Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 13:40, доклад
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Электрондық кестенің негізгі түсініктері
Excel электрондық кестесі
жазылған әрбір файл, бірнеше
беттерден тұратын байланысқан кестелерді
бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты
жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналады.
Беттердің немесе парақтардың жарлықтары
экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп
тұрады. Әдетте электрондық кесте іске
қосылған мезетте 1 – бет (лист 1 ) екпінді
болады, келесі немесе басқа бетке өту
қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында
тышқанды шертеміз. Ал қажетті беттің
жарлығы экранда көрінбей тұрса, жарлықтардың
сол жағындағы бағыттауыштарда
Әрбір бетте қатарлар мен бағаналардан тұратын екі өлшемді жиым (массив) болып келген бір электрондық кесте сақталады. Excel – 97 электрондық кестесінде бағаналар саны – 256, ал қатарлар саны - 65536-ға тең . Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесетор деп аталатын тіктөртбұрыш орналасқан.Оған мәліметтерді (мәтін , сан немесе формулалар ) енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16777216- ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.
Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпінді ұяшықты көрсететін ерекше тіктөртбұрышты кестелік курсор деп атаймыз. Кестелік курсор орналасқан ұяшық Екпінді ұяшық деп аталады.
Бағаналар A-Z , одан кейін реті бойынша AA-AZ, BA-BZ,… ,IV латын әріптерімен белгіленеді.
Ұяшықтар блогы немесе аралығы
Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегінблок немесе торлар аралығы деп атауға болады. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшық пен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен қосып жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2 ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2:D8 түрінде көрсетіледі.
A1:D9 блогын белгілеу керек.
Ол үшін А1 ұяшығында тышқанды шертіңіз де, тышқанның батырмасын басулы күйде ұстап, оның курсорын D9 ұяшығына орналастырыңыз. F6:H9, E5:F9, A6:B10 аралықтарын белгілеңіз.
Қатар орналаспаған C7:D9, E5:F11 және D13:E15 аралықтары
Бір-бірімен байланыспаған мұндай блоктарды белгілеу үшін алдымен бірінші блокты белгілейміз, одан кейін келесілерін белгілеу кезінде [Ctrl] пернесін басулы күйде ұстап тұрамыз. Жоғарыда көрсетілген блоктарды алдымен C7:D9 белгілеп аламыз да, E5:F11 және D13: E15 блоктарын [Ctrl] пернесін басулы күйде ұстап тұрып белгілейміз.
Кестенің бағана, қатар блоктарын белгілеу
Тышқанның көмегімен кесте бөліктері былай белгіленеді:
· бағана - қажетті бағана тақырыбындағы таңбаланған әріпте (А, В, С…) тышқанды шерту;
· қатар- қажетті бағанаға сәйкес келетін нөмірде (1, 2, 3…) тышқанды шерту ( кестенің сол жағындағы ең шеткі бағанасы);
· бірнеше бағаналар бірінші бағана атында тышқанды шерткен соң, тышқанның батырмасын басулы күйде соңғы бағанаға жеткіземіз;
· блокты блоктың бастапқы ұяшығына тышқанды шертеміз де, тышқанның батырмасын босатпай, курсорды соңғы ұяшыққа жеткіземіз;
· жұмыс парағын бағаналар таңбаланған әріптер жолы менқатар нөмірінің қиысқан жерінде тышқанды шертеміз (кестенің сол жақ жоғары шеті);
Пернелер көмегімен
Белгілеуді алып тастау үшін, кез келген белгіленбеген аймақта тышқанды шерту жеткілікті. Басқа бөлікті белгілегенде бұрынғы белгілеу алынып қалады.
Мәліметтерді енгізу үшін
кестелік курсорды қажетті ұяшыққа
орналастырамыз да, тиісті мәліметтерді
жазған соң [Enter] немесе бағыттауыш жылжыту
пернелерінің бірін басамыз. Excel программасы
енгізілген мәліметтің бірінші символына
байланысты оның типін анықтайды. Егер
мәліметтің бірінші символы әріп
немесе ‘( апостроф) болса, электрондық
кесте осы ұяшыққа енгізілетін
мәліметті мәтін ретінде
Мәтін енгізу
Ұяшыққа кез-келген символдарды енгізгенде ол мәтін ретінде қабылданады, егер мәтіннің бірінші сөзі сан болса міндетті түрде ‘(апостроф) белгісімен бастап жазу керек. Егер мәтін енгізіліп отырған ұяшыққа сыймай қалса, оның оң жағындағы көрші ұяшық бос болған жағдайда, сол ұяшыққа жалғасып жазылады. Көршілес ұяшыққа басқа мәлімет енгізу кезінде, алдыңғы енгізілген мәтіннің ұяшыққа сыйып тұрған бөлігі ғана көрініп тұрады. Ал сыймай қалған бөлігін де көру үшін, мәлімет сол ұяшыққа сыятындай етіп, бағананың өлшемін кеңейту, үлкейту қажет.
Қате кеткен жағдайда соңғы орындалған іс-әрекетті болдырмау батырмасын шерту немесе Түзету, Болдырмау (Правка, Отменить) командасын орындау арқылы алып тастауға болады.
Сандарды енгізу
Сандарды ұяшыққа “=”,”+” таңбаларынан бастап немесе санның өзін цифрдан бастап енгізуге болады. Егер енгізілген сан ұяшыққа сыймай қалатын болса, EXCEL 97 программасы оны экспоненциалды түрге келтіреді немесе сандардың орнына # # # символдары шығарылады. Әйтсе де сан тұтасымен сол ұяшықта сақталып тұрады. Санды тұтас көру үшін бағананың енін үлкейту керек. Ұяшыққа енгізілген сан үлкен болса да, кіші болса да экспоненциалды түр қолданылады. Мысалы 903000000 саны 9,03· 108 болғандықтан, 9,03Е+08 түріне келтіріледі, ал, 0,0000000006 саны 6*10-9 болғандықтан 6Е-9 түріне келтіріледі.
Электрондық кестеде үнсіз келісім бойынша санның бүтін бөлігі бөлшектен үтір арқылы ажыратылып жазылады. Excel 97 программасы санның алдында немесе ортасында кез келген басқа символ жазылса, ол санды мәтін ретінде қабылдайды. Мысалы, егер 4.35 деп терсек, бұл сан мәтін ретінде қабылданады да, мәтін сияқты ұяшықтың сол жақ бұрышына қарай орналасып, есептеу амалдары орындалғанда ескерілмейді. Ал, дәл осы санды үтір арқылы яғни 4,35 деп жазсақ ол сан ретінде қабылданып, ұяшықтың сол жақ шетіне қарай орналасады. Сандарды бөлшекке келтіріп жазуға немесе үтір орнына нүктемен жазылатындай етіп параметрлер тағайындау арқылы өзгертуге де болады.
Excel электрондық кестесінде
сан ретінде қабылданған
Формулалар енгізу
Excel электрондық кестесі
арифметикалық амалдарды,
Формулаларды міндетті түрде ”=”теңдік немесе”+” қосу белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, 2*3 теңдігін есептеу үшін =2*3 немесе +2*3 формуласын жазу керек. Ал, C1 және F5 ұяшықтарындағы сандардың қосындысын есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік курсорды орналастырып, =C1+F5 немесе +C1+F5 формуласын теріп жазамыз. Есептеу нәтижесі формула енгізілгеннен кейін, кестелік курсор тұрған ұяшыққа жазылады.
Формулалардағы
Excel электрондық кестесінде
мұндай операторлардың бірнеше
түрлері бар. = (тең), > (үлкен), < (кіші),
>= (үлкен немесе тең), <= (кіші
немесе тең) және # (тең емес) салыстыру
операторларының нәтижелері Ақи
Бірқатар
Арифметикалық операторлар
Перне |
Өрнек |
Нәтиже |
+ |
2+6 (қосу) |
8 |
- |
9-7 (азайту) |
2 |
* |
4*8 (көбейту) |
32 |
/ |
6/2 (бөлу) |
3 |
` |
4`2 (дәрежелеу) |
16 |
% |
0,6 (процент) |
60 % |
Кестедегі мәліметтерді өңдеу тәсілдері
Бағаналардың ені мен қатарлардың биіктігін өзгерту әрекетін тышқанның көмегімен және меню командалары арқылы орындауға болады.
Тышқан курсорын бағаналар әріптерінің немесе қатар нөмірлерінің араларына орналастырып, пайда болған екі жақты қара бағыттауышты тышқан батырмасын басулы күйде ұстап жылжытамыз. Бағананың ені немесе қатардың биіктігі қажетті шамаға жеткеннен кейін тышқан батырмасын босатамыз немесе оны екі рет шертеміз.
Қатардың биіктігі мен бағана енін меню командаларының көмегімен өзгерту үшін қажетті бағаналарды немесе қатарды белгілеп алған соң, сәйкес Формат, Қатар (Строка),Биіктік (Высота) немесе Формат, Бағана (Столбец), Ені (Ширина) командаларын орындаймыз да ашылған терезедегі өрісте тиісті шаманы теріп жазамыз немесе тышқан батырмасын шертіп отырып көрсетеміз.
Ұяшықтардағы мәліметтерді өңдеу
Ұяшықтағы мәліметтерді енгізу кезінде және олар енгізілгеннен кейін де өңдеуге болады.
Егер ұяшыққа мәліметтерді енгізіп отырып түзету қажеттігі туса, оларды солға [BackSpace] немесе оңға [Delete] қарай өшіру пернелерінің тиістісін қолданамыз.
Ұяшықтағы бұрын енгізіліп қойылған мәліметтерді өзгерту қажет болса, өңдеу режимініске қосу үшін кестелік курсорды қажетті ұяшыққа орналастырған соң, [F2] пернесін басамыз.Тиісті түзетулерді жасаған соң, [Enter] немесе курсорды басқару пернелерінің бірін басамыз.
Кесте ішінде қайта есептеу әрекеті ондағы мәліметтерді өзгерткеннен кейін автоматты түрде жүзеге асты. Электрондық кестенің ең басты ерекшеліктерінің бірі осы болып саналады.
Қатар, бағана, блоктармен жұмыс істеу
Ұяшықтағы мәліметтерді көшіруге,
өшіруге, жылжытуға блоктарды
v Стандартты саймандар тақтасының батырмалар тобының көмегімен (Қиып алу, Көшіру, Кірістіру);
v Түзету (Правка) менюінің Қиып алу(Вырезать), Көшіру(
v Тышқанның көмегімен;
v Контексті жанама менюдің командаларының көмегімен орындауға болады
Жылжыту немесе Орын ауыстыру үшін нені, қайда жылжыту керек екенін көрсету керек. Тышқанның көмегімен белгіленген бөлікті (ұяшық немесе блок) жылжыту үшін, тышқан курсорын сол белгіленген аймақтың ішіне орналастырамыз. Одан кейін тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қажетті орынға жеткіземіз.
Ұяшық мазмұнын көшіру.
Көшіру кезіндегі
Торлармен мәліметтерді толтыру
Торларды мәліметермен толтыру кезінде ұяшықтағы немесе блоктағы мәдіметтер бір іс-әрекет арқылы бірнеше рет қайталанып көшіріледі. Толтыру әрекеті тек оңға және төмен қарай ғана орындалады.
Тышқанның көмегімен толтыру
белгіленген аймақтың оң жақ төменгі
шетіне тышқан курсорын орналастырғанда
пайда болған қара түсті қосу таңбасын
жылжыту арқылы жүзеге асады. Егер бұл
толтыру таңбасы жоқ болса, мынадай
іс-әрекеттерді орындау қажет:
Автотолтыру
Электрондық кестеде торларды мәліметпен автоматты түрде толтыру мүмкіндігі бар. Ұяшықтарға ай аттарын, сандарды т.б. автоматты түрде енгізуге болады.Мысалы, ұяшыққа кез келген ай атын теріп жазған соң, кестелік курсорды сол ұяшыққа орналастырып, тышқанның көмегімен толтыру әрекетін орындасақ, келесі ұяшықтарға реті бойынша ай аттары енгізіледі. Дәл осы әрекетті орындай отырып, ұяшықтарда белгілі бір заңдылықпен реттелген санмен де толтыруға болады. Ұяшықтарды санмен толтыру үшін, міндетті түрде екі сан енгізілуі керек. Excel программасы сандар енгізілген мезетте сандардың айырмасын есептеу арқылы, қадамды анықтайды да, толтыру әрекеті орындалған кезде келесі ұяшыққа сол қадамды ескере отырып, сан мәндерін есептеп енгізеді.Ұяшықтарға сандарды, белгілі қадаммен кему немесе арту реті бойынша автоматты түрде жазу үшін, екі сан енгізілген ұяшықты бірге белгілеп алып,толтыру әрекетін орындау қажет.
Диаграмма құру мақсаты:
- әртүрлі типті диаграммалар және графиктер құрып үйрену;
- диаграмм
- диаграмм
Диаграмма- мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеудің бір тәсілі болып табылады.Ол кесте ішінде орналасқан сандық мәндерді диаграмма немесе график түрінде көрсетеді. Кітап бетттеріндегі кестелерге мәліметтерді енгізу және есептеу жұмыстары өте жеңіл іске асқанмен, оларды салыстыру, талдау қиынға түседі. Диаграммадағы мәліметтер оның типіне қарай нүкте, сызық, сектор және басқа да элементтер арқылы көрсетіледі.