Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 14:20, реферат
«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға арналған.
Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).
Пәннің постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».
Темір жол көлігінің кажеттеріне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілетін нормативтер бойынша беріледі.
Тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлігі кажеттеріне арналып бөлінген белдеуге іргелес жер учаскелеріндегі объектілерді кауіпсіз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аимактары белгіленеді, олардың шегіңде аймақтарды белгілеу максаттарына сай келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.
Автомобиль көлігі қажеттеріне арналған жерге:
1) автомобиль жолдарына, олардың
конструкциялық
элементтері мен
жол ғимараттарына және олармен технологиялық
байланысқан құрылыстар және ғимараттарға;
2) автовокзалдар мен
автостанцияларды, автомобиль көлігінің
баска объектілерін және жер беті мен
жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын,
кұрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау,
салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшін
кажетті жол шаруашылығы объектілерін
орналастыру үшін;
3) автомобиль
жолдарына бөлінетін
3. Қорғаныс жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері. Қорғаныс жерлері дегеніміз - Казақстан Республикасы Үкіметі корғаныс пен қауіпсіздік саласыңда міндеттер атқаратын Карулы күштер ұйымының әскери бөлімдерін, әскери полигондарын, әскери-оқу орындары мен басқа да ұйымдарын жөне баска әскерлерді, олардың объектілері мен кұрылыстарын орналастырып, тұрақты жұмыс істеуі үшін берілген жерлер. Қорғаныс мақсатындагы жерлер жеке меншікке берілмейді, тек мемлекеттің меншігінде болады.
Қорғаныс қажеттеріне байланысты жаттығулар мен басқа да іс-шаралар жүргізу үшін жерді уақытша пайдалану қажет болған жағдайда жер учаскелерінің меншік иелерінен жөне жерді пайдаданушылардан жер учаскелері алып қойылмайды.
Қорғаныс максатыңдағы жерлерді іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануы мүмкін, бұл жағдайда рұқсатты облыстық атқарушы орган береді.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
4. Байланыс және энергетика
Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерлер дегеніміз - тиісті инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жерлер. Аталған жерлерде күзет аймақтары белгіленеді. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан, оңдағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса жер учаскесі.
Байланыс желілерінің сақталуын, техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылғылардын пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында күзетілетін аймақтар мен соқпактар белгіленеді, олар жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табыла-ды. Күзетілетін аймақтарға енгізілген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленеді. Мұндай жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды. Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібін және олардағы жұмыс режимін уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.
Энергетика жерлері сәйкес энергетикалық объектілерді орналастыру үшін аумақтык кеңістік ретінде танылады. Энергетика жерлері екі түрге бөлінеді:
гидроэлектростанцияларды, атом станцияларын, ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды сақтайтын қоймаларды, жылу бекеттерін орналастыру үшін арналған жерлер;
электр таратудың әуе желілерін, электр таратудың кабель желілерінің жер бетіндегі кұрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пункттерін, энергетиканың басқа да кұрылыстары мен объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер учаскелері. Тұрғын халыктың кауіпсіздігін камтамасыз ету және энергетика мен байланыс объектілерін пайдалануға жағдай жасау үшін, белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс нормалары мен ережелері, электр желілері мен байланыс желілерін корғау ережелері және баска да норматив кұжаттардың негізінде электр желілері мен байланыс желілерін күзету аймақтары белгіленуі мүмкін.
17 тақырып.
Ерекше қорғалатын табиғи
Жоспар:
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі. Пайдалану ерекшеліктері.
2. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердің түсінігі.
3.Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің түсінігі, құрамы, олардың құқықтық жағдайы.
Негізгі ұғымдар: сауықтыру жерлері, тарихи мәдени мақсаттағы жерлер, ұлттық дендрологиялық жерлер, зоологиялық парктердің жерлері.
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі. Пайдалану ерекшеліктері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңмен және Жер кодексімен реттеледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне биосфералық, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік қорық аймақтарының, мемлекеттік табиғи қорықшалардың, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендродогиялық парктердің, мемлекеттік табиғи қорық-сепортерлердің жерін қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың жері жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар:
Бұл жерлер ерекше қорғалатын табиғи, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық, сауықтыру немесе өзге құндылығы болуы қажет;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға, сондай-ақ оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға жол берілмейді. Яғни шаруашылық айналымнан толығымен немесе ішінара алынып тасталған;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады. Бұл жерлерде қорғаудың ерекше режимі белгіленген;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері толық немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескеріле отырып, төлем шартымен пайдаланылады.
Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру кезінде жер учаскелері басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері табиғат қорғау мекемелеріне жедел басқару құқығымен беріледі. Соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар тұрақты пайдаланылған ал басқа тұлғаларға тек қана уакытша пайдалануға келесі мақсаттар үшін бұл: ғылыми; мәдени-ағартушылық; оқу; туристік және рекреациялық; шектеулі шаруашылық мақсатына.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлерінде үш режим қолданылады:
Қорықтық режим;
Заказник режимі;
Шаруашылық қызмет режимі.
Қорық режимінде кез келген қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаны жай күйіне зиянды ықпал жасайтын барлық қызмет түрлеріне тыйым салынады.
Заказник режимі шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде, белгілі бір арнаулы жерде ғана қоршаған ортаға зиян келтірмейтін қызметтерге рұқсат етілген. Мысалы, ағаш кесуге, аң және балық аулауға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат етіледі тек қана белгілі бір маусымда, мерзімде.
Шаруашылық қызмет режимі, табиғи кешенмен шектеулі түрде пайдалануға, сонымен катар, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың табиғи кешендерге және мемлекеттік табиғи қорық қорына зиян тигізбейтін әдістермен тәсілдерді қолдана отырып, шаруашылық қызметтің әдеттегі түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.
2. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердің түсінігі. Осы жерлерді пайдаланудың тәртібі және жағдайы. Сауықтыру мақсатындағы жерлер дегеніміз - табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелерінің жүйесі.
Адам ауруының алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерінде Қазақстан Республикасының зандарына сөйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгіленеді.
Сауықтыру мақсатындағы жердің күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимін жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындайды.
Белгіленген санитарлық режимге сәйкес осы жер учаскелерін шаруашылық айналымынан толығымен алып қою (санитарлық-қорғау аймағының бірінші белдеуі) көзделетін жағдайларды қоспағанда, санитарлык-қорғау аймақтары шегіндегі жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер осы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылады (сатып алынады).
Жер учаскелерін санитарлық-қорғау аймақтарының екінші және үшінші белдеулері шекарасында пайдалану осы аймақтарды күзетудің белгіленген режимі сақтала отырып жүзеге асырылады.
Рекреациялық мақсаттағы жер дегеніміз — халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демалысы мен туризміне арналған және сол үшін пайдаланылатын жер.
Рекреациялық максаттағы жер құрамына демалыс үйлері, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектілері, туристік базалар, стационарлық және шатырлы туристік-сауықтыру лагерьлері, балықшы және аңшы үйлері, орман парктері, туристік соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлері, осы сиякты басқа да объектілер орналасқан жер учаскелері кіруі мүмкін. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлері де жатады.
Рекреациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі мен режимін жергілікті өкілді жөне атқарушы органдар белгілейді.
Рекреациялық максаттағы жерде олардын нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кызметке тыйым салынады.
5. Тарихи-мәдени мақсаттағы
Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тарихи-мәдени мақсаттағы жерге жаткызылған жер учаскелері оның меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды.
Жергілікті атқарушы органдар тарихи-мәдени мақсаттағы жердің жекелеген учаскелерінде, соның ішінде зерттеуге және сақтап қоюға жататын мәдени мұра объектілерінде кез келген шаруашылық қызметіне шектеу қоюы мүмкін.
18 тақырып.
Орман қоры жерлерінің
Жоспар:
Негізгі ұғымдар: орман қоры жерлері, орман қоры жерлерінің құрамы, орман қоры жерлеріне меншік құқығы, орман қоры жерлерін пайдалану.
1. Орман коры жерлерінің түсінігі, құрамы. Қазақстан әлемнің орманы аз елдердің катарына жатады. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 26464,2 мың гектар. Орман орналасқан аумақ 12374,1 мың гектар, олардың ішінде 896,7 мын гектар - қолдан отырғызылған ормандар. Қазақстанның орманды аумағы 4,2% құрайды. Республика аумағының небары 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет.
Информация о работе Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің