Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 14:20, реферат
«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға арналған.
Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).
Пәннің постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».
Мемлекеттік жер пайдаланушылардың өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға, сондай-ақ кепілге беруге құқығы жоқ.
3. Сервитуттар түсінігі, түрлері, пайда болу және тоқтату шарттары. Сервитут дегеніміз — бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.
Сервитут белгілері:
Сервитут дегеніміз бөтеннің иелігіндегі жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы.
Сервитут құқық емес, міндет болып табылады;
Сервитуттың объектісі кез келген мүлік емес жер учаскесі;
Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудың және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген құкьіқпен бірге ғана ауыса алады
Сервитут әрқашан да уақытша сипатта болады;
Сервитуттың пайда болуы шарты ретінде бөтеннің иелігіндегі жер учаскесінің болуы;
Нормативтік-құқықтық актілерден туындаған сервитуттар тіркелуге жатпайды;
Жер учаскесін шектеулі құқықпен пайдаланушы құқық субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушы сервитутпен байланысты келтірілген барлық шығынды өтеуге тиіс;
Жер учаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы баска тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.
Жер учаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.
Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудын және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген кұқықпен бірге ғана ауыса алады. .
Сервитуттың пайда болу негіздері:
Бөтеннің жер учаскесін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы келесідей негіздер бойынша туындайды:
1. Тікелей нормативтік-кұқықтық актілері негізінде;
2.Мүделлі тұлғамен жер меншік иесі немесе жер пайдаланушы арасында жасалған шарт негізінде;
3.Тікелей сот шешімі негізінде;
4.Жергілікті
аткарушы орган актісі
5.Өзге де зандар негізінде туындауы мүмкін.
Жер кодексіне сәйкес, сервитуттың екі түрі қарастырылған.Олар жекеше сервитут және қауымдык сервитут. Жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы — көрші жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектісінен, ал, кажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектілерінен осы учаскелерді шектеулі пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы.
Көрші немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану кұқығы (жекеше сервитут):
Егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолмен өтуі мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көрші немесе өзге де жер учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуді;
көрші немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажетті желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының, басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін.
Көрші немесе өзге де учаскеге жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы субъектілерімен жасалатын шарт бойынша белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жекеше сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы со-лардың мүддесіне орай сервитут белгіленген тұлғалардан мелшерлес төлемақы талап етуге құқылы.
Қауымдық сервитут дегеніміз - мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті аткарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде туындайтын жер учаскелерін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоймай белгіленетін сервитут түрі.
Қауымдық сервитуттар:
1) ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі аркылы жаяу немесе көлікпен өту;
жер учаскесін коммуналдык, инженерліқ, электр және басқа да желілер мен тораптарды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану;
жер учаскесінде межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру; су алу және суат; жер учаскесі арқылы мал айдап өту; жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану; іздестіру, зерттеу және басқа да жұмыстар жүргізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану; жағалау белдеуіне еркін өту; мемлекеттік органдардың шешімімен жер учаскесін мәдени көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану; қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге байланысты өзге де жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.
Сервитуттың тоқтатылуы: құқық иесінің бас тартуы; ұзақ уақыт пайдаланылмауы, бұл мерзім 3 жылдан артық уақытқа белгілеген; оның белгіленген мерзімінің өтуі нәтижесінде; тараптар арасындағы келісім негізінде; сот шешімі негізінде; Қазакстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.
Қауымдық сервитут қоғамдық қажеттер үшін белгіленіп, ол қажеттер болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның сервитутты жою туралы шешім қабылдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін. Сервитуттың қолданылуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген негіздер бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылады. Сервитут белгілі бір мерзімге белгіленген жағдайларда, егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, оның қолданылуы белгіленген мерзім аяқталған соң тоқтатылады. Сервитут шарт негізінде талап етілетін кезге дейін немесе белгісіз мерзімге белгіленген жағдайларда сервитуттың қолданылуы сервитутпен ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлік иесінің сервитутты тоқтату туралы талап еткен кезінен бастап бір ай мерзім өткен соң тоқтатылады.
8 тақырып. Жерге ақы төлеу.
Жоспар:
1.Жерге ақы төлеу негіздері.
2. Жерге ақы төлеу түрлері.
3. Жер учаскесінің экономикалық құндылығы.
Негізгі ұғымдар: жерге ақы төлеу, жер салығы, жерді сату бағасы, аренда, жалға беру.
Жерге ақы алудың - 3 түрі бар:
1.Жер салығы (1 жылда 1 рет).
2.Жерді жеке меншікке беру, сату бағасы;
3.Жалға беру немесе аренда ақысы.
Жер кадастрын, жер мониторингісін
жерді орналасытрумен жерді аймақтарға
бөлудің қызметтерін жер
Жер салығы Қазақстан Республикасына 1990 жылдардан бастап енгізілді. 1991 жылы маусымда ең алғаш рет Жер туралы заң қабылданды. Жер салығының мөлшері келесі көрсеткіштерге байланысты:
- Жер учаскесінің орналасқан жері;
- Жердің құнарлығы – бонитет жер құнарлығының көрсеткіші;
- Жер учаскесінің сумен қамтамасыз етілу деңгейі;
Жер салығының мөлшері жер учаскесінде жүзеге асырылатын шаруашылық қызметке байланысты емес. Салық кодексінің 324-бабына сәйкес келесі тұлғалар салық төлеуден босатылады:
- Бірыңғай жер салығын төлейтін тұлғалар. Бұл салықты ауылшаруашылығы тауар өндірушілері төлейді.
- Мемлекеттік мекемелер.
Мектептер, ауруханалар, яғни
толық мемлекеттік бюджет
- Жер қойнауын пайдаланушылар;
- Қылмыстық жазаны
жүзеге асыратын мекемелер,
- Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғалар және оларға теңестірілген азаматтар;
- Барлық топтағы мүгедектер немесе осы топқа жатқызылған тұлғалар;
- Көп балалы аналар, алтын алқа иелері;
- Үй іргесіндегі қосалқы өзіндік шаруашылықты жүзеге асыратын тұлғалар, бағбандық және саяжай құрылысына байланысты т.б.
- Діни ұйымдар. Мысалы: мешіт.
Жерді жалға беру ақысы Салық кодексімен реттеледі. Бұл ақы тек мемлекеттік жер бойынша көзделген. Жеке меншіктегі жер учаскесін жалға берген жағдайда жалдау ақысы жер меншік иесімен жердің нарықтық құнына байланысты анықталады. Жерді жалдау ақысы жер салығының мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
3. Жер учаскесінің экономикалық құндылығы келесідей негiзгi үш белгісі арқылы белгiленедi:
1. Жер учаскесінің негiзгi мақсаты, яғни, бұл жер учаскесi қолданылатын мақсатты санаты; Жердiң негiзгi мақсатта пайдалану белгiсi белгiлердiң iшiндегi негiзгiсi болып табылады, сондай-ақ, бұл белгi жер учаскесiн бағалаудағы басқа екi белгiнi сипаттап ашуға мүмкiндiк бередi: мысалы, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер үшiн бұл жерлердiң мәндi белгiлерi болып оның құнарлылығы, топырағының физикалық-химиялық құрамы, өзге де минералды және органикалық құрамдарының бар болуы танылса, ал, өнеркәсiп, транспорт және өзге де мақсаттағы жерлер үшiн маңызды белгiлерi болып оның бедерi, пайдалы қазбаларының бар болуы, гидрологиялық және геологиялық қасиеттерiнiң бар болуы танылады.
2. Жердiң сапасы, яғни,
жер учаскесiнiң белгiлi бiр
3. Жер учаскесiнiң экономикалық
шаруашылық кеңiстiкте нақты
Жер кодексінің 9 бабының 3-бөлігіне сәйкес жер учаскесін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру өтеулі негізде жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ақысы бірден төленіп не төлеу мерзімін ұзартып сатып арқылы жүргізіледі. Жер учаскесін жеке меншікке өтеусіз беру жағдайлары да заң тұрғысынан қарастырылғанын есепке алған жөн. Оларға мынадай негіздер жатады:
Қазақстан Республикасының азаматтарына - тұрғын үйдің меншік иелеріне кондоминиум объектілеріндегі қонымды жер үлесі ретінде;
Қазақстан Республикасының азаматтарына белгіленген нормалар шегінде өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін;
Қолданыстағы заңдармен көзделген өзге де жағдайлар.
Жалпы жер
учаскелерiнiң сату-сатып алу
9 тақырып. Жерді
пайдалану мен қорғауды
Жоспар:
Негізгі ұғымдар: мемлекеттік бақылау, мемлекеттік реттеу, мемлекеттік реттеу қызметі.
1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз – ҚР аумағының жер тұтастығын және қол сұғылмаушылығын жерді табиғат байлығы ретінде сақтау, оны нысаналы пайдаланудың жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған биліктік-атқарушылық қызмет түрі болып табылады. Бұл қызметтің келесідей ерекшеліктері бар:
Бұл қызмет мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекет атынан құзіретті мемлекеттік органдар қызмет жасауға құқылы.
Бұл қызмет әрқашанда билікті, себебі жер ерекше объект, ол жердің аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез-келген қызметтің аумақтық негізі.Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады, сонымен қатар, нарықтық жағдайда мемлекет экономикалық ынталандыру әдістерін көбірек қолданады.
2. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің түрлері:
1.заң шығарушылық;
2.заң орындаушылық; заң орындалуын қамтамасыз ету қызметі;
3.құқық қорғау қызметі; яғни кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту;
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің әдістері дегеніміз – жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Олар екі топқа бөліненді: әкімшілік және экономикалық. Экономикалық әдістердің өзі өз кезегінде келесі шараларды қамтиды:
- жерді қорғау
шараларын жоспарлау және
- жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін ақы төлеу;
- жер меншік иелерінің мүдделерін сақтандыру; 2004 жылы 09 желтоқсанда өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы заң қабылданды.
- жерді ұтымды
нысаналы пайдаланғаны үшін
3. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің қызметтері дегеніміз – мемлекет тарапынан жер саясатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі бағыттардың жиынтығы. Олар:
1.жер учаскелерін есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу;
2.жерді жеке
меншікке немесе жер
3.жердің санатын анықтау және жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру;
Информация о работе Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің