Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 14:20, реферат

Краткое описание

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға арналған.
Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).
Пәннің постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».

Файлы: 1 файл

Жер құқығы бакалавриат .doc

— 2.41 Мб (Скачать)

Арнайы  су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген рұқсат алынған кезден бастап туындайды. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, сондай-ак өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды ағызу үшін мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:

суды  жер үсті және теңіз суларылған механикалық және өз бетімен ағызу жолымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;

жер үсті және теңіз суларына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлық-сорғыту, нөсер және басқа да ағынды суларды ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;

ағынды  суларды суармалау, булану, сүзгілеу алқаптарына және жергілікті рельефке бұруға арналған құрылыстарды;

бөгеттерді  және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (оның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);

гидравликалық электр станцияларын;

сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;

суармалау, суландыру, суармалау-суландыру және құрғату жүйелерін;

жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар үшін, оның ішінде жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;

ағынды  суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғылар, құдықтар, шахталар); шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру кұрылыстарын;

су  деңгейін мәжбүрлі төмендетпей жұмыс  істейтін, жер асты суларын алуға арналған өздігінен шығатын ұңғыларды, шахта кұдықтарын, шегендеу көздерін және басқа да шағын құрылыстарды;

өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық сорғыту және басқа да ағынды суларды, технологиялық ерітінділерді жер асты су тұтқыш жиектерге және тау-кен жыныстары қуыстарына ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;

көмірсутегі шикізатын өндіру кезінде қыртыс қысымын сақтауға және қатты пайдалы қазбалардың кен орнын игеру кезінде жер астын шаймалауға арналған айдауыш ұңғыларды;

судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тікелей су объектісінен алып немесе алмай, жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.

Оқшау су пайдалану. Су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бір жеке немесе занды тұлғаға пайдалануға берген кезде окшау су пайдалану кұқығы туындайды. Оқшау су пайдалануға берілген су объектілерінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етіледі. Оқшау су пайдалануды жүзеғе асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарының шешімдерінде өзгеше белгілен бесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға міндетті.


Бірлесіп  су пайдалану құқығы су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бірнеше жеке және (немесе) занды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды. Бірлесіп су пайдалану кезінде бірінші кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделері, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделері қанағаттандырылады.

Бірлесіп  су пайдалануға берілген су объектілерінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етіледі.

Бастапқы және қайталама су пайдалану. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және занды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болыптабылады.

Бастапкы  су пайдаланушыдан шарт негізінде су алатын жеке және занды түлғалардың  су пайдалануы қайталама су пайдалану  болып табылады. Қайталама су пайдалануға  арналған шартта су беру мақсаты және оны пайдаланудың негізгі талаптары көрсетіліп, бастапқы су пайдаланушы үшін белгіленген лимит шегінде қайталама су пайдаланушыға кесте бойынша су беруге кепілдік беріледі.

20 тақырып.  Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1.Босалқы жерлердің түсінігі мен құрамы.

2.Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі.

3.Босалқы жерлерді пайдалану.

Негізгі ұғымдар: босалқы жерлер, босалқы жерлерді мемлекеттік басқару, босалқы жерлерді пайдалану.

1. Босалқы жерлердің түсінігі, жалпы сипаттамасы. Б осалқы жерлерді беру және пайдалану тәртібі. Меншікке немесе жер пайдалануға берілмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады.

Ядролық қару сынақтары жүргізілген жер учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен босалқы жер құрамына ауыстырылады. Аталған жердің құқықтық режимі осы Кодекстің 143-бабына сәйкес айқындалады.

Босалқы жер оны басқа санаттарға ауыстырғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің қажеттері үшін және өзге де мақсаттар үшін меншікке немесе жер пайдалануға беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абдрашов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана: проблемы развития, процессуальные формы реализации. М.: Юристь, 2007.454 бет.
  2. Байдельдинов  Д.М. Экологическое законодательство Республики Казахстан (проблемы совершенствования, перспективы развития). Алматы: Жеті жарғы, 1995. 188 бет.
  3. Бектурганов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы: Жеті жарғы, 1997. 240 бет.
  4. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Шъяшенко М.Л Предмет и система советского земельного права. Алма-Ата: Наука, 1981. 207 бет.
  5. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002.
  6. Петров В.В. Земельное право России. М.: Зерцало, 1998.
  7. Стамщлов Ә.С. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Тараз: Атамұра, 2003. 450 бет.
  8. Стамщлов А.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы.Алматы: Заң әдебиеті баспасы. 2005.
  9. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. Алматы, 2001.
  10. Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Алматы: БОРКИ, 1997. 295 бет.

 

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абдраимов Б.Ж. Земельное законодательства и судебная практика. Алматы, 2002.
  2. Абдраимов Б.Ж. Жаршкасын Е. Возмещение экологического вреда по законодательству Республики Казахстан. Алматы: Юрист, 2001.
  3. Абдраимов Б.Ж. Процессуальные особенности разрешения земельных споров. Алматы, 2003.
  4. Абдраимов Б.Ж. Земельные споры; порядок их разрешения в Республике Казахстан:  Автореф. дис. канд. юрид. наук. Алматы, 1995. 24 бет.
  5. Айгаринова Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер төлемдері. Оқу құралы. Алматы: Юрист, 2008. 163 бет.
  6. Байдельдинов Д.Л. Правовой механизм государственного управления в области экологии. Алматы: Қазақ университеті 1998. 98 бет.
  7. Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы: Жеті жарғы, 1993. 205 бет.
  8. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. Алматы: Интерлигал, 2004. 312 бет.
  9. Бекишева С.Д- Экологическое право Республики Казахстан: Учебное пособие. Караганда, 2001. 173 бет.
  10. Бектурганов А.Е. Надо учитывать национальные традиции//Юридическая газета, № 10, 1999. 10 марта.
  11. Вещные права в Республике Казахстан / Под ред. М.К.Сулейменова. Алматы: Жеті жарғы, 1999. 360 бет.
  12. Галятин М.Ю. США: Правовое регулирование использования земель. М.: Наука, 1991. 265 бет.
  13. Дусипов Е.Ш. Жерге жеке меншік құқығының негіздері: Заң ғыл. канд. дне. автореф. Алматы, 2001. 25 бет.
  14. Жетписбаев Б.А. Аграрное право Республики Казахстан. Алматы: Дәнекер, 2000. 174 бет.
  15. Ерәли Ә. Жер меншігінін құқықтық негіздері. Алматы: Шартарап, 1996. 51 бет.
  16. Еренов А.Е. Возникновение и развитие социалистических земельных правоотношений в КазССР. Алма-Ата: Изд.НАН КазССР, 1963.
  17. Еренов А.Е. Очерки по истории феодальных земельных отношений у казахов. Алма-Ата: Изд. 60 АН КазССР, 1961.
  18. Еркінбаева Л. К. Қазақстан Республикасынын шаруа (фермер) қожалығының қызметін құқықтық реттеу. Окқу құралы. Алматы: Баспа, 2000. 44 бет.
  19. Еркинбаева Л.К. Правовое регулирование возмещения вреда земле: Автореф. на соиск. уч. степ, к.ю.н. Алматы. 1995.
  20. Нурахметова Г.Г. Правовое регулирование сделок в сфере земельных отношений: Учебное пособие. Алматы, 2004.
  21. Косанов Ж.Х. Правовая охрана земель сельскохозяйственного назначения: Автореферат на соиск. уч. степ, к.ю.н. Алматы. 1983.
  22. Косанов Ж.Х. Право собственности на землю, право землепользования и иные права на землю. Алматы: Дәнекер, 2002.
  23. Краснов Н.И. О соотношении земельного и гражданского права при переходе к рыночной экономике»// Государство и право. 1994. № 7.
  24. Культелеев С.Т. Аграрное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебник. Алматы: НА8, 2005. 320 бет.
  25. Культелеев С.Т. Государственно-правовой механизм регулирования рационального использования и охраны земель // Право и государство. 2000. №1-2(16-17).
  26. Серикбаева Ш.Б. Государственная регистрация прав на землю в Республике Казахстан: проблемы теории и практики: Учебное пособие. Алматы, 2005.
  27. Стамкулов А.С. Правовой режим историко-культурного, рекреационного и лечебно-оздоровительного назначения // Фемида, 2000. № 8.
  28. Стамкулов А.С. Проблемы земельного законодательства в Казахстане // Юридическая газета. 2000, 1 марта.
  29. Стамкулов А.С., Бектурганов А.Е. Некоторые вопросы права собственности на землю в Республике Казахстан //Вестник Минюста Республики Казахстан. 1995. № 2.
  30. Холмуминов Ж.Т. Эколого-правовые проблемы использования орошаемых земель в Республике Казахстан. Ташкент, 1996.   232 бет.
  31. Земельное право: Учебник для вузов / Под ред. С.А. Боголюбова. М.: Норма, 2000. 400 бет.
  32. Ерофеев Б.В. Земельное право. М.: Новый Юрист. 1998. 256.
  33. Ларионов Т.Н., Улюкаев В.Х., Макаров О.Н. Земельное право России. М.; 1997. 356 бет.
  34. Крассов О.И. Земельное право. М.: Юристъ, 2004. 71.
  35. Коростелев С.В. Земельное и лесное право. СПб: Полиус, 1998. 204 бет

Негізгі нормативтік құқықтық актілер  тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995,30тамыз//Юрист анықтама жүйесі.
  2. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 2003, 20 маусым // Юрист анықтама жүйесі.
  3. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 каңтар // Ресми басылым.
  4. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. 2003 жылғы 8 шілде // Юрист анықтама жүйесі.
  5. Қазақстан Республикасының Су кодексі. 2003 жылғы 9 шілде // Юрист анықтама жүйесі.
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1995 жылғы 1 каңтар //Юрист анықтама жүйесі.
  7. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі: 2002 жылғы 1 қаңтар// Юрист анықтама жүйесі.
  8. Қазақстан Республикасынын Қылмыстық кодексі: 1997 жылғы 16 шілде // Юрист анықтама жүйесі.
  9. Қазақстан Республикасының Шаруа фермер қожалығы туралы Заңы. 1998. 30 наурыз//Юрист анықтама жүйесі.

10.Қазақстан Республикасы. Бағалау қызметі туралы заңы. 
2000 жылғы 30 караша // Юрист анықтама жүйесі.

11. Қазақстан Респубяикасының Салық және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер туралы Заңы. 2009 жылғы 1 каңтар// Юрист анықтама жүйесі.

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы № 310 Заңы // «Егемен Қазақстан». 2007 жылғы 9 тамыз № 237-238.
  2. Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-Ш ҚРЗ // Юрист анықтама жүйесі.
  3. Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы // Егемен Қазақстан. 2006,21 шілде.
  4. Қазақстан Республикасынын «Теміржол көлігі туралы» Заңы. 2001 жылғы 8 желтоқсан// Юрист анықтама жүйесі.
  5. Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңы. 2001 жылғы 17 шілде //Юрист анықтама жүйесі.
  6. Қазақстан Республикасының «Қорғаныс және Қарулы күштері туралы» Заңы. 1993 жыл, 9 сәуір // Юрист анықтама жүйесі.
  7. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы. 1999, 18 мамыр // Юрист анықтама жүйесі.

 

Ескерту: білімгер ұсынылған әдебиеттерден басқа да басылым материалдарын қолдануына құқығы бар.

 

 

 

Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

 

Сабақтың тақырыбы және мазмұны

Сағат саны

Апта

 Өткізу формасы

1

Тақырып: Жер құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

1.Жер құқығының құқық  саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретіндегі түсінігі.

2.Жер құқығының пәні.

3.Жер құқығының әдістері  және жүйесі.

4.Жер құқығының басқа  құқық салаларымен байланысы  және арақатынасы.

1

1-апта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд шоу

2

Тақырып: Қазақстан Республикасының жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары.

  1. Жер құқығының қағидалары.
  2. Жер заңнамасының міндеті.
  3. Жер заңнамасының мақсаты.

3

Тақырып: Жер құқығының қайнар көздері.

1. ҚР Конституциясы,  заңдары және заңға сәйкес  актілері.

2. ҚР Президентінің жарлықтары, жергілікті өкілді және атқарушы оргадардың шешімдері.

3. Жер қатынастарын  реттеуде сот тәжірибесінің рөлі.

4

Тақырып: Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы.

1.Қазақстанның Ресей  құрамына кіргенге дейінгі жер қатынастары.

2. Ресей құрамында болған кезеңдегі жер қатынастары.

3. Кеңестік кезеңдегі  жер қатынастары.

4. Егеменді Қазақстанның  жер қатынастары.

1

2-апта

Слайд шоу

5

Тақырып: Жер-құқық қатынастары.

1. Жер құқық қатынастарының  түрлері.

2. Жер құқық қатынастарының мазмұны.

3. Жер құқық қатынастарының  пайда болу, өзгеру және тоқттылу  негіздері.

1

3-апта 

Слайд шоу

6

Тақырып: Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар.

1.Меншік иелерінің  және жер учаскесіне басқа  да құқықтарының субъектілерінің құқықтары мен міндетері.

2. Жер учаскесіне меншік  құқығын жүзеге асыру механизмі.

3. Жер учаскесіне меншік  құқығының мазмұны.

1

4-апта 

Слайд шоу

7

Тақырып: Жер пайдалану құқығы.

1.Мемлекеттік және  мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері.

2. Қызметтік жер телімінің  түсінігі мен құқықтық тәртібі.

3. Сервитуттың түсінігі  мен пайда болу негіздері.

4. Жер учаскесән және  жер пайдалану құқығын кепілге  беру.

1

5-апта 

Слайд шоу

8

Тақырып: Жерге ақы төлеу.

1.Меншіктегі жер учаскелеріне  және жеке меншікке жер учаскесін  берген кезде төленетін ақы.

2. Тұрақты, уақытша  пайдаланудағы, арендадағы жер  учаскелеріне төленетін ақы.

3. Жер учаскесін басқа  арендаға берілгенде төленетін  ақы.

1

6-апта 

Слайд шоу 

9

Тақырып: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.

1. Қазақстан Республикасының  жер қорының түсінігі мен құрамы.

2. Жер қорын бөлу  қағидаттары.

3. Жер қорын мемлекеттік  басқарудың түсінігі.

1

7-апта 

Слайд шоу 

10

Тақырып: Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.

1.Жерді тиімді пайдалану  мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың  мақсаттары мен міндеттері.

2. Жерді пайдалану  мен қорғауға мемлекеттік бақылауды  жүзеге асыратын органдар мен  лауазымды тұлғалар.

3. Жерді пайдалану  мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың қызметі.

1

8-апта 

Слайд шоу

11

Тақырып: Жерге орналастыру, жер мониторингі мен жер кадастры.

1.Жерге орналастыруды  жүзеге асырудың мақсаты, түсінігі  және мазмұны мен тәртібі.

2. Жерге орналастыру  процесінің  қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері.

3. Жер мониторингін  жүргізудің мақсаты, мазмұны және  тәртібі.

4. Жер кадастрының  түсінігі мен мазмұны.

1

9-апта 

Слайд шоу

12

Тақырып: Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері.

1.Жер құқығы теориясында  жер іс жүргізуінің түсінігі.

2. Жер іс жүргізушілік  нормалары және олардың түрлері.

3. Жер іс жүргізуінің  азаматтық және қылмыстық іс  жүргізулермен арақатынасы.

1

10-апта 

Слайд шоу

13

Тақырып: Жер заңдары бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Жер дауларын шешу.

1.Жер дауларын сотта  шешудің тәртібі.

2. Жер учаскелерінің  меншік иелері мен жер пайдаланушыларға  келген шығынды өтеу тәртібі.

3. Жер дауларын соттарда  шешудегі іс жүргізушілік ерекшеліктері.

1

11-апта 

Слайд шоу 

14

Тақырып: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

1. Ауыл шаруашылық  мақсатындағы жерлердің түсінігі  мен жалпы сипаттамасы.

2. Ауыл шаруашылық  мақсатындағы жерлердің құқықтық  тәртібі, суарылатын жерлердің  құқықтық тәртібінің ерекшеліктері.

3. Жерлерді жеке қосалқы  ауыл шаруашлылығына, бағбандыққа  және саяжай құрылысын салу  үшін беру мен пайдалану ерекшеліктері.

1

12-апта 

Дискуссия,

схемалар, слайдтар

15

Тақырып: Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі.

1.Елді мекен жерлерін  басқару.

2. Елді мекен жерлерінің  қоныстану шегін белгілеу мен  өзгерту тәртібі.

3. Елді мекен жерлерін пайдалану.

16

Тақырып: Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.

1. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібінің түсінігі мен ерекшеліктері.

2.Өнеркәсіп, көлік,  байланыс, қорғаныс және басқа  да ауыл шаруашылығына арналмаған  жерлерін пайдалану ерекшеліктері.

3. Жерді ерекше пайдалану жағдайларындағы аймақтардың мақсатты тағайындалуы мен олардың түрлері.

1

13-апта 

Схемалар,  слайдтар

17

Тақырып: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлерінің, сауықтыру, рекреаациялық және тарихи- мәдени мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі, ерекшелігі және құқықтық тәртібі.

2. Ерекше қорғалатын  табиғи аумақ жерлерінің күзет  және өзге де қорғаныш аймақтарының  мақсатты пайдалануы мен құқықтық  жағдайы.

3. Сауықтыру, рекреациялық  және траихи-мәдени мақсаттағы жерлердің түсінігі, ерекшелігі мен құқықтық тәртібі.

1

14-апта

Слайд шоу

18

Тақырып: Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.

1.Орман қоры жерлерін  басқару.

2. Орман қоры жерлерін  ауыл шаруашылық мақсаттары үшін  пайдалануға беру.

3. Орман ұашруашылық өндірісіне келген шығынды өтеу тәртібі мен негіздері.

1

15-апта

Дискуссия,

схемалар, слайдтар

19

Тақырып: Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.

1. Су қоры жерлерін  басқару.

2. Су қоры жерлерін  пайдаланудың құқықтық тәртібі.

3. Су қорғау аймақтарының және су белдеулерінің құқықтық жағдайы.

20

Тақырып: Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі.

1.Босалқы жерлердің  түсінігі мен құрамы.

2.Босалқы жерлерді  мемлекеттік басқару.

3.Босалқы жерлердің  құқықтық тәртібі.

4.Босалқы жерлерді  пайдалану.

 

Барлығы

15

   

Информация о работе Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің