Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 14:20, реферат

Краткое описание

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға арналған.
Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).
Пәннің постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».

Файлы: 1 файл

Жер құқығы бакалавриат .doc

— 2.41 Мб (Скачать)

4.жерді аймақтарға  бөлу және жерге орналастыруды  жүзеге асыру;

5.жер мониторингісін  жүргізіу;

6.жер төлемдерін  алу;

7.жерді қорғау  шараларын жүргізу;

8.жерді пайдалану  мен қорғау шараларына мемлекеттік  бақылау жүргізу;

9.жер дауларын шешу;

10.жер заңдарын  бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке  тарту;

 

10 тақырып.  Жерді тиімді пайдалану мен  қорғауды мемлекеттік бақылау.

Жоспар:

1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құқықтық 
механизмінің түсінігі.

2. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі.

3. Жер қатынастарын реттеу саласында  арнайы орталық уәкілетті органның құзыреті (Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік).

Негізгі ұғымдар: мемлекеттік реттеу, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу, жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық уәкілетті орган.

1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құқықтық механизмінің түсінігі.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз — Қазақстан Республикасы аумағының жер тұтастығын және қол сұғылмаушылығын жерді табиғат байлығы ретінде сақтау, оны нысаналы пайдаланудың жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың кұқықтары мен заңды мүдделерін жер қатынастары саласындағы зандылықты қамтамасыз етуге бағытталған биліктік атқарушылық қызмет түрі болып табылады. Бұл кызметтің келесідей ерекшеліктері бар:

- Бұл  қызмет мемлекет тарапынан жүзеге  асырылады. Мемлекет атынан құзыретті мемлекеттік органдар қызмет жасауға құқылы;

- Бұл  қызмет әркашанда билікті, себебі  жер ерекше объект, ол жердің аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез келген қызметтің аумақтық негізі;

- Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады;

- Нарықтық  жағдайда мемлекет экономикалық  ынталандыру әдістерін көбірек қолданады.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің  нысандары.

- заң  шығарушылық жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын зандарды қабылдау кызметі;

- заң  орындаушылык, заң орындалуын қамтамасыз  ету қызметі;

- құқык  қорғау кызметі, яғни кінәлі  тұлғаны жауапкершілікке тарту.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің әдісі дегеніміз — жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде қолданылатын амал - тәсілдердің жиынтығы. Олар екі топқа бөлінеді: әкімшілік және экономикалық.

Экономикалық  әдістердің өзі өз кезегінде келесі шараларды камтиды:

- жерді қорғау  шараларын жоспарлау және қаржыландыру;

- жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін ақы төлеу;

- жер меншік  иелерінің мүдделерін сактандыру (2004 жылы 9 желтоқсанда өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы заң қабылданды);

- жерді ұтымды  нысаналы пайдаланғаны үшін экономикалық ынталандыру.

Жерді  қорғау шараларын жоспарлау және каржыландыру. Экономикаға әсер етудің әдісі болып табылатын жоспарлау — әкімшілік қызмет, қаржылық ынталандыру элементтерін біріктіреді.

2. Жер  қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарыныц жүйесі. Жер қатынастарын реттейтін мемлекеттік органды бірнеше топқа бөлуге болады:

Жалпы құзыреті бар органдар. Олардын қатарына: Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатады.

Арнайы кұзыреті бар органдар. Қазакстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі. Бұл агенттіктің құқықтық мәртебесі Жер кодексінің 14 - бабымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қантарда қабылданған Қаулысымен бекітілген ережемен реттеледі.

Функционалды  құзыреті бар органдар. Бұларға келесі органдар жатады: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл щаруашылығы министрлігі, Су ресурстарын басқару жөніндегі комитет, құқық корғау органдары, Прокуратура органдары, Сот органдары, салық органдары. Үкіметтің құзыреті Жер кодексінің 13 - бабында қарастырылған.

3. Жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық уәкілеті органның құзыреті (Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік). Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы органның қарауына мәселелердің кең шеңбері берілген. Оның функциялары 1999 жылы Үкімет каулысымен Мемлекеттік жер комитетінің негізінде қайта құрылған Үкімет құрамына кірмейтін Казақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне берілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Жер кодексі қабылданғаннан кейін Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік туралы ережені бекіткен Үкіметтің қаулысы 2005 жылы 14 қаңтарда қабылданды.

Сонымен, Қазақстан  Республикасының Жер ресурстарын  басқару агенттігі арнайы атқару, рұксат ету және бақылау - қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын басқару саласында топографиялық - геодезиялық және картографиялық  жұмыстарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып саналады. Ережеде жалпы ережелер мен агенттіктің негізгі міндеттері және құқықтары 1 және 2-бөлімдерінде орын алған. Агенттіктің облыстарда және Астана, Алматы қалаларында, аудандар мен қалаларда занды тұлғалар болып табылатын аумақтық бөлімдері бар.

Агенттіктің негізгі  міндеттері:


- жер ресурстарын  басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

- жер  ресурстарын басқару жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия жөне картография жөніндегі іс - шараларды әзірлеу және іске асыру;

- мемлекеттік  геодезиялық қадағалауды жүзеге  асыру және тиісті ақпаратты қорғау болып табылады.

 

11 тақырып.  Жерге орналастыру, жер мониторингі  мен жер кадастры.

Жоспар:

1.Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны және тәртібі.

     2. Жер кадастры.

    3. Жер мониторингін жүргізу тәртібі мен мақсаты.

Негізгі ұғымдар: кадастр, мониторинг, жер кадастры, жер мониторингі, жерге орналастыру.

Жерге орналастыру  жер қатынастарын реттеуге, жерді  ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға  бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.

Жерге орналастыру  мыналарды қамтиды және қамтамасыз етеді:

1) ландшафтық-экологиялық  көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеу;

2) қолданыстағы  жер пайдалануды қалыптастыру  және ретке келтіру жөніндегі  шаруашылықаралық жерге орналастыру  жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды;

3) белгілі бір  жерде елді мекендердің шекарасын  (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;

4) белгілі бір  жерде әкімшілік-аумақтық  құрылымдардың,  ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың  және жерді пайдалану мен қорғаудың  ерекше шарттары бар басқа  да жер учаскелерінің шекарасын  белгілеуде;

5) жерге орналастыру,  бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеуді;

6) жерді түгендеу  ісін жүргізуді, пайдаланылмай  жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген  немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;

7) топографиялық-геодезиялық,  картографиялық, топырақты зерттеу,  геоботаникалық және басқа да  зерттеу мен іздестіру жұмыстарын  жүргізуді;

8) жер ресурстарының  жай-күйі мен пайдаланылуының  тақырыптық карталары мен атластарын  жасауды.

Жерге орналастыру  атқарушы органдардың шешімі бойынша  не жер учаскелерінің мүдделі  меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың  өтінімі бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын  басқару жөніндегі аумақтық органдардың  бастамасы бойынша жүргізіледі.

Жерге орналастырудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

- жерлерді ұтымды  пайдалану мен қорғауды жоспарлау  және ұйымдастыру;

- жер ресурстарын  ҚР-ғы табиғи жағдайларды кешенді  бақылау жүйесінде зерттеу;

- ғылыми-зерттеу  және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау, жерге орналастыру, жер кадастры, жер маниторингі және жер-бағалаушылық жұмыстары бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларды, әдістерді, ұсыныстар мен нұсқаулар жасау;

-  шекараларда  әкімшілік-аумақтық құрылымдарды, меншік  иелерінің, жер пайдаланушылардың жер учаселерін орнықтыра және бікете отырып жерге орналастыру және тиісті материалдар мен құжаттарды рәсімдеу, меншікке немесе жер пайдалануға берілген жерлерді пайдалану шарттары мен режимін белгілеуге байланысты ұсыныстар жасау;

- табиғи ландшафтарды жақсартуға және жетілдіруге, жерлерді қорғауға, топырақтың құнарлығын сақтау мен арттыруға, жаңа ауыл шаруашылығы алқаптарын игеруге және қолда бар алқаптардың жағдайларын жақсартуға, жерлерді эрозиядан және дефляциядан, селден, су басудан, құрғаудан, қоқыстанудан, кейінгі тұзданудан, шөлденуден, химиялық, радиоактивтік және өңдірістік қалдықтардан ластанудан және басқа да кері құбылыстардан қорғауға бағытталған шараларды даярлау;

- жерлердің  саны, сапасы туралы ақпаратты  дайындау;

- жер-бағалаушылық жұмыстарын және ауыл шаруашылығы алқаптарын аул шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өңдірісінің шығындарын анықтау;

- жерді аймақтарға  бөлу.

ҚР Жер кодексінің 151-бабына сәйкес жерге орналастыру процесі мынадай кезендерді қамтиды:

- жерге орналастыру  ісін жүргізуді бастау;

- дайындық жұмыстары;

- жерге орналастыру  болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары  мен жобаларын әзірлеу;

- жерге орналастыру құжаттамасын  қарау, келісі және бекіту;

- жерге орналастыру жобасын  орындау.

Мемлекеттік жер кадастры ҚР-ның мемлекеттік кадастырлар  жүйесінің құрамдас бөлігі болып  табылады және жер ресурстарын басқару  жөніндегі орталық уәкілетті  орган өздеріне қатысты алғанда  мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ҚР-ның бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.

Мемлекеттік жер кадастырының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастырлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу жәек мемлекеттікжер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар атқару арқылы жүргізеді. Мемлекеттік және жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру кезеніңде, сондай-ақ жердің біріңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік жұмыс  кадастры мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

1) жер учаскелерінің кадастрлық  ісін қалыптастыруды;

2) жердің мөлшері  мен сапасын есепке алу;

3) жер учаскелерінің  меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының  басқа да субъектілерін есепке  алуды;

4) мемлекеттік  тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін  есепке алуды;

5) жерді мемлекеттік  кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;

6) жер учаскелері  мен олардың субъектілері туралы  деректер банкін, сондай-ақ басқа  да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз  бетінде және электрондық түрде  жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;

7) мемлекеттік  жер кадастрының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;

8) жер-кадастр  карталарын, оның ішінде цифрлық   карталарды дайындау мен жүргізуді;

9) жер-кадастр  кітабы мен біріңғай мемлекеттік  жер тізілімін жүргізуді;

10) жер учаскелеріне  құқықты куәландыратын құжаттарды  дайындауды.

Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жонінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының саплық және  мөлшерлік жай-күйін базарлық, жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.

Жер мониторингі  қоршаған табиғи ортаның жай-күйі мониторингінің құрамдас бөлігі және сонымен бір  мезгілде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргізу үшін база болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің