Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 17:04, дипломная работа
Қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады.
Кіріспе.............................................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы.............................................................................7
1.1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары....................7
1.2 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде.........................................................25
1.3 Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер...........................................................................................................................34
1.4 Сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттары..................................35
2 Сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері..................43
2.1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері...........................................43
2.2 Жалпы сақтандыру саласының құқықтық негіздері..........................................49
2.3 Өзара сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................57
2.4 Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................62
2.5 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері.......................................................................................................65
2.6 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері........................................................................................................................73
Қорытынды...................................................................................................................81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................83
41. Қызметкерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруы кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтык-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға;
Сонымен, сақтандыру құкығы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметін, ұлтгық сақтандыру рыногын және сақтандыру жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ оларды бүгінгі мемлекетгік саясат басымдықтарына және халықаралық сақтандыру стандарттары ережелеріне сай дамыту, өмірді және мүліктік сақтандырудың жаңа түрлерін, аннуитеттік, міндетті және ерікті, оның ішінде мемлекеттің каблдауы мен міндетті сақтандыруды жүзеге асыру, мақсатты сақтандыру қорларын кұру, мемлекеттік және жекеше (жеке меншік) сақтандыру резервтерін қалыптастыру және олардың қаражаттарын сақтандыру жағдайларының орын алуына байланысты сақтандыру қорғаумен қамтылуға тиіс нақтылы тұлғалар (сақтанушылар) және аумақтар бойынша бөлу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру рыногы субъектілері мен өзге де қатысушыларының қызметін мемлекеттік кадағалау және реттеу барысында туындайтын кешенді сипатты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады [8,52].
Осы айтқанымызды кысқаша түйіндегенде сақтандыру құқығы елдің сақтандыру кұрылысын қалыптастыру, оның ауқымындағы сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметін ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) компанияларының ұлттық сақтандыру рыногында ерікті және міндетті нысандағы сақтандыру қызметтерін көрсетуі, сондай-ақ сақтандыру резервтерін кұру және бөлу, сақтандыру рыногы мен сақтандыру ұйымдарын мемлекеттік реттеу әрі қадағалау барысында туындайтын кешенді сипатты қоғамдык қатынастарды реттейтін құқық саласы ретінде көрініс табады.
Сақтандыру құқығы
өзі құрған арнайы сақтандыру құқықтық
реттеу режимімен қамту арқылы ұйымдастыру
және материалдық сақтандыру қатынастарына
реттеуші ықпалын тигізеді. Осы орайда
сақтандыру құқығы өзінің пәнін құрайтын
қоғамдық қатынастарды, былайша айтқанда
олардың қатысушыларының мінез-
Көп жағдайларда сақтандыру құқығын құқық саласы ретінде айқындаудың (қосымша) критериі рөлін атқаратын құқықтық реттеу әдістері рұқсат беру, тыйым салу, міндет жүктеу (міндеттеу) және тану әдістері арқылы көрініс табады. Құқықтық реттеу әдістері сақтандыру құқығы құзырындағы қандай бол-масын реттеудің заңи режимінің мәнін-мағынасын және күшін білдіреді. Қоғам мен мемлекеттің, сондай-ақ азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің сақтандыру құқығы ауқымындағы мүліктік әрі өзге де мүдделеріне тән ерекшеліктері құқықтық реттеу тәсілдерін, құралдарын және амалдарын мұқияттандауға ыкпал етеді. Бұл ретте айта кететін маңызды жәйт, сақтандыру құқығының құқықтық реттеу әдістері оны құқтық саласы ретінде сипаттай отырып, оның тиісті құқықтық реттеу пәнінің (қоғамдық қатынастардың) ерекше белгілерін (мәселен, кешенді сипатын) ашып көрсетеді. Демек, қоғамдық қатынастардың осындай кешенді мәні-мазмұнына орай бірнеше сақтандыру құқықтық реттеу әдістерін пайдалануға болады.
Сонымен, сақтандыру құқығында, негізінен алғанда, мынадай құқықтық реттеу әдістері: императивтік (әмірлі) – мемлекеттік биліктік кұкыктық реттеу әдісі және диспозитивтік (келісімді) – шарттык құқықтық реттеу әдісі пайдаланылады. Қазақстан Республикасының ұлттық сақтандыру рыногы ауқымында заң жүзінде және лицензиялар негізінде жол берілген кәсіпкерлік (экономикалық) кызметтің бір түрі сақтандыруды сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасасылған ерікті сақтандыру шартына орай жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдык қатынастарды реттейтін басты әрі бірден-бір кұқықтық реттеу әдісі диспозитивтік әдіс болып табылады. Мәселен, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабынын 2-тармағы мен 3-тармағына сәйкес «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру түрлері ерікті нысанда жүзеге асыруды көздейтіндіктен осы салада қалыптасып, дамитын қоғамдық қатынастар тек диспозитивтік құқықтық реттеу әдісімен қамтылады.
Ал «мемлекеттік-биліктік» әрі әмірлі императивтік құқықтық реттеу әдісі, негізінен, ұлттық сақтандыру рыногы ауқымындағы сақтандыру ісі мен сақтандыру кызметін ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын құру, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру, міндетті сақтандыру түрлерін, оның ішінде мемлекеттік міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру, өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдауға байланысты «Ауыл шаруашылығын қаржылык қолдау коры» АҚ жұмыс істеуі, сондайақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру рыногы кәсіби қатысушыларының қызметін инспекциялау, мемлекеттік реттеу және қадағалау кезінде олардың субъектілері үшін міндетті мінез-құлық және іс-қимыл ережелерін белгілеу барысында туындайтын қоғамдык қатынастарды реттейді.
Осындай құқықтық
реттеу әдістерінің құрамында көрініс
табатын әрі ұдайы іске асырылатын
рұқсат беру, тыйым салу, міндеттеу
және тану әдістері жөнінде мынадай
жағдаяттарды атап өтуге болады. Мәселен,
«Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін
атқарған кезде оның өмірі мен
денсаулығына зиян келтір-гені үшін жұмыс
берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы жұмыс берушілердің
өз қызметін жүзеге асыруына байланысты
олардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
ерікті нысанда косымша сақтандыру
жөніндегі құқығын шектемейді, шаруашылық
және өзге де қызметтің экологиялық
қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке
немесе заңды тұлғалардың азаматтық-
Сөйтіп, сақтандыру
салалары бойынша мүдделердің сақтандыру
қорғауымен қамтылуы ауқымындағы әділдіктің
әрі тараптар теңдігінің көрінісі диспозитивтік
әдістің кеңінен
Сақтандыру құкығының.
жүйесі оның. ұлттық, сақтандыру рыногында
сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметін
ұйымдастыруға және жүзеге асыруға
орай шынайы дамып жатқан кешенді
сипатты коғамдық қатынастарға сай
объективті қалыптасатын (қалыптасқан)
ішкі кұрылысын білдіреді. Сақтандыру
құқығының ішкі құрылысы (кұрылымы)
кұқықтық реттеу мақсаттарының, міндеттерінің,
пәнінің, принциптерінің және әдістерінің
ішкі біріңғайлығы негізінде біріктірілген,
сондай-ақ нақтылы ірі бөлімшелерде
орналастырылған әрі өзара
Демек, сақтандыру
құқығының жүйесі сақтандыру ісі
мен сақтандыру қызметін ұйымдастыру,
сақтандыру рыногы инфрақұрылымын дамыту,
сақтандыру қызметтерін көрсететін
(сақтандыру өнімдерін сататын, өткізетін)
және сақтандыру өнімін сатып алатын
(тұтынатын) субъектілердің, сондай-ақосы
ауқымдағы кәсіби қатысушылардың құқықтары
мен міндеттерін белгілеу, сақтандыру
қызметі аясын мемлекеттік
Сақтандыру құқығының нормаларын осылайша іштей жүйелендіру олардың мақсаттарының, міндеттерінің, принциптерінің және функцияларының бірыңғайлығына орай шартталады. Бұл ретте аталмыш нормалар жалпы принциптерге, мән-жайларға, идеяларға және нақтылы сақтандыру қатынастарының түрлеріне байланысты өте ірі әрі нақтылы бөлімдерде орын алуымен (жиынтықталуымен) ерекшеленеді. Сақтандыру құқығы табиғатының ерекшелігі оның құрылымдық институттарының ерекшеленуіне ықпалын тигізеді. Сонымен бірге сақтандыру құқығы институттарының объективті қалыптасатын біртекті қоғамдык қатынастарды реттеуге бағытталуы сақтандыру құқыктық нормаларының заңды әрі тиімді қолданылуын, сондай-ақ сақтандыру құқығының реттеуші және қорғаушы функцияларының тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы орайда нақтылы институттарды құрайтын сақтандыру құқығының өзара байланысқан нормалары оның жалпы және ерекше бөлімдерінде топтастырылады.
Осы орайда сақтандыру
құқығының қайнар көздері ұлттық
сақтандыру рыногы ауқымында жүзеге
асырылатын сақтандыру ісі мен сақтандыру
қызметін ұйымдастыру, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру
қызметтерін көрсетуі, ерікті және
міндетті сақтандыру, қайта сақтандыру,
өзара сақтандыру салаларын қоғам
мен мемлекет, азаматтар мен шаруашылық
жүргізуші субъектілер
Бұл ретте құқық
саласы ретіндегі сақтандыру құқығын
қалыптастыратын кешенді
Осы орайда сақтандыру құқығының қайнар көздері жүйесінің иерархиялық кұрылысы мынадай көрініс табады:
2. Қазақстан
Республикасының Азаматтық
3. Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық
4. Қазақстан Республикасының Салық кодексі.
5. Қазақстан Республикасының Орман кодексі.
6. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі турлы» Заңы.
7. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Заңы.
8. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы.
9. Қазақстан Республикасының «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы.
10. Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» және т.б.
Осындай сақтандыру құқығының қайнар көздері ішінен сақтандыру құкықтық нормаларын конституциялық құқықтық нормаларға негіздей отырып белгілейтін әрі оларды заңи күшіне енгізетін, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының кеңістігінде (аумағында), уақыт және тұлғалар бойынша қолданылып жатқан республикалық заңнамалық актілер, олардың ішінде кодекстер мен заңдар ерекшеленуде. Себебі, заңдар сақтандыру кұқықтық нормаларын белгілеудің кеңінен таралған нысаны болып табылады.
Сонымен қатар, жоғарыда көзімізді жеткізгендей сақтандыру құқықтық нормаларын белгілейтін нысандарға Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары мен атқарушы билік жүйесіне кірмейтін уәкілетті мемлекеттік органдардың (мәселен, Қазакстан Ұлттық Банкінің, Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агентгіктің) сақтандыру қызметі мен сақтандыру жөніндегі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері (қаулылары, ережелері, нұсқаулықтары және т.б.) жатады. Бұл орайда уәкілетті мемлекеттік органдардың сақтандыру құқығын кұруға орай, оның нысаны ретінде заңдарды, қаулыларды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі тікелей қызметі сақтандыру кұқығының мәнімазмұны көрінісінің сыртқы нысанын қалыптастырумен тығыз байланыста болады. Демек, сақтандыру құқығының сыртқы нысаны (қайнар көздері) сақтандыру құқықтық нормаларын белгілеу тәсілдері ретінде көрініс табады. Сөйтіп, сақтандыру құқығының қайнар көздері ұлттық сақтандыру рыногы ауқымындағы тиісті субъектілердің мінезқұлық әрі ісқимыл ережелерін бекітудің және оларды айқын көрсетудің ресми нысандарын білдіреді.