Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 14:20, реферат

Краткое описание

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға арналған.
Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).
Пәннің постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».

Файлы: 1 файл

Жер құқығы бакалавриат .doc

— 2.41 Мб (Скачать)

      отырды. Бұл кезеңде басшылыққа партия шешімдері ерекше орын алады.

      Төртінші кезең қазіргі кезең. 1993ж. 28 қаңтардағы Конституция тек мемлекет   

      меншігі деп таныды. 1995 ж. Конституция жерді жеке меншікке беру   

      мүмкіндіктерін қарастырды. 90 ж. 16 қарашада Қазақ ССР ның Жер Кодексі   

      қабылданды. Бұл Кодекс 95 жылдың соңына дейін жұмыс істеді.

       1995 ж. бастап қазіргі күнге дейін егеменді Қазақстан тарихында үш жер заңы   

       қабылданды.

       1.1995ж.22 желтоқсан президенттің заң күші бар жарлығы жер туралы.

       2. 24 қаңтар 2001 ж. жер туралы заңы қабылданды.

       3. 2003ж. 20 маусымында жаңа Жер кодексі қабылданды.

 

 

3 тақырып.  Жер құқығының қайнар көздері.

Жоспар:

  1. Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі және белгілері.
  2. Жер құқығының қайнар көздері мен жер жер заңнамасының арақатынасы.
  3. Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі (заң күші бойынша; әрекет етуі бойынша; құқықтық қатынатары реттеу шеңбері бойынша; актіні қабылдаған орган бойынша).

Негізгі ұғымдар: жер құқыңының қайнар көздері, заңдар, сот тәжірибесі.

1. Жер құқығыньң қайнар көздерінің түсінігі және белгілері. Жер құкығының қайнар көзі болып жер қатынастарын реттейтін нормативтік актілер табылады. Мұндай нормативтік құқықтық актілер келесідей белгілерге жауап беруі тиіс: алдымен, аталған актілер мемлекеттік биліктің тасушысы болуы қажет, екіншіден, бұл актілер нормативтік сипатта, яғни бірнеше рет колданатын сипатта болуы кажет, үшіншіден, бұл актілер бірнеше субъектілерге бағытталған болуы тиіс және барлык субъектілер орындауы тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституииясының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып табылады, сол себептен жер зандары да Республиканың барлық аймағы үшін бірдей болып табылады.

Жергілікті  органдар жер заңдарына жататын нормативтік-актілер шығаруға құқылы және олар барлық әкімшілік бөліністерінде бірдей күшке ие болады. Бұл жер құқығы субъектілерінің құқықтық дәрежесі, басқа аумақта орналасқан жер құқығы субъектісінің құқықтық дәрежесіне тек Республикалық зандарда керсетілген жағдайларда ғана ерекшеленуін білдіреді. Жалпы құқықтың қайнар көздері мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің сыртқы нысаны болып табылады. Мемлекеттің еркі құқықтың қайнар көздері арқылы барлығына бірдей сипатқа ие бола алады.

Жер құқығынық кайнар көздері дегенміз - өз құзыреті шегінде мемлекеттік билік органдарымен қабылданған жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық келісімшарттардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың негізгі мақсаты — мемлекеттің жер саясатын білдіре отырып оны жүзеге асыру. Бұл жерде сот прецеденттерінің әдет-ғұрып ережелері есепке алынбайды.

Белгілері:

  • Жер қатынастары саласындағы мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған;
  • Жер қатынастарын реттеуге бағытталған;
  • Бірнеше рет қолданылады;
  • Жер құкық қатынастары субъектілерімен орындалуға міндетті болып табылады.

2. Жер құқығының қайнар көздері мен жер заңнамасының арақатынасы. Жер құқық теориясында жер кұқығының қайнар көздері мен жер заңнамасы деген ұғымды өзара ажырата білген дұрыс. Себебі жер құқығының қайнар көздері кең мағынада қарастырылатын ұғым болса, жер заңдары тар мағынада қарастырылады. Жер құқығының кайнар көздері ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Азаматтык кодексі т.б. жер құқық катынас-тарын реттеу барысында қолданылатын өзге де актілер де болуы мүмкін. Ал, жер құқық зандары жер кұқық қатынастарын реттеуге бағытталған және тікелей аталған салада қолданылады. Мәселен, Жер кодексі, Шаруа (фермер) қожалығы туралы заң, т.б. Жер құқығының кайнар көздеріне қарамас бұрын, жер заңдарының мақсаты мен міндетін анықтап алу қажет. Казақстан Республикасының колданыстағы жер заңын саралай отырып, келесі жайттарды бөліп алуға болады. Жер құкығы зандарының міндеттері мен мақсаттары заң актілерінде айтылғанымен, ғылыми зерттеулерде және оқулыктарда арнайы зерттелмеген. Осы ұғымдардың анықтамасы мен мәнін ашу ғылым үшін де, білім үшін де, өзекті мәселе болып саналады.

3. Жер заңнамасының мақсаты мен міңдеттері. Қазақстан Республикасы жер заңнамасын теориялық тұрғыдан зерделей отырып, жер заңнамасының келесідей мақсаттары мен міндеттерін бөліп қарастыруға болады. Жер зандарының максатына мыналар жатады:

  • өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметін басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
  • тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді камтамасыз ету;
  • жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялык нормативтерін гожірибеге енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасы жер зандарының міндеттері:

  • жер учаскесіне меншік кұқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін;
  • жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

- жерді ұтымды пайдалану мен корғауды,топырақ құнарлылығын ұдайы калпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жаксартуды камтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;

  • шаруашылык жүргізудің барлық нысандарын тең құкықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
  • жеке жөне занды тұлғалар мен мемлекеттін жерге құкықтарын қорғау;
  • жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту;
  • жер қатынастары саласында зандылықты нығайту болып табылады.

4. Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі (заң күші бойынша; әрекет етуі бойынша; құқықтық қатынастарды реттеу шеңбері бойынша; актіні қабылдаған орган бойынша). Жалпы жер құқығы нормалары олардың көпшілікпен қабылдануы үшін ерекше жазбаша мәтінде болуы керек. Оған құзыретті органдармен кабылданған нормативтік құкықтық актілер жатады.

Жер құқығының көпшілік нормалары, нормативтік құжаттарда жазбаша бекітіледі: зандар, Президент жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары және т.б. Нормаларды былайша жеткізу құжатпен мүдделі тұлғалардың немеее орындаушы органдардың толық танысуына мүмкіндік жасайды. Бұл нормалардың негізгі жүзеге асыру құралы болып және оны сақтауды қамтамасыз етуге кызмет жасайды. Өйткені жазбаша мәтін құқықтық норманың мазмұнын анықтап ашып береді жөне кез келген мүдделі тұлға нормасының нақты мазмұнымен танысуын жеңілдетеді. Сондай-ақ мұндай көрсету нысаны әртүрлі нормаларды қарама-қайшылықрды салыстыра отырьш, жоғары деңгейде кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік береді.

Туынды нормативтік  құқықтық актілердің түрлеріне регламент, ереже, кағида, нұққаулар жатады.

Туынды түрдегі  нормативтік кұқықтық актілер негізгі  түрлердегі нормативтік-құқықтық актілер арқылы қабылданады немеее бекітіледі /немеее/ олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік-құқықтық актінің нормативтік-құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады (нормативтік-кұқықтық актілер туралы заңның 3-бабы).

Жер зандарының жүйесі де осы ережелерге бағынады. Жіктеу негіздері бойынша:

заң күші бойынша;

қодданылатын  аумақтық кеңістік бойынша;

реттелетін  қатынастардың түріне байланысты;

Заң күшіне байланысты зандар және заңға негізделген актілер болып бөлінеді.

 

4 тақырып. Қазақстан  Республикасындағы жер қатынастарын  құқықтық реттеудегі тарихы.

Жоспар:

1. Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдері. Жалпы сипаттамасы.

2.Кеңестік кезеңдегі жер қатынастары. «Жер туралы» декрет. «Жерді социализациялау туралы» заң.

3.Егеменді Қазақстандағы жер қатынастары. Қазақстан Республикасының жер қатынастарының нарық талаптарына сай дамуы.

Негізгі ұғымдар: жер қатынастары, егеменді Қазақстанның жер қатынастары.

  1. Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері. Меншік құқығы тікелей заңнан туындайтын бастапқы субъективтік құқықтың бірі болып табылады. Меншік құқығы иесіне езіне тиесілі мүлік – жер учаскесіне экономикалық тұрғыдан билік етуді бекітіп береді. Бұл құқық меншік иесіне тиесілі жер учаскесін өз карауы бойынша қоғамдык мүддені ескере отырып пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себептен, жерге меншік құқығы кез келген өзге мүлікке меншік құқығы сиякты шексіз емес. Жерге меншік құқығы деген үғымды екі түрлі, объективтік жене субъективтік мағынада қарастыруға болады.

Объективтік мағынада: Бүл ұғым жерге меншік құқығын жүзеге асырумен туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардынң жиынтығы болып табылады. Бұл нормалар Қазақстан Республикасының көптеген заңнамаларында орын тапқан. Мәселен, Қазасқтан Республикасының Жер кодексі, Азаматттык кодексі т.б.

Субъективтік мағынада: Бұл ұғым тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін занда керсетілген тәртіп пен шарттарды иелену, пайдалану және билік ету құқығын білдіреді. Жерге меншік құқығының мазмүнын иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.

Жер учаскесін иеленуқұқығы дегеніміз - занда қарастырылған шекте меншік иесінің іс жүзінде жер учаскесін иемдену құқығы. Мысалы: жер учаскесін қоршап алуы, жер учаскесіне меншік құқығын куәландыратын құжаттарды дайындауы т.б.

Жер учаскесін пайдалану  құқығы дегеніміз - жер меншік иесінің өзінің шаруашылық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер учаскесінің пайдалы касиеттерін алуды жүзеге асырудың заңмен камтамасыз етілген мүмкіндігі. Мысалы: жер учаскесіне дәнді-дақылдар егіп, өнімге меншік құкығын жүзеге асыруы, жер учаскесінде түрғын үй қүрылысын жүргізуі, мемлекеттік салык органдарының жер учаскесіне салык жинап алуы т.б.

Жер учаскесіне билік ету  құқығы дегеніміз - меншік иесінің занда рұксат берілген шекте езіне тиесілі жер учаскесінің занды тағдырын шешу құқығы. Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты оның нысаналы мақсатын езгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға құқылы. Жер кодексінің 33-бабына сәйкес, меншік иелері:

  1. ортақ пайдаланудағы;
  2. қорғаныс қажеттеріне берілген;
  3.   орман қорының;
  4. ерекше корғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялык және тарихи-мәдени мақсаттағы;
  5. кызметтік жер телімінің;
  6. уақытша өтеусіз және уакытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің;

7)кепілге беруді қоспағаңда, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша жер пайдалану қүкығымен берілген жер учаскелерінің;

8) су қорының жерінде  жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруды коса алғанда, жер пайдалану құқығына катысты мәмілелер жасасуына жол берілмейді.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес, жер занда көзделген шектер мен тәртіпте жеке меншікте болуы мүмкін. Жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншіктін бірдей корғалуы Жер кодексінде де бекітілген. Демек, жерге меншік құқығы екі түрлі нысанда болады. Олар: Жерге мемлекеттік меншік және жерге жеке меншік.

Жер учаскесіне азаматтар  мен мемлекеттік емес занды тұлғалардың жеке меншік кұқығын орнықтыру — бұл объективтік қажеттілік. Бұл мыналармен байланысты:

Біріншіден, орман және ауыл шаруашылығындағы жер учаскелері өндіріс кұралы ғана емес, сонымен қатар,орналасу жері, өндірістің және коғам мүшелері қызметінің базис — аумағы да болып табылады. Мүліктік сипаттағы объектілер (тұрғын, бағбандық, саяжайлык, өндірістік үйлер, құрылыстар, ғимараттар) мен жер құқығы қатынастарының (ғимараттың, құрылыстың жерін пайдалану, оларды күту, сол жерлерде бағбандыкпен және бақшалықпен айналысу) арасында тығыз байланыс болады.

Екіншіден, жер учаскесіндегі меншік объектілерін пайдалану мен жер учаскесін нысаналы максаты бойынша пайдалану құққығының субъектісі болып тек бір тұлға (жалға беруді есептемегенде) табылады. Тәжірибеде меншік құқығының объектілері немесе жер учаскесі берілетін жағдайларда (сату — сатып алуда, мұрагерлік жағдайында және тағы басқа) жоғарыда аталған екі объект те бірге беріледі.

Жердің меншік объектісі  ретіндегі ерекшелігі оның кеңістікте белгілі бір шекарада шектелуінен, жылжымайтындығынан және табиғи жағдайлармен коршаған ортаға тәуелділігінен байқалады.

 

5-6 тақырып. Қазақстан Республикасындағы жерге меншік және басқа да құқықтар.

Жоспар:

  1. Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері.
  2. Жерге мемлекеттік меншік құқығы. Объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері.
  3. Жерге жеке меншік құқығы. Объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері.
  4. Жер учаскесі жерге заттық құқықтың объектісі ретінде түсінігі, белгілері және түрлері.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің