Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 13:40, доклад
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Диаграммалар шебері терезесінде диаграмманың 14 стандартты типі көрсетілген, ал стандартты диаграмманың әрбір типінің бір-біріне ұксас бірнеше түрлері бар. Диаграммалардың типін Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісін таңдаймыз. Диаграмманың типіне және түрін таңдаған соң Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, диаграмманы көруге болады.
Cтандартты емес
Диаграмманың типін диаграмма құруға арналған мәліметттерге байланысты таңдалады. Диаграмма типтерін және олардың қолдануларын қарастырайық.
- Гистогра
- Сызықтық диаграммалар (Линейчатые диаграммы) өрістері басқа бағытта орналасқан гистограммалар. Гистограммалардан айырмашылығы мұнда категориялар осі ( Х осі ) вертикаль, ал мәндер осі ( У осі ) горизонталь бағытта орналасқан. Сызықтық диаграммалар гистограммалар сияқты бір немесе бірнеше мәліметтер жиынындағы мәндерді салыстыру кезінде қолданылады. Тәуелді айнымалылардың горизонталь өсте орналасуы бір уақыт аралығындағы шамаларды салыстырмалы түрде көрсетуге өте ыңғайлы. Сызықтық диаграмма бір айдағы сатушылардың өткізген тауарларының көрсеткішін өте көрнекі түрде көрсетеді. Ал, акция немесе валюта курсының толқымалы өзгерісі сияқты әртүрлі уақыт аралығындағы белгілі бір айырмашылықтарды бейнелеу үшін графиктік диаграммаларды қолданған орынды.
- Дөңгелек диаграммалар ( Круговые диаграммы) бүтін нәрсенің оның бөліктерге бөлінуін (қатысын) көрсетеді. Бұл диаграммада әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінеді ( мысалы, бүкіл бюджетпен оның жеке статьялары , бүкіл инвестициялық портфель және оған кіретін инвестициялар), Дөңгелек диаграммаларды кұру принципі мынадай: алдымен белгіленген аймақтағы мәліметтердің қосындысы табылады да , одан кейін әрбір ұяшықтың осы бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анықталады.
- Нүктелік диаграммалар ( Точечные диаграммы) статистикада кеңінен қолданылады. Бұл диаграммада мәліметтердің (нүкте түріндегі) бір-бірінен алшақ орналасуын , сондай – ақ бірнеше мәлімет жиындары аралығындағы реттелуді көрнекі түрде көрсете аламыз ( мысалы, сатылған тауардың саны мен ауа райы жөніндегі ақпарды). Нүктелік диаграммалардың графиктерден айырмашылығы уақыт аралықтары әртүрлі шамалар болатын мәліметтерді бейнелей алады. Мысалы, белгілі бір тауардың кей күндері сатылмағанын ескере отырып, күнделікті сатылу жағдайын таңдау үшін нүктелік диаграмманы қолданған тиімдірек.
- Аймақты диаграммалар ( диаграммы с областями) графиктер тәрізді болады. Бұл диаграммалар бірқатар уақыт аралықтарындағы мәліметтердің өзгерістерін көрсетеді. Аймақтық диаграммалар дөңгелек диаграммалар сияқты бүтіннің қандай бөліктерден тұратынын көрсете алады.
- Сақиналы диаграммалар ( Кольцевые диаграммы) – дөңгелек диаграмманың бір түрі. Бұл диаграммада да бүтін мен оның бөліктерінің байланысын көрсетеді. Сақиналы диаграмманың дөңгелектен айырмашылығы әртүрлі мәліметтерді көрсету мүмкіндігі бар.
- Күлтелік диаграммалар ( Лепестковые диаграммы) арнайы бір жағдайларда болмаса қолдануға ыңғайсыз. Бұл диаграммалар бір мезгілде әртүрлі мәліметтер тізбегінің, сондай-ақ әрбір тізбектер мен барлық тізбектер арақатынасын бейнелей алады. Нәтижесінде барлығы бір орынға жинақталғандықтан, зат жөнінде анық ақпарат алу қиынға соғады. Кейбір жағдайларда күлтелік диаграммалар әкімшілік басқарудағы күрділі жобалық есептерде қолданады.
- Беткейлі
- Көпіршік
- Биржалық диаграммалар ( Биржевые диаграммы) үш шамадан тұратын мәліметттер жиынын көрсетеді. (мысалы, ең жоғарғы курс, ең төменгі курс, курстың жабылуы т.с.с.)
- Цилиндрл
Мәліметтер аралығын енгізу
Диаграмма құрудың екінші
қадамы-диаграммада
Аралық (Диапазон) өрісіндегі сілтемелер абсолютті болатынына көңіл аударыңыз. Диаграммалар шебері қатар орналаспаған мәндер аралығын да бейнелеу мүмкіндігін береді. Аралық бірнеше жолдардан немесе бағаналардан тұруы мүмкін. Егер диаграммада бейнеленетін мәліметтер жол немесе бағана бойынша жүйеге келтірілген болса, онда Қатарлар ( Ряды в ) өрісінің жолдарда (строках) немесе бағаналарда(столбцах) ауыстырғышын іске қосамыз. Кестеде мәліметтер жол немесе бағана бойынша белгіленсе,олар диаграммаларда қатар бойынша бейнеленетін болады.
Мәліметтер қатары дегеніміз- кестедегі диаграмма түрінде көрсетілетін ақпараттар жиыны. Мәліметтер қатарын Қатар (Ряды) ішкі бетіндегіҚосу (Добавить) немесе Өшіру (Удалить) батырмасының көмегімен оларды қосуға немесе өшіруге болады. Үнсіз келісім бойынша әрбір мәліметтер жиынында 1-қатар, 2-қатар т.с.с атауы меншіктеледі. Бұл атауларды Аты (Имя) өрісіне жаңа сөз енгізу арқылы өзгертуге болады. Осы өрісте көрсетілген атаулар диаграмманың түсініктемесінде (легенда) бейнеленетін болады. Тиісті параметрлерді көрсеткен соң, Ары қарай(Далее) батырмасын шерту арқылы келесі қадамға көшеміз.
Диаграмманың қосымша элементтерін енгізу
Диаграммалар шебері (4-ші қадамның 3-шісі): диаграммалар параметрлері терезесінде диаграммаға түсініктеме (легенда) енгізуге болады. Сондай-ақ өрістерді белгілеуге , диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, диаграмма орналасқан жерге мәліметтер кестесін енгізуге тағы басқа әрекеттерді орындауға болады. Егер диаграмма дұрыс құрылса, оның қандай мақсатта құрылғанын анықтау оңай болады. Ал диаграмма жақсы құрылуы үшін, оған берілген , енгізілген ақпараттар анық әрі түсінікті болуы керек.
Диаграммаларды орналастыру
Диаграммаларлы
Екінші мүмкіндік- диаграмма
орналасатын жеке беттерді (листы
диаграмм) қолдану. Бұл кезде диаграмманы
орналастыру үшін жеке парақ белгіленеді.
Жеке бетте құрылатын диаграммаға
қажетті мәліметтер басқа беттен
алынады. Осылай диаграмманың және мәліметтердің
жеке бетте орналасуы, мақала, слайдтарға
түсіру сияқты тек диаграмма ғана қажет
Диаграмманың орналасуын таңдау, Диаграммалар шебері (4 қадамның 4-шісі):диаграмманы орналастыру терезесінде орындалады. Кірістірілген диаграмманы құру кезінде ол орналастырылатын бет кітап беттерінің тізімінен қажеттісін таңдау арқылы жүзеге асады. Диаграмманы жеке бетке орналастыру үшін, осы беттің атын Диаграмманы бетке орналастыру (Поместить диаграмму на листе) аймағының жеке (отдельном) опциясының маңындағы мәтін өрісіне енгіземіз. Егер диаграмма дайын болса, Дайын (Готово) батырмасын шертеміз.
Диаграмманың сыртқы аймағының
кез келген жерінде тышқанды шерту
арқылы, диаграмманың мөлшерін өзгерту
мүмкіндігін беретін
Диаграмманың орнын ауыстыру, жылжыту
Диаграмманы бір бет ішінде
басқа орынға жылжыту үшін диаграмма
аймағында тышқанды бір рет шертіп
белгілеп алып, тышқанның немесе пернелердің
көмегімен қажетті орынға жеткіземіз.
Ал, диаграмманы басқа бетке
1. Диаграмманы белгілейміз
2. Буферге алу үшін Қиып алу (Вырезать) батырмасын шертеміз
3. Диаграмманы орналастыруға қажетті беттің жарлықшасында тышқанды шертеміз
4. Көрсеткішті диаграмманың сол жақ жоғарғы бұрышы тұратын орынға орналастырамыз да, Енгізу (Вставить) батырмасын шертеміз.
Диаграммаға өзгерістер енгізу үшін қажетті аймақта тышқанды екі рет шерту керек. Ашылған сұхбат терезеде тиісті өзгертулерді жасаймыз.
Диаграмма құрылғаннан кейін, оның типін және басқа да элементтерін өзгеру мүмкіндігі бар. Белгіленген аймақтың ішінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп жанама менюді ашамыз. Осы жанама меню командаларының көмегімен: диаграмманың типін, өстердің белгілерін, түстерді т.б. өзгертуге болады.
Жанама менюден Диаграмманың типі (Тип диаграммы) командамсын таңдаңыз. Экранда диаграммалардың типі көрсетілген сұхбат терезе ашылады. Қажетті диаграмманың типінде тышқанды екі рет шертетін болсақ, диаграмма типі өзгереді.
Диаграммаға мәліметтер қосу.
Кестеге жаңа мәліметтер енгізіп, осы мәндерді бұрын құрылып, форматталған диаграммаға қосу қажет болсын. Диаграмманы қайтадан құрмай-ақ, қосымша мәліметтерді диаграммаға тасымалдау арқылы қосуға болады.
Диаграммаға қосуға қажетті жаңа мәліметтер аралығын белгілеңіз де, курсорды оның төменгі жағына орналастырып, диаграмма аймағына жеткізіңіз. Тышқан батырмасын босатқаннан кейін, сәйкес мәліметтерді диаграммадан көруге болады. Ал программа мәліметтерді қалай орналастыру керек екенін анықтай алмаған жағдайда, экранға Арнайы енгізу (Специальная вставка) сұхбат терезесі шығады. Қажетті параметрлерді таңдағаннан кейін ОК батырмасын шертіңіз. Жаңа мәліметтер енгізілгеннен кейін оларға сәйкес диаграмма элементтерін қайта безендіріңіз. Егер диаграмма жеке бетке орналастырылған болса, оған жаңа мәліметтер енгізу үшін диаграмма аймағында тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Жанама менюдің Алғашқы мәліметтер (Исходные данные) командасын таңдаңыз. Қажетті мәліметтерді белгілеп, алғаннан кейін, Алғашқы мәліметтер сұхбат терезесіндегі ОК батырмасында тышқанды шертіңіз.
Дөңгелек диаграмманың секторларын белгілеу.
Дөңгелек диаграммада белгіленетін мәндердің ішіндегі өте аз шамаға сәйкес элемент диаграммада байқалмай қалады. Осы элементке назар аудару үшін, оны жылжыту, қозғалту керек:
1. Қозғалатын элементтің секторында тышқанды шертеміз. Осы сектордың айналасында маркерлер пайда болады.
2. Секторды жылжыта отырып, дөңгелектен шығарып алып, қажетті орынға орналастырыңыз.
Дөңгелек диаграмманың секторын белгілеп алған соң оны диаграмманың өз аймағында оңай жылжытуға болады.
Бастапқы қалпына келтіру үшін, секторды белгілеп, бұрынғы орнына жылжытамыз. Бірнеше секторларды белгілеуге болады. Ол үшін жоғарыда айтылған іс-әрекетті әрбір сектор үшін қайталау керек.
Түсініктеме енгізу.
Диаграммада бірнеше мәліметтер енгізілген кезде, Х осінің бойында орналасқан бірнеше бағаналардың ішінен әрқайсысына қандай мән сәйкес келетінін анықтау қиынға соғады.
Диаграммаға түсініктеме
енгізу үшін алдымен Диаграммалар саймандар
тақтасын іске қосамыз. Үнсіз келісім
бойынша Excel программасының терезесінде
Диаграммалар саймандар тақтасы көрінбей
тұрады. Осы саймандар тақтасын экранға
шығару үшін Түр, Саймандар тақтасы (
Вид, Панель инструментов) командасын
орындағанда ашылған тізімдегі Диаграммалар
қатарының қанат белгісін көрсетіп қоямыз. Диаграммалар тақтасынд
Мәндерді көрсету.
Кейбір жағдайларда
1. Мәндерге сәйкес элементті (нүкте, бағана, сызық т.б.) белгілеңіз.
2. Белгіленген аймақта тышқанның оң батырмасын шертіңіз. Жанама менюден Мәліметтер нүктелерінің форматтары (Формат точки данных) командасын таңдаңыз.
3. Ашылған Мәл
Диаграммада жазылымдарды орналастыру.