Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 14:20, реферат
«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға арналған.
Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).
Пәннің постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».
2. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы. Арнайы жер қоры Қазақстанда 1991 жылы Жер реформасы туралы заңына сәйкес пайда болған болатын. Казіргі танда арнайы жер қорынын құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 100-бабына сәйкес анықталады.
Жерді ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердін арасыңда жер учаскелерін қайта белу мақсатында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер және босалқы жерлерден арнайы жер қоры құрылады. Арнайы жер қоры:
жер учаскесінен өз еркімен бас тартқан жағдайда; Жер кодексінің 92,93,95-баптарына сәйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда; егер заң бойынша, өсиет бойынша мұрагерлері жоқ, немесе бірде-бір мұрагері мұраны қабылдамаған жағдайда немесе өсиет бойынша мұрагерлерді мұрадан айырған жағдайда, не мұрагерлер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан жағдайдағы жер учаскелерінен құралады.
Белгілі жер учаскесін арнайы жер қорынын құрамына енгізу туралы шешімді аудандык атқарушы орган қабылдайды.
3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру (трансформациялау) қажеттігі табиғи факторларға, оларды кейін де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негізделеді.
Жер учаскесі меншік иесінін немесе жер пайдаланушының жер учаскесінін орналасқан орны бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға берген өтінімі, сондай - ақ жергілікті аткарушы органның бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге негіз бола алады.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын қаржыландыру - жергілікті бюджет қаражаты есебінен, ал жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініштері бойынша - олардың өз қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Топырақ - мелиорациялық жай - күйі оларды басқа алқап түріне ауыстыруды қажет ететін ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы қолда бар жоспарлау - картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық құрылыс жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ - мелиорациялық, геоботаникалық ізденістер материалдарын, тұзданудың түсірілген суреттерін, жер кадастрының, жерді түгендеудің деректерін зерделеу негізінде алдын ала анықталады.
Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы төменгілеріне ауыстыруға:
егістік үшін - жердін агроондірістік топырак сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуі, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейі; көпжылдық екпелер үшін — екпелердін шекті жасы, олардын сиреуі, жердің кен құрамының жұтандығы, қолайсыз топырақ - мелиорациялық сипаттамасы;
шабындықтар үшін - жердің шелейтгенуі, шалғындык өсімдік- тердің сиреуі, жердің мелиорациялык күйінің нашарлауы; жайылымдар үшін - тапталып бүлінуі негіз болып табылады. Суармалы жерді суарылмайтын жерге ауыстыру кезінде жоғарыда санамаланған факторлардан баска, суару көзімен байланыстың үзілуі, сумен камтылмауы, шаруашылық ішіндегі суару жүйелерінің техникалық жай - күйі, ал жайылма суармалы жер үшін - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, кұрылыстардың техникалык жай - күйі ескеріледі. Қажет болған кезде жергілікті аткарушы органдар багалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы томенгілеріне ауысты- рудын баска да көрсеткіштерін ауыл шаруашылығы алкаптарынын өнімділігінін тым төмен болуы, топырактың тұздану, сорлеңген және алқаптардын сапалык сипаттан баска да өлшемдерді белгілейді.
15тақырып. Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі.
Жоспар:
1. Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы.
2. Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі.
3. Қала маңындағы аймақтардың түсінігі.
Негізгі ұғымдар:елді мекен жерлері, қала маңыгдағы аймақтар, елді мекеннің шекарасы.
1. Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы. Елді мекен дегеніміз - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан, заңда белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бір бөлігі.
Елді мекен белгілері:
Міндетті түрде ресми тіркелуі тиіс;
Тұрақты түрде тұратын адамдардын саны 50-ден кем болмауы тиіс.
Казақстан Республикасы аумағыңдағы елді мекендер қалалық және селолық елді мекендерге бөлінеді.
Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы калалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға — олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елді мекендер жатады.
Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.
Қалалар және басқа елді мекендер: республикалық маңыздағы қалаларға бөлінеді. Бұларға ерекше мемлекеттік маңызы бар және бір миллион адамнан астам халқы бар елді мекендер жатқызылуы мүмкін;
облыстық маңызы бар қалаларға бөлінеді, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалық және мәдени орталыктар болып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;
аудандық маңызы бар қалаларға бөлінеді, бұларға аумағында өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оку және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерінің дамыған жүйесі, кемінде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екісінен астамы жұмысшылар, қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері болып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;
поселкелерге
бөлінеді, бұларға
өнеркәсіп орындарының,
құрылыстардың, темір жол стансаларының
және басқа экономикалық маңызды объектілердің
жанындағы, кемінде 3 мың адамы бар, оның
кемінде үштен екісі жұмысшылар, қызметшілер
және олардың отбасы мүшелері болып табылатын
елді мекендер жатқызылуы мүмкін;
кемінде екі мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшін келетіндер саны кемінде тең жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналаскан елді мекендер де поселкелерге теңестіріледі; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемінде 25 проценті ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай поселкелері де жатқызылуы мүмкін;
ауыл (село) — саны кемінде 50 адам болатын, халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық есіру шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен;
халқының саны кемінде 50 адам шаруа және басқа да қоныстар ең жуық елді мекеннің құрамына енгізіледі.
Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елді мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тіркелуге жатады.
2. Қала және басқа да елді
мекеннің шекарасын белгілеу жә
1. Республикалык
маңызы бар калалар мен Казақст
2. Облыстық маңызы
бар калалардың шекарасы (шегі) -
Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісім
бойьшша облыстық
өкілді және атқарушы органдардың
бірлескен шешімімен
белгіленеді және өзгертіледі.
Аудандыкқ маңызы бар калалардың шекарасы (шегі) — облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.
Кенттер мен ауылдардың (селолардың) шекарасы (шегі) – аудандык, (қалалық) өкілді және аткарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.
Жер учаскелерін қала, кент, село шегіне қосу осы учаскелерге меншік кұқығын немесе жер пайдалану құқығын токтатуға әкеп соқпайды. Калалардың, кенттердің, селолык елді мекендердің барлык жері олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылык орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.
Тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елді мекендерде белгіленген төртіппен бекітілген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елді мекенді дамыту мен оңда құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгіленген тәртіппен бекітілген кала құрылысы кұжаттамасымен жерді пайдалануға жол беріледі.
3. Қала маңындағы аймактардың түсінігі. Қала маңындағы аймақтар дегеніміз — жерінің құрамына қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақ құрайтын қала шегінен тыс жерлер.
Қала маңындағы аймактарда кала маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісін карқынды дамыту, кала құрылысын ерекше реттеу аймактарын (қаланы дамытуға, инженерлікжәне көлік инф-рақұрылымының калыпты жұмыс істеуі үшін қажетті ғимараттарды орналастыру мен салуға арналған резервтегі аумақтарды), қорғау әрі санитарлық-гигиеналык қызмет атқаратын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар, орман парктері және баска да жасыл екпелер алып жатқан жасыл аймақтарды белгілей отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады.
Қалалардың кала маңы аймақтарының мөлшері мен шекарасын жерге орналастыру, сәулет жөне қала кұрылысы жөніндегі мемлекеттік органдардың бірлесіп жасаған ұсынысы бойьшша осы қалалардың бас жоспарларын бекітетін мемлекеттік органдар белгілейді және өзгертеді.
Жерді қала маңы аймағына косу бұл жерге меншік құқығы мен оны пайдалану қүқығының тоқгатылуына әкеп соқпайды.
Астана қаласы мен республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына косылған жерді пайдалану тәртібі мен режимін аумағы кала маңы аймағына қосылған тиісті облыстық аткарушы органдармен келісілген, аталған қалалардың атқарушы органдарының ұсыныстары бойьшша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
16 тақырып.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс
және басқа да ауыл
Жоспар:
1. Өндіріс жерлерінің түсінігі, құрамы.
2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы.
3. Қорғаныс жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері.
4. Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар: өндіріс жерлері, қорғаныс жерлері, өндіріс жерлерін пайдалану, көлік жерлері.
1. Өндіріс жерлерінің түсінігі, құрамы. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы мақсат ушін азаматтар мен занды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер деп танылады.
Қарастырып отырған санаттағы жерлер өз алдына өнеркәсіп, энергетика, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері болып бөлінеді.
Өнеркәсіп
жері дегеніміз — өнеркәсіп
2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы. Көлік жерлерінің
кұқықтық жағдайы Казакстан Республикасының
1994 жылы 24 қыркүйекте қабылданған Көлік
туралы
және 2001 жылы 8 желтоқсанда қабылданған
Казакстан Республикасының Темір жол
көлігі туралы Заңмен, Автомобиль көлігі
туралы, Ішкі сулар көлігі туралы заңмен
сонымен қатар Жер кодексімен реттеледі.
Көлік жері дегеніміз - автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің кызметін камтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшін берілген жерлер.
Казақстан Республикасының Көлік туралы заңына сәйкес, көлік турлері келесідей болып бөлінеді: Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, өуе, құбыр магистралі және метрополитен.
Темір жол келігі қажеттеріне арналған жерге:
магистраль жолдарына жөне солармен технологиялык байланыстағы кұрылыстар мен ғимараттарға (темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдыктар, қызметтік-техникалық үйлер); кірме жолдарға; энергетика, локомотив, вагон, жол жөне жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация кұрылыстары, корғау және бекіту екпелері, кызметтік және темір жол көлігіне қызмет көрсететін арнаулы мақсаттағы өзге де объектілері бар темір жол станцияларына (вокзалдарға); темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймактарына бөліп берілген жер жатады.
Информация о работе Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің