инновациялық процестің интенсификациясына  бағытталған ұйымдастырушылық формалар  ішінде маңыздысы венчурлік инжинирингтік фирмалар болып табылады. Инжинирингтік фирмалар – бұл ғылыми зерттеулер мен өңдеу арасындағы біріктіруші звено. Инжинирингтіт қызмет өнеркәсітік меншік объектілерімен, жоба-өндірістік процестің ұйымдастырылуымен қауіпсіздік пен үнемдеумен байланысты.

         Инжинирингтік фирмалар мыналарды  жүзеге асырады:

  • коммерциялық конъюнктуралар мен инновациялық идеяны техникалық болжауға, жаңа техникалар, пайдалы модельдер, ойлап табуларды бағалауды;
  • жаңалықтардың өнеркәсіптік жүзеге асуын орындайды;
  • өңдеу объектілерін енгізу процесінде консультация мен қызмет көрсету;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындардың мақсаты бойынша сынау жұмыстарын жүргізу.

         Инновациялық қызметтің дамуын  қолдайтын құрылымдар арасында  маңызды рөлді технопарктер алады. Олар шығатын инновациялық қызметте кіретін ресурстарды (негізгі және айналым қорлары, инвестициялар) қалыптастырады. Өсу деңгейіне байланысты технопарктік құрылымдардың күрделілігін келесі түрде қоюға болады: инкубаторлар, технологиялық парктер, технополистер, ғылым мен технологиялар аймағы.

         Инкубатор инновациялық қызметтің  кең тізімін өңдейтін күрделі  көпфункционалды комплекс болып  табылады, ережеге сәйкес ол бір  немесе бірнеше мекемені алады.  Инновациялық фирма өзінің технологиялық  профиліне тәуелді инкубатордан инновациялық фирманың қандай да бір жиынын жалға немесе сатып алады, оған міндетті түрде мекемені жалға алу кіреді. Клиент-фирманың инкубациялық кезеңі әдетте 2-3 жыл, бұл мерзімнің аяқталуына байланысты инновациялық фирма инкубаторды тастап, өз қызметін бастайды.  Технологиялық парк – күрделі функционалды құрылымы бар ғылыми-өндірістік территориалдық комплекс болып табылады, ал аса маңызды орталықтарға мыналар: зерттеу орталықтары, инкубатор, ғылыми-технологиялық комплекс (инновациялық орталық), өнеркәсіптік зона, маркетингтік орталық, оқыту орталығы және т.б жатады. Аталған орталықтардың әрқайсысы арнайы қызмет тобын өңдейді, мысалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен немесе мамандарды қайта даярлаумен байланысты қызметтер. Технополис экономикасында маңызды рөлді трехнопарктер мен инкубаторлар алатын жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылымның тұтастығы болып табылады. Ғылыми орталықтарда жасалған жаңа тауарлар мен технологиялар қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін қолданылады.

         Ғылым мен технология аймағының  шекаралары әкімшілік аймақ шекараларымен  қиылысатын маңызды территорияны  қамтиды. Мұндай аймақ экономикасында  үлкен рөлді технопарктік құрылымдармен  қолданылатын инновациялық қызмет  алады. Ғылым мен технология аймағында ірі ғылыми ғылыми мекемелер мен ғылымисыйымды өнім өндірісіне бағытталған өнеркәсіптік кәсіпорындар қалыптасады. Бұл комплекске, сондай-ақ өндірістік және тұрмыс инфрақұрылымдары мен мәдени мекемелер және т.б кіреді.  

  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
 
    1. Қазақстандағы шағын және орта инновациялық бизнестің жағдайы
 
 

      Бүгінде Қазақстан Республикасы өзінің жаңа даму кезеңінің тұғырында тұр, болашаққа  үлкен мақсат қойылып отыр, ол Жаңа әлемде жаңа Қазақстанды құру, яғни әлемдік көшбасшы мемлекеттер ұстанып  келе жатқан экономика моделін құру қажет. Бұған қатысты қадамдар да жасалынып жатыр.  Мысалға, ғаламдық бәсекеге қабілетті 117 мемлекеттер арасында Қазақстан 61 орында, ТМД және Ресей мемлекеттерінің алдында келеміз. Сонымен қатар маңызды МЕІ (макроэкономикалық орта индексі) бойынша еліміз 41 орында, біз Чехия, Словакия, Польша, Болгария, Венгрия және барлық ТМД мемлекеттерінің көшін бастап келеміз. Ал Қазақстанның әлсіз, әрі толығымен дамымаған аймағы ол технологиялық индексі бойынша 77 орын және қоғамдық институттар индексі бойынша 78 орын.

      Ұлттық  экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін теориялық негізде өлшеу үшін бүкіл әлемдік экономикалық форум келесі 3 кезеңді көрсеткен.

  1. Факторлық. Бұл кезеңге дамуы жағынан ең төменгі деңгейлі  мемлекеттер жатады, бұл мемлекеттердің макроэкономикалық тұрақтылығы өндірістік факторларға ғана негізделген (жер, шикізаттық тауарлар мен мамандандырылмаған еңбек).
  2. Инвестициялық. Бұл кезеңге дамушы мемлекеттерді жатқызамыз, яғни олардың бәсекеге қабілеттілігі әлемдік технологияларды ішкі өнеркәсіпте қолдану болып табылады, ал олар өз кезегімен шетелдік тікелей инвестициялардың арқасында жүзеге асады.
  3. Инновациялық. Бұл кезеңге дамыған және көш бастаған дамушы мемлекеттерді жатқызамыз. Бұл мемлекеттердің ұлттық экономикалары технологияларды импорттау кезеңінен технологияларды өздері өңдеу, жасау кезеңіне өткен. [1]

Информация о работе Инновация