Определение компьютера

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 13:40, доклад

Краткое описание

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Файлы: 1 файл

информатика срс.docx

— 433.32 Кб (Скачать)

6. TIME командасы ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдыңғыға date командасына үқсас.

7. PATH (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге арналған. MS DOS жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы команда параметрлері ретінде келтірілген каталогтардан іздейді. Бұл команда көбінесе компьютер icкe қосылғанда бірден автоматты түрде орындалуға тиіс autoexec.bat файлында болады, ол жиі қолданылатын қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді.

8. CLS (Clear Screen — экран тазарту) экранды тазартып операциялық жүйенің жұмысқа шақыру қатарын   сол жақ жоғарғы   бұрышқа орналастырады.     Бұл команда сls түрінде параметрсіз теріліп, соңынан Enter nepнeci басылады.

 

 

Norton Commander қабықшасымен жұмыстар

F7 – каталог (директория) құру. Панельде шығарлыған каталогты тағы да бір жаңа каталогшаны құру үшін F7 пернесін басу керек. Norton Commander экранға каталогшаға ат беру сауалын шығарады. Оған ат беріп, оны енгізіп Enter  пернесін басу керек.

Файл топтарын таңдау

Файлды  таңдау: Жекелеген файл немесе каталогты таңдау (яғни оны топқа енгізу) Insert пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Insertпернесі екі рет басу файл немесе каталог таңдауын жояды.

Тышқанның (қол тетігі) көмегімен  файл немесе каталогты таңдау, сондай-ақ таңдауды алып тастау файл немесе каталогтың атын тышқанның оң жақ кнопкасын  шерту арқылы жүзеге асады.

Таңдалған файлдармен жүзеге асыратын әрекеттер: Функционалдық пернелердің көмегімен  файлдар немесе каталогтардың таңдалған тобымен келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады:

 

 

Перне

Қызметі

F5

Басқа каталогқа көшірмесін алу

F6

Басқа каталогқа  ауыстыру немесе атын өзгерту

F7

Жаңа каталог құру

F8

Алып тастау

Ctrl+F10

Таңдалған файлдарды файлға біріктіру

F10

NC-дан шығу


 

 

F3 пернесін басқанда NC  кусормен белгіленген файлды қарап шығуға мүмкіндік береді.  Текстің файлдарды, құжаттарды, әртүрлі текст редакторларының көмегімен жасалған, графикалық файлдарды, архивтік файлдарды, мәліметтер базасын көріп шығуға болады. Қарап шығып жатқан файлда ауысу үшін Page Up, Page Down пернелерін  қолдануға болады. Home және End  пернелері файлдың басы мен аяғын ауыстырады. Құжаттарды, мәліметтер базасын және кестелік процессордың кестелерін қарау кезінде сіз сондай-ақ F7 пернесін символдар жолын іздеу үшін қолдана аласыз.

Текстік файлдар мен құжаттарды қарау. Бұл файлдарды қарау кезінде қосымша келесі мүкіндіктер бар:

F2 – құжаттың ұзын жолдарын  келесі жолға көшіру әлде көшірмеу

F4 -  текстік түрде (көшіру) шығару

F8 – құжаттарды қараудың  режимін таңдау

F9 – файлдарды қағазға  шығару (принтер арқылы)

NC –  де файлдарды редакциялау

F4 – редакциялау. Курсормен белгіленген файлды редакциялау үшін F4 –ті басу керек. Nc-ға кіріктілген (ішкі редактор) қолданыла алады.

Егер Shift  пернесімен F4 пернесін бірге басқаннан кейін (-) файлдың атын енгізсе (дискте жоқ), онда жаңа файл құрылады.

Курсор (экран бетіндегі жыпындаған белгі) текістегі өтіп жатқан бағытты (қалыпты) нұсқайды. Тексте болатын барлық өзгерістер курсор көрсетіп тұрған позицияда өтеді. Курсордың тексте ауысып отыруы. Курсорды қажетті позицияға тышқанды шерту арқылы немесе пернелерінің көмегімен үстіге, астыға, оңға, солға ауыстырып отыруға болады. сонымен қоса, курсорды тексте пернелер арқылы ауыстырып отыруға болады.

Page Up, Page Down  - басқа бетке (экран көлемі) үстіге және астыға.

Ctrl және Ctrl басқа оңға және солға.

Home және End  жолдың басына және аяғына.

Ctrl+Homе  Ctrl+End – редакцияланып отырған файлдың басына және аяғына.

Alt+F8 - белгілі номері бар жолға (номер сұралады).

Символдармен  жолдарды жою. Символдар мен жолдарды жою үшін келесі пернелерді қолдануға болады:

Delete – курсордың үстіндегі символдарды жою.

Backspace – курсордың сол жағындағы символдарды жою.

Файлдармен  өтетін операциялар. Редакторда файлдармен өтетін опреациялар келесі пернелердің көмегімен жүзеге асады.

F2  - редакцияланған файлды сақтау

Shift+F2 - редакцияланған файлды басқа атпен сақтау (жаңа ат сұралады).

F9 – файлды принтерге шығару (қағазға)

Alt+F5 – редакцияланушы құжатқа басқа файл мәліметтерін қою (енгізу).

F10 – немесе Esc  - редакциялау режимін шығару.

Shift+F10 – редакцияланған файлды сақтау және редакциялау режимінен шығу.

NC –дің көмегімен файлдарды  көшіру үшін керекті файлды  бөліп алып не файлдар тобын  таңдап   F5–ті басу керек. Файлдарды көшіруді сұрау. F5-ті басқанда файлдарды немесе каталогтарды тышқанмен ауыстырғанда экранның ортасында файлды немесе каталогтарды қайда көшіру керектігі туралы және көшірудің өлшемдері туралы сұрау қойылады.

 

 Қайда көшіру. Сұраулық текстік жолға Copy  (көшіру) жазуының астына енгізу керек.

-                                 не көшіру керек болған каталогтың атын;

-                                 не жаңа файл немесе каталогтың атын енгізу.

Көшіруді  орындау. Көшіру сауалдарына байланысты барлық өлшемдерді белгіленнен кейін зауал кнопкасы Copy (көшіру) басу керек. Егер өлшемдер дұрыс берілсе, онда программа әрбір файлдың көшіру процесін файлдың көшірілген бөлігін қарайтып, жолақты диаграма ретінде көрсетіп, файлды көшіре бастайды. Егер көшіру кезінде құру керек болатын файлдың атын көшірілу жүргізіліп жатқан каталогта болса, экранда мынандай хабарлау болады: “The file… already exit? Do you wish to write over target file?” (Файл … бар, көшіру кезінде файлдарды ауыстырайқ па?). Сіз жауаптардың біреуін таңдай аласыз.

Or erwrite (ауыстыру) – көшіруді бітіру, жол атта болған файл жойылады.

All (бәрі) – осы және басқа да келесі файлдардың көшіруін сауалдарсыз аяқтау (бір аттағы файлдар жойылады).

Ship (өткізу) – файлдың көшіруіне рұқсат бермеу және көшіру процесін тоқтату.

Cancel  (алып тастау) – файлдың көшіруіне рұқсат бермеу.

Атын өзгеру. Файл, каталог немесе файлдар тобын немесе каталогтар тобының атын өзгерту үшін, аты өзгертілуші файл немесе каталогты, файл мен каталогтар тобын курсормен көрсетіп, F6-ны басамыз. NC сұрауына жауап ретінде файл немесе каталогтың жаңа атын енгізіп, сұрау кнопкасыы Rename-ні басу керек. 

Жөнелту. NC басқа каталогқа файлды, каталогшаны немесе файл мен каталогшалар тобын жөнелтуге рұқсат етеді. Жөнелтудің көшіруден айырмашылығы сәтті жөнелтуден кейін бастапқы файлдар жабылады. NC-де жөнелту көшіру сияқты өтеді, бірақ төмендегідей айырмашылықтары бар:

-                                 жөнелтуді пернелік тақта көмегімен бастау үшін F5 пернесін емес, F6 басу керек;

-                                 жөнелтуді тышқанның көмегімен бастау үшін, орын ауыстыру кезінде Alt пернесін басып отыру керек. Орын ауыстыру кезінде тышқанның орын ауыстыру көшіру (Copy)  емес (-) шығады;

-                                 файлдардың орын ауыстыру режимінің сауалының файлдарының атын өзгерту деген тақырыбы бар, ал ауысудың басын сауалдық бұйрықтың нүктесі программалардың ағылшын тілінде Rehame (Hore деп аталады, орыс тілінде Выполнить).

Файлды немесе каталогтарды немесе файлдар тобын белгілеп,  F8-ді басу керек.

-                                 егер панельде қандай да бір файлдар немесе каталогтар таңдалған болса, онда таңдалған файлдар немесе каталогтардың таңдаған тобы жойылады.

-                                 әйтпесе ағымдағы файл немесе каталог жойылады.

-                                 егер панельде қандай да болмасын файлдар және каталогтар таңдалса, онда таңдап алынғакн файлдар және каталогтар тобы жойылып тасталады.

-                                 курсормен белгіленген файл және каталог жойылады.

Сіз белгілеген әрбір файлға программа жоюға рұқсат сұрайды. Сіз кез-келген жауаптың бәрін таңдап ала алмайсыз.

Delete (жою) – файлды жойып, әрбір жойылған файлға сұрау жүргізе отырып, жұмысты жалғастыру.

Ship (өткізу) – осы файлды жоймай, жұмысты жалғастыру.

Cancel (алып тастау) – осы файлды жоймай, жою процесін тоқтату. Осы жағдайды Esc пернесінде таңдауға болады.

Каталогтарды  жою режимі қосылып тұрған жағдайда каталогтарды жою барысында программа әрбір жойылатын каталогқа сұрау жүргізіледі. Сіз келесі көрсетілген жауаптардың бірін таңдап ала аласыз:

-                                 Delete (жою) – файлды жойып, әрбір жойылған файлға сұрау жүргізе отырып, жұмысты жалғастыру.

-                                 All (барлығы) – осы және басқа да каталогтарды жою.

-                                 Ship  (өткізу) – осы файлды жоймай, жұмысты жалғастыру.

-                                 Cancel (алып тастау) – осы файлды жоймай, жою процесін тоқтату.

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер

1. Исаев С.Э., Мухамади  А.Н., Ахметова О.С. "Компьютерлік  технология непздері  курсына арналган практикум" - Алматы: Абай атындагы Алматы Мемлекеттік Университет, 2000.

2. Есенбаева СД., Искаков  М.Б.  Дербес компьютермен жұмыс істеу непздері. Оку құралы - Караганды: КарМТУ, 1998.

3. Фигурнов В.Н. IBM для пользователя. - М.: ИНФРА-М, 1998.

 

 

Қосымша әдебиеттер

1.     Косарев В.П., Ермин Л.В. "Компьютерные системы и сети". – Москва: Финансы и статистика, 2000.

2.     Симонович С, Алексеев А. "Специальная информатика". – Москва: Просвещение, 2000.

 

 

 

 

 

 

Дәріс № 5 (1с)

Тақырыбы: «WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу негіздері»

Жоспар

1.                 Windows қолданушы интерфейсі

2.                 Жұмыс столының негізгі объекттері

3.                 Терезенің жүйелік менюі (Системное меню окон)

4.                 Windows объектілерімен операциялар

 

 

Біздің Windows –пен «қатынасымызды»  іске асыратын қалданушы интерфейсі объектті-бағытты түрде негізделген. Бұл қолданушының алдымен программаларға емес, құжаттар мен объекттерге көңіл  бөлетінін білдіреді. (Қолданбалы программалар көмегімен өңделінген кез-келген файл құжат деп аталады.)  Мысалы, егер біз суретпен жұмыс істесек, оны ашсақ, графикалық редактор автоматты түрде жүктеледі. өмірдегі кез-келген объекттің өз қасиеттері бар. әр заттың өлшемі, салмағы т.б. бар.   Windows объекттерінің де, сол сияқты, өз қасиеттері бар, мысалы, файлдардың өз өлшемдері, атрибуттары және т.б. бар. 

Жұмыс столы. Windows операциялық жүйесі жүктелген соң экранда Жұмыс столы (desktop) кескінделеді, онда әртүрлі графикалық объекттер орналасады. Кәдімгі жұмыс столындағы қағаздары бар папкалар тәрізді, экранда қолданушыға ыңғайлы түрде көп қолданылатын программаларды білдіретін белгілерді, құжаттарды орналастыруға болады. 

Жұмыс столын күйге келтіру (настройка) – столда жиі қолданатын қосымшалар, құжаттар және принтерлерді орналастыру, және де столдың фонын, тоқтағандағы (заставка) суреттер және басқа да істерді жасау.  Қосымшаны іске қосу тышқан сілтемесін сол ярлыкқа апарып, сол жақ батырмасын екі рет сырт еткізу. 

Есептер тақтасы. (Панель задач) Жұмыс столының төмен  (немесе жоғарғы, сол және оң) жағында Есептер тақтасы орналасқан. ОндаПуск батырмасы орнласқан, ол Негзгі менюді ашу үшін арналған (сол жақ батырманы бір рет сырт еткізу немесе Ctrl+Esc бір мезетте басу). Негізгі менюде негізгі командалар мен программалар тізімі бар. Пуск батырмасындағы міндетті командалар Настройка, Справка, Найти, Выполнить, Программы, Завершение работы.  

Есептер тақтасында қосымша  түрде орналасады:

¾               Тез жүктеу батырмалары

¾               Ашық және бүктеулі терезелерді кескіндеу панелі

¾               Шрифт индикаторы, Жүйелі уақыт белгісі, Дыбыс қаттылығы регуляторы.

Менің компьютерім. (Мой компьютер)

Менің компьютерім (Мой компьютер)  компьютердің мазмұнын көрсететін жұмыс столындағы жүйелі папка. Оны ашу үшін Мой компьютербелгісін екі рет басу керек.

Портфель (Мои  документы)

Бұл жерде қолданбалы программалармен  құрылған құжаттар сақталады. 

Себет (Корзина)

Корзина – бұл өшірілген файлдар орналасатын арнайы жүйелі папка. Кез-келген файлды өшірілмей тұрған кездегі өз орнына қайта қалпына келтіруге болады. Егер себеттен (корзинадан) өшірілсе, онда файлды қайтара алмаймыз.  Очистить корзину командасымен себеттен барлық файлдарды өшіре аламыз. 

Бумалар (Папки).

Құжаттар мен программалар папкаларда сақталады, құрылысын Мой компьютер немесе Проводник программасы арқылы көре аламыз. Бірінің ішіне бірі енген папкалар саны шексіз. 

Файлдар

Файлдарда мәтіндік, графика, сандық мәліметтер, программалық модульдер (қосымшалар) сақталуы мүмкін. Windows –та  файлдар аты мына ереже арқылы құрылады: 

·                    Файл аты 256 таңбаға (латын және орыс әріптері) дейін болуы мүмкін;

·                    Нүкте арқылы ажыратылған аттарды пайдалануға болады, мысалы, Факультет.Курс.Группа.Фамилия.Тхt;

Информация о работе Определение компьютера