Отан тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:31, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаумен келген шығармашылық азаттық ғылыми ізденістерге жаңа өріс ашып, қоғамдық-гуманитарлық саладағы ғалымдардың мүлде жаңа методологиялық ұстанымдарға көшуіне, тақырып аясын кеңейтуіне негіз қалады. Дегенмен кеңестік Қазақстан тарихының жаңаша зерделенбеген, түпкілікті бағасын алмаған беттері әзірге баршылық. Тарихшы ғалымдар негізінен ХХ ғасырдағы 20-30-шы жылдардың ақтаңдақтарымен шұғылдануда.

Файлы: 1 файл

autoreferat_sas.doc

— 422.50 Кб (Скачать)

      Зерттеудің мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін деректердің сұрыпталуына белгілі бір ұстаныммен қарағанымызды айта кеткен ләзім. Біріншіден, деректер зерттеу обьектісін әр қырынан ашқанын қаладық. Екіншіден, деректердің шығу көздерінің деңгейі алуан-алуан болуына назар аударылды. Айталық, республикалық деңгейдегі, облыстық, аудандық, ауыл-селолық деңгейдегі даярланған құжаттар, ақпараттар, мәліметтер басы біріккенде ғана ақиқаттың беті ашылатыны қаперден шықпады. Үшіншіден, деректердің өзі іштей дәуірленетіні ескерілді. Бұл жерде басты өлшемге кеңес қоғамындағы саяси-идеологиялық ахуал жүрді. Тарқата айтсақ, Сталин билеген тұстағы саяси-идеологиялық ахуалды Хрущевтік «жылымық» жылдарындағы немесе «тоқырау» кезеңіндегі ахуалдан өзгеше емес деуге негіз жоқ. Әр саяси-идеологиялық ахуалға сай құжаттар түзілді. Осы ерекшелікті ескермей тарихи танымның биігіне қол жеткізу мүмкін емес.

      Қысқасы, соғыстан кейінгі кезеңдегі ауыл–селоның  тарихы мен тағдырын зерттеуге қажетті дерек пен дереккөзге зәрулік жоқ. Диссертанттың  пікірінше, ендігі басты міндет сол деректердің айтқаны мен айта алмағанын анықтап, ғылыми танымның тарих ғылымындағы қуатты факторына  айналдыруда.

      Екінші тарау «Интеллектуалдық  әлеуеттің алғышарттары» деп аталады.

     Интеллектуалдық әлеуеттің қайнар көзі, иесі – адамдар. Адам ғана саналы  іс-әрекетке, қоршаған ортаны тануға, оған әсер етуге қабілетті. Ал адамдардың іс-әрекеті қоғамдағы, мемлекеттегі мақсат–мүддеге, саяси құрылысқа, идеологияға, экономикалық–шаруашылық қажеттілік пен мүмкіндікке қарай, рухани–мәдени өре  мен салт–дәстүрдің сақталу дәрежесіне сай анықталады. Сондықтан әлеуметтік практиканың әр тарихи кезеңге лайық мазмұны, формасы, өнімділігі, тиімділігі, ұйымдастырылуы, басқарылуы орын тебетіндігі заңды құбылыс. Түптеп келгенде интеллектуалдық әлеует дегеніміз – берісі жекелеген әлеуметтік субъектінің, әрісі адамдар қауымдастығының қабілеті мен мүмкіндігінің өзгермелі тарихи сұранысқа орай ашылуы әрі кәдеге жарау дәрежесі. Материалдық немесе материалдық емес өндіріс салаларын өзгертетін адам, сол өзгерістер уақыт өте жеке адамның өзін, кәсіби даярлығын, еңбек ету тәсілдерін, өмір салтын, дүниетанымын, т.б. өзгертеді. Ендеше, қоғамдағы интеллектуалдық әлеуетке ұдайы жетіліп отыру тән екен. Бұл  заңдылықтан Қазақстан  ауыл–селосының тұрғындары, интеллектуалдық әлеуеті де тыс тұрмағаны, оның ең бір мәнді кезеңі Ұлы Отан соғысынан кейінгі жарты ғасырға жуық уақытты қамтығаны күмәнсіз ақиқат.

      1946–1991 жылдарда ауыл-селодағы интеллектуалдық әлеуеттің мүмкіндігін арттыруға зор септігін тигізген фактор – аграрлық экономиканың материалдық–техникалық базасындағы ілгерілеу. Аграрлық  экономиканың  мәні  мен  маңызын кеңестер елін билеген коммунистік басшылық жақсы түсінді. Кезінде  коммунистер көсемі  В.И.Ленин: «Шаруашылықтың  нағыз негіздері – азық–түлік қоры ...  Бұл қор болмаған жағдайда мемлекеттік өкімет түк те емес. Мұндай қор болмаса, социалистік саясат әшейін бір тілек болып қана қала береді» - деп жазған болатын [40, 165–166 бб.].  Осындай идеялармен  қаруланған КОКП басшылары аграрлық экономиканың материалдық – техникалық негіздерін  нығайтуға септігін тигізген сілкіністерді ауық–ауық жүзеге асырып отырды. Бұл орайда 1954 жылы басталған  тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны, КОКП Орталық Комитетінің 1965 жылғы наурыз пленумының шешімдері, 1982 жылы қабылданған КСРО-ның азық–түлік бағдарламасы айрықша роль атқарды. 1946–1990 жылдарда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумдарында ауыл  шаруашылық мәселері 69 рет арнайы қаралған екен [41, С.255 –277.].

      Ауыл-селодағы интеллектуалдық әлеуетке бұрын-сонды көз көрмеген ілгерілеу тың игерумен келді. Біріншіден, ауыл шаруашылығына материалдық-техникалық және қаржы ресурстарын бөлу күрт ұлғайды. 1954 жылдың өзінде ғана Қазақстан МТС-тарының машина-трактор паркі 35%-ға, кеңшарларында екі есе өсті. 1954-1955 жылдар ішінде ауыл шаруашылығына 6 млрд. 105млн. сом жұмсалды, бұл 1946-1950 жылдардағы шығыннан 4 еседей көп еді. Екі жылда Қазақстан кеңшарлары мен МТС-тарына 122 мың трактор (15 аттың күшімен есептегенде), 26 мың комбайн, 22 мыңнан астам жүк автокөліктері алынды. [42, С.28,30,75.].

      Тың қазақ ауылының тағдырына күрт бетбұрыс әкелді. Ішінде жағымдысы да, жағымсызы да бар еді. Ең ауыры - объективті қажеттіліктен туындамаған науқан байырғы халықтың қалыптасқан өмір салтын бұзды. Бұл-бір.

      Екіншіден, ұжымшарлар саны қысқарып, жаңадан көптеген кеңшарлар шаңырақ көтерді. 1955 жылы республикамызда 2631 ұжымшар болса, 1966 жылы олардың 442-сі ғана қалған болатын. Алайда осы аз ғана ұжымшарлардың материалдық-техникалық мүмкіншілігі бұрынғыдан айтарлықтай биік еді. Егер 1955 жылы негізгі өндіріс қорлары 381,3 млн. сом тұрса, 1966 жылы 675,6 млн. сомнан асып түсті, астық өндіру 2,3 есе ұлғайды [43, С.200,201.]. 1966 жылы ғана Қостанай облысына 2,2 мың трактор, 1,4 мың жүк автокөлігі, 3,1 мың астық комбайны, 7,1 мың сеялка, 2,3 мың соқа, т.б. техникалық жабдықтар бөлінген екен [44].

      Диссертант ауыл-селоның техникалық жарақтануы жақсаруымен қатар елді мекендердің сәулет-құрылыс келбеті шырайланғанына, аудан  орталықтарында, кеңшарлар мен ұжымшарларда ғимараттар, тұрғын үйлер салу, көшелер мен алаңдарды жүйеге келтіру, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту ілгерілегеніне жан-жақты тоқталады.  Тек ұжымшарларда ғана XX ғасырдың 50-60- шы жылдарында жылына 10 мыңнан 48 мыңға дейін тұрғын үйлер салынып жатты, ал кеңшарларда пайдалануға берілетін тұрғын үйлер ауданы 621 мың шаршы метрден 1.854 мың шаршы метрге дейін ұлғайыпты [43, С. 226.].

      Зерттеу жұмысында ауыл–селоның  материалдық–техникалық базасына жүйесіз, мақсатты – нысанасыз жүргізілген горбачёвтік қайта құру қисынсыз қиыншылық әкелгеніне талдау  жасалған. 80–ші жылдардың аяғына қарай  одақтас  республикалар арасындағы шаруашылық, қаржы – банкілік, іскерлік байланыстар бұзылғандықтан аграрлық саланы  техникамен, көлікпен, құрылыс материалдарымен, түрлі тыңайтқыштармен жабдықтау дағдарысқа ұшырап, механизатор, малшы, құрылысшы, диқандар  қауымының, мамандардың ырғақты еңбек ету мүмкіндігі тарылды. Көптеген шаруашылықтар  шығынға белшесінен  батып қалды. Қазақстандағы билік басына келген Г.Колбин және оның сеніміне кірген айналасындағылар кеңшар директорлары мен ұжымшар төрағаларын жаппай қызметтен алумен әуестеніп, еңбек ұжымдарындағы моральдық–психологиялық ахуалды  ушықтырып  жіберген еді.

      Осылайша, ауыл-селодағы интеллектуалдық әлеуетке негіз болатын материалдық–техникалық өсіп-өну социалистік құрылыстың соңғы 40–45 жылында толық кемеліне келмей, тарих қойнауына кірді. Оның мүмкіншілігін  тежеген себептер көп  болғанмен, ең бастысы  шаруашылықты ұйымдастырудың әсіре саясаттанған, идеологияланған кеңестік үлгісінде  жатыр.

      Соғыстан  кейінгі  жылдарда  ауыл-селоның интеллектуалдық әлеуетін  қалыптастыру үдерісіне материалдық-техникалық фактордан маңызы бірде-бір кем емес оқу саласы зор ықпал етті.  40-шы жылдардың аяғынан баршаға бірдей  міндетті жетіжылдық білім беру  басты міндет деп танылды.  Оның  негізгі шарттарына  мектеп жүйесін кеңейту, оқушылар, әсіресе  қазақ қыздары  контингентін  сақтау, шалғайдағы малшылар  ауылында  білім беруді ұйымдастыру, білім беру  мекемелерін  мұғалімдермен  қамтамасыз  ету кірді.  1948–1951  жылдары республика бойынша мұғалімдерді  тұрғын үймен қамтамасыз  ету жөніндегі үкіметтің  үш жылдық жоспарын орындау науқаны өтті [45].

      1962 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі  мектептің өмірмен байланысын нығайту және халыққа білім беруді  одан әрі дамыту  туралы Заң қабылдады. Енді 7–15 жастағы, ішінара 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін  жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық оқу енгізілді.  Заңға сәйкес жаңа оқу жоспарлары, оқулықтар мен бағдарламалар түзілді.

      60–шы жылдар  ортасында жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беру аяқталды.Соғыстан кейінгі екі  онжылдық  барысында  Қазақстан  ауыл- селосындағы мектептердің саны 7002-ден 7800-ге жетті , оның ішінде толық емес орта мектептер 1515-тен 2727-ге, орта мектептер 429-дан 998-ге өссе, оқушылар 515 мыңнан 1.438 мыңға, тиісінше  толық емес орта мектептерде 192 мыңнан 629 мың балаға, орта  мектептерде 120 мыңнан  643 мың балаға , мұғалімдер  саны 29 мыңнан 59 мың  адамға көбейді. [46, С. 56–57.].  Егер 1946 – 1950 жылдары орта мектепті 40 мың адам бітіріп шықса,  1965 жылы ғана толық емес орта мектеп куәлігін 207 мың бала, орта мектептің кәмелеттік аттестатын 69 мың бала  алып шыққан екен [46, С. 103.].

      Осындай  деректерді  талдай отырып, диссертант ауыл-селодағы білім жүйесінің кеңеюі механизатор кадрларын даярлауды ұлғайтуға мүмкіндік ашқанын көрсетеді. 1950-1960 жылдарда Қазақстан ауыл шаруашылығына механизатор даярлау 4,5 есе ұлғайған екен (26,9 мыңнан 123,4 мың адамға). [43, С.260.]. 1950-1985 жылдарда қазақстандық кәсіптік-техникалық училищелерге қабылдау 16 есе,оларды бітіргендер 11 есе ұлғайыпты, яғни материалдық өндіріс саласына техникалық сауаты жоғары, өнімді еңбек етуге машықтанған, оң-солын тануға қабілетті жаңа буын келді деген сөз.

      Зерттеу жұмысында Қазақстан ауыл-селоларының біліми даму ерекшеліктері сараланады. Біріншіден, соғыстан кейінгі жылдарда мектептердің және оларда білім алушы оқушылардың басым бөлігі ауыл-селоның үлесіне тиді.

      Екіншіден, Қазақстан халқы құрамында 1970 жылға дейін ауыл-село тұрғындары басым болып келді де, XX ғасырдың соңғы 30 жылында сандық көрсеткіш бойынша қалалықтар алға шықты. Бірақ бұның өзі салыстырмалы ілгерілеу еді. Диссертант тап сол жылдары қалалардың урбанистік мәдениеті, әлеуметтік инфрақұрылымы, өмір салты аграрлық ортадан мүлде қол үзіп кетпегенін, тікелей өндірушінің рухани-интеллектуалдық қалыптасуы көп жағдайда ауыл-селодан бастау алып жатқанын нақты құжаттармен дәлелдеген.

      Үшіншіден, ауыл-село тұрғындары үлесінің биік деңгейде сақталуы Қазақстандағы миграциялық  үрдіс айтарлықтай кең етек жаймағанынан хабар береді. Бұл ұрпақтар сабақтастығының сақталып, интеллектуалдық  әлеуеттің демографиялық негізі шайқалмағандығының көрінісі болып табылады.

      Диссертант интеллектуалдық әлеуетті қалыптастыруда білімнің орасан ролін қолдай отырып, орын алған кемшіліктерді де көрсетеді. Олардың ең ірісі оқу орындарындағы оқыту және тәрбиелеу үрдісін жойдасыз идеологияландыру, саясаттандыру болып есептелінеді. Мұғалімнің қоғамдағы беделі, қадірі төмендеп кетті.

      Осындай  қиыншылықтарға қарамастан ауыл-село мұғалімдері сан-алуан мәдени-ағарту, қоғамдық-саяси іс-шараларды атқаруымен әлеуметтік қауымдастықтардың интеллектуалдық өресінің өсуіне қозғау салды.

      Үшінші тарау «Интеллектуалдық әлеуеттің қалыптасуы» деп аталады.

      Ауыл-селоның интеллектуалдық әлеуетін өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігі бар кеңістікте мемлекет алдындағы, қоғамдағы қажеттілікті дұрыс ұғынып, уақыт ұсынған міндеттерді шешуге саналы түрде әрі өсу үстіндегі қабілетімен араласатын  адамдар қауымдастығы құрайды.

      Ауыл-селоның адамдар қауымдастығы түрлі қасиеттері мен мәнді белгілеріне қарай күрделі әлеуметтік құрылымды түзейді. Бірінші кезекке интеллектуалдық әлеует қойылып отырғандықтан зерттеу жұмысында негізінен адамдардың әрекетіне, еңбегінің мазмұны мен сипатына басымдылық берілген.

      Еңбектің мазмұны мен сипаты, оған жұмсалатын күш-қуаттың адам әрекетінің, болмысының қандай қайнар бұлағынан, нендей мақсатпен шығуымен анықталады. Егер еңбекке негізінен адамның ақыл-ойы, зердесі мен есі жұмсалуымен нәтижеге қол жетсе, интеллектуалдық әлеуеттің кәдеге жарағаны. Демек, ауыл-селодағы интеллектуалдық әлеует алдымен интеллигенцияның санымен, сапасымен, әрекетімен, қоғам ісіне қатысуымен айқындалмақ. Әрине, бұл әлеуетке интеллигенциядан басқа әлеуметтік топтың немесе таптың қосары жоқ деуге болмайды. Интеллектуалдық әлеуетте оқушының өз орны, малшы мен механизатордың өз үлесі, диқан мен сатушының өз қосары бар. Әйткенмен ауыл–селодағы интеллектуалдық әлеуеттің мәйегін оқығандар мен мамандар құрағаны даусыз.

      Зерттеу жұмысында интеллектуалдық әлеуеттің қалыптасуы кезеңдерге  бөлініп сараланған, әр кезеңнің жетістіктері мен кемшіліктері нақты құжаттармен бекемделген. Сонымен бірге Қазақстан ауыл–селосының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға орталық оқу орындарының, одақтас республикалардан келген мамандар мен механизаторлардың, 50-60- шы жылдар  межесінде  ауыл-селоның  интеллектуалдық  тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған – КСРО Қарулы Күштерін қысқартуға байланысты запасқа  шыққан офицерлердің игі әсері баяндалған.

      Ақиқатқа жүгінсек, 1946-1958 жылдары оқуға студенттер қабылдау мен маман даярлап шығарудың өскені рас. 1947-1948 оқу жылында республикамыздағы жоғары оқу орындарына 5,2 мың студент қабылданған екен, ал 1960 жылы бірінші курсқа түскендер 18,1 мың адам болыпты. Егер Ұлы Жеңіс жылы республика жоғары оқу орындарында 15,1 мың студент оқып жатса, арада 15 жыл өткен соң олардың қатары 80 мыңға жуықтады. 1946-1960 жылдарда жоғары білікті маман даярлау 7 еседен астам ұлғайды (1946 жылы оқу орындарын 1,5 мың маман, 1960 жылы 10,3 мың маман аяқтап шыққан еді). Төртінші және бесінші бесжылдықтар аясында ғана Қазақстан институттары мен техникумдарын бітірген 138 мың түлек диплом иесі атанды [46, С.157.]. Бірақ ауыл-селоның сапалы мамандарға қажетін өтеу ауылы әлі алда болатын.

      Дегенмен де, 60-80–ші жылдары  ауыл–селоның интеллектуалдық  әлеуетін  қалыптастырған негізгі күш  республика жоғары  мектебі болды. 1959 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан  ауыл–селоларында 31,5 мың жоғары білімді  адам болса, 1989 жылы олар 256,0 мыңға жетті, үш онжылдық ішінде 8 есе артты. Ал арнайы орта білім иелері 119,6 мыңнан 643,2 мыңға өсіп, қатарлары 5,4 есеге ұлғайды.  60-шы жылдар қарсаңында ауыл-селодағы әр 1000 еңбек адамының 75 –інде  ғана  жоғары,  аяқталмаған  жоғары,  арнайы орта білім болса, 30 жыл өткен соң көрсеткіш 277 адамға жетті.  Есесіне толық емес орта және бастауыш біліммен  еңбек етіп  жүргендер қатары  тиісінше 2 есеге жуық және 5 еседен астам қысқарған екен [47].

      Диссертанттың пайымдауынша  ауыл–селоның  интеллектуалдық әлеуеті 70–ші жылдарға  қарай толық қалыптасқан. Өйткені, біріншіден, осы мерзім шамасында Қазақстан жоғары мектебі халық шаруашылығының мамандарға қажетін өтей алатын мүмкіндікке ие болды. Екіншіден, ой еңбегі  саласындағылардың көпшілігін арнайы кәсіби білімі барлар құрайтын болды. Үшіншіден, аграрлық экономиканың негізі – кеңшарлар мен ұжымшарлардағы мамандар кәсіби білім иелерінен құралды.

      Диссертацияда ауыл–селодағы интеллектуалдық әлеуеттің әлеуметтік және тарихи-демографиялық келбеті жан-жақты сараланған. Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл-селоның интеллектуалдық дамуына қозғау салушы тарихи-демографиялық және әлеуметтік факторлар елдегі саяси-экономикалық, қоғамдық-мәдени үрдістердің бәрін бойына жинады. Ауыл-село тұрғындарының саны көбейгенмен, республика халқының құрамындағы үлесі  қысқаруға бет түзеді, ауыл шаруашылығында, кеңшарларда еңбек ететіндер саны өсе берді.

Информация о работе Отан тарихы