Определение компьютера

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 13:40, доклад

Краткое описание

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Файлы: 1 файл

информатика срс.docx

— 433.32 Кб (Скачать)

Жаңадан құжат  құрайтын мәню жазу терезесін ашу үшін:

Файл менюінің Құру (Создать) командасын таңдау қажет; Оның Жалпы (Общие) ішкі бетін таңдап алып, Жаңа құжат (Новый документ) белгісінде тышқанды екі рет шерту керек.

Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер көмегімен құжат ашу  үшін сол құжат типіне сәйкес ішкі парақты таңдап, қолданылатын нұсқа  не шебер белгісіне курсорды алып барып тышқанды екі рет шерту  керек. Келісім бойынша қабылданған  нұсқа бойынша жаңа құжат ашу  Жасау (Создать) батырмасын басу арқылы орындалады

Басқа шаблонды құжаттар құру үшін, Файл — Құру командасын орындағанда ашылған терезеде қажетті құжаттың түрін, одан кейін үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап алып, тыіпқанды екі peт шертеміз.

Word редакторыңда терезедегі  дискіден оқылған немесе жаңадан  жасалған екпінді құжатты дискіге  жазьш сақтауға болады. Барлық  ашылған құжаттардың бәрін бірден  сақтау мүмкіндігі де бар.

Көрсетілген уақыт аралығы  өткен сайын құжатты оқтын-оқтын  автоматты түрде сақтап отыруға  да болады. Бұлай істеу компьютер  кездейсоқ өшіп қалғанда да мәліметті  жоғалтпауға мұрсат береді Мысалы, құжатты автоматты түрде сақтау аралығы 5 минут болса, компьютер  өшіп қалғанда, жоғалатын мәлімет  көлемі соңғы 2-4 минутте терген мөлшермен  ғана шектеледі Ал алдыңғылары автоматты  түрде сақталынады.

Компьютерді қайта іске қосқанда автоматты түрде жазылып қалған мәлімет қалпына келеді. Бірақ  автоматты күйде сақтап қою іске қосылып тұрса да, жұмыс соңында  құжатты толық дискіге жазып  қою абзал. Өйткені қалыпты күйде  жұмыс аяқталғанда және файл толық  сақталған шақтарда автоматты күйде  жазылып қалған уақытша мәлімет  толық өшіріледі.

Терезеде файлға қойылған ат өрісі бар, оны алғашқы peт есте сақтағанда өзгертуге немесе ұсынылған  атты қалдыруға болады. Алғашқы ат ретінде құжаттың бірінші жолында  түрған сөз тіркесі қабылданады. Ат енгізілгеннен кейін немесе оны  енгізбей-ақ құжатты сақтау үшін терезедегі Сақтау (Сохранить) батырмасын басу жеткілікті. Келісім бойынша Құжатты ашу және Құжатты сақтау сұхбат терезелері жұмысы кезінде дайындалған файлдар С: дискісінің түпкі каталогындағы Менің құжаттарым (Мои документы) бумасына орналасады. Осы бума дайындалған мәлімет, кітап т.б. деректерді жазуға қолайлы орын болып саналады.

Файл көшірмесін басқа  атпен немесе сол атпен бірақ  басқа орынға жазу үшін Файл — ... деп сақтау (Файл - Сохранить как...) командасын орындаймыз. Бұл кезде Құжатты сақтау сұхбат терезесі шығып, оған алдыңғы айтылған тәсілмен жаңа файл атын енгізу немесе ол орналасуға тиіс бумаларды біртіндеп таңдап алу қажет.

Құжатты баспаға  беру

 

         Файл – Печать  командасы «Печать» сұхбат терезесін шақырады, оның ішінде құжатиты баспаға беру үшін керекті параметрлерді өзгерте аламыз. 

 

         Құжатты баспаға беру алдында Файл – предварительный просмотр  командасы көмегімен құжатты көріп алуға болады. 

Мәтін фрагменттерін  ерекшелеу әдістері

Мәтін фрагментін пернелер көмегімен ерекшелеу үшін:

·                    Курсорды ерекшелейтін фрагмент алдына қою;

·                    Shift пернесімен қоса бағыттауыш пернелерін басу.

Мәтін фрагментін тышқан көмегімен  ерекшелеу үшін:

·                    Мәтін жолын, сөзін, таңбасын ерекшелеу үшін – Курсорды ерекшелейтін фрагмент алдына қойып, тышқан тетігінің сол батырмасын баса отырып, ерекшеленетін фрагмент соңына дейін сүйрету;

·                    Сөзді – тышқан сілтемесін сол сөзге қойып, тышқанның сол батырмасын екі рет шерту;

·                    Сөйлемді -  <Ctrl>  пернесін баса отырып, сйлемнің кез-келген сөзіне тышқанның сол батырмасын сырт еткізу; 

·                    Абзацты  - Курсорды абзацтың кез-келген жеріне қойып, тышқанның сол батырмасын үш рет шерту немесе абзыцтың сол жағынан тышқанның сол батырмасын екі рет шерту;

·                    Бір жолды – Мәтін жолының сол жағынан (         тышқан сілтемесі ақ бағыттауыш түрін алады) тышқанның сол батырмасын бір рет басы;

·                    Мәтіннің бір топ жолдарын белгілеу – мәтін жолының сол жағынан тышқанның сол жақ батырмасын сырт еткізіп, фрагменттің соңына дейін тышқанды тігінен сүрету;

·                    Объектті – Курсорды объектіге апарып, тышқанның сол батырмасын бір рет сырт еткізу; 

·                    Құжаттың мәтінінің барлығын ерекшелеу үшін: Правка – Выделить все командасын алуға болады; немесе мәтіннің сол жағынан үш рет шерту;  немесе <Ctrl> пернесін баса отырып мәтіннің сол жағынан бір рет шерту; немесе <Ctrl>+<сандық пернеден 5> комбинациясын алу;

 

 

Мәтін фрагменттерін  көшіру, орнын ауыстыру және өшіру

 

         Бұл операциялар ерекшеленген фрагменттерге ғана жасалады. Бұл  кезде екі механизмді пайдалануға  болады -  алмасу буфері арқылы және алмасу буферін қолданбай drag-and-drop әдісі (тышқанды сүйрету)  арқылы. 

Көшіру операциясын іске асыру үшін Правка – Копировать командасын қолдануға болады, көшірме буферге орналасып, Правка – Вставить комадасымен көшірілетін фрагментті қою үшін әлденеше рет орындала алады. 

 

         Орнын ауыстыру орындау үшін Правка – Вырезать алдымен командасы, содан соң Правка – Вставить командасы орындалады.  

 

         Фрагментті өшіру Правка – Очистить командасы арқылы немесе "Del" пернесін басу арқылы орындалады.  Бұл операциялардыжанама меню көмегімен немесе Стандартты саймандар тақтасының арнайы пернелері көмегімен орындалады.  

 

         Тышқан көмегімен операцияларды drag-and-drop (тышқанды сүйрету) әдісі арқылы орындау:

v                            Орнын ауыстыру орындау үшін ерекшеленген фрагментке тышқан сілтемесін қойып, тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып, тышқанның орнын ауыстыру;

v                            Ерекшеленген фрагментті көшіру үшін <Ctrl>  пернесін баса отырып, фрагментті басқа жерге сүйрету      керек. 

Мәтінді автоматты  түрде өзгерту (автозамена)

Автотекст – құжат фрагменті, ішінде қолданушының басқаруы бойынша құжатқа қойылатын мәтін немесе сурет болуы мүмкін. Автотекст элементтері мысалдары: 

·                                ұйымдардың толық атауы; 

·                                Қызметкерлердің жұмыстағы қызметі, олардың қолдары;

·                                стандартты құжаттар «шапкалары»;

·                                құжаттардың типтік бланктары және т.б. 

 

         Сервис – Автозамена  командасы. Автоткстің элементтерін қосып, өшіруге болады, бірақ оларды редакциялап, өзгертуге болмайды. 

 

          «Добавить» батырмасы ерекшеленген фрагментті автотекстке берілген атаумен аталған жаңа элемент қылып қосады. 

 

         Автотекстің элементін жою үшін оны белгілеп алып, «Удалить»  батырмасын басу керек. 

Бақылау сүрақтары

1.      Word редакторын жүктеудің үш тәсілін көрсетіңіз.

2.      Саймандар тақтасын қалай алып тастауга, қайтадан іске қосуга 
болады?

3.      Жаңа құжат қалай ашылады?

4.      "Құжат ашу" сұхбат терезесінің мүмкіндіктері.

5.      "Құжат ашу" сұхбат терезесіндегі басқару тақтасы батырмаларының 
атқаратын қызметі.

6.      “Кәдімгі”  жаңа құжат қалай ашылады?

7.      Өзіңіз тағайындаған уақыт аралығы сайын құжатты автоматты түрде 
қалай сақтауға болады?

8.      Редакторда жұмыс нәтижелері туралы мәліметтерді қалай алуға 
болады?

9.      Терілген немесе толықтырылған құжатты дискіде сақтаудың үш 
тәсілін көрсетіңіз.

10.  WORD редакторын жабудың қандай жолдарын білесіздер?

11.  Бұрын дайындалған мәтінді жұмыс үстелінде тұрып-ақ бірден WORD 
редакторына қалай жүктеуге болады?

12.  Бір мезетте екі-үш мәтінмен қалай жұмыс істейміз және олардың 
бірінен екіншісіне қалай ауысамыз?

13.  Мәтін бейнелеу масштабын қалай өзгертеміз?

14.  "Қайшы”  туріндегі батырманың қызметі қандай?

15.  Көмекші мәліметті қалай экранға шығаруға болады?

16.  Бұрын жазылып сақталған файлды қалай оқуға болады?

17.  Файлды басқа атпен қалай сақтауға болады?

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер

1.     Камардинов О. Есептеуіш техника және программалау. Алматы: РБК, 1997.

2.     Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқүлов А. Новые информационные технологии. 30 уроков по информатике. Алматы, 2002.

3.     Ермеков Н., Караев Ж., Криворучко В., Кафтункина В. Информатика, 9-сынып. Алматы, 2001.

 

 

Қосымша әдебиеттер

1.     Камардинов О. Информатика. Бірінші бөлім. Шымкент, 2000.

2.     Камардинов О. Информатика. Екінші бөлім. Шымкент, 2000.

 

 

 

 

 

 

Дәріс № 4 (2с)

Тақырыбы: «Microsoft Excel электронды кестелері»

Жоспар

1.     Электрондық кестенің  негізгі түсініктері

2.     Кестені файл ретінде сақтау және жүктеу әрекеттерін орындау

3.     Формулалар енгізу

4.     Кестедегі мәліметтерді өңдеу тәсілдері

5.     Қатар, бағана, блоктармен жұмыс істеу

6.     Диаграмма шеберінің жұмысы

 

 

Microsoft Excel – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.

Excel программасының  терезесі

Excel электрондық кестесі  іске қосылғаннан кейін автоматты  түрде

1–кітап (Книга-1) деген атпен жаңа құжат ашылады . Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.

 

     Бұдан басқа жаңа кітап  жасау үшін Құру  (Создать)     батырмасын шертеміз немесе  (Ctrl + N) қоспернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2 – кітап , 3 – кітап (Книга 2, Книга 3 ) т.с.с болады.

Excel терезесінің жоғарғы  жағында терезені басқару батырмалары  бар және Тақырып қатары орналасқан.

·        Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары .

·        Үшінші және төртінші жолдар Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптары.

 

 

Стандартты саймандар  тақтасы. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.

Форматтау саймандар  тақтасы.  Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды форматтау,  жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.

Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың - әрбір тордың мазмұнын көріп, формулаларды өңдеуге болады.

Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық  кестенің жұмыс аймағы алып тұрады.

Төмеңгі қатар – Қалып қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысы немесе Ехсеl кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады. Төменгі қатардың сол жақ шетінде Ехсеl кестесі жұмыс режимінің индикаторы тұр. Мысалы, Ехсеl кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимінде тұрады да, индикатор Дайын ( Готов) деген сөзді көрсетіп тұрады.

Excel-де меню  командаларының көмегімен жұмыс  істеу.

 

         Пернелер тақтасының көмегімен  меню қатарына шығу ұшін АLT немесе Ғ10 пернесін басу керек. Бұл пернелер басылғаннан  кейін меню командаларының бірі басқа  түспен ерекшелінеді. Курсорды басқару  пернелерінің, көмегімен қажетті  меню командасының  біріне жеткіземіз. ENTER  пернесін басқаннан кейін суырылып ішкі меню (подменю) ашылады. Ішкі меню командасын   немесе         пернелерінің бірі арқылы таңдауға болады. Команданы орындау үшін ENTER пернесін басамыз. Меню қатарынан жұмыс алабына ESC пернесін басу арқылы оралуға болады.

 

     Excel кестесінің меню командаларын  тышқанмен орындаған өте жеңіл,  әрі қолайлы. Қажетті меню командасына  тышқан курсорын орналастырамыз  да, төменгі сатылы меню командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиісті командада тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз.

 

     Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанат белгілерді көрсету  немесе алып тастау, сұқбат терезелерін  және ішкі беттерді ашу әрекеттері орындалады. Егер тышқанды меню сыртында шертсек, меню қатарынан шығып, ішкі меню жабылады.

 

  Егер осы қатарлардың  қанатбелгілері көрінбей тұрса, олардың  әрқайсысында тышқанның сол жақ  батырмасын шертіңіз.

Информация о работе Определение компьютера