Отан тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:31, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаумен келген шығармашылық азаттық ғылыми ізденістерге жаңа өріс ашып, қоғамдық-гуманитарлық саладағы ғалымдардың мүлде жаңа методологиялық ұстанымдарға көшуіне, тақырып аясын кеңейтуіне негіз қалады. Дегенмен кеңестік Қазақстан тарихының жаңаша зерделенбеген, түпкілікті бағасын алмаған беттері әзірге баршылық. Тарихшы ғалымдар негізінен ХХ ғасырдағы 20-30-шы жылдардың ақтаңдақтарымен шұғылдануда.

Файлы: 1 файл

autoreferat_sas.doc

— 422.50 Кб (Скачать)

      Салыстыра зерттеудің бір қанаты номотетика болса, екінші қанаты -идиография. Ол интеллектуалдық әлеуеттің жекелеп алған бір ғана учаскесін немесе бөлшегін (мәселен, этномәдени үрдісті немесе кәсіби білімі бар адамдар қауымдастығын) егжей-теғжейлі зерделеумен жүзеге асады. Сондықтан да оны кейде микротарих деп айдарлау кездеседі. Әрине, микротарих нәтижелері ауқымды, жинактама ой-түйіндер, философиялық-теориялық тұжырымдар жасауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, номотетика мен идиографияны ұштастыру ауыл-селодағы интеллектуалдық әлеует пен этномәдени даму тәжірибесін, сабақтарын және қорытындыларын Кеңестер Одағындағы ұлт республикаларымен салыстыруға, ұқсастығы мен ерекшеліктерін ажыратуға қол жеткізді.

      Зерттеу тарихнамасының маңызды бағыты тарихшы ғалымдардың еңбектерімен сипатталады. Бұлардың ішінде 1946-1991 жылдар арасындағы кеңшарлар мен ұжымшарлар тарихын, ауыл-село интеллигенциясын, КОКП-нің мәдени және ұлттық саясатын, тың игеру тағылымын, тарихи демография мәселелерін байыппен қарастырған монографиялар бар.

      Тоталитарлық тәртіп тұсында басымдыққа ие топты, әрине, тарихи-партиялық зерттеулер құрады. Қазақстанда тарихи-партиялық зерттеулер орталығы ретінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне қараған партия тарихы институты танылды. 80-ші жылдар басына дейін, яғни жарты ғасырдан астам уақыт бойы осынау институт партия тарихын ұлықтаған 200-ден астам монография, жинақ, кітап шығарған екен [10, С.53.]. Соғыстан кейінгі кезеңде бұлардың іргелілері С.Бейсембаевтың, Г.Я.Козловтың, М.Қозыбаевтың, Ә.Ахметовтың, П.М.Пахмурныйдың қаламынан туғандар еді. Бүгін қоғамдық санада партия тарихын ғайбаттаған, қандай ғана болмасын оң нәтижелерін бекерлеген пікір үстемдік құрып отыр. Әрине, тарих сахнасынан тайған КОКП-нің артынан топырақ шашу оңайдың оңайы. Дегенмен әркім өз заманының перзенті екенін естен шығармаған жөн. Партия тарихын зерттеді деп Қазақстан ғылымында лайықты орны бар азаматтарды күстаналаудың зияннан басқа пайдасы бола қоймас. Олардың еңбектерінде кеңестік-коммунистік дәуірдің болмыс-бітімін, ішінара ауыл-селодағы интеллектуалдық әлеует пен этномәдени үрдіс табиғатын ұғына түсінуге мүмкіндік беретін фактілер, оқиғалар, мысалдар молынан табылатыны сөзсіз. Айталық, 1972 жылы Алматыдағы партия тарихы институты «Дружбой великой сильны» ұжымдық зерттеуді жариялады. Мұнда Қазақстанның одақтас ұлт республикаларымен, социалистік елдермен байланысын ұйымдастырудағы КОКП-нің, Қазақстан компартиясының басшылық қызметі ұлықталғанмен тарихи тәжірибені ашатын құжаттар, деректер мейлінше мол. Еңбектің тұтас бір тарауы соғыстан кейінгі Қазақстанның  экономикалық, мәдени, саяси салалар бойынша одақтас республикалармен, социалистік елдермен байланысын ашуға арналған. Тоқыраудың алғашқы жылдары жазылған зерттеуде әлі де мән-мағынасын жоймаған тұжырымдар баршылық. Мәселен, ұлттардың мәдени ықпалдастығы жайлы айтылған мына тұжырым қашанда әділ екені сөзсіз. «Любая попытка обособления той или иной национальной культуры, - делінген бұл кітапта, - искусственное ограничение научных и других форм духовного общения и контактов грозит прежде всего тому народу, той культуре, которая допускает такое обособление и ограничение. Следовательно, казахская  социалистическая нация, ее культура, достигшая высокого уровня, будучи равной среди равных, может нормально развиваться и расти лишь при условии постоянного и все расширяющегося обмена и взаимодействия с культурами других социалистических наций, усваивая все лучшее из современной цивилизации и мировой культуры» [11, С.291.]. Демек, еңбектің саясаттанған, әсіре идеологияланған ой-тұжырымдарын есепке алмасақ, ғылыми танымға берері аз емес.

      Немесе 1981 жылы Москвада жарияланған «КПСС и культурное преобразование села» кітабын алайық. Мұнда Қазақстан ауыл-селосының экономикалық, мәдени, саяси тарихынан бұрын беймәлім болып келген деректер бар. Түрген қой кеңшары фермасындағы қызыл отаудың (1949 жыл) фотосуреті берілген. Ұлт мамандарының құрамындағы сандық, сапалық ілгерілеулер тілге тиек етіледі. 1954 жылдың басында, дейді зерттеушілер, Қазақстан ұжымшарларында, МТС-тары мен кеңшарларында жоғары және арнайы орта білімді 9 мыңдай маман жұмыс істесе, 1960 жылы олардың саны 20 мыңнан асып түсті. «Резко увеличилось число специалистов из местного населения. В ходе освоения целины количество зоотехников – казахов возросло более чем в 15 раз, а ветеринарных врачей – почти в 8 раз» [12, С.156.]. Осындай еңбектерді КОКП тарихынан жазылған деп ысыра берсек, ұлт тарихымызды кезінде бүкіл одаққа танытқан шығармаларды объективті бағалай алмағанымыз болып табылады.

      Партия тарихын зерттеген ғалымдар ішінде де ақиқатты айтқаны үшін қудаланғандар болғанын қаперден шығармаған жөн. 1973 жылы М. Қозыбаев пен З.А. Голикованың «Золотой фонд партии» атты еңбегі жарық көргені белгілі. Кітапта КОКП-нің Қазақстандағы кадрлық саясаты қарастырылған. Авторлар партиялық өктемдікті ашық сынаған еді. Кадрлардың жоғарыдан төменге келетіні сөз болып, ал төменнен жоғары жаққа өсуі айтылмайтынын айыптады. Басшылардың жиі ауысатыны оларға шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді делінді. Іле-шала кітап сынға ұшырап, авторлардың бірі М. Қозыбаев партия тарихы институтындағы жұмысынан қуылды [13, 240 б.].

      Зерттеу тақырыбымыздың тарихнамасындағы іргелі топты аграрлық саясат пен теорияны, тарих пен практиканы қарастырған еңбектер құрайды. Бұларда ауыл-селодағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуы, ұжымшар-кеңшар өндірісінің динамикасы мен тағдыры, оның мамандармен, механизаторлармен қамтамасыз етілуі, мәдени өмірі мен инфрақұрылымы зерделенген. Ең сүбелілері - Г.Ф.Дахшлейгердің, Х.Мадановтың, Қ.Қаражановтың, К.Нұрпейісовтың, Б.Төлепбаевтың, Ә.Тұрсынбаевтың, Б.Бірімжаровтың, И.Шамшатовтың, т.б. ізденісімен жазылғандары [14]. Осы орайда Қазақстанның аграрлық тарихын қалыптастыруға Одақтық, ең алдымен Москва, Ленинград, Новосибирск ғалымдарының зерттеулері  айтарлықтай әсер еткенін мойындауымыз керек. Орталықта жарияланған іргелі зерттеулердің теориялық-методологиялық тұжырымдары, құрылымы  қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде жергілікті ерекшеліктерді  ескерумен қайталанып жататын. Ал Москва, Ленинград, Новосибирск ғалымдары да қазақстандық тарихи тәжірибені ыждаһаттылықпен зерделеуді  назардан тыс қалдырмады. Мәселен, москвалық тарихшы В.И. Куликовтың «Исторический опыт  освоения целинных земель» атты монографиясы негізінен дерлік Қазақстан мысалында жазылып шыққан. Тың игеру республика ауыл-селосының материалдық базасын, механизаторлармен, мамандармен қамтамасыз етуде ілгерілеуге әкелгенін мол құжат негізінде дәйектейді. Астық өндіруді күрт ұлғайту мал шаруашылығына кері әсер етпегені алға тартылады [15]. Мұнда Қазақстан ғалымдары мен қайраткерлері З.Голикованың, А.Кәкімжановтың, М.Исиналиевтің, М.Г.Моториконың, С.Л.Ковальскийдің шығармаларына сілтемелер  молынан берілген.

      Соғыстан кейінгі КСРО-ның аграрлық тарихы тереңінен жүйеленген келесі бір зерттеу «История крестьянства СССР» [16]. Ұжымдық авторлар қаламынан 1988 жылы туған бұл еңбекте 1945-1959 жылдардағы Қазақстанның ұжымшарлары өмірінен 71 рет, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстары ұжымшарлары тарихынан 5 рет дерек, мысал, айғақ келтірілген [16, С.395.]. Редколлегия құрамына қазақстандық қос ғалымның – Г.Ф.Дахшлейгер мен Б.Төлепбаевтың енгізілгені республикамыздағы аграрлық тарихты зерттеу табыстарын мойындағандық еді. Өкініштісі кітапта Ресейдегі тәжірибе мен үрдіске басымдық беріліп, ұлт республикаларының аграрлық тарихы үстірт сипатталады. Мәселен, 1945-1950 жылдарғы Украинаның, Белоруссияның, Молдавия мен Балтық бойы республикаларының ауыл шаруашылығы, ұжымдастырылуы арнайы тарауда қарастырылса, Қазақстан туралы мұны айта алмаймыз.

      Тұтастай алғанда, соғыстан кейінгі Кеңестік Қазақстанның аграрлық тарихы фактологиялық тұрғыдан тәп-тәуір ашылды. Ендігі міндет анықталған деректерді жаңаларымен толықтыра отырып, саясаттан, идеологиядан ада зерттеу жұмыстарын жалғастыру.

      Қоғамның таптық жіктелуі мен тап күресін тарихтың локомотиві ретінде ұлықтаған коммунистік  билік тұсында қоғамдық-гуманитарлық ғылым ауыл-селоның әлеуметтік құрылымын зерттеуге айрықша ден қойғаны объективті құбылыс. Бұл бағытта әсіресе философтар іргелі нәтижелерге  қол жеткізді. Кеңестік Қазақстанда жұмысшы табының, оның аграрлық тобының, колхозшылардың қалыптасуы, құрамындағы сандық және сапалық өзгерістер заңдылықтары, соғыстан кейінгі кезеңдегі ерекшеліктері М.Аженовтың, У.Алдабергеновтың, В.И.Зориннің, А.Ишмухамедовтың, Н.Капесовтың, С.Н.Соскиннің [17], т.б. монографияларында маркстік-лениндік ілім тұрғысынан зерделенді. Әсіресе білімнің, оқу жүйесінің әлеуметтік құрылымға, рухани әлеуетке әсерін саралауда С.Н.Соскиннің қол жеткізген нәтижелері қомақты еді.

      Республикадағы демографиялық  ахуал, демографиялық өзгерістердің ауыл-селодағы ерекшелігі мен барысы М.Асылбековтың, Н.В. Алексеенконың, А.Н. Алексеенконың, Ф.Н. Базанованың, Ә. Ғалиевтің, В.В. Козинаның, М. Сдықовтың, М. Тәтімовтың іргелі зерттеулеріне  арқау болды [18].

      Тұтастай алғанда, тарихи демография жас ғылым саласы. Ол қайта құру жылдары қолға алынып, тәуелсіздік тұсында қалыптасуға бет түзеді. Оны кезінде академик М. Қозыбаев та ерекше атап көрсеткен еді: «В республике не сложилась постоянно действующая система демографической службы. Не развита координация усилий демографов для решения целевых республиканских и межреспубликанских  программ. Ни одно высшее учебное заведение республики не готовит специалистов по исторической демографии» [19].

      Зерттеу тақырыбымыздың тарихнамалық келесі тобы мәдени құрылыс мәселелеріне қатысты. Бұл орайда жарық көрген зерттеулерді екі топқа жіктеуге болады. Бірі – Қазақстандағы  мәдениет құрылысы тарихын тұтастай  алып зерттегендер, екіншілері - ауыл-село мәдениетінің тарихына арнайы  тоқталғандар.  Номотетикалық  мазмұнда   орындалған еңбектердің көрнектісі Р.Сүлейменовтың, Ә.Қанапиннің, А.Д.Яндаровтың қаламынан   туғаны Отан тарихынан белгілі. КОКП өктемдігінің орнына  шығармашылық бостандық  келген  бүгінгі таңда  социализм тұсында жарық көрген мәдениеттанулық зерттеулерді сынау оңайдың оңайы.  Бірақ бұл білгендіктің, ардың  ісі емес. Р.Сүлейменов, Ә.Қанапин, А.Д.Яндаров өз зерттеулерімен Қазақстанда социалистік мәдениетті қалыптастырудың тарихи тәжірибесі мен қорытындыларын  кешенді аша алды.

      Тәуелсіздік тұсында Ұлы Отан  соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан  мәдениеті тарихын зерттеуге сүбелі үлес қосқан ғалым А.Капаева болып табылады. Оның 2004 жылы жарық көрген «Культура и политика  (Государственная политика в области культуры в Казахстане   во второй половине 1940-х-1991 гг.)» монографиясында әдебиет пен өнердегі, ғылым мен саяси цензурадағы табыс пен іркіліс, саяси қуғын-сүргін мен өктемдік ақиқаты   боямасыз ашылған. Зерттеуде ұлт тарихын  адамиландыруға көп көңіл бөлініпті. Автор ғылыми этиканы ыждахаттылықпен сақтаған. Мәдениет  тарихнамасында терең із қалдырған аға  буын тарихшылардың аттары мен  кітаптарын құрметпен талдауы осының айғағы. Мәселен, бүгінде дүниеден озған Р.Б.Сүлейменовті, Х.Бисеновты, Ә.Қанапинді ауызға алғанда мынадай әділ тұжырымға келіпті. «Надо отметить, что  отдельные обобщения и  теоретические выводы, сделанные авторами вышеназванных работ, представляет определенный интерес и  поныне. Однако, по большей части не по вине исследователей, а по причине существовавших методологических  установок и ограничений в социально-гуманитарных науках, особенно в исторической, главный акцент делался на аргументации исторической  необходимости  коммунистической «культурной революции», обосновании  планового характера культуры» [20, С. 33.]. 

      Ал соғыстан кейінгі ауыл-селода мәдени үдерістің қалай өрбігеніне  Ә.Құдайбергеновтың, Ж.Бодановтың, О.Керімбековтің, Н.Күзембаевтің, А.А.Рогачевтің, Т.Садықовтың, В.П.Гноевыхтың, А.Икеновтің монографиялары жауап береді. Бай деректік негізде жазылған осынау еңбектерде ауыл-село тұрғындарының біліми және мәдени тұрғыдан кемелденгені, мәдени-ағарту мекемелерінің қызметі, әлеуметтік инфрақұрылым жайы, қаланың мәдени қамқорлығы, білікті мамандардың, механизаторлардың жаңа толқыны өсіп шыққаны баяндалады [21].  Осылардың ішінде Ә.Құдайбергеновтың 1989 жылы жарық көрген «Дәулетке сәулет сай болсын»  монографиясына  тоқтала  кеткеніміз  артықтық етпейді.  Зерттеуде ең алдымен автордың ауыл-село мәдениеті мәселесіне кешенді келуі көзге түседі.

      Тағы бір құптарлық жәйт, монографияда ауыл-селоның мәдениетін  көтеруге  белсене  қайрат  қылған көптеген  адам аттары  аталған, олардың нақты іс-әрекеті суреттелген. Міне, осы жағынан алғанда, кітапта  аттары  аталған мектеп мұғалімі Б.Кәрімжановтың, зоотехник Л.Арупановтың, инженер В.Павловтың, киномеханик М.Компаниецтің нәтижелі мәдени қызметі аса маңызды [22].

      Қазақстанда ұлт мәселесінің кеңестік нұсқада шешілуін, тарихи тағдырларын КОКП идеологиясының шеңберінде зерттегендер А. Ержанов, Н. Киікбаев, Н.Жанділдин десек, қайта құру мен тәуелсіздік жылдарында мәселеге сүбелі үлес қосқандар Р.Әбсаттаров, Ж.Әбділдин, М.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, С.Борбасов А.Айталы, Қ.Марданов, Қ.Көшербаев, Р.Құттыбаева, А.Котов, Ж.Кыдыралина сынды ғалымдар. Бұлар зерттеу тақырыбы тарихнамасының  бесінші тобын құрайтын еңбек жазды. Кеңестік жылдарда Қазақстандағы ұлттардың мәдени-рухани өмірі гүлденгенін әрі  жақындағанын дәйектеуге зерттеушілердің бой алдырғаны айтпаса да түсінікті. Замана талабы солай  еді. Тәуелсіздіктің  арқасында ғана ұлт мәселесі, ұлтаралық  қатынастар,  этномәдени  даму  ауыр  дағдарысқа   душар болғанын айтуға мүмкіндік туды. Тарихшылардың ішінде мәселені батыл көтерген  М. Қозыбаев еді, 1992 жылы  бүкілқазақтық тұңғыш құрылтайда жасаған баяндамасында кеңестік  шытырман қайшылықты алға тартып, отаршылдық пен тоталитаризм табиғаты ұлт  мәселесіне келгенде бір екенін  ашық  айта алды. «Сонымен  қатар, - деген еді М.Қозыбаев, - оның басына дінінен, тілінен айрылу қатері туды... Өз еліңде қазақ жатақ  болып, азшылыққа айналды. Көшпелі  өркениет  сөгілді, жаңа өркениет арада емес, арманда да емес, елдің еңсесін түсірді, болашағына күмән тудырды. Кеңестік орталық, большевизм жүргізген геноцид-этноцид отаршылықтың  шыңы болды» [23, 166 б.].

      Мәселенің мейлінше күрделі екенін әлі күнге дейін ұғымдар мен түсініктер мәнін анықтау төңірегінде жүріп жатқан пікірталастардан байқауға болады. Ұлт, ұлттық идея, этнос, халық, диаспора дегеніміз не деген сұрақ бойынша ғалымдар ортақ пікірге келе алмады.

      Ауыл-селодағы интеллектуалдық әлеуеттің объектісі  де, субъектісі де барша  тұрғындар қауымы болғанмен,  ең белсенді қозғаушы күші оқығандар мен мамандар екені күмән туғызбаса керек. Соғыстан  кейінгі  бесжылдықтарда Қазақстанның ауыл-селолық мамандары мен оқығандары екі жолмен өсіп-өңді. Біріншісі – жоғары және арнайы оқу  орындарында даярлануы, екіншісі – кәсіби білімі жоқ жұмысшылар  мен  колхозшыларды өмірлік белсенді  позициясын қаперге ала отырып, ой еңбегі саласына ауыстыру.

     Жоғары мектеп тарихнамасында Қ.Жаманбаевтың, Қ.Жоламановтың, М.Батырбековтың, Т.Катаевтың, Л.Рүстемовтың, Ә.Сембаевтың, Л.Я.Гуревичтің еңбектері лайықты   орны бар дүниелер. Бұларда жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы оқу-материалдық база, профессор-оқытушылар құрамы, студент қабылдау мен  маман даярлау тәжірибесі, оқу, тәрбие, ғылыми жұмыс нәтижелері,  қиыншылықтар мен іркілістер салиқалы талданады.

Информация о работе Отан тарихы