Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 18:54, реферат
Қазіргі жаңа заманғы дәуірде барлық мемлекеттердің, өнеркәсіптердің, кәсіпорындардың және фирмалардың тұрақты және серпінді дамуы инновация процесімен өте тығыз байланысты. Ииновация процесі жаңа жаңалықтарға, жаңа идеяларға жүгінеді, ал бұл процесті өз кезегінде жүзеге асыратын – мемлекет және адам капиталы. Сондықтан да мемлекеттің Казақстан Республикасының өнеркәсіптеріндегі инновациялық процестерге тікелей, нақты және интенсивті әсер етуі қажеттігінде бұл курстық жұмыстың мақсаты ашылуда.
КІРІСПЕ........................................................................................................... 3
1 ИННОВАЦИЯ мен инновациялық дамудың теориялық аспектілері: ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ............
1.1 Инновация. Оның түрлері және іс әрекеті.......................................
1.2 Инновациялық қызмет және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер................................................................................................
1.3 Инновациялық қызмет субъектілері...............................................
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ........................................................
2.1 Қазақстандағы шағын және орта инновациялық бизнестің жағдайы.....................................................................................................
2.2 Қазақстандағы 2006 – 2008 жылдар аралығындағы инновациялық қызметтің көрсеткіштерін талдау................................
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДА МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ және орта инновациялық бизнестің проблемаларын шешудің бір жолы.......................................................................................................
3.1 Инновациялық процестердің дамуында мемлекеттік реттеудің қалыптпсуы............................................................................................
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары......................................................................................
3.3 Қазақстандағы шағын және орта инновациялық бизнестің проблемаларын шешудің бір жолы.........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................ 39
Осы ұлттық экономикалардың даму классификациясына жүгінетін болсақ, қазір Қазақстан Республикасы аралас үлгіде, яғни факторлық – инвестициялық кезеңде. Неге бізге дамушы мемлекеттердің көшін бастаған, инновациялық кезеңге аяғын нық басқан мемлекет болмасқа?
Шыны керек Қазақстан Республикасы бүкіл әлемде «шикізаттық» мемлекет болып танылады. Осы «шикізаттық» мемлекет таңбасын жою үшін ұлттық экономикамызды модернизациялау керек, яғни «Ақылды Экономика» моделіне көшу керек. Ия, мемлекет тарапынан осы өзгерістерге қатысты бірнеше қадамдар жасап келеді, бірақта дұрыс бағытта емес.
Барлығына мәлім «Ақылды Экономика» моделінің фундаменталды кезеңі инновацияға, жаңа жаңалықтарға, ғылым жетістіктерге жүгінеді, ал оның негізгі мақсаты: ғылым мен өндірісті интеграциялау. Осы инновация нарығында Қазақстаның үлесі өте кішігірім, өйткені оның алғашқы жасаған қадамдарында кездесіп жатқан проблемалары көп. Олар:
Өндірістік кәсіпорындардың инновациялық белсенділік дәрежесінің төмен деңгейі, ол ғылыми сыйымды зеттеулерге кәсіпорындар аз көңіл бөлуі, ал олардың барша зейін көңілі дайын инновация жетістіктерін сатып алумен айқындалады. Сатып алынған инновациялық шетелдік жетістіктер ескірген, арзан және сапасы төмен болады. Қандай мемлекет өзінің үздік жетістіктерін жан – жаққа таратқанды ұнатады?!
Сурет
1 - Отандық кәсіпорындардың өздерінің
табыстарының жұмсауы
Сонымен, қазіргі қалыптасқан жағдай кәсіпорындар ағымдағы проблемаларды шешуге тырысады, яғни өздерінің сынған, ескірген технологияларын шетелдің ескірген технологияларына ауыстыру болып табылады. Осыған қатысты отандық кәсіпорындардың өздерінің табыстарының жұмсау көрсеткіші (1 график)
Бұл графиктің талдауына келетін болсақ, отандық кәсіпорындар өздерінің табыстарының 46,5 % машинаналар мен қондырғыларды сатып алуға, 2 % зеттеулер мен өңдеулерге, 0,3 % персоналды оқыту мен даярлауға, 0,3 % маркетингтік зерттеулерге, тағыда 2 % өндірістік жобаларды әзірлеуге, 6 % программалық өнімдерді сатып алу, 10,4 % жаңа технологияларды сатып алу және 32,5 % басқада шығындар. Нәтижесінде, отандық кәсіпорындар өздерінің табыстарының 95,4 % сатып алуларға жұмсайды екен, ал тек 4,6 % ғана қандай да бәр зеттеулерге, өңдеулерге жұмсайды. Бұд нені көрсетеді? Отандық кәсіпорындар пайдалы әрі экономикалық тиімді инновациялық зерттеулер мен өңдеулерді өздерінің жұмыстарына қосқысы келмейді, олар тек жеңіл жолын іздеп табуда, яғни еш қандай инновациялық жұмысты жүргізбей оңай сатып алуды ұнатады.
Шағын инновациялық кәсіпкерліктің елімізде үлкен қарқынмен дамымауы өзінің ішкі себептерімен айқындалады. Мұны анығырақ Ансоф матрицасымен көрсетуге болады.
Базалық стратегияны ұстанған шағын кәсіпорын әдеттегідей тек қана тауарлы делдал болып келеді, олар қарапайым инновациялық операциялармен шұғылданады (буып – түюдің сапасын өзгерту, базалық өнімге қиын емес өзгерістер енгізу). Бұл стратегия көп ғылыми зеттеулерді қажет етпейді.
Маркетингтік инновациялық стратегияны ұстанған шағын кәсіпорын тар нарық сегментінде маркетингтік басқару концепциясын жүргізумен шұғылданады. Бұл концепция ақпараттық зеттеулерді талап етеді.
Технологиялық
инновациялық стратегияны
ұстанған шағын кәсіпорын жақсы қамтамасыз
етілген нарық сегментінде сұранысқа
көп ие болып отырған жаңа немесе өзгертілген
өнімді талап етеді. Бұл стратегияның
ғылыми – зеттеулік және тәжрибиелі –
конструкторлық шығындары көп болады.
|
Ескі нарық | Жаңа нарық | |||
Ескі тауарлар мен
технологиялар
|
Ескі
нарықтағы ескі тауарлар мен технологиялар.
|
Жаңа
нарықтағы ескі тауарлар мен технологиялар.
| |||
Жаңа
тауарлар мен технологиялар |
Ескі
нарықтағы жаңа таурлар мен технологиялар.
| Жаңа нарықтағы
жаңа таурлар мен технологиялар.
|
Сурет 2
Ансофтың шағын кәсіпкерліктің инновациялық
даму стратегиясының матрицасы.
К
о
н
г
л
о
м
е
р
а
т
т
ы
қ
и
н
н
о
в
а
ц
и
я
л
ы
қ
с
т
р
а
т
е
г
и
я
н
ы
ұстанған шағын кәсіпорын
көшбасшы болады, өйткені олар потенциалды жаңа ашулар мен «серпінді» жобаларды алып жүрушілер. Олардың тауарлары мен технологиялары түп негізінен өзгертілген. Бұл стратегия ғылыми – зерттеулік және тәжірибелі – конструкторлық шығындары өте көп деңгейде талап етеді және үлкен тәуекелділік дәрежесімен ерекшелінеді. [2]
Осы
Ансоф матрицасына сүйенетін
болсақ Қазақстандағы шағын
Дәл
осы проблема Қазақстандағы шағын
инновациялық кәсіпкерліктің дамуында
үлкен бөгетке айналып отыр.
Қазақстандағы 2006 – 2008 жылдар аралығындағы инновациялық көрсеткіштер
Бұл бөлімде жинақталған ақпараттар Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Қазақстан өңірлері 2008 жылы» атты кітабынан алынған. Атап айтқанда 2006 -2008 жылдар аралығында Қазақстанда канша ұйымдар инновациялық зерттеулер мен әзәрлемелерді орындағандар саны, кәсіпорындардағы ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық бөлімшелер саны, ондағы жұмыс атқарған қызметкерлер есебі, ғылыми – техникалық жұмыстардың көлемі, ғылыми зеттеулер мен әзәрлемелерге жұмсалған жалпы шығындар деңгейі және кәсіпорындардың инновациялық белсенділік көрсеткіштері толығымен қарастырылған.
2006 – 2008 жылдары кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі бойынша көрсеткіштер келесідей ( № 1 кестеде):
Жалпы
Қазақстан Республикасы бойынша
инновация шараларын қолданатын
кәсіпорындар 2007 жылы – 10 591, 2008 жылы –
10 889 кәсіпорын, оның ішінде инновациялық
белсенді кәсіпорындардың саны 2007 жылы
– 505, 2008 жылы – 526 кәсіпорын. Аймақтар
бойынша, инновация шараларын қолданатын
кәсіпорындар көп шоғырланған аймағы
Алматы қаласы 2007 жылы – 2 611, 2008 жылы - 2451
кәсіпорын, оның ішінде инновациялық белсенді
кәсіпорындардың саны 2007 жылы – 164, 2008
жылы – 176 кәсіпорын. Ал бұл көрсеткіштер
бойынша ең аз шоғырланған аймақ Қызылорада
және Батыс Қазақстан облыстары.
Кесте 2
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі.
Аймақтар |
Респоденттер
саны,
барлығы |
Одан | ||||
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны | Инновация
саласындағы белсенділік | |||||
2007 жыл | 2008 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | |
Қазақстан Республткасы | 10 591 | 10 889 | 505 | 526 | 4,8 | 4,8 |
Ақмола | 555 | 575 | 12 | 12 | 2,2 | 2,1 |
Ақтөбе | 384 | 430 | 23 | 24 | 6,0 | 5,6 |
Алматы | 699 | 763 | 20 | 16 | 2,9 | 2,1 |
Атырау | 282 | 296 | 22 | 11 | 7,8 | 3,7 |
Батыс Қазақстан | 329 | 246 | 7 | 12 | 2,1 | 4,9 |
Жамбыл | 351 | 363 | 23 | 32 | 6,6 | 8,8 |
Қарағанды | 894 | 981 | 57 | 60 | 6,4 | 6,1 |
Қостанай | 574 | 652 | 11 | 16 | 1,9 | 2,5 |
Қызылорда | 255 | 252 | 6 | 6 | 2,4 | 2,4 |
Маңғыстау | 402 | 517 | 13 | 12 | 3,2 | 2,3 |
Оңтүстік Қазақстан | 688 | 690 | 17 | 19 | 2,5 | 2,8 |
Павлодар | 541 | 542 | 39 | 44 | 7,2 | 8,1 |
Солтүстік Қазақстан | 389 | 410 | 8 | 9 | 2,1 | 2,2 |
Шығыс Қазақстан | 920 | 989 | 63 | 55 | 6,8 | 5,6 |
Астана қаласы | 717 | 732 | 20 | 22 | 2,8 | 3,0 |
Алматы қаласы | 2 611 | 2 451 | 164 | 176 | 6,3 | 7,2 |
2006 – 2008 жылдары инновациялық зерттеулер мен әзәрлемелерді орындағандар ұйымдар санына тоқталатын болсақ (№ 1 кестеде), жалпы Қазақстан Республикасы бұл ұйысдар саны 2006 жылы – 390, 2007 жылы – 437, 2008 жылы – 438 бірлікті құрайды, мұнда біз шамалы болсада қысқа өсімді байқаймыз. Ал, аймақтарға келетін босақ, инновациялық зерттеулер мен әзәрлемелерді ең көп орындағандар ұйымдар саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында 2006 жылы – 170, 2007 жылы – 194, 2008 жылы – 184 және ең аз бұл жұмысты орындаған ұйымдар саны бойынша Солтүстік Қазақстан облысы 2006 жылы – 5, 2007 жылы – 4, 2008 жылы – 5.
Кесте 3
Зерттеулер мен әзәрлемелерді орындаған ұйымдар саны
Аймақтар |
Бірлік | ||
2006 жыл | 2007жыл | 2008 жыл | |
Қазақстан Республткасы | 390 | 437 | 438 |
Ақмола | 8 | 8 | 8 |
Ақтөбе | 15 | 17 | 17 |
Алматы | 8 | 9 | 14 |
Атырау | 8 | 10 | 10 |
Батыс Қазақстан | 11 | 13 | 16 |
Жамбыл | 9 | 13 | 12 |
Қарағанды | 51 | 51 | 46 |
Қостанай | 10 | 15 | 16 |
Қызылорда | 7 | 6 | 6 |
Маңғыстау | 4 | 6 | 7 |
Оңтүстік Қазақстан | 15 | 14 | 15 |
Павлодар | 10 | 12 | 12 |
Солтүстік Қазақстан | 5 | 4 | 5 |
Шығыс Қазақстан | 36 | 35 | 35 |
Астана қаласы | 23 | 30 | 35 |
Алматы қаласы | 170 | 194 | 184 |
2006
– 2008 жылдары зеттеулер
мен әзәрлемелермен
айналысатын қызметкерлер
санының көрсеткіштері № 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 4
Зеттеулер мен әзәрлемелермен айналысатын қызметкерлер саны
Аймақтар |
Адам | ||
2006 жыл | 2007жыл | 2008 жыл | |
Қазақстан Республткасы | 18 912 | 19 563 | 17 774 |
Ақмола | 591 | 579 | 468 |
Ақтөбе | 654 | 659 | 532 |
Алматы | 709 | 694 | 790 |
Атырау | 631 | 654 | 681 |
Батыс Қазақстан | 524 | 542 | 657 |
Жамбыл | 328 | 459 | 417 |
Қарағанды | 1 635 | 1 812 | 1 140 |
Қостанай | 378 | 399 | 436 |
Қызылорда | 115 | 96 | 72 |
Маңғыстау | 741 | 822 | 801 |
Оңтүстік Қазақстан | 425 | 427 | 353 |
Павлодар | 205 | 197 | 187 |
Солтүстік Қазақстан | 230 | 216 | 147 |
Шығыс Қазақстан | 1 604 | 1 606 | 1 636 |
Астана қаласы | 834 | 1 136 | 1 468 |
Алматы қаласы | 9 258 | 9 258 | 7 989 |
Зеттеулер мен әзәрлемелермен айналысатын қызметкерлер саны жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 2006 жылы – 18 912, 2007 жылы – 19 563, 2008 жылы – 17 774 адам санын құраған. Мұнда 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда қызметкерлер санының азайғанын байқаймыз. Аймақтар бойынша бұл кестеде бірінші орында Алматы қаласы 2006 жылы – 18 912, 2007 жылы – 19 563, 2008 жылы – 17 774 қызметкерлер санын құраған. Ал, бұл жұмыстарға ең аз тартылған қызметкерлер саны бойынша – Қызылорда облысы, 2006 жылы – 115, 2007 жылы – 96, 2008 жылы – 72 адам.
Жалпы
бұл бөлімде көрсетілген
Кез-келген экономикалық жүйеде, оның ішінде нарықтық зкономикада, мемлекеттік мәжбүр етудің құқына және мүмкіндігіне ие болатын агент ретінде болады. Салықтық саясат, мемлекеттік заң саласында. Мұндай мәжбүр ету жеке мүдделерді қоғамдық мүдделерге бағындыруды талап ететін саяси, әлеуметтік қажеттілікпен негізделеді. Ғылым-техникалық зеріттеулердің дамуын басқаруды мемлекеттік ұйымдастыру түрлері XX ғасырдың орта шеніне таяу қалыптасқан. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен оларды өндіріске енгізу процестерін қолдайтын, ынталандыратын жеке ғылыми-техникалық саясат ең алғаш рет АҚШ-та, соғыс жылдарынан кейін пайда болған. Бұл саясат мынадай факторлар негізінде қалыптасқан.
- таза ғылыми сферадан шығып кеткен процестерді игеруге қажетті жаңа теоритикалық білімнің керектігі техникалық инновациялардың пайда болуы, оларды игеру қиындығы;
- теоритикалық білім мен тәжірбиелерді, инновацияларды қоддануға сәйкес жаңа өнеркәсіп салаларының пайда болуы;
- осы салаларда жаңа технология жасаушы лабораториялар мен фирмалардың пайда болуы.
Былтырғы елбасының жолдауында көрсетілген тапсырмалардың бір барасы орындалу үстінде. Мысалы, жолдаудың негізі болған индустриялды-инноваииялық стратегияны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың бірі инновациялық процесс, яғни ол процесті жүзеге асыратын қызмет түрлері. Былайша айтқанда «инноваииялық қызмет», осы қызметті мемлекет реттеп, бағыт-бағдар беріп отыруы керек. Бұл Қазақстан Республикасының -"Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заңында көрсетілген. Міне, бұл ел өніріндегі айтулы оқиға болды. Өйткені, бұл заң, арқылы республикадағы инновациялық процесті жылдамдатып, жаңа техника мен технологияның өмірге келуін сапалы түрде әрі нақтылай қамтамасыз етуге болады. Бұл заң 5 тарау, 22 баптан тұрады. Мұнда инновациялық негізгі ұғымдар, Инновациялық процестегі мемлекеттің орны, оны қаржыландыру көздері және жузеге асыру жолдары қарастырылған. Дегенмен де қаралмаған жайыттар да жоқ емес.
Осы
заңда қарастырылған
1. Зияткерлік меншік объектілерінің бағалау жүйесін жақсарту.
Зияткерлік меншік обьектілерінің құнын оларды шаруашылық айналымға (компанияның жарғылық капиталына жарналар) енгізу үшін сапалық бағалауды жүзеге асы ру үшін лицензианттардың рейтингін айқындау және беғалаушы-компаниялардың қысқаша тізімін қалыптастыру қажет.
Бағалауды
жүргізудің нәтижесінде зиян келтіру
салдарынан туындаған бағалаушының азаматтық-
2. Кәсіби инновациялық менеджментті қалыптастыру.
Мемлекет, инновациялық қызмет саласындағы мамандардың дамуына бағытталған негізгі шаралар ретінде;
3. Жеке инвесторлардың желілерін дамыту.
4. Тариф саясаты.
Стратегияны табысты іске асыру мақсатында қазіргі күні қолданыстағы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар саласының барлық қатысушыларын, субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделерімен теңдестіруге қолжеткізуге бағытталған икемді тарифтік реттеу саясатына көшу қажет. Өйткені бугінгі күні экономиканы дамыту инфрақұрылымы болып табылатын табиғи монополия саласының қарқынды өсуінсіз өнеркәсіп кешенін дамыту мүмкін емес.
Табиғи монополиялардың казіргі жағдайы негізгі кұралдар мен жабдықтардың тозу деңгейінің жоғарылығымен сипатта лады. Іс жүзіне оның барлық салалардағы моральдық, табиғи, тозу деңгейі сындарлы шекке жетті.
Бүгін тарифтік реттеу әдістері табиғи моиополия саласына инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасауды және өндірісті жаңғыртуға негізделген, аталған экономика секторының басып озатын қарқынына қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Сондықтан, индустрияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, олар көрсететін қызметтер сапасын жақсарту, өзідік құнды төмендету мен қызмет көрсетулерге тариф деңгейлерінің тұрақтылығы үшін тарифтік саясатты:
Аталған іс-шараларды кең ауқымда іске асыру және тарифтерді белгілеудің жаңа әдістерін енгізу табиғи монополия саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту әрі ресурстарды сақтайтын және шығыны аз жаңа технологияларды енгізу үшін, олардың кайтарымдылығы мен 5 жылға дейінгі перспективада тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
5. Экологиялык саясат.
Қоршаған ортаны қорғау мәселерінің нәтижелері экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайына ықпал ететін, стратегиялық міндет болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерістердің күллі жетістігі қоршаған ортаны қорғау және табиғатты орынды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатқа тікелей байланысты.
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның барабар қажетіне орай табиғатты пайдалану процесін реттеу үшін, өндірістің өсуі кезінде қалдықтарды шығару, тастау және жиналу деңгейін тұрақтандыру қажет. Әрі қарай осы шарттарды сақтай отырып, қоршаған орта объектілерін қалпына келтіру жөніндегі нақты шараларды дәйекті түрде жузеге асыру қажет. Бұл қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес келтіруді сөзсіз талап етеді.
Экономика мен экологияның ортақ мүдделерін барынша жакыңдата түсу үшіи экспорттық саясатты өзгерту, жоғарғы технологиялық өндірістерді дамыту, табиғи ресурстарды мейлінше аз пайдаланатын, қоршаған ортаға мейлінше аз залал келтіретін өндірістерді құру қажет.
Экологиялық қауіпсіздік проблемаларын кешенді түрде шешу үшін қоршаған ортаны нормадан артық, ластайтын кәсіпорындар үшін міндетті экологиялық аудитті енгізе отырып халықаралық стандарттардың ИСО сериясы 14000 және ИСО сериясы 9000 "Сапа менеджментінің жүйесін" практикаға енгізу қажет.
Қоршаған ортаны басқару жүйесі ИСО сериясы 14000 пайдалану табиғатты қорғау заңнамасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыруға, өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық міндеттемелерін орындауға, нәтижесінде импорт пен экспорт өнімдері бойынша көпттеген проблемаларды шешуге байланысты ДСҰ-ға кіруге ықпал етеді.
Жоғары технологиялы өнімдерге, тауарларға, қызмет көрсетулерге бағытталған экономикалық даму қоршаған ортаға салмақтың аз түсуін камтамасыз етеді.
Барлық экономикалық іс-әрекетте табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану принципі болуы тиіс. Қалдықсыз технологияларды мемлекет марапаттауы тиіс. Әуе бассейні. Республика қалалары әуе бассейнінің тым ластануы ластаушылардың металлургия, мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының, автомобиль және темір жол көлігінің зиянды заттарды шығаруынан, сондайақ қоспаларды сейілтетін қолайсыз климаттық жағдайлардан туындап отыр.
Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану үшін:
- шетелдік және отандық озық технологияларды пайдалану, ластанған суларды тазарту, сулардың тартылуын, қоқыстануы мен ластануын болдырмау жөніндегі тәжірибені пайдалану;
- қолдағы шаруашылық күшін, кадрларды, жобалау және ғылым әзірлемелерді пайдалану;
- суға аса мұқтаж өңірлерде суды қажетсінетін өндірістерді дамыту қарқыны мен көлемін шектеу;
- суды сақтау технологиясын, суды пайдаланудың айналымды және тұйық жүйесін жаппай енгізу;
өнеркәсіптегі өнім бірлігіне келетін үлестік су тұтынуды азайту шараларын жүзеге асыру керек болып отыр.
Қалдықтарды игеру процесіне келер болсақ, өндірістің және тұтынудың қалдықтары, оның ішінде қауіпті және радиоактивті қалдыктарды игерудің жүйесі жасалмаған. Тұрмыстағы қалдықтарды жинау, сақтау, кәдеге жарату мен кайта өңдеу жүйесінің жетілмеуі табиғи ортаның ластануына әкеледі.
Осыған байланысты қалдықтар өндірісі мен оларды пайдалану мониторингін жүзеге асыру, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды көмудің әсерін бағалау мен ресурс, энергия сақтау технологиясын белсенді түрде енгізу, қалдықтарды қайта өндеу және пайдалану жөніндегі қызметті ынталандыру қажет. Сонымен бірге өнімді пайдалану кезеңін экологиялық сертификаттау және төлемдерді жетілдіру бағдарламаларын түзу мен іске асыру қажет.
Шикізат
пен қалдықтарды кешенді
6. Мемлекет пен жеке сектордың өзара қатынастарының тетіктері.
Ілгеріде атап өткендей, Стратегияны іске асыру кезінде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, инвестицияларды үйлестіру жөніндегі бастамаларды жүзеге асыруға және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылатын болады. Даму институттары арқылы үлестік (бақыланбайтын) қатысу қағидаттары аркылы ғана қаржылық қолдау көрсетілетін болады. Бұл жағдайда жеке сектор екінші деңгейдегі банктерді қоса алғанда негізгі тәуекелдерді өз мойнына алуы тиіс.
Мемлекеттің
жеке секторымен өзара қатынасы серіктестік,
мемлекеттік қолдау мен ашықтыққа тең
қол жеткізу қағидатына негізделетін
болады. Стратегияны іске асыру барысын
талқылау және оны жетілдіру үшін ұсыныстар
әзірлеуге қатысты мемлекет пен жеке сектор
арасындағы тұрақты диалог орнату және
қолдау үшін жүйелі негізде семинарлар,
форумдар және конференциялар өткізілетін
болады. Даму институты бұл іс-шаралардың
бірінші кезектегі ұйымдастырушысы болады.
Қазіргі
кезде Қазақстанда инновациялық
кәсіпкерлікті мемлекеттік
Инновациялық қызметті тиімді
мемлекеттік реттеу үшін
Инновациялық қызметті
Инновациялық қызметті заңдық реттеуге жататындар:
Инновациялық қызметті
Инновациялық қызмет мемлекет
мүмкіндіктері мен отандық
Инновациялық кәсіпкерлікті
3.3
Қазақстандағы шағын
және орта инновациялық
бизнестің проблемаларын
шешудің бір жолы
Жоғарыда
жазылған Ансоф матрицасына сүйенетін
болсақ Қазақстандағы шағын
Дәл осы проблема Қазақстандағы шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуында үлкен бөгетке айналып отыр. Сондықтан да қалыптасып отырған өзіндік проблемаларды шешуде мемлкет үлкен үлес қосуы керек, яғни шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуын қатал қолға алуы тиіс.
Жалпы
алғанда комитет қарамағына шағын
инновациялық кәсіпкерліктен идеяларды
іріктеуден коммерциялауға дейін көмектесу
жатады. (1 схема)
Идеяларды іріктеу |
Концепциядарды өңдеу |
Қаржылық сараптама |
Қаржыландыру |
Өнімді өңдеу |
Коммерциялау |
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті басқару мекемесінің қарамағына арнайы мемлекеттік шағын инновациялық кәсіпкерлікке қатысты комитет құру. Бұл комитеттің жұмысның құзырына:
Шетелдік
және отандық инвесторлық
Қолданыстағы жүйе бойынша ғылыми жобаны қаржыландыруға тапсырыс алудың өзі ғана кем дегенде 5 баспалдақ – институт басшылығы, ғылыми орталық, ғылым жөніндегі комитет, салалық министрлік, Үкімет арқылы өтеді.
Қазір артық буындар қысқартылуда. Ғалымдар қаржыландыру үшін тікелей мамандандырылған ғылыми кеңестерге жүгінетін болады.
Оларға ғылыми жобаларды іріктеу және гранттар беру туралы шешім қабылдау функциясы бекітіп беріледі.
Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым комитетінде қаржылық, материалдық және техникалық аспектілерді қамтамасыз етудің әкімшілік функциясы сақталып қалады.
Сондай-ақ ғылыми қызметті қаржыландырудың базалық, бағдарламалы-мақсаттық және гранттық – үш компоненттен тұратын жаңа жүйесі енгізіледі.
Ғылыми мақсаттардағы барлық шығындар мемлекеттік сатып алулар жүйесінен шығарылады. Үкімет ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру үшін бизнес-құрылымдарды тарту жөнінде шаралар қарастырып жатыр.
Көріп отырғандарыңыздай, мемлекет ғылымды дамытуға қажетті барлық шараларды қабылдауда. Бірақ мұның барлығы егер білікті кадрлар болмаса, бекер болар еді.
Қазақстанда “ Инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау” туралы Заң қабылданды.
Инновациялық қызметті белсенді етуде технологиялар
трансферті мен білімнің кешенді жүйесін
құру қажет. Инновациялық -технологиялық
дамуды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырған
жөн. Бұл үшін салалық министрліктер мен
ұлттық компанияларда ғылыми-техникалық
бөлімшелер құру, барлық жүзеге асырылып
жатқан және жоспарланып отырған жобаларға
сараптама жүргізу үшін жауаптыларды
тағайындау маңызды. Инновациялық инфрақұрылымдарды
белсенді сапқа қою ісін жалғастыру –
Алматыда Ақпараттық технологиялар паркі
құрылысын аяқтау, өңірлік технологиялар
мен индустриялы аймақтар құру маңызды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта
келгенде бұл рефератта мынадай
мәселелерді қарастырдым.
Инновация – бұл қашанда сезгілікті тауар өндірісі өсіміне әкелетін, пайда мен бәсекеге қабілеттілікті күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы мен бизнес, яғни, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың жаңаруын қамтиды.
Инновациялық қызмет – жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе нарыққа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық
Шыны керек Қазақстан Республикасы бүкіл әлемде «шикізаттық» мемлекет болып танылады. Осы «шикізаттық» мемлекет таңбасын жою үшін ұлттық экономикамызды модернизациялау керек, яғни «Ақылды Экономика» моделіне көшу керек. Ия, мемлекет тарапынан осы өзгерістерге қатысты бірнеше қадамдар жасап келеді, бірақта дұрыс бағытта емес. Инновация нарығында Қазақстаның үлесі өте кішігірім, өйткені оның алғашқы жасаған қадамдарында кездесіп жатқан проблемалары көп. Оған біріншіден, мемлекет тарапынан инновация қызметін қолдауда аз көңіл бөлуі.Екіншіден, өдірістік кәсіпорындарда инновациялық белсенділік дәрежесі төменгі деңгейде.Үшіншіден, шағын инновациялық кәсіпкерліктің Қазақстанда дамымауы.Төртіншіден, инновациялық даму кезеңіндегі адам капиталы.Бесіншіден, даму институттарының бірлеспей жұмыс істеуі.Алтыншыдан, жоғарғы оқу орындарында жас ғалымдарды даярлау проблемалары.
Шағын инновациялық кәсіпкерліктің елімізде үлкен қарқынмен дамымауы өзінің ішкі себептерімен айқындалады. Мұны анығырақ Ансоф матрицасымен көрсетуге болады. Ансоф матрицасына сүйенетін болсақ Қазақстандағы шағын инновациялық кәсіпкерліктің проблемалары базалық және маркетингтік инновациялық стратегияларды өте ұзақ мерзімде қолдануында болып отыр және олардың келесі стратегияларға көшуге жоспарламауындағы жай. Дәл осы проблема Қазақстандағы шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуында үлкен бөгетке айналып отыр. Сондықтан да қалыптасып отырған өзіндік проблемаларды шешуде мемлкет үлкен үлес қосуы керек, яғни шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуын қатал қолға алуы тиіс.
Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша инновация шараларын қолданатын кәсіпорындар 2007 жылы – 10 591, 2008 жылы – 10 889 кәсіпорын, оның ішінде инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны 2007 жылы – 505, 2008 жылы – 526 кәсіпорын. Аймақтар бойынша, инновация шараларын қолданатын кәсіпорындар көп шоғырланған аймағы Алматы қаласы 2007 жылы – 2 611, 2008 жылы - 2451 кәсіпорын, оның ішінде инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны 2007 жылы – 164, 2008 жылы – 176 кәсіпорын. Ал бұл көрсеткіштер бойынша ең аз шоғырланған аймақ Қызылорада және Батыс Қазақстан облыстары.
Бүгінде Қазақстан Республикасы өзінің жаңа даму кезеңінің тұғырында тұр, болашаққа үлкен мақсат қойылып отыр, ол Жаңа әлемде жаңа Қазақстанды құру, яғни әлемдік көшбасшы мемлекеттер ұстанып келе жатқан экономика моделін құру қажет. Бұған қатысты қадамдар да жасалынып жатыр. Мысалға, ғаламдық бәсекеге қабілетті 117 мемлекеттер арасында Қазақстан 61 орында, ТМД және Ресей мемлекеттерінің алдында келеміз.
Инновациялық қызметті тиімді мемлекеттік реттеу үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет:
. Инновациялық қызметті белсенді етуде технологиялар трансферті мен білімнің кешенді жүйесін құру қажет. Инновациялық -технологиялық дамуды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырған жөн. Бұл үшін салалық министрліктер мен ұлттық компанияларда ғылыми-техникалық бөлімшелер құру, барлық жүзеге асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобаларға сараптама жүргізу үшін жауаптыларды тағайындау маңызды. Инновациялық инфрақұрылымдарды белсенді сапқа қою ісін жалғастыру – Алматыда Ақпараттық технологиялар паркі құрылысын аяқтау, өңірлік технологиялар мен индустриялы аймақтар құру маңызды.
Біз дамыған елдерден озық технологияларды тартып, бірлескен өндірістер құрудамыз, инновациялық жобаларға қолдау көрсетілуде. Бірақ егер біз экономикасы тұрақты дамыған елдер клубына өтеміз десек, бұл жеткіліксіз. Оның сыртында аса озық технологияларын бізге ешкім де әншейін бере салмайды.
Бүгінде Қазақстанға инновациялық қызметтің “жарылысы” қажет. Бизнес перспективалы жобаларды іздеп, оларды жүзеге асыру үшін бейімделуі және жұмыс істеуі тиіс. Дамыған елдерде шағын бизнес барлық инновациялардың 50 пайызынан астамын және жұмыс орындарының 70 пайызын қамтамасыз етеді.
Қоғамда
мінез-құлықтың инновациялық, креативтік
үлгісі үстемдік құруы тиіс. Еліміздің
барлық компаниялары, әсіресе инвесторлары
заңнамалық деңгейде өз пайдаларының
бір бөлігінен инновациялық, ғылыми жаңалықтарға
және қызметкерлерді оқытуға қаржы бөліп
тұруға міндетті болулары қажет.