Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 14:20, реферат
«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауға арналған.
Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).
Пәннің постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».
Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қолданылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі |
Максимальдық баға |
Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы лаборатиориялық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) |
100 10 30 35 25 |
Әр сабақта |
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 Тапсырма 6 Тапсырма 7 Тапсырма 8 Тапсырма 9 Тапсырма 10 |
100 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 Тапсырма 6 |
100 20 10 10 20 20 20 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 Тапсырма 6 Тапсырма 7 Тапсырма 8 Тапсырма 9 Тапсырма10 |
100 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 Тапсырма 6 Тапсырма 7 Тапсырма 8 |
100 10 20 10 10 20 10 10 10 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
Аралық бақылау 1: Жоба қорғау Жоба идеясы Жоба сипаттамасы Жобаның тұсаукесері |
100 10 50 40 |
3апта 6апта 8апта |
Аралық бақылау 2: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
15 апта |
*СӨЖ мазмұны силлабустағы
СӨЖге арналған кестеде
Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Тараулар бойынша лекция тақырыптары |
Сағат саны |
Апта |
Әдебиет |
1 |
Жер құқығының түсінігі, пәні және әдістері. |
1 |
1-апта |
1,2,4,5,9 |
2 |
Қазақстан Республикасының жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары. |
1,3,5,6,10,23 | ||
3 |
Жер құқығының қайнар көздері. |
1,2,4,6,9,11,16,19 | ||
4 |
Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы. |
1 |
2-апта |
1,2,4,7,21,25,29 |
5 |
Жер-құқық қатынастары. |
1 |
3- апта |
1,2,6,7,8,9,12,17,19 |
6 |
Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар. |
1 |
4-апта |
1,2,3,8,16,11,19,22,25 |
7 |
Жер пайдалану құқығы. |
1 |
5- апта |
1,2,3,8,16,11,19,22,25,30 |
8 |
Жерге ақы төлеу. |
1 |
6-апта |
1,2,3,5,9,10,17,19,20,22,24,28 |
9 |
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. |
1 |
7- апта |
1,2,3,4,5,21,15,19,10,6 |
10 |
Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. |
1 |
8- апта |
1,2,22,4,3,9,15,19,10, 11,8 |
11 |
Жерге орналастыру, жер мониторингі мен жер кадастры. |
1 |
9 - апта |
1,2,4,6,9,11,16,19 |
12 |
Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері. |
1 |
10 – апта |
1,2,4,7,21,25,29 |
13 |
Жер заңдары бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Жер дауларын шешу. |
1 |
11 - апта |
1,2,6,7,8,9,12,17,19 |
14 |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі. |
1 |
12-апта |
1,2,4,5,9 |
15 |
Елді мекен жерлерінің құыққтық тәртібі. |
1,3,5,6,10,23 | ||
16 |
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі. |
1 |
13-апта |
1,2,4,6,9,11,16,19 |
17 |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлерінің, сауықтыру, рекреаациялық және тарихи- мәдени мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі. |
1 |
14-апта |
1,2,4,7,21,25,29 |
18 |
Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі. |
1 |
15-апта |
1,2,6,7,8,9,12,17,19 |
19 |
Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі. |
1,2,3,8,16,11,19,22,25 | ||
20 |
Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі. |
|||
Барлығы |
15 |
Дәрістер кешені.
1 тақырып. Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі.
Жоспар:
1.Жер құқығының құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретіндегі түсінігі.
2.Жер құқығының пәні.
3.Жер құқығының әдістері және жүйесі.
4.Жер құқығының басқа құқық салаларымен байланысы және арақатынасы.
Негізгі ұғымдар: жер, жер құқығы, жер құқығының пәні, құқық саласы.
Жер - бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемі мен жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі.
Құқықтық және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер құқығының пәні болып объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары табылады.
Жердің айырықша ерекшеліктері болып оның көлемінің шектелгендігін, орналасу орнының тұрақтылығы, ауыспайтындығы және жылжымайтындығы табылады. Сонымен қатар, жер өз құрамы, құнарлығы, ландшафттығы, өсіп-өну мүмкіндігі, экологиялық, рекреакциялық және шаруашылық мақсаттары бойынша біртектес емес.
Жердің басқа да табиғи ресурстарымен, әсіресе, су ресурстарымен, жер қойнауымен, өсімдіктер әлемімен, соның ішінде, орманмен, байланысының мәні ерекше. Олар үшін де жер орналасқан орны және өмір сүру жағдайы болып табылады.
Олардың барлығы жер қатынастарының құқықтық реттеудің мазмұнына әсер етеді.
Әдіс дегеніміз пәнді құрайтын қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ету құралы. Жер құқығында құқықтық реттеу әдісі ретінде ҚР-ның жер заңдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, реттелген қоғамдық қатынастарға мемлекеттік құқықтық әсер етудің экологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері.
Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік әдісі қолданылады.
Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі «диспоноре» - «тандаймын») әдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскілерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.
Жерге табиғи объект ретінде экономикалық әдіс қолданылады, ол құқықтық реттеу пәнінің, яғни, жердің табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді.
Жер құқығы әдістерінің түрлері:
1) диспозитивтік;
2) императивтік;
Диспозитивтік әдістің түрлері:
1) ұсынушы;
2) санкциялаушы;
3) құқық беруші;
Императивтік әдістің түрлері:
1) құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы;
2) тыйым салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау);
3) экологиялық әдіс.
Жер құқығы өзінің жүйесі бар құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден құралады.
Жалпы ережелерден тұратын, әрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды.
Жер құқығының жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:
1) Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салалармен ара қатынасы;
2) ҚР жер заңдарының міндеттері, мақсаттары және қағидалары;
3) Жер құқығының тарихы;
4) Жер құқығының қайнар көздері;
5) Жер құқығы қатынастары;
6) Жерге меншік құқығы;
7) Жер пайдалану құқығы;
8) Жеке меншік құқығы мен пайдалану құқығындағы жер учаскілерінің құқықтық режимі;
9) Жерге жеке меншік құқығы жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өлтіру;
10)Жер үшін төленетін төлем;
11)Сервитуттар;
12)Жер құқығы
қатынастары саласындағы
13)Жерді қорғау,
мемлекеттік бақылау, жерге
14)Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық;
15)Жер даулары;
Жер құқығының ерекше бөлімі келесі институттардан тұрады:
1) Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің құқықтық режимі;
2) Елді мекен жерлерінің құқықтық режимі;
3) Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық режимі;
4) Ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық режимі;
5) Су қоры жерлерінің құқықтық режимі;
6) Орман қорлары жерлерінің құқықтық режимі;
7) Босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық ремимі.
2 тақырып. Қазақстан Республикасының жер заңнамасының міндеттері,
мақсаты және қағидалары.
Жоспар:
1. Жер құқығының қағидалары.
2. Жер заңнамасының міндеті.
3. Жер заңнамасының мақсаты.
Негізгі ұғымдар: жер қатынастары, жер қатынастарының даму тарихы,
жерге меншік.
Бірінші кезең өз бетінше бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Қазақстан аумағында Қазақ хандығының қалыптасуымен байланысты. Бұл
кезеңнің ерекшелігі арнайы жер заңдарының жоқ болуында.
2. Шыңғыс ханның отаршыларының саясаты. Қазақстанда осы кезеңде жер жеке
меншікке берілді ма әлде жоқ па ? Бұл жөнінде екі түрлі көз қарас бар.
а)жеке меншік болғанын мойындамайды. Бұл кезде жерге жеке меншік қоғам
меншігі.
б) Жеке меншік болғанын дұрыс деп қарайды.
Екінші кезең. Қазақстан Ресей империясына кірген кезден басталады. Бұл кезең
1749 жылдан басталады. 20 жыл бойы Ресей империясы қазақ жерінде отаршылық
саясатын жүргізіп отырып Ұлы және Орта жүздің жерлерін әскери күшпен басып
алады.Өз билігін жүргізу үшін қазақ жерінде Ресей өз өкіметін құрады. Олар
генерал губерниялар деп аталады. Жалпы алты генерал губерниялар болды. 1861 ж.
орыс шаруаларының крепостное право деген құқығы жойылды. Орыс шаруаларын
жақсы жерлермен қамтамасыз ету үшін Ресей Үкіметі көшіп қону саясатын жүзеге
асырды.
Үшінші кезең. Социалистік кезең 1917-1990 ж.
1917 ж. Жер туралы декреті шығарылды.
1919 ж. жерді социализациялау заңы шықты.
1921-28 ж.ж. арасында жер, су реформасы жүзеге асырылды.
1920 ж. Қазақ социалистік совет Республикасы құрылды. Оған дейін ол
автономиялық Республика болып табылады. 1936ж Қазақ ССР ның тұңғыш
конституциясы қабылданды.
1969ж. тұңғыш рет совет одағының жер заңдарының негіздері қабылданды.
Осының арқасында әр бір республикада өзіндік жер заңдарын қабылдауға әрекет
жасай бастайды.
1917-1971ж. дейін Қазақстанның жерін пайдалану тәртібін Ресейлік заңдар реттеп
Информация о работе Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің