Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 14:20, реферат

Краткое описание

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға арналған.
Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).
Пәннің постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».

Файлы: 1 файл

Жер құқығы бакалавриат .doc

— 2.41 Мб (Скачать)

Жер мониторингінің міндеттері болып мыналар табылады:

1) жердің жай-күйінің  өзгерістерін уақытылы анықтау,  оларды бағалау, болжам жасау  және кері әсері бар процестерді  болдырмау мен зардаптарын жою  жонінде ұсыныстар әзірлеу;

2) мемлекеттік  жер кадастрын жүргізуді, жерге  орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету.

Жер мониторингінің жердің сипаттарына сәйкес келетін  ішкі жүйелері болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергілікті жер маниторингі жүзеге асырылады.

 

12 тақырып.  Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар  және олардың түрлері.

Жоспар:

     1.Жерді аймақтарға бөлудің түсінігі.

     2. Жер даулары.

     3. Жерді қорғау және оның мақсаттары.

Негізгі ұғымдар: аймақ, аймақтарға бөлу, дау, жер даулары, жерді қорғау.

1. Аймақтарға бөлу дегеніміз - жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимiн белгiлей отырып айқындау.Жердi аймақтарға бөлудi аудандық деңгейде және облыстық маңызы бар қалаларда ұйымдастыруды аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тиiстi атқарушы органдары жүзеге асырады. Жердi аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың тиiстi өкiлдi органдары бекiтедi. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жерiн аймақтарға бөлу жөнiндегi материалдардың негiзiнде облыстық (Астана және Алматы қалаларының) жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдары қоршаған ортаны қорғау, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi жергiлiктi органдармен және басқа да мүдделi органдармен бiрлесе отырып, облыстық (Астана және Алматы қалаларының) атқарушы органның тапсырмасы бойынша, жердi облыстық (қалалық) деңгейде аймақтарға бөлудiң нысаналы мақсат жiктемесi енгiзiлетiн жобаларын (схемаларын) әзiрлеудi ұйымдастырып, қамтамасыз етедi және оларды облыстық (Астана және Алматы қалаларының) өкiлдi органдардың бекiтуiне енгiзедi.Жердi аймақтарға бөлу кезiнде белгiленген, аумақты пайдаланудың нысаналы режимi осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртiппен бекiтiледi, жер құқығы қатынастарының субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.Жердi аймақтарға бөлу жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiледi және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

2. Жер даулары.

Жер даулары дегеніміз - жер қатынастары екі немесе бірнеше субъектілер белгілі бір жер құқықтары мен заңды мүдделерін иеленуге қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға байланысты келіспеушілік жер дауларын меншік құқығының және жер пайдалану құқығының, жерге өзге де құқықтардың өзгеруі тоқтатылуы және жүзеге асыру бойынша туындайды. Жер дауларын жіктеу әртүрлі негіздерге байланысты жүзеге асырылады:

 Қарастыру тәртібі бойынша;

 Сипаты бойынша;

 Даудың субъектісі бойынша;

 Пәні бойынша;

1. Қарастыру тәртібі  мен сипаты бойынша:

- сот тәртібімен қарастырылатын жер даулары;

- сотқа дейін қаралуды  талап ететін жер даулары;

- сотта қаралуды талап  етпейтіе жер даулары:

2. Субъектісі бойынша:

- азаматтар арасындағы  жер даулары;

- азаматтар мен заңды  тұлғалардың арасындағы жер даулары;

- азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекеттік өкілетті органдар арасындағы жер даулары;

3. Объектісі бойынша: 

- жер учаскелерімен  байланысты жер даулары;

- жер учаскесіне құқықпен  байланысты жер учаскелері;

- жерге басқа да  құқықтармен байланысты жер даулары;

4. Жер дауының сипатына байланысты:

- жер учаскелерін берумен  байланысты жер даулары;

- жер учаскесін беру  процесінде пайда болатын жер  даулары;

3. Жерді қорғау – қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға жерді ұтымды пайдалануға жерді орман және ауыцлшаруашылығы айналамынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, техникалық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.(139,140,141,142,143 баптар)

Жердi қорғау мақсаттары:

1) өндiрiстiң экологиялық  қауiпсiз технологияларын ынталандыру  және орман мелиорациялық, мелиорациялық  және басқа да iс-шараларды жүргiзу  арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн,  шаруашылық қызметтiң басқа да  қолайсыз зардаптарын болдырмау;

2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;

3)жердi оңтайлы пайдаланудың  экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге  енгiзу болып табылады.

Жер учаскелерiнiң меншiк  иелерi мен жер пайдаланушылардың  жерді қорғауға байланысты құқықтары  мен міндеттері:

1) жердi құнарсызданудан  және шөлейттенуден, су және  жел эрозиясынан, селден, су басудан,  батпақтанудан, қайталап сортаңданудан,  құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс  пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және  басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;

2) ауыл шаруашылығы  жерiн карантиндiк зиянкестер  мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып  кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының  өзге де түрлерiнен қорғауға;

3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

4) жердiң бүлiнуiмен  байланысты жұмыстар жүргiзiлген  кезде топырақтың құнарлы қабатын  сыдырып алуға, сақтауға және  пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi. Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi әсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қорғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн.Топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi топырақтың жай-күйiн адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiне сай бағалау үшiн белгiленедi.

 

13 тақырып. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Жер дауларын шешу.

Жоспар:

1. Жер құқық бұзушылықтарының түсінігі, түрлері және құрамы.

2. Жер құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі.

3. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.

Негізгі ұғымдар: құқық бұзушылық, жер құқық бұзушылық, жер заңдары.

Жер құқық бұзушылық дегеніміз — жер құқыктық тәртіпті жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың құқығымен заңды мүдделерін заңсыз кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзу.

Жер заңдарын бұзғаны  үшін жауапкершілікке тартудың негізі — нақты құқық бұзушылықтың көрініс табуы.

Жер құқық бұзушылық ретінде тану үшін ол келесідей құрамға ие болуы керек:

объектісі, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды мүдделері және құқықтық тәртібі; объективтік жағы, жер құқық бұзушылық негізі болған әрекет немесе әрекетсіздік; субъектісі, жеке және занды тұлғалар; субъективтік жағы, кінәнің көрініс табуы. Кінәнің өзі екі нысанда жасалуы мүмкін: Қасақана және абайсыздық нысанда.

Жер заңдарын бұзғаны  үшін жауапкершіліктің келесі тұрлға көзделген:

- әкімшілік;

- тәртіптік;

- қылмыстық;

- азаматтық.

Жер құқық бұзушылық жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің негізі болып табылады. Жер құқық бұзушылық дегеніз - жер құкықтық тәртіпке және мемлекеттің жеке және занды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне кайшы келетін кінәлі және заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік.

Жер құқық бұзушылықтың келесі белгілерін қарастырамыз: қоғамға кауіптілігі;

кінәлілігі; әрекет немесе әрекетсіздік және туындаған салдарының арасындағы тікелей себепті байланыс; жер зандарына қайшылығы; жазаланушылық.

Жер зандарын бұзушылықты мынадай түрге бөледі: жерге меншік иесінің құқығын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар; жер пайдаланушының жер жер пайдалану құқығын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар; жердің экологиялық жағдайын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар; жер учаскесі меншік иесінің және жер пайдаланушының жер зандарында белгіленген міндеттемелерді орындамау саласындағы құқық бұзушылықтар; жерді басқару саласындағы жер зандарын бұзу саласындағы құқық бұзушылыктар.

Жер зандарын бұзғаны  үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік.

Жер құқық бұзғаны  үшін қолданылатын жауапкершіліктін кең  тараған түрі және нақты жетілдірілген  түрі әкімшілік жауапкершілік.

Жер құқық қатынастары  аясында әкімшілік жауапкершілік  келесідей артықшылықтарға ие:

Қолдану процедурасының (рәсімдерінің) салыстырмалы түрде оңай болуы.

Әкімшілік теріс  кылыққа жедел әсер етуі. Қажетті деңгейдегі шығын орнын толтыру функциясынын көріністабуы.

Құқыққа карсы әрекет зардаптардың туындауын күтпей-ақ құқық бұзушылықты алдын алу мүмкіндігі.

Теріс қылықпен нақты жаза арасындағы уакыттың салыстырмалы қысқа болуы.

Қазакстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жер  құқық бұзушылық құрамына келесідей  диспозициялар бар:

Қылмыстық құқықтық жауапкершілік. Кылмыстык жауапкершілік мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыкка істеген іс-әрекеттерінде кылмыстык заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Қылмыстық жауапкершілік бұл қылмыстық құкылык норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе, қылмыстық жауаптылыкта болмайды.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік. Азаматтық жауапкершілік Қазакстан Республикасының азаматтық заңнамалары нормаларымен реттеледі. Бұл жауапкершілік жер зандарын бұза отырып мемлекеттің мүддесіне, қоршаған ортаға, жердің меншік иесіне, басқа да жеке және заңды тұлғалардың кұкыктары мен заңды мүддслеріне зиян (шығындар) келтірілген кезде қолданылады. Азаматтық құкықтық жауапкершілік келесідей ерекшеліктері бар:

1.Бұл жауапкершілік  жеке және заңды тұлғалар тартылуы  мүмкін.

2. Бұл жауапкершілік  баска заңдылық жауапкершілік  түрлерімен қатар қолдануы мүмкін: Мысалы, заңсыз бөтен жерді басып алған тұлға кылмыстык жауапкершілікке тартылады және зардап келтірілген жағдайда оны өтеуге де міндетті.

14 тақырып.  Ауыл шаруашылық мақсатындағы  жерлердің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының түсінігі және құрамы.
  2. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы.
  3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі.

Негізгі ұғымдар: ауыл шаруашылық мақсатындағы жер, жерге меншік құқығы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері.

1. Ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының түсінігі және құрамы. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазакстан Республикасының жер аумағы 272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылык жерлері - 222513,6 мың гектарды құрайды. Сонғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылык өндірісінін мақсатында пайдаланылатын жердің баска да санаттары құрайды.

Агроөнеркәсіптік  кешенді және ауылдык аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық - түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрактылығын камтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандық өнімнің бәсекелестік артықшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халкының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Агроөнеркәсіптік  кешен дегеніміз - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өндеуді және өткізуді, сондай - ақ тамак өнеркәсібін, оларды казіргі заманғы техникамен, технологиялык жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен кызмет салаларын, ветеринариялық - санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің