Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 17:04, дипломная работа
Қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады.
Кіріспе.............................................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы.............................................................................7
1.1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары....................7
1.2 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде.........................................................25
1.3 Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер...........................................................................................................................34
1.4 Сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттары..................................35
2 Сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері..................43
2.1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері...........................................43
2.2 Жалпы сақтандыру саласының құқықтық негіздері..........................................49
2.3 Өзара сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................57
2.4 Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................62
2.5 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері.......................................................................................................65
2.6 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері........................................................................................................................73
Қорытынды...................................................................................................................81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................83
2 Сақтандыру
құқық саласындағы құқықтық
2.1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері
Бүгінде өмірді
сақтандыру ұлттық сақтандыру рыногының
жеке сақтандыру бөлігінде қарқынды
дамып жатқан сақтандыру саласының
бірі болып табылады. «Сақтандыру
қызметі туралы» Қазақстан
Ерікті сақтандыру нысанында жүзеге асырылатын өмірді сақтандыру сыныбы сақтаңдырылушы (сақтандырылған) қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру тәлемін төлеуді нысаналайтын сақтандыры-латын адамның (жеке тұлғаның) жеке басына қатысты сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді. Бұл ретте өмірді сақтандыру затына сақтандырылған тұлғаның (адамның) өмірі, сондай-ақ. сақтандыру жағдайлары басталған кезде өмір сүрудің белгілі бір деңгейін кепілдендіретін кірістер жатады. Өмірді ерікті сақтандыру тараптардың ерікықтиярына орай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі (өнімі) болып табылады.
Өмірді сақтандыру
объектілері ретінде
Өмірді сақтандыру
субъектілері сақтандырушы, сақтанушы,
сақтандырылушы (сақтандырылған) және
пайда алушы болып табылады. Өмірді
сақтандыру сақтандырушы әзірлеген
сақтандыру ережелеріне сай жүзеге
асырылады. Өмірді сақтандыру шарты
сақтандырушының сақтанушыға
Сонымен, өмірді сақтандыру тәуекелді сипатта көрініс табатын, сақтандыру объектісі сақтандырылатын адамның өмірі болып табылатын сақтандыру түріне жатады.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандырудың бір түрі болып табылатын аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жаска жеткен, (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) еңбек ету қабілетін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағ-дайларда немесе сақтандырылушының жекелей табыстарының кемуіне не одан айырылуына әкеп соққан өзге де жағдайларда шартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңімен зейнетақы не рента түрінде сақтандыру төлемаерін жүзеге асыру нысаналанатын жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып есептеледі. Бұл ретте жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген кезең тәмәмдалғанда не сақтандыру жағдайы басталғанда қайсысынық бұрын орын алуына орай сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейді [14,27].
Жинақтаушы сақтаңдыру апарты тек сақтандырылушы тұлғаның жеке басына байланысты жасасылуы ықтимал. Сақтандырушыны шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттейтін аннуитеттік сақтандыру шарты жинақтау-шы сақтандыру шарттарының. қатарына жатады. Аннуитеттік сақтандыру сақтанушының не сақтандырылған тұлғаның көзделген белгілі бір жасқа жетуіне не сақтандыру шартында белгіленген мерзімге жетуіне орай сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылғанга) қатысты сактандыру қорғауын (қамсыздандыруын) қамтамасыз ету мақсатында тиісті мөлшердегі сақтандыру төлсмдерін әр ай сайын (тоқсан сайын, жыл сайын да) жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелеріне байланысты болады. Аннуитеттік сақтандыру барысында сақтанушы сақтандырушыға тиесілі (келісілген) сақтандыру сыйлықақысын бір уақытта әрі толық көлемде немесе шартта белгіленген мерзім ішінде бөліп-бөліп төлеуге ат салысады. Осындай біруақытта төленетін сақтандыру сыйлықақысының сомасы не бөліп-бөліп жүзеге асырылатын сақтандыру жарнасының сомасы сақтандыру сомасынан аз болады. Өйткені сақтандыру компаниясының қарамағындағы сақтанлыру сомасының қаражаттары қосымша кіріс алу мақсатында инвестияланады. Осыған бай-ланысты сақтандыру тарифі инвестияланған қаражаттардан түскен кірістер шамасына азайтылады. Сақтандырылған тұлға сақтандыру компаниясы пайдаланып жатқан сақтандыру сомасынан ұдайы төлемдер нысанындағы рентаны алып отырады.
Аннуитеттік сақтандыру
өзінін мәні-маңызы бойынша зейнетақылық
сақтандыруға жақындайды. Себебі ол өзінің
еңбегімен бұрынғыдай табыс таба
алмайтын зейнеткерлк жастағы
Аннуитеттік шарттағы сақтандыру сомасы аталмыш шартта белгіленген кезеңділікпен (ай сайын, тоқсан сайын немесе жыл сайын) сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылған адамға) төлеуге тиіс аннуитеттің. сомасы болып табылады. Аннуитеттік сақтандыру жекелей және ұжымдық нысанда жүзеге асырылады. Аннуитеттік сақтаңдыру шартында сақтанушының сақтандыру жарналарын төлеуі жөніндегі әр түрлі мән-жайлардың орын алуы ықтимал. Осыған орай аталған шарттық қолданыста болу мерзімі бойынша сақтандыру жарналарын төлеу кезеңін (он жыл және одан әрі), күту кезеңін сондай-ақ, аннуитеггерді төлеу кезеңін атап көрсетуге болады.
Баяндалған осындай жағдаяттарға қоса Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-1 және 826-2-баптарындағы ережелерді қарастырып өтелік. Аталған Кодекстің 826-1-бабына орай сақтандыру жарнасын (бірінші жарнадан басқасын) жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде алмаған сақтандырушы тиісті сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі жөнінде сақтанушыны хабардар етуге міндетті. Осы хабарламада сақтандыру жарнасын төлейтін кезең (сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімін ұзарту кезеңі), сақтандыру жарнасын төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін есеппұлдың мөлшері, сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының мерзімін ұзарту кезеңі ішінде сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген жағдайда шарттың қолданылуын біржақты тәртіппен тоқтату құқығы көрсетілуге тиіс. Бұл орайда сақтандыру сыйлықақысының мерзімін ұзарту кезеңі отыз күнтізбелік күннен кем болмауға тиіс. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының төлену мерзімін ұзарту кезеңінде сақтандыру жағдайы басталса сақтандырушы берешек соманы ұстап қалып, сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
Сонымен қатар, осы
Кодекстің 826-2-бабына сәйкес: «Егер
жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы
сақтанушының сақтандыру жарнасын төлемеуі
негізіндегі тоқтатыла тұрса
немссе тоқтатылса, сақтанушы: 1) жинақтаушы
сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылған
кезде алынған сатып алу
«Өмірді сақтандыру»
саласынлағы сақтандыру өнімінің жаңа
түрі адам өмірінде белгілі бір оқиғаның
басталуын сақтандыру болып табылады.
Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуын
сақтандыру сақтандырылған адамның
өмірінде алдын ала ескерілген оқиға
(неке қию, үйлену) немесе баланың (нәрестенің)
дуниеге келуі) басталған жағдайда
тіркелген (келісімді) сомада сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру көзделінетін
жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығын
білдіреді. Қандай болмасын адамның
өмірінде орын алуы ықтимал белгілі
бір (күткен, күтілетін) оқиғаның басталуын,
былайша айтқанда балалардың тұрмыс
кұруына орай неке қиюға әрі уйлену
тойын өткізуге немесе ерлі-зайыпты
не жалғызілікті тұлғалардың өмірінде
күтілетін нәрестенің дүниеге келуіне
(баланың туылуына) байланысты іс-қимылдары
сақтандыру тиісті ата-аналардың, туған-туысқандардың
не таныс адамдардың (сақтанушылардың)
тарапынан жүзеге асырылады, Сақтандырудың
осы түрі сақтандыру жағдайының басталуы
сәтіне белгілі бір мөлшердегі қаражаттың
сақтаңдырылғанның пайдасына
Өмірде белгілі
бір оқиғаның басталуын сақтандыру
бойынша сақтандыру сомасының мөлшері
сақтандыру шартын жасасушы тараптардың
келісімі негізінде белгіленеді. Ал
төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының
мөлшері сақтанушы мен
Сақтанушының сақтандырушының инвестициялық кірісіне (табысына) қатысуы жолымен өмірді сақтандыру да жинақтаушы сақтандырудың жаңа түріне жатады. Сақтанушының сақтандырушының инвестициялық. кірісіне қатысуы жолымен өмірді сақтандыру инвестициялық қызмет нәтижесінде қосымша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру не сақтандыру сомасын ұлғайту арқылы сақтандыру ұйымы алатын табысты сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) қатысуы талап етіле отырып, сақтандырылушы (сақтандырылған адам) қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда тіркелген (нақтылы) сомадағы сақтандыру төлемін немесе зейнетақы не рента түріндегі сақтандыру төлемдерін төлеу нысаналанатын жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Өмірді сақтандырумен айналысатын сақтандыру ұйымдары осы сақтандыру түрінің ұзақ, мерзімді сипатын ескере отырып сақтанушыларды өздері алатын пайдаға (кіріске) қатысуға тартады. Осыған байланысты ашып көрсететін маңызды жәйт, сақтандыру ұйымы өзінің активі мен пассивіне жыл сайын бағалау жүргізуі барысында инвестициялық қызметінен алынған пайдасының бір бөлігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасын ұлғайтуға бағыттайды. Осы қосымша сома бонус деп аталады әрі ол сақтандыру жағдайы басталған кезде немесе сақтандыру шартының қолданыста болу мерзімі аяқталған кезде сақтанушының пайдасына төленуге жатады. Бонустарды есеп-теудің жыл сайынғы бонустар және тәмамдаушы бонус сияқты нысандары болады. Кіріске қатысу аркылы өмірді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері жоғары болғанымен, көптеген жағдайларда клиентгердің, мүдделілігін арттыру үшін жыл сайын есептелетін бонустар жыл сайынғы сақтандыру сыйлықақылары мөлшерін азайту мақсатында пайлаланылады.