Сақтандыру құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 17:04, дипломная работа

Краткое описание

Қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы.............................................................................7
1.1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары....................7
1.2 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде.........................................................25
1.3 Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер...........................................................................................................................34
1.4 Сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттары..................................35
2 Сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері..................43
2.1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері...........................................43
2.2 Жалпы сақтандыру саласының құқықтық негіздері..........................................49
2.3 Өзара сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................57
2.4 Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................62
2.5 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері.......................................................................................................65
2.6 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері........................................................................................................................73
Қорытынды...................................................................................................................81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................83

Файлы: 1 файл

дип.docx

— 150.74 Кб (Скачать)

Сонымен, қайта  сақтандыру бір сақтандырушының (қайта  сақтанушының) өзіне қабылдаған тәуекелдерге байланысты өз сақтанушысының алдындағы  міндеттемелерінің барлығын немесе белгілі бір бөлігін қайта  сақтандыру шартында айқындалған мән-жайларға орай басқа сақтандырушыға (қайта  сақтан-дырушыға) беруі арқылы сақтандыруын білдіреді. Бұл ретте тәуекелді  беруге байланысты процесс қайта  сақтандыру цессиясы болып саналады. Жасасылған қайта сақтандыру шартының тараптары тәуекелді берген (беретін) сақтандырушы (қайта сақтанушы) ал тәуекелдерге байланысты жауапкершілікті қабылдап алған (алатын) сақтандырушы (қайта сақтандырушы) цессионарий болып табылады. Осы қайта сақтанушының іс-қимылдарына байланысты мән-жай, қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы өз сақтанушысымен арадағы сақтандыру шартына сәйкес оның (сақтанушының) алдындағы міндеттемелерін орындау тұрғысынан толық көлемде жауапты болады.

Қайта сақтандыру (қызметі) қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыру шарттарын жасасуына  және оны орындауына байланысты уәкілетті  органның. лицензиясы негізінде жүзеге асыратын ерекше іс-қимылдары ретінде  көрініс табады. Қайта сақтандыру ұйымдарын кұру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату, қызметін қадағалау принциптерін және т.б. көптеген мән-жайлар мен ережелерді «Сақтандыру  қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы белгілейді. Осы Заңның ІО-бабына сәйкес ұлттық сақтандыру рыногының  қатысушысы болып табылатын қайта  сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын қайта  сақтандыру қызметі кәсіпкерлік  қызметтің бір түріне жатады.

Қазақстан Республикасының  аумағындағы қайта сақтандыру ісі  «Сақтандыру қызметі туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында  нысаналанған тәртіппен міндетті түрде  лицензиялануға тиіс. Қандай болмасын сақтаңдырушы сақтандыру тәуекелдерін тек қайта сақтандыру жөніндегі  лицензияның негізінде және қайта  сақтандыру шартын жасасу арқылы ғана қабылдай алады. Осы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қайта  сақтандыруды қызметін ерекше түрі ретінде  жүзеге асыратын мамандандырылған қайта  сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру»  және «жалпы сақтандыру» салаларындағы  сақтандырудың барлық түрлерін қайта  сақтандыруға құқылы. Аталған Заңның сақтандыру ұйымын кұру, оның қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі  нормалары қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын  құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату мән-жайларына  орай қолданылады.

Сөйтіп, қайта  сақтандыру сақтандырушының сақтандыруға қабылдайтын тәуекелдерінің санын  көбейтуіне мүмкіндік береді. Сонымен  бірге қайта сақтандыру жөнінде  жасасылған шарттарының саны неғұрлым көп болған сайын онын сақтандыру портфелінің теңдестірілмегендігі де арта түседі. Қайта сақтандыру сақтандырушының  аса көп сақтандыру түрлерін (өнімдерін) өткізуіне, сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер тізілімін кеңейтуіне, нақтылы  сақтандыру түрі бойынша күтпеген жерден орын алған (алатын) келеңсіз салдардан өз активін қорғауына септігін тигізеді.

Қайта сақтандыру ісі (операциялары) тәуекелдерді қайта  сақтандыруға беру әдістеріне орай факультативтік қайта сақтандыру және шарттық қайта  сақтандыру болып бөлінеді, Қайта  сақтандырудың факультативтік әдісі  бойынша қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы (цессионарии) қайта сақтандыруға толығымен немесе ішінара берілуі ықтимал тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік алады [23,17]. Бұл ретте факультативтік қайта  сақтандыру шарты тек бір тәуекелге  қатысты жекелей мәміле ретінде  көрініс табады. Факультативтік қайта  сақтандыру өрт тәуекелдерін, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің кейбір түрлерін, өмірді, көлікті сақтандыруды, төтенше тәуекелдерден (жер сілкінісінен, топан судан, әскери төңкерістерден және т.б.) сақтандыруды, әуедегі, теңіздегі және авиациялық сақтандыруды қамтиды.

Қайта сақтандырудың  шарттық әдісі бойынша қайта  сақтанушы мен қайта сақтандырушының  арасындағы қатынастар облигаторлық сипаттағы (міндетті) қатынастар болып табылады. Облигаторлық қайта сақтандыру қайта  сақтаңдырудың міндетті нысаны ретінде  елдегі барлық сақтандырушылардың белгілі  бір көлемдегі тәуекелдерінің үлесін тиісті заңнама талаптарына сәйкес нақтылы қайта сақтандырушыға (мемлекеттік  қайта сақтандыру ұйымы болуы  мүмкін) берілуін нысаналайды. Осы орайда облигаторлық, қайта сақтаңдыру шартындағы мән-жайлардың мұқият нақтыландырылуына  жоғары талаптар қойылады.

Қайта сақтандыру шарттары барабар және барабар емес болып бөлінеді. Барабар қайта  сақтандыру шарты да өз кезегінде  квоталық және эксцеденттік болып бөлінеді (кейде олар эксцеденттік сома шарты  деп те аталады). Квоталық қайта сақтаңдыру шарты бойынша қайта сақтанушы  сақтандырудың нақтылы түріне қатысты  барлық тәуекелдердегі (сақтандыру сомасынан  процентпен алғанда) үлесін қайта сақтандырушыға беруге, ал ол оны (үлесті) алуға міндеттенеді. Бұл ретте қайта сақтанушы  белгілі бір кезеңде алған  сақтандыру төлемдерінің барабар бөлігін  қайта сақтандырушыға бере отырып, өзіңде тек тәуекелді бергені  үшін комиссиялық сыйақыны ғана қалдырады. Осы квоталық қайта сақтандыру шартында қайта сақтандырушыға қатысты нақтылы  сома (квота) және оның жауапкершілігінін  лимиті көзделінуі мүмкін.

Сонымен, қайта  сақтандыру тікелей сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының (қайта сақтанушының) өз активі (қаржылық мүмкіндігі) есебінен жабудан асатын бөлігіндегі тәуекелдерді қайта сақтандыру шартының негізінде басқа сақтандырушыға (қайта сақтандырушыға) беруі процесін білдіреді. Қайта сақтандыру қандай болмасын сақтандырушының сақтандыру тәуекелін оның қаржылық жай-күйіне сәйкес келетіндей етіп азайтылуына септігін тигізеді. Демек, бұл орайда қайта сақтандырушы қайта сақтанушыға (сақтандырушыға) экономикалық қолдау көрсетеді.

Қайта сақтандыруға байланысты ескеретін манызды бір  жәйт, қайта сақтанушыдан (цеденттен) қайта сақтандырушы (цессионарий) қабылдап алған тәуекелдердің бәрі немесе белгілі бір бөлігі басқа қайта  сақтандырушыға берілуі ықтимал. Осы процесс қайта сақтандыруды қайта сақтандыру, былайша айт-қанда ретроцессия деп аталады. Ал екінші қайта сақтандырушыға берілген тәуекел ретроцессияланған тәуекелге жатады.

Осы орайда тәуекелді  үшінші қатысушыға қайта сақтандыруға берген қайта сақтандырушы ретроцедент, ал ретроцессияланған тәуекелді қабылдап алған қайта сақтандырушы ретроцессионарий болып табылады.

Қайта сақтандырушылар ретінде уәкілетті органнан қайта сақтандыруды жүзеге асыруға лицензия алған кәдімгі сақтандыру ұйымдары немесе арнайы құрылған әрі мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымдары көрініс табады. Қайта сақтандыру ауқымында пұлдар құрылуы мүмкін. Қайта сақтандыру пұлы қайта сақтандыру қорғауын қамтамасыз етуге бағытталған сақтандыру қоғамдарының бірлестігін білдіреді. Осы жөнінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 824-бабының 4-тармағында: «Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшін қайта сақтандырушылар бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жай серіктестікке (қайта сақтандыру пұлдары) біріге алады» деп айтылған.

Демек, «Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері» қайта сақтандыру жөніндегі лицензияның әрі нақтылы бір сақтандырушы (қайта сақтанушы) мен басқа сақтандырушының (қайта сақтандыруының) арасында жасасылған қайта сақтандыру шартының негізінде ерекше кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асырылатын қайта сақтандырудың принциптерін және міндеттемелік мән-жайларын, бір сақтандырушының (қайта сақтанушының) сақтандыру шарты бойынша өзіне тиесілі (өзінің қаржылық мүмкіндігі көтермейтін) тәуекелдерді қайта сақтандыру үшін басқа сақтандырушыға (қайта сақтандырушыға) беруі-нің тәртібі мен ережелерін, сондай-ақ қайта сақтандырушының  қайта сақтандыру шартына сай өзіне берілген тәуекелдерге байланысты қайтасақтанушының жауапкершілігінің бәрін немесе белгілі бір бөлігін қабылдап алуының тәртібі мен ережелерін белгілейтін құқықтық нормалардан тұратын сақтандыру құқығы Жалпы бөлімінің институты болып табылады.

Осы орайда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық. дамуы ауқымындағы ұлттық сақтандыру рыногы салаларында ерекше көрініс табатын қайта сақтандыру бір сақтандырушының (қайта сақтанушының) тиісті сақтандыру шарттары бойынша өзіне сақтандыруға қабылдаған тәуекелдерге байланысты жауапкершілігінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыру шарты негізінде өзара келісімделген мән-жайларға сәйкес басқа сақтандырушыға (қайта сақтаңдырушыға) беруін, сондай-ақ қайта сақтандырушының осы тәуекелдерге байланысты міндеттемелер мен жауапгершілікті қабылдап алуын көрсететін экономикалық қатынастардың жүйесін білдіреді.

 

 

2.5 Сақтандыру  брокері, агенті, актуарий және  аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық  негіздері

Сақтаңдыру рыногының  әр турлі салалары бойынша сақтандыру өнімдерін сақтандырушыдан сақтанушыға  жылжытумен шұғылданатын әрі осы  орайда тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға сақтандыру брокері  не сақтандыру агенті болып саналады, Сақтандыру брокері  кәсіпкер ретінде  белгіленген тәртіппен мемлекеттік  тіркеуден өткен әрі уәкілетті  органнан лицензия алған, сақтандырушының  не сақтанушының сақтандыру қызметтерін  көрсетуге немесе сақтандыру өнімдерін  сатып алуға орай тапсырмасы негізінде  өзінің атынан сақтандыру жөніндегі  делдалдық қызметін жузеге асыратын заңды тұлға болып табылады. Бұл  ретте бірден ескеретін жәйт, сақтаңдыру брокері тек сақтанушының агенті ретінде көрініс табады. Сақтандыру брокері сақтандыру заңнамасы және практикасы саласында сарапшы болуға тиіс. Сақтандыру брокері (заңды түлға) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің не акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады. Сақтандыру брокерінің лицензияланатын қызметі кәсіпкерлік  қызметтін ерекше түріне жатады.

Сақтандыру брокері  өзіне тән брокерлік қызметгін  мынадай түрлерін:  өзінің атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша  тиісті сақтандыру шарттарын немесе өзінің атынан цеденттін тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын  жасасу жөніндегі делдалдық қызметті; сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультация беру қызметін;  сақтандыру (қайта сақтандыру) өнімдеріне сұранысы бар жеке 
және заңды тұлғаларды іздеуді әрі сақтандыруға тартуды; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге (түрлі сақтандыру өнімдерін сатуларына)


Информация о работе Сақтандыру құқығы