Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 14:20, реферат
«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға арналған.
Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).
Пәннің постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».
Жалпы орман дегеніміз — Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 24-бабында орман - экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар, қоршаған ортамен ықпалдасатын, бұтақтық және теректік өсімдіктердің, басқа да тірі табиғаттардың құрамдастары негізінде белгілі бір аумақта қалыптасатын табиғи кешен деп көрсетілген. Орманның келесідей белгілері бар: Биологиялық белгі - бұтактық, теректік және шөптік өсімдіктердін жиынтығы;
Құқыктық белгісі - занда белгіленген тәртіппен бөлінген, орман қорының жерлеріндегі өсінділер;
Экологиялық белгісі — қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Орман кодексі орман заңдылығының бағытын анықтайды, оның мақсаты орман табиғи объектісіне жағымды әсер ету.
Бірінші бағыт — ормандарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету .Табиғи ресурс экономды пайдалану оны қолдануды азайтады және жойылып кетуіне жол бермейді. Сол мақсатта орман заңдылығында кеспеағаш аймағын бөлу, қорғалуына байланысты ормандарды санаттарға бөлу және т.б. нормалар қарастырылған.
Екінші бағыт — ормандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету. Ормандар өрттен және заңсыз кесуден күзетіледі, зиянкестер мен аурулардан қорғалады. Осы мақсатта орман заңдылығында орман пайдаланушылардың ормандарды өрттен күзету мен зиянкестер мен аурулардан қорғау міндеттері, орман заңдылығын бұзған үшін жауапкершілік көзделген.
Үшінші бағыт — ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін көтеру. Орман заңдылығы орманды қалпына келтіру және орман өсіру мақсатын көздейді, орман өнімділігінің жоғарылатуға негізгі талаптар қояды, орман пайдаланушыларға міндеттер жүктейді және ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін көтеруге байланысты басқа нормаларды бекітеді.
Қазақстан
Республикасының Орман
Мемлекеттік орман қорының жерлеріне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген жерлер жатады.
Жекеше орман қоры жеріне жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне берілген жасанды орманы бар жер жатады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды. Орман иелену дегеніміз - орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс істеуі үшін мемлекеттік орман иеленушілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мемлекеттік орман қоры учаскелерін иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушілерге белгіленген тәртіппен берілетін жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Мемлекеттік орман қорының учаскелері орман иелену құқығымен:
мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, мемлекеттік орман қорының кешенді пайдаланылуын ұйымдастыру үшін орман мекемелеріне және уәкілетті органның өзге де мемлекеттік ұйымдарына;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметіне байланысты мақсаттар үшін мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттік табиғи резерваттарға, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтарға, мемлекеттік ботаникалық бақтарға, мемлекеттік дендрологиялык саябақтарға беріледі.
Орман пайдалану дегеніміз - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніңдегі зандық және эко-номикалық жағынан регламенттелген қызмет. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен басқа адамға ауысады.
Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдаетырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры — занды тұлғаға ауысады.
Орман пайдалану құқығы — орман пайдалану түрі сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті қаражат пен өндірістік қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиісті біліктілікке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөніндегі қызметтің лицензияланатын түрі жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкін.
Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетіне, орман билетіне өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді. Мемлекеттік орман қорында орман пайдаланудың:
сүрек дайындау;
шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар, бүршіктер) дайындау;
жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану;
мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
19 тақырып. Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.
Жоспар:
1. Су қоры жерлерінің түсінігі.
2. Су қоры жерлерінің түрлері.
3. Су қоры жерлерінің құқықтық жағдайы.
Негізгі ұғымдар: су қоры жерлері, су қоры жерлерінің түрлері, су қоры жерлерін пайдалану.
Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілуге тиіс барлық су объектілерінің жиынтығын қамтиды. Шекарасы, көлемі мен су режимі бар құрлық беті бедерлеріндегі және жер койнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектілеріне жатады. Олар: теңіздер, өзендер, соларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үсті су объектілері, жер асты сулары бар жер койнауының бөліктері.
Қазақстан Республикасының су зандары мынадай қағидаларға негізделеді:
халыктың өмірі мен қызметінің негізі болып табылатын сулардың мемлекеттік маңызын мойындау;
халықты ауыз судың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;
халықтың суға әділ және теңдей кол жеткізуі;
су алуды азайтуға және судың зиянды әсерін кемітуге мүмкіндік беретін қазіргі замаңғы технологияларды игеріп, кешенді және ұтымды су пайдалану;
су объектілерін оларды қорғаумен коса кешенді пайдалану;
арнайы су пайдаланудың акылылығы;
Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтірілген залалды өтеу;
Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғандық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы;
су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі міндеттерді шешудегі жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;
Қазақстан Республикасы су
Халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың негізінде трансшекаралық суларды пайдалану.
Су объектілері, су шаруашылығы құрылыетары және су қорының жерлері су қатынастарының объектілері болып табылады.
Су объектілері келесі түрлерге бөлінеді:
1) жер үсті су өбъектілері. Олардың қатарына су айдындары -өзендер және соларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қой малары, тоғандар және басқа ішкі су айдындары, аумақтық сулар, мұздықтар, батпақтар жатады. Жер үсті су объектілері жер үсті суларынан, олардың түбінен және жағалауынан тұрады.
2) жер асты су объектілері. Жер асты су объектілеріне мыналар жатады: су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектері мен кешендері, жер асты суларының бассейні, жер асты сулары орындары мен учаскелері, жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы, жер қойнауының суландырылған учаскелері.
3)Қазақстан Республикасының теңіз сулары. Қазақстан Республикасының теңіз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңіздерінің сулары жатады.
4) трансшекаралық сулар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгілейтін және (немесе) қиып өтетін жер үсті және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады. Трансшекаралық суларды пайдалану мен корғау тәртібі Су кодексімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңдарымен жене Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен белгіленеді.
Пайдалану түрлеріне қарай су объектілері:
ортақ пайдаланудагы су объектілері. Егер Қазақстан Республикасының заңдарыңда өзгеше көзделмесе, барлық су объектілері ортақ пайдаланудағы объектілер болып табылады.
бірлесіп пайдаланудағы су объектілері. Жеке немесе занды тұлғаларға толық немесе ішінара бірлесіп пайдалануға берілген су объектілері бірлесіп пайдаланудағы су объектілері болып табылады. Бірлесіп пайдаланудағы су объектілерін пайдаланған кезде ағын судың төменгі жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделері бірінші кезекте қанағаттандырылады. Бірлесіп пайдаланудағы су объектілерін пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бір-біріне зиян келтірмеуге міндетті
оқшау пайдаланудағы су объектілері. Жеке немесе занды тұлғаларға толық немесе ішінара оқшау пайдалануға берілген су объектілері окшау пайдаланудағы су объектілері болып табылады.
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде орналасқан су объектілерін құру тәртібі, қорғау және пайдалану режимі, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы зандарымен белгіленеді.
ерекше мемлекеттік манызы бар су объектілері болып бөлінеді. Қоршаған орта мен аймак экономикасына басым ыкпал ететін және шаруашылық қызметті реттеудің ерекше күқықтык режимін талап ететін жаратылысы табиғи су объектілері ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері деп танылады.
Су объектілерінің, су қоры жерлерінің айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектілері мен жерлердің иеліктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін болатын сатып алуға, сатуға, кепілге беруге және басқа да мәмілелер жасасуға жол берілмейді. Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерінде орналасқан, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады. Су айдындары (өзендер және олармен тендестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жері, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер мемлекет меншігінде болады.
Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәріз жүйелері) алып жатқан су коры жерінің құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші бір субъектінің жер учаскесіне қызмет ететін ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешелендірілген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде болуы мүмкін.
Жеке және занды түлғаларға су объектілерін пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісімі бойынша табыстайды.
Жеке және занды тұлғаларға су объектілері:
қысқа мерзімді пайдалану. Қысқа мерзімді пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге табысталады.
ұзақ мерзімді пайдалану. Ұзақ мерзімді пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге табысталады.
Су объектілері пайдалануына берілген жеке және занды тұлғалар су объектілерін пайдалану құқығына билік ете алмайды.
Су пайдалану ортақ, арнайы, оқшау, бірлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе занды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалану құқығы азамат үшін ол туған кезден бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Информация о работе Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің