Сақтандыру құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 17:04, дипломная работа

Краткое описание

Қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы.............................................................................7
1.1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары....................7
1.2 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде.........................................................25
1.3 Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер...........................................................................................................................34
1.4 Сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттары..................................35
2 Сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері..................43
2.1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері...........................................43
2.2 Жалпы сақтандыру саласының құқықтық негіздері..........................................49
2.3 Өзара сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................57
2.4 Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................62
2.5 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері.......................................................................................................65
2.6 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері........................................................................................................................73
Қорытынды...................................................................................................................81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................83

Файлы: 1 файл

дип.docx

— 150.74 Кб (Скачать)

Өмірді сақтандырумен  шұғылданатын сақтандыру ұйымдары алатын және бөлетін инвестициялық кіріс  алынатын көзіне қарай техникалық және қаржылық табыс болып бөлінеді. Қаржылық кіріс сақтандыру қорларын инвестициялау  есебінен құрылады. Демек, ол сақтандырушы жүзеге асырған инвестицияға кеткен процент пен сақтандыру сыйлыақысын  есептеп шығару кезінде салынған процент арасыңдағы айырмадан «өмірді  сақтандыру» және сақтандырушының  инвестициялық салымы құнының өсуінен, оларды іске асыру кезінде алынған кірістен қалыптасады. Ал техникалық, кіріс мынадай жағдайларда өлім-жітім көрсеткішінің өзгеруінен, былайша айтқанда қайтыс болу жағдайына жасасылатын сақтандыру шарты үшін жасалған өлім-жітім таблицасы бойынша есептелінген теориялық (болжамды) қайтыс болуға қарағанда сақтаңдырылғандардың фактілі қайтыс болуының төмендеуіне немесе белгілі бір жасқа дейін өмір сүрулеріне орай өлім-жітім таблицасыңда берілген теориялық (болжамды) қайтыс болуға қарағанда сақтандырылғандардың фактілі қайтыс болуының жоғарылауына байланысты алынатын кірістен, соңдай-ақ фактілі шығыстардың, сыйлықақының брутто-ставкасын есептеу кезінде сақтандыру сыйлықақысына көзделген үстеме мөлшерінен төмен болуына орай сақтандыру ісін жүргізуге жұмсалатын шығыстарды үнемдеуден алынған кірістен кұралады. Сақтанушыға (сақтандырылғанға) тиесілі бонустарды есептеу нақтылы сақтандыру шартының түріне байланысты болады.

Өзінің адами  ортаға байланысты ерекшелігіне қарай  «жалпы сақтандыру» саласындағы  сақтандыру өнімі жазатайым жағдайлардан сақтандыру «өмірді сақтандыру»  саласындағы сақтандыру қызметтерін  көрсету ауқымында көрініс табуға, былайша айтқанда өмірді сақтандыруға тікелей байланысты сақтандыру түрі ретінде жүзеге асырылуға тиіс деп  санауға болады. Осы жазатайым  жағдайлардан сақтандыру сақтандырылушы (сақтандырылған адам) жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, енбек ету қабілетін (жалпы не кәсіптік жағынан) толық немесе ішінара  жоғалтқан, сондай-ак оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда  жұмсалған шығыстарды тіркелген (кесімді) сомада және ішінара немесе толық  өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін  жүзеге асыру нысаналанатын сақтаңдыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жазатайым жағдайлардан сақтандыру жеке сақтандырудың кеңінен  таралған түріне жатады. Жазатайым  жағдай қандай болмасын, бұл ретте  сақтандырылған адамның ерік-ықтиярына  қарамастан күтпеген жерден басталған, сақтандырылушының организміне  сырттай әрі кенеттен термикалық, химиялык, электрлік, механикалық әсер ету салдарынан оның мертігуіне, денсаулығының  зақымдануына не қайтыс болуына әкеп соққан (соғатын) қысқа мерзімді, жойқын окиғаны білдіреді. Осы орайда жазатайым  жағдайлардан сақтандыру шарты бойынша  сақтандыру жағдайлары ретінде жазатайым  жағдайлардың өзі және еңбек ету  қабілетін уақытша жоғалту, еңбек  ету қабілетін тұрақты жоғалту, мүгедектік, еңбек ету қабілетін  кәсіби жағынан жоғалту, сақтандырылғанның  қайтыс болуы сияқты саддарлары есептелінеді. Сақтандыру объектісіне сақтандырушымен шарт жасасқан әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлғаның – сақтандырылған адамның мүліктік мүдделері жатады. Жазатайым жағдайлардан сақтандыруға орай сақтандыру сомасы, сақтанушы төлеуге тиіс сақтандыру жарнасының мөлшері және оны төлеу тәртібі, сақтандырушы жүзеге асыруға тиіс сақтандыру төлемінің мөлшері, осы сақтандыру түрі бойынша сақтандыру шартының қолданыста болу мерзімі тараптардың келісімі негізінде белгіленеді.

Ауыру жағдайынан сақтандыру жазатайым жағдайлардың салдарынан ауыруларды есепке алмағанда, сақтандырылушының (сақтандырылған адамның) ауыруына (науқастануына) және денсаулығына өзге де зиян келтірілуіне байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтанлыру төлемін жүзеге асыру  нысаналанатын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Ауыру жағ-дайынан  сақтандыру белгілі бір ауыруға  байланысты емделулІ сақтандыру қорғауымен қамтамасыз ететін денсаулықты сақтандыру нысаны ретінде осы емделу барысында  жұмсалатын шығындарды сақтандыру төлемін  төлеу жолымен қаржыландыруды көздейді. Ауыру жағдайынан сақтандыру жекелей, отбасылық және ұжымдық сақтандыру нысанында жузеге асырылуы ықтимал.

Демек, «Өмірді  сақтандыру саласының құқықтық негіздері» Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес, ұлттык сақтандыру рыногының өмірді сақтандыру саласында әлеуетті сақтанушы  мен сақтандырушының арасында ерікті немесе міндетті нысанда жасасылған өмірді сақтандыру, аннуитегтік сақтандыру, адамның өмірінде орын алуы ықтимал  белгі бір оқиғаның басталуын  сақтандыру, сақтаңдырушының инвестициялық  кірісіне сақтанушының қатысуына орай өмірді сақтандыру шарттары бойынша  сақтанушының (сақтандырылған адамның) өмірін, денсаулығын, белгілі бір  жасқа дейін өмір сүруін, қайтыс болуын, еңбек ету қабілетінен  не жұмысынан айырылуын, аннуитетін, өмірінде болуы (басталуы) ықтимал оқиғаны (неке қиюды — үйленуді, бала тууды), сақтандыру ұйымының инвестициялық  кірісіне қатысуы арқылы өмірін, сондай-ақ «Сақтандыру қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес жазатайым жағдайлардан және ауыру жағдайынан сақтандыру түрлерін біріктіруге орай денсаулығының  кенеттен зақымдануынан, мертігуінен, кәсіби ауыру түрінен сақтандыру мән-жайларын, сақтанушы мен сақтандырушының  құқықтырын және міндеттерін айқындайтын  әрі сақтандыру жағдайы орын алған  кезде сақтанушыға келтірілген  зиянды материалдық өтеу принциптерін, тәртібін және ережелерін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде сақтандыру құқығының Жалпы бөлімінің институтың қалыптастырады.

 

 

2.2 Жалпы  сақтандыру саласының құқықтық  негіздері

Қазақстан Республикасындағы  «жалпы сақтандыру» саласы «Сақтандыру  қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының. 3-тармағына сәйкес: 1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру; 2) ауырған жағдайдан сақтандыру; 3) автомобиль көлігін сақтандыру; 4) теміржол көлігін сақтандыру; 5)әуе  көлігін сақтандыру; 6) су көлігін  сақтандыру; 7) жүктерді сақтандыру; 8) осы  тармақтың 3-7 тармақшаларында аталған  сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру; 9) автомобиль көлігі иелерінің  азаматгық-құқықтық жауапкершілігін  сақтандыру; 10) әуе көлігі иелерінің  азаматтық.-құқықтық жауапкершілігін  сақтандыру; 11) су көлігі иелерінің  азаматгық-құқықтық жауапкершілігін  сақтандыру; 12) осы тармақтың 9-11 тармақшаларында  аталған сыныптарды қоспағанда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; 13) заемдарды  сақтандыру; 14) ипотеканы сақтандыру; І5)кепілдіктермен кепілгерліктерді сақтандыру; 16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру; 17) сот шығыстарынан сақтандыру тәрізді  және т.б. ерікті сақтандыру нысанындағы  сыныптарды қамтиды.

Бұл ретте бірден ескеретін жәйт, ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген  сыныбын (түрін) жүргізу мән-жайлары  бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген түрлері  шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер  қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды  реттеу және қадағалау жөніндегі  Қазақстан Республикасы агенттігінің нормативтік құқықтық актілерімен  белгіленеді. Қазақстан Республикасының  аумағындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының «жалпы сақтандыру» саласындағы  қызметі уәкілетті мемлекеттік  органның аталмыш сала бойынша берген лицен-зиясының негізіңде, сақтандырудың  осы лицензияда көрсетілген тиісті түрлері шегінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «жалпы сақтандыру»  саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек қана «жалпы сақтандыру»  саласындағы сақтандырудың барлық, түрлерін қайта сақтандыру жөнінде  лицензия алуға және қызметін жүзеге асыруға құқылы. Сақтандыру ұйымының «жалпы сақтандыру» бойынша қызметін «өмірді сақтандыру» саласындағы  қызметпен біріктіруіне, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруына тыйым салынады.

Жазатайым жағдайлардан және ауыру жағдайынан сақтандыруды жоғарыда, «өмірді сақтандыру» саласында  қысқаша сипатталуына байланысты енді тек «жалпы сақтандыру» саласының  қалған сақтандыру түрлерін қарастырамыз.

Автомобиль көлігін  сақтандыру тұлғалардың көлік құралының  осы түрін иеленуіне, пайдалануына әрі оған билік етуіне байланысты мүліктік мүдделеріне оның айдап  әкетілуін немесе ұрлануын қоса алғанда, автомобиль көлігінің зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген  залалды ішінара не толық мөлшерінде өтеу үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру нысаналанатын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Ерікті нысандағы сақтандырудын  осындай түрімен ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде тіркелуге  жататын автомобиль көлігі құралдары  қамтылады. Автомобиль көлігін сақтандыру бойынша сақтанушылар ретінде тұрғылықты азаматтар (жеке тұлғалар), қандай болмасын ұйымдық-құқықтық нысандағы занды  тұлғалар, елде тұрақты тұрып жатқан шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар (адамдар) көрініс табады. Осы орайда сақтандырылуға тиіс автомобиль көлігі құралдары қатарына жеңіл  автомобильдер, жүк автомобильдері, автобустар, автокрандар, авторефрижераторлар, спорттық автомобильдер, цемент және бетон  тасушы автомобильдер, бензин тасушы автомобильдер, жүк автофургондары, техникалық, көмек  көрсету автомобильдері, медициналық  жедел жәрдем автомобильдері, жүк  артушы автомобильдер және т.б. жатқызылуы ықтимал [17,43].

Автомобиль көлігін  сақтандыру мына: автомобиль көлігінің  жол-көлік апатының (соқтығысудың, аударылудын, кұлаудың), жарылыстың, өрттің, төтенше  жағдайлардың, су басып кетуінің, гараждағы  су құбыры мен жылу жүйесінің істен  шығуының, мұздың астына түсіп кетуінің, жануарлардың соққысының, үшінші тұлғалардың  құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің (бұзақы-лығының, ұрлауының, вандализмінің) салдарынан зақымдалуы, жойылуы немесе кейбір бөліктерінің жарамсыз болып  қалуы, сондай-ақ жоғарыда аталған оқиғалар нәтижесінде автомобиль көлігінің  тауарлықтүрін жоғалтуы сияқты келеңсіз жағдайлардың басталуына (орын алуына) орай жүргізіледі. Демек, автомобиль көлігі зақымдалудан, жойылудан және ұрлап  айдап әкетуден сақтандырылады.

Автомобиль көлігін  сақтандыру кезінде сақтандырушының  сақтанушыға тек оның тасымалдаушы құралының зақымдалуына немесе жойылуына  байланысты келтірілген зиянды (залалды) ғана (ішінара немесе толығымен) өтеуі  касконы сақтандыру деп аталады. Касконы сақтандыру кезінде сақтандыру объектісі толық күйінде шығарушы зауытта жасалған автомобиль көлігін ғана нысаналайды. Автомобиль көлігі жаңа күйіндегі автомобильдің рыноктық бағасы бойынша толық кұнына тең сомаға, қолданыстағы автомобильдің тозуы есепке алынған сомасына, сақтанушының автомобильді жалға берген ұйымның алдындағы жауапкершілігінің сомасына және т.б. мәнжайлары ескеріле отырып сақтандырылуы ықтимал. Сақтандыру сомасын есептеп шығару кезінде автомобильдің маркасы, моделі, шығарылған жылы, жүріп өткен жолы, мемлекеттік тіркеу нөмірі назарға алынады. Сақтандыру тарифін және сақтандыру сыйлықақысын есептеп шығару барысында автомобильдің мар~ касы мен моделі, тұрағының жағдайы (гараж немесе ақылы тұрақ), қорғау (айдап әкетуден корғау және т.б.) кұралының типі және тиімділігі, сақтандыру өңірі (қала не ауылдық жерлер), автомобиль құралының пайдаланылу мақсаты (жеке басына байланысты жол жүрулер, қызметтік автомобиль, өндірістік жүктерді тасымалдаушы, жекеше такси), сондайақ жүргізушінің біліктілігі мен стажы төрізді факторлар ескеріледі.

Автомобиль көлігін  сақтандыру шарты бір жылдық мерзімге жасасылады. Осы сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру ұйымының өкіліне көлік кұралының  техникалық паспортын, жалға алу  шартын, адамдарды тасумен айналысуға берілген патентін, өткен жылғы сақтандыру полистерін көрсетуге тиіс. Сақтандырылатын  автомобиль көлігін осы сақтандыру ұйымының эксперті қарап шығады. Автомобиль көлігін сақтандыру шарты сақтандыру сыйлықақысы қолма қол ақша мен  төленген күннен кейінгі күні өзінің заңдық күшіне енеді. Ал сақтандыру сыйлықақысы  ақшасыз есеп айырысу жолымен  төленген болса оның сомасы сақтандырушының  шотына түскен (есептелген) сәттен бастап аталмыш шарт қолданыста болады,

Темір жол көлігін  сақтандыру сақтанушылардың осы  көлік құралын иеленуіне, пайдалануына әрі оған билік етуіне байланысты мүліктік мүдделерін темір жол көлігінің  зақымдалуынан, жойылуынан немесе жоғалуынан, оның ішінде үшінші тұлғалардың құқыққа  қайшы іс-әрекетінен келтірілген  зиянды (залалды) сақтандыру төлемін  жүзеге асыру арқылы өтеу жолымен  қорғауды қамтамасыз етуді нысаналайды. Осы орайда темір жол көлігінің; турбопоезд, локомотив, электровоз, тепловоз, дизельпоезд, мотовоз, мотодрезина, әр түрлі санаттағы жолаушылар вагондары, жүк вагондары (платформалар, жартылай вагондар, жабық вагондар), изотермикалық  вагондар, (сұйық немесе құрғақ жүктерді тасымалдауға қажетті) цистернавагондар, автомобильдерді тасымалдайтын  вагоңдар, вагонресторандар, почталық, почталық-багаждық вагондары, сұйылтылған  газды тасымалдауға қажетті вагондар, малдарды таситын вагондар, қар тазалаушы темір жол көліктері, құрылыс-монтаждау поездары, темір жол платформасындағы (жүк көтеретін) крандар сияқты және т.б. түрлерін атап көрсетуге болады. Демек, темір жол көлігін сақтандыру ауқымында сақтанушы заңды тұлғалардың (меншік иелерінің немесе жалға алушылардың) әр түрлі, арнаулы темір жол көліктері мен тіркемелі вагондарына байланысты мүліктік мүдделері қамтамасыз етіледі.

Темір жол көлігінің (оның әр түрлі пайдаланымдағы вагондарының) зақымдануы мен жойылуының тәуекелдерін сақтандыру бір уақытта жүргізіледі. Темір жол көлігін сақтандыру тәуекелдеріне, бүгінде, өрт, жарылыс, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы  іс-әрекеттері, темір жол көліктерінің қирауы, авариялары, соқтығысуы немесе рельстен шығып кетуі, нөсер жауын, судың қаптауы, жер сілкінісі, вулканның  атқылауы, дауыл, құйын, қарлы боран, ұшатын аппараттардың, олардың сынықтарының немесе жүктердің төбеден құлауы және т.б. жатады. Темір жол көлігін  сақтандыру шарты заңды тұлғалармен - осы темір жол көлігі иелерімен  не жалға алушылармен бір жыл-дық (кейде одан аз) мерзімге жасасылады.

Әуе көлігін сақтандыру тиісті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың  аталмыш көлік құралын иеленуіне, пайдалануына әрі оған билік етуіне байланысты мүліктік мүдделерін әуе  көлігінің зақымдалуынан немесе жойылуынан (айдап, ұшырып) әкетілуінен, ұрлаудан), оған қоса әуе көлігі моторының, салонындағы жиһаздары мен өзге де бұйымдарының, жабдықтарының және т.б. жойылуынан сақтандыру төлемін (өтемін) жүзеге асыру жолымен қорғауды қамтамасыз етуді нысаналайтын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Авиациялық. сақтандырудың бір түрі ретінде  көрініс табатын әуе көлігін  сақтандыру ауқымындағы негізгі  сақтанушыларға әуе көліктерінің жекеменшік иелері, коммерциялық авиатасымалдаушылар, әуе көліктерімен көптеген жұмыстарды жүзеге асы-рушылар (эксплуатанттар), әуе  таксилерінің операторлары (иелері), аэроклубтар, авиазауыттар, авиаииялық-өнеркәсіптік кешеннің өнімдерін (авиатехниканы) сатушы, қайта сатушы фирмалар және т.б. жатады.

Информация о работе Сақтандыру құқығы