Определение компьютера

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 13:40, доклад

Краткое описание

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Файлы: 1 файл

информатика срс.docx

— 433.32 Кб (Скачать)

Дербес  компьютер туралы жалпы мәлімет

Ғылыми-техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын  құруға себепші болды. Олар өздерінің  арналуы және функционалдық мүмкіндіктеріне  қарайүлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.   
 
Үлкен ЭЕМ-дер – бұл өте қуатты компьютерлер (суперкомпьютерлер), олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ-дер қызмет көрсетуі мен құрал-жабдықтары құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады. Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады. Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет. Микро ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды. Микро ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборатория да жеткілікті. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар пайдаланушы деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білуі қажет емес. Қазіргі дербес компьютерлер көлемі шағын, құны жоғары емес бола тұрып, 70-жылдардың үлкен ЭЕМ-деріне, 80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90-жылдардың бірінші жартысының микро ЭЕМ-деріне қарағанда, өнімділіктері жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. 

Дербес компьютер пайдаланушымен диалогтік режимде жеке жұмыс  істеу үшін арналған. ДК негізінен  қарапайым құжаттарды бастап, баспа  беттеріне дейін әр түрлі мәтін  дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу  және т.с.с. жұмыстарға арналған. 1) адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің қолайлылығы; 2) құнының арзандығы; 3) көлемінің шағындығы мен қоршаған орта жағдайына арнайы талап қоймайтындығы (кез-келген жерде орнатуға болады); 4) құрылымының «ашықтығы» нәтижесінде пайдаланушылар әр түрлі шалғай құрылғылар қосып және компьютер жетілдіре отырып, ДК-нің мүмкіндіктерін кеңіте алады; 5) жаңа нұсқалары мен модельдерінің программалық және құрылғылық үйлесімділігі; 6) әр түрлі қолдану салаларына арналған программмалық құралдарының мол болуы; 7) жұмыс істеудегі жоғары сенімділігі; Қазіргі уақытта алғашқы модельдері 1981 жылы пайда болған IBM класының дербес компьютерлері кеңінен қолданылады. Таралуы бойынша екінші орын алатын Apple фирмасының Macintosh дербес компьютерлері жоғарыдағыға қарағанда танымалдылығы жағынан кейін қалады.

аналық  тақша

Аналық тақша – бұл  компьютердің барлық құрамдас бөліктері  қосылатын күрделі көп қабатты  мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада  құрастырылған микро схемалар мен  компьютердің басқа құрылғылары  қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір  слотқа қосыла алады. 
Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады.  
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады (1.5-сурет).Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. 
роцессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.  
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

 


Информация о работе Определение компьютера