Определение компьютера

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 13:40, доклад

Краткое описание

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Файлы: 1 файл

информатика срс.docx

— 433.32 Кб (Скачать)

·                    Аттарда бос орын таңбасы болуы мүмкін,  бірақ ? \ * “ < > таңбалары болмауы керек;

·                    Windows   файлдар аттары төменгі немесе жоғарғы регистрде жазылғанын еске сақтайды, бірақ файл аттарын салыстырғанда регистрді есепке алмайды, мысалы, Асанов. tхt  және  АСАНОВ. tхt файлдары бір файл болып есептеледі; 

·                    Файлдар тобын іздегенде немесе файлдар тізімін қарағанда * және ? таңбаларын қолдануға болады.

Жанама меню (Контекстное  меню  (меню объектов))

Тышқанның оң батырмасын басу тышқан көрсеткіші тұрған объекттің жанама менюін кескіндейді. Бұл меню объектпен жұмыс жасау үшін керекті негізгі командалар тізімін береді. Мысалы, кез-келген файл үшін бұл менюде ашу, көшіру, өшіру сияқты командалар орналасқан. 

 

         Терезелік меню терезенің өлшемін өзгерту, оның экранда орналасу ретін көрсетуге, құжатты немесе программаны жабуға мүмкіндік береді. 

 

         Терезелік меню батырмасы  терезенің сол жақ бұрышында  орналасқан. Терезелік менюді белсенді еткенде командалар тізімі пайда  болады. 

 

         Восстановить (Қалпына келтіру) – терезенің өлшемін осыған дейінгі қалпына келтіреді. Бұл команда терезе экранды толық алып тұрған жағдайда жұмыс істейді. 

 

         Переместить (Орнын ауыстыру) – терезенің орнын пернелік арқылы өзгерту мүмкіндігін береді. Бұл команданы таңдағаннан кейін курсор төртбағытты стрелкаға айналады. Терезені жылжыту бағыттауыштар арқылы іске асады. Орнын ауыстырып болған соң, <Enter> пернесін басу керек. 

 

         Размер  –  терезе өлшемін бағыттауыштар арқылы өзгерту мүмкіндігін береді. 

 

         Свернуть (бүктеу, орау)  – терезені батырма өлшемінде есептер тақтасына орайды. 

 

         Развернуть  (айқара ашу) – терезе өлшемін ең үлкен өлшемге дейін (бүкіл экранға)   үлкейтеді.

Закрыть (жабу) -  терезені жауып, программамен жұмысты аяқтайды. 

Жүйелік меню батырмалары (Кнопки системного меню)

Жүйелік меню батырмалары  терезенің оң жағында орналасады Олар үшеу: 02r

0 батырмасы бүктеу (свернуть) деп аталады. Оның қызметі жүйелік менюдің «бүктеу»  командасымен бірдей.

2 батырмасы "максималдау/минималдау" деп аталады. Бұл батырмаға басу терезенің өлшемін экрандай немесе қолданушының қойған өлшеміндей етеді. 

r батырмасы жабу деп аталады. Бұның жұмысы жүйелік менюдің «жабу» командасына пара-пар.

Windows объектілерімен  мынадай операциялар жасауға  болады

Құру

Көшірмесін алу

Атын өзгерту

Қасиетін қарау

Қасиетін өзгерту

Файлдар және бумалар  жиынымен мынадай операциялар жасауға  болады

Көшіру

Таңдалған шарт бойынша реттеу

Қолданбалы программалар арқылы мазмұнын қарап және өзгартуға  болады 

Іздеу

Белгілер, жарлықтар (Значки, ярлыки)

Белгі (Значок) – бұл программалық элементке меншіктелетін кішкене таңба. Қолданушы сурет бойынша файлдың қандай программалық қосымшада жасалғанын анықтай алады. 

Жарлық (Ярлык) – бұл программалық элементке немесе файлға жасалған сілтеме. Ол бұл программалық элементтің толық адресінен тұратын командадан тұрады. Белгіден жарлықтың айырмашылығы оның ақ стрелкасы бар, жарлықтың орнын өзгерту немесе оны өшіру программа жұмысына еш кедергісін келтірмейді. Файлдың немесе папканың белгісін өшіру файлдың немесе папаканың өзін өшіреді. 

Жиі қолданылатын файлдарға жарлықтар құру 

1 әдіс:

1.                       Объектті белгілеу (файл, программа, папка және т.б.)  

2.                       Ерекшеленген объектте тышқанның оң батырмасын басу. Создать ярлык

2 әдіс

1.                       Объектті белгілеу (файл, программа, папка және т.б.)    

2.                       Ерекшеленген объектте тышқанның оң батырмасын басу.  Отправить-Рабочий стол командасын орындау.     

Жарлықтың параметрлерін  өзгерту үшін тышқанның оң батырмасымен жанама менюін таңдап, Свойства командасын таңдау керек. 

Жаңа папка  құру 

1  әдіс

1.                 "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде жаңа папка құратын папканы ашу. 

2.                 Менюден Файл - Создать, содан соң Папка пунктін таңдау. Терезеде аты келісім бойынша аталған папка пайда болады. Жаңа атты енгізіп, <Enter>-ді басу. 

2 әдіс

1.                 "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде жаңа папка құратын папканы ашу.  

2.                 Бос орында тышқанның оң батырмасын басу. Жанама менюден Создать – Папку командасын таңдау. Терезеде аты келісім бойынша аталған папка пайда болады. Жаңа атты енгізіп, <Enter>-ді басу.

Файлдың немесе папканың атын өзгерту

1.                 "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде файлды немесе папканы ерекшелеу.  (Ашып керегі жоқ) 

2.                 Еерекшелінген объектке тышқанның оң жағына басып, Переименовать командасын таңдау

3.                 Жаңа атты енгізіп, <Enter>-ді басу. 

Файлды немесе папканы өшіру

1 әдіс

Керекті объектті  ерекшелеу.  Delete пернесін басу.

2 әдіс

Керекті объектті  ерекшелеп тышқанның оң батырмасын басу.  Удалить командасын орындау. 

3 әдіс

Керекті объектті  ерекшелеп тышқанның сол батырмасымен Корзинаға сүйретіп апару.  Объектті Корзинаға салмай өшіру – Shift+Delete

Өшірілген объекттерді  қалпына келтіру 

1.                 Жұмыс столындағы Корзинаны ашу.  

2.                 Қалпына келтірілетін файлды белгілеу

3.                 Файл менюіндегі Восстановить командасын таңдау (немесе ерекшеленген файлға тышқанның оң жағына басып, Восстановитькомандасын таңдау)

Орнын ауыстыру (Көшіру)

1.                 "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде керекті файл немесе папканы ерекшелеу.  

2.                 Правка менюіндегі Вырезать(Копировать) командасын таңдау

3.                 Объектті апаратын папканы ашу керек 

4.                 Правка менюінен Вставить командасын таңдау

Бұл операцияны объекттің  жанама менюі арқылы орындауға болады. Жанама менюден Вырезать(Копировать)  командасын таңдау.Копировать , Вырезать және Вставить командаларын мынадай пернелер комбинациясын қолдана отырып орындауға болады: 

Көшіру –Ctrl+C

Қиып алу – Сtrl+X

Қою - Ctrl+V

Файлды іздеу

Файлды былай тауып  алуға болады: 

1.                 Жұмыс столынан немесе Проводник терезесінен «Мои документы» папкасын ашып қарауға болады (егер келісім бойынша құжат осы папкада сақталса)

2.                 Пуск-Документы (егер құжат жақында сақталса)

3.                 Пуск – Найти (Поиск)-Файлы и папки. Ізделінді объекттің атын енгізіп, Найти батырмасын басу 

Дискетке сақтау

1 әдіс

Керекті файлды немесе папканы тауып, тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден  

Отправить – Диск А: командасын орындау

2 әдіс

Проводник программасын ашу. Одан керекті файлды (папканы) тауып, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей, Диск А: тұрған терезешеге ауыстыру 

3 әдіс

1. Керекті файлды  немесе папканы тауып, тышқанның  оң батырмасын басып, жанама  менюден   Копировать (немесе Правка - Копировать) командасын орындау

 

 2. А: дискісін ашып, бос  орынға тышқанның оң жақ батырмасын  басып, жанама менюден Вставить (немесе Правка -Вставить) командасын орындау

 

 

Негізгі әдебиеттер

1. Исаев С.Э., Мухамади  А.Н., Ахметова О.С. "Компьютерлік  технология непздері  курсына арналган практикум" - Алматы: Абай атындагы Алматы Мемлекеттік Университет, 2000.

2. Есенбаева СД., Искаков  М.Б.  Дербес компьютермен жұмыс істеу непздері. Оку құралы - Караганды: КарМТУ, 1998.

3. Фигурнов В.Н. IBM для пользователя. - М.: ИНФРА-М, 1998.

 

 

Қосымша әдебиеттер

1.     Косарев В.П., Ермин Л.В. "Компьютерные системы и сети". – Москва: Финансы и статистика, 2000.

2.     Симонович С, Алексеев А. "Специальная Информатика". – Москва: Просвещение, 2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс №1 (0,5 с)

Тақырыбы: «Windows анықтамалық  жүйесі. Жолшы (Проводник) »

Жоспар

1.                 Каталогтар бұтағы

2.                 Проводник терезесі

3.                 Дискетті форматтау

 

 

 

         Дискідегі барлық каталогтар каталогтар бұтағын түзеді. 

 

         Басқа буманың (папка) ішінде орналасқан бума сыртқы бумаға қарағанда  ішкі деп аталады. 

 

         Логикалық диск каталогтарға қарағанда түбірлік деп аталады. Түбірлік каталогта сыртқы каталог болмайды. 

 

         Ашық папканың ішінен көруге болатын барлық папкаларды бір деңгейдегі папкалар деп атайды. 

 

         Бір деңгейдегі папкаларда бірдей атты папка болмайды. 

 

         Басқа деңгейлі папкаларда бірдей атты паплар болуы мүмкін.

Мысалы, С:\С\С\с   -  С  атты файл С дискісінде С папкасында, оның ішкі С папкасында жазылған. 

«Жұмыс столы» түбірлік деп  аталады. Оның ішкі папкалары болып  жұмыс столындағы папкалар есептеледі. 

Проводник терезесі

Проводник  терезесі екі терезешеден тұрады. Сол терезешеде каталогтар құрылымын көруге болады, ең жоғарысында  Жұмыс столыорналасады. 

Егер кез-келген папканы таңдасақ, оның белгісі 1 белгісіне өзгереді. Сол уақытта оң терезешеде сол папканың мазмұнын көруге болады. 

Егер жабық папканың жанында + таңбасы болса, онда ол папка ішінде басқа папкалардың барлығы. + таңбасына  тышқанның сол жағымен басу –  таңбаны – (минус) таңбасына ауыстырады. 

Файлдарды ерекшелеу

Файлды (папканы) ерекшелеу үшін оның белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын бір рет сырт еткізу.

Іргелес файлдарды (папкаларды) ерекшелеу үшін (бірінен  соң бірі орналасқан файлдар) тышқанның сол жақ батырмасымен бірінші файлға басып,  Shift пернесін баа отырып, соңғы файлға сырт еткізу.  

Файлдар жиынын (папкаларды) ерекшелеу үшін Ctrl пернесін баса отырып, керек белгілерге сырт еткізу. 

Барлық файлдарды  ерекшелеу үшін команда Правка-Выделить все

Дискетаны форматтау

Жұмыс столындағы Мой компьютер  белгісін ашу керек.  Тышқан нұсқаушысын Диск 3,5 (А:) қойып, оң батырмаға басып, жанама менюді аламыз. Форматировать командасын таңдаймыз. Шыққан терезеден  Полное опциясын таңдап, Начать батырмасына басу. Форматтап аяқтаған соң Закрыть батырмасын басу керек.

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер

1. Исаев С.Э., Мухамади  А.Н., Ахметова О.С. "Компьютерлік  технология непздері  курсына арналган практикум" - Алматы: Абай атындагы Алматы Мемлекеттік Университет, 2000.

2. Есенбаева СД., Искаков  М.Б.  Дербес компьютермен жұмыс істеу непздері. Оку құралы - Караганды: КарМТУ, 1998.

3. Фигурнов В.Н. IBM для пользователя. - М.: ИНФРА-М, 1998.

 

 

Қосымша әдебиеттер

1.      Косарев В.П., Ермин Л.В. "Компьютерные системы и сети". – Москва: Финансы и статистика, 2000.

2.      Симонович С, Алексеев А. "Специальная Информатика". – Москва: Просвещение, 2000.

 

 

Дәріс № 2 (0,5 с)

Тақырыбы: «WINDOWS-тың  стандарттық программалары»

Жоспар

1.                 Стандартты программалармен жұмыс істеп үйрену

2.                 Paint

3.                 WordPad

4.                 Блокнот

5.                 Калькулятор

 

 

Windows-тың стандартты қосымшаларына  қолданушыға ең бірінші уақыттағы  керек қосымша программалар жатады: мәтіндік құжаттар дайындау, графикалық  кескіндерді құру және редакторлау,  жұмыс уақытын ұйымдастыру және  жоспарлау, математикалық есептеулер  және т.б. Бұл қосымшалар «Стандартные»  тобына кіреді.

Стандартты программаларға: Imagin, Paint, WordPad, Блокнот, Калькулятор  және т.б. жатады.

Блокнот – бұл кішкене мәтіндік файлдармен жұмыс жасауға арналған редактор. Оның мүмкіндіктері аз, бірақ оның жақсы қасиеті де бар – ол қолдануға жинақы және қарапайым, жадыда аз орын алады басқа қосымшалардың жұмысына кедергісі жоқ. Жүктеу үшін: Пуск -Программы - Стандартные – Блокнот тізімін аламыз. 

Блокнот программасы форматталмаған мәтіндік файлдарды құрып, сақтайды. Кейбір жағдайда ол ыңғайлы, мысалы, командалық файлдарды өзгерткен сәтте немесе модем арқылы мәтінді тасымалдау кезінде. Блокнот тек бір ғана – жүйелік шрифтпен жұмыс жасайды. Мәтін фрагменттерімен жұмыс  істеуге болады, керек символды іздеуге, мәтіндік файлдарды оқуға және жазуға болады, баспаға жіберуге болады. 

Информация о работе Определение компьютера