Отан тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:31, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаумен келген шығармашылық азаттық ғылыми ізденістерге жаңа өріс ашып, қоғамдық-гуманитарлық саладағы ғалымдардың мүлде жаңа методологиялық ұстанымдарға көшуіне, тақырып аясын кеңейтуіне негіз қалады. Дегенмен кеңестік Қазақстан тарихының жаңаша зерделенбеген, түпкілікті бағасын алмаған беттері әзірге баршылық. Тарихшы ғалымдар негізінен ХХ ғасырдағы 20-30-шы жылдардың ақтаңдақтарымен шұғылдануда.

Файлы: 1 файл

autoreferat_sas.doc

— 422.50 Кб (Скачать)

      Интеллектуалдық әлеуеттің ең ауқымды демографиялық-әлеуметтік негізін  аграрлық жұмысшы табы қалады. 60-80–ші жылдарда олардың құрамы 2 еседен астам ұлғайды [48]. Сөйтіп аграрлық жұмысшылар еңбекке тартылғандардың басым бөлігін құрады. 20 жыл ішінде (1959 – 1979) еңбек етіп жатқан ауыл – селолықтар  800 мың адамға көбейсе, жұмысшылар 1 млн. адамға жуық көбейіпті. 80–ші жылдарға қарай олар ауыл–село еңбеккерлерінің 65,5% - ын, Қазақстан жұмысшы табының 42,2% - ын құрағанынан интеллектуалдық әлеуетке ықпалын байқауға болады.

      Интеллектуалдық әлеуетке кезінде демографиялық келбет берген колхозшылар күрт азайды.  1960 жылы республика  халық шаруашылығында еңбек етіп жатқандар ішіндегі олардың үлесі 19,8% болса, ширек ғасырдан кейін бар болғаны 4,5% - ға жетті [49, С. 175.].

      Сонымен, соғыстан кейінгі онжылдықтарда ауыл–селодағы  интеллектуалдық әлеуеттің тарихи–демографиялық және әлеуметтік бастаулары  іргелі өзгерістерді  бастан кешті, тұтастай алғанда оған ілгерілеу, жетілу тән еді.

      Зерттеу жұмысында ауыл–село мамандары мен интеллигенциясының  салалық жіктелуіндегі өзгерістер қарастырылған. Тұтастай алғанда, соғыстан кейінгі жарты ғасырдай уақыт ішінде ауыл–село өміріндегі экономикалық, әлеуметтік – рухани ілгерілеулер  білікті мамандар мен интеллигенцияның  аграрлық секторда жіктелуін жетілдіргені сөзсіз. Салалық жіктелудегі табыс ауыл–село қызметкерлерінің әлеуметтік–кәсіби тұрғыдан қалыптасқанын айғақтайды. Бірінші кезекте гуманитарлық интеллигенцияның мұғалімдер тобы жылдам өсті.  1945–1985 жылдарда  ауыл–село мұғалімдерінің қатары  шамамен 103 мың адамға толығыпты.  Бұларға  қоса  мектепке дейінгі және мектептен  тыс мекемелерде  педагогтар мен тәрбиешілердің қалың тобы еңбек етіп жатты.  Тың игеруге дейін соңғылары жоққа тән еді. Мәселен, 1945 жылы бар болғаны 581 ауыл–селолық  мектепке дейінгі мекеме  есепке алынса, арада  45 жыл өткенде олар 10 есеге ұлғайғаны анықталды, 1989 жылы осы мекемелерде 34,6 мың маман болған екен [50, 7 б.].

      Ауыл–селоның дәрігерлермен қамтамасыз етілуі жаңа белеске көтерілді. Шын мағынасында медициналық интеллигенция қалыптасты. 1940 жылы медициналық интеллигенцияның құрамында 590 дәрігер, 5,6 мың орта медицина  қызыметкері болса, он жыл өткен соң тиісінше 1,4 мыңға және 7,4 мыңға жетті. 60-шы жылдар қарсаңында ауыл-селолық жерлерде 3 мың дәрігер мен 21 мың орта медициналық қызметкерлер еңбек етіп жатты, ал 1980 жылы дәрігерлердің саны 6 мыңнан асып, орта  медициналық қызметкерлер қатары 36 мың адамға  барды [51].

      Егер 1980 жылы 10 мың қазақстандыққа 31,8 дәрігерден келсе, 1988 жылы бұл көрсеткіш 39,5 дәрігерге жетіпті [52, С. 198–202.]. Бұл ауыл–селоның интеллектуалдық әлеуеті мен адамдарының денсаулығын нығайту жолындағы ірі табыс еді.

      Ауыл-селодағы гуманитарлық интеллигенцияның көрнекті тобын мәдени – ағарту  қызметкерлері құрады. 1952 жылы бұлардың қатарында 3628 адам болған екен [53]. 70–ші жылдар басында Қазақ КСР мәдениет министрлігі жүйесінде ғана мәдени–ағарту қызметкерлерінің саны 22,7 мың адам еді [54]. Арада 10 жыл өткенде интеллигенцияның осынау тобы тағы 12,2 мың адамға көбейіпті [55].

      Мәдени-ағарту мекендердегі мамандардың ауыл–село тұрғындарына берген рухани азықты ақшамен, тоннамен өлшеу мүмкін емес. Бұлар балаға да, кәріге де әсемдік әлемін игеруде қолғабысын тигізді, жан дүниелерін байытты, осынысымен ауыл–селоның интеллектуалдық әлеуетін ажарландырды.

      Өндірістік–техникалық интеллигенцияның ауыл–селодағы тобы  негізінен ұжымшарлар мен кеңшарларда еңбек етті. 1970–1985 жылдарда кеңшарлар мен ұжымшарлардағы басшылардың, қызметкерлердің саны 57,3 мың адамнан 81,5 мың адамға көбейді [56].

      Өндірістік–техникалық интеллигенция ауыл шаруашылығы өндірісіне тартылған қол астындағы жүздеген мың (1959 жылы – 1 113 199 адам, 1979 жылы – 1 058 165 адам, 1989 жылы – 992 501 адам) [57] дене еңбегі адамдарының тәлімгері, ақылшысы, кәсіби жол нұсқаушысы болғанымен қатар, мәдени-техникалық таным дәрежесін көтеріп, ауыл–селоның интеллектуалдық әлеуетін нығайта алғаны күмәнсіз ақиқат.

      Қорыта келгенде, соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан ауыл–селосының білікті мамандармен, интеллигенция өкілдерімен қамтамасыз етілуі жақсарып, олар интеллектуалдық әлеуеттің басты күшіне айналды.

 

      Төртінші тарау «Интеллектуалдық әлеуеттің агроэкономикалық нәтижесі мен тағылымы» деп аталады. Қазақстанның кең-байтақ жері, шөбі  шүйгін жайылымы мен шабындығы мал шаруашылығы үшін тапқызбайтын кеңістік. Тың игерудегі асыра сілтеу, жеке меншіктегі малды ескінің қалдығы ретінде тартып алу да мал шаруашылығына зор зиянын тигізгенмен ол Қазақстанда аграрлық экономиканың басты саласы болып қала берді. Мәселен, тың игеру негізінен аяқталған 1960 жылы ол ауыл шаруашылығының жиынтық өнімінің 51% - ын, тоқырау шыңына жеткен 1985 жылы 57% - ын берген екен. 1946–1985 жылдары республикадағы барлық шаруашылықтардағы ірі қара 3,5 млн. бастан 9 млн. басқа, сиыр 1,3 млн. бастан 3,2 млн. басқа, қой - ешкі 10,3 млн. бастан 36,1 млн. басқа, түйе 95 мың бастан 128 мың басқа, шошқа 149 мыңнан бастан 2,7 млн. басқа жеткен екен. [58].

      Аграрлық экономиканың, оның ішінде мал шаруашылығының да іргесін ұжымшарлар мен кеңшарлар құрады. Мал шаруашылығының ілгерілеуі олардағы еңбек етіп жатқан жүздеген мың адамдардың еңбегінің арқасы еді. Демек, осыншама адамның еңбегін ұйымдастыру, кәсіби өсуі мен ізденістеріне бағыт беру интеллектуалдық әлеуетті үздіксіз жетілдіре беруді қажет етті. Қазақстан ауыл–селосында осыншалықты жауапты міндетті мал мамандары атқарғаны ақиқат.

      Осы тұрғыда ізденуші зерттеу жұмысында мал мамандарына зәрулікті, оның қалай шешілгенін, өсу динамикасын, т.б. мейлінше бай құжаттарды пайдалану арқылы көрсетеді.

      Әдепкі кезде аграрлық экономиканың басында орта немесе төменгі білімі бар басшылар тұрды. Сол себепті ауыл шаруашылығы басшылығын білікті мамандармен нығайту үшін арнайы шешімдер көптеп қабылданды. Ахуал 60–шы жылдарға қарай түзеле бастады. 1966 жылы республикадағы кеңшар директорларының 87 % - ы, ұжымшар төрағаларының 60% - ы кәсіби білімі бар мамандардан тұрды. 70-ші жылдар қарсаңында кеңшар директорларының 93,2 % - ы, ұжымшар төрағаларының 71,7% - ы жоғары білімді болды [59]. Ал 70-ші жылдар ортасынан бастап ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларының бәрі жоғары немесе арнайы орта білімді мамандармен жасақталды [49, С.129,130]. Осылайша аграрлық экономикаға тікелей жауапты интеллектуалдық әлеует түпкілікті қалыптасты.

      Диссертацияда интеллектуалдық әлеуеттің жер шаруашылығындағы тағылымы жан-жақты қарастырылған. Ауыл шаруашылығындағы тіршіліктің бәрі жермен байланысты. Жер өсімдік атаулының, егіншіліктің деңгейін, малға қажетті жем–шөптің бабын анықтайды. Тіпті қолданымдағы техника мен тыңайтқыш  толымды нәтиже әкелуі үшін топырақтың қасиетін ескеру керек. Сондықтан топырақты қорғау, жерді қорғау, оның өнімділігін көтеру ғаламдық мәселе болып отыр.

      Қазақстанның жер аумағы ұлан–ғайыр. Өзінің көлемі жағынан ол әлемдегі алғашқы ондыққа кіреді. Жерге құрметпен тер төгудің сан ғасырлық тарихын артта қалдырған адамзат жердің болмыс–бітімін сақтаудың қыр–сырын тірнектеп жинақтады. Дәстүрлі қазақ қоғамының поэзиясы мен философиясында да жер, қоныс, ата-мекен ұғым-түсініктері айрықша қастерленген. Индустриялы даму сатысына өткенде жердің тілін білетін әлеуметтік-демографиялық қауым қалыптасты. Агроэкономикалык кеңістікте оларды агроном дейді. Ауыл-селодағы интеллектуалдық әлеуеттің жер шаруашылығымен ықпалдастығы көптеген факторларға тәуелді болғанмен агрономның орны мен қызметін ешкім алмастыра алмайтыны түсінікті.

      Диссертант осы тұрғыдан Қазақстан ауыл шаруашылығының агроном мамандармен қамтамасыз етілуін 1946 жылдан бастап зерделейді, агрономиялық күштердің кәсіби толығуын үздіксіз ұштағаны деректер арқылы баяндалады. Жер шаруашылығына ауыл-селодағы интеллектуалдық әлеуеттің әсері, сіңірген еңбегі үздіксіз жалғасып жатты, ал оның қозғаушы күші қарапайым еңбек адамдары мен агрономдар еді.

      Аграрлық экономиканың техникалық жабдықталуы артқан сайын инженерлік еңбекке сұраныс өсе түседі. Түрлі машиналар, тракторлар мен комбайндар, станоктар, құрылыс техникасы – бәрі тиімді пайдаланылуы үшін олардың тілін білетін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандар керек. Осы тұрғыдан келгенде инженер – көне кәсіптің бірі.

      Диссертант Қазақстан ауыл–селосындағы интеллектуалдық әлеуеттің инженерлік бөлігі ұзақ әрі бәрінен кейін қалыптасты деген тұжырымын ұсынады. Өйткені, біріншіден, жоғары оқу орындары мен техникумдарда инженер–техник мамандар аз мөлшерде даярланды, екіншіден, республика ауыл шаруашылығы өндірісінің техникалық жасақталу деңгейінің төмен болғаны соншалықты тың игергенге дейін ұжымшарлар мен кеңшарлар инженер–техник қызметкерлерінің бар–жоғын айтарлықтай сезіне бермеді.  Олардың орнында практиктер жүре беретін.  Мәселен, 1948 жылы Қазақстан ауыл шаруашылығы жүйесіндегі механиктердің 75% -ы практиктерден құралса, МТС–тардағы 2068 механиктердің ішінде 1667 практик (80,6%) бар еді [60]. Егер ауыл–селодағы агрозоовет интеллигенциясының түпкілікті  қалыптасуы 60-70–ші жылдар межесіне дөп келсе, инженерлік–техникалық интеллигенцияның қалыптасуы 10 жылға кешікті. 70–80–ші жылдар  аграрлық ортаның интеллектуалдық әлеуетін нығайтудағы инженерлік қызметтің маңызын арттыра түсті. Озат шаруашылықтардың тәжірибесі ғылыми негізге қойылған, білікті де бастамашыл мамандармен қамтамасыз етілген инженерлік қызмет биік нәтижелерге жетуге қабілетті екенін көрсетті. Ол интеллектуалдық әлеуеттің тірегіне айналды, аграрлық экономикадағы биік мәртебесін нығайта алды.

      Зерттеу жұмысында Қазақстан ауыл–селосында интеллектуалдық әлеуеттің тағы бір айтулы күші – есеп–экономикалық қызметкерлер тобы өсіп шыққаны баяндалады. Бұл саладағылардың өсуі жылдам болғанмен, олардың сапалық құрамы ұзақ жылдар бойы әлсіз күйде қала берді. Осыншама тұралаудың себебі жоғары және арнайы орта оқу орындарында есеп-экономикалық мамандардың мейлінше аз даярлануында жатты. 60-шы жылдардың басына дейін олар тек арнайы орта білім ошақтарында даярланды.

      Ауыл-селодағы есеп-экономикалық қызметті мамандармен қамтамасыз етуге 1963 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын ашу, бірнеше жоғары оқу орындары құрамынан экономикалық факультет құру, жаңадан арнайы экономикалық техникумдар ашу серпін берді. Бір ғана Целиноград қаржы-экономикалық техникумы ашылғаннан кейінгі (1964 жыл) 20 жыл ішінде 11,2 мың орта білікті маман шығарыпты [61]. 1983 жылы республикада экономист мамандарды 2 университет (КазМУ мен КарМУ), 13 институт, 6 филиал, ондаған техникум даярлап жатты [62]. Әйткенмен есеп-экономикалық интеллигенция құрамы сапалық тұрғыдан басқа әлеуметтік-кәсіби топтардікінен төмен тұрды. Олардың қалыптасуы 70-ші жылдардың соңында аяқталып, ауыл-селоның интеллектуалдық әлеуетінің құрамдас бөлігі әрі сол әлеуетті ілгерілеткен күш бола алды.

      Бесінші тарау «Интеллектуалдық қарымның этномәдени қырлары» деп аталады. Ауыл–селодағы мәдени өмір дегеніміз – рухани өндіріс өнімдерін тарату тетіктері мен арналары және адамның, оның рухани әлемінің  кемелдік дәрежесі. Басқаша айтсақ, ол екі құрамдас бөліктен тұрады: бірі – рухани өнімді таратуға қызмет ететін материалдық–заттай факторлардың жиынтығы, екіншісі – сол өнімді туындаушы немесе тұтынушы адам факторы. Бұлар бірімен бірі тығыз байланысты. Осынау диалектикалық байланыстың нәтижесі, үйлесімділігі мемлекеттік саясат пен басшылықта жатыр.

      Диссертант Қазақстан ауыл-селосы жағдайында рухани өндіріс өнімдерін таратудың пәрменді арнасы мектептер мен мәдени–ағарту мекемелері болып қала бергенін көрсетіп, тиянақты мысалдармен бекемдейді. Бұл кезеңде әсіресе мәдени–ағарту мекемелеріне артылған жауапкершілік ерекше еді. Газет-журналдар, кітаптар осында шоғырланатын, түрлі мәдени шаралар негізінен кітапханаларда, клубтарда, музейлер мен парктерде ұйымдастырылатын. Мұның сыртында ауыл-селоны радиоландыру, теледидар бағдарламасымен қамту тым баяу жүргенін, қаланың мәдени-шефтік қамқорлығы әрқашан нәтижелі бола бермегенін, 1960-шы жылдардың басынан мәдениетті сарқынды принцип бойынша қаржыландыру орныққанын ескерсек, адам факторының басты позицияда тұрғанын қапысыз ұғынуға болады.

      Адам факторы интеллектуалдық әлеуеттің мәдениетке ықпал-әсер байланысы мен қатынасының мәнін құрайды.Ауыл-селодағы мәдени мекендер қанша жерден көрікті, жабдықтаулы болғанымен, олардың нәтижелі жұмыс істеуі адам әрекетімен анықталады.

      Ауыл-селодағы мәдени өмірді ұйымдастыруға партиялық-мемлекеттік назардың аууы ондағы интеллектуалдық әлеуетке, бірінші кезекте мәдениет қызметкерлеріне талапты күшейтті, олардың құрамының сандық және сапалық өсуіне септігін тигізді. Айталық, 1946 жылдың аяғында Қазақстандағы мәдени-ағарту қызметкерлерінің саны 4701 адам болса, 1960 жылы кітапханашылар – 6284 адам, клуб қызметкерлері 7240 адам болған екен, яғни 14-15 жыл ішінде 3 есеге өскен. Соғыстан кейінгі алғашқы жылы мәдени-ағарту саласында істейтіндердің 27-28%-ы жоғары және орта білімді болса, арада 20 жыл өткен соң бұлардың кітапханашылар арасындағы үлес салмағы 85%-ға, клуб қызметкерлері арасында 66%-ға көтерілді [63].

      Мәдени мекеме қызметкерлерінің белсенділігі тың және тыңайған жерлерді игеру науқанында ерекше маңызға ие болды. Жаңадан ұйымдасқан кеңшарларда мыңдаған клубтар мен кітапханалар, мектептер ашылды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР министрлер кеңесінің 1954 жылғы 9 сәуірде қабылдаған  «Тың және тыңайған жерлерді игеру аудандарындағы МТС, кеңшар жұмысшылары мен колхозшыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету туралы» қаулысы бар болғаны екі айдың ішінде ауыл-селолық жерлерде 215 кітапхана, 185 клуб, 60-тан астам кино- қондырғы ашуға тапсырма берді [64, С.73,80].

      60-шы жылдары Қазақстан ауыл-селосы мәдениетінің деңгейі сапалы жаңа биікке көтерілді. Ауыл өнерпаздары Қазақстаннан тыс жерлердің сахнасына көтерілді. Шымкент, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауыл-селолық театрлар Москваға шығармашылық сапармен барып келді [65]. 70-80-ші жылдары Қазақстан халқының көркем шығармашылығын Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының, Жезқазған облысы Ақтоғай ауданының, Семей облысы Абай ауданының, Жамбыл облысы Мерке ауданының әуесқой ұжымдары шетелге шығарды.

Информация о работе Отан тарихы