Сақтандыру құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 17:04, дипломная работа

Краткое описание

Қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы.............................................................................7
1.1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары....................7
1.2 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде.........................................................25
1.3 Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер...........................................................................................................................34
1.4 Сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттары..................................35
2 Сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері..................43
2.1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері...........................................43
2.2 Жалпы сақтандыру саласының құқықтық негіздері..........................................49
2.3 Өзара сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................57
2.4 Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................62
2.5 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері.......................................................................................................65
2.6 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері........................................................................................................................73
Қорытынды...................................................................................................................81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................83

Файлы: 1 файл

дип.docx

— 150.74 Кб (Скачать)

Сақтандыру барысында  негізінен сақтанушының не үшінші тұлғаның мүлкі және мүліктік мүддесі (мәселен, жеке сақтандырудағы азаматтардың өміріне, денсаулығына және еңбекке қабілеттілігіне  байланысты, мүліктік сақтандырудағы мүлікті иеленуге, пайдалануға әрі  оған билік етуге байланысты, азаматтық-құқықтық сақтандырудағы занды немесе жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына не мүлкіне келтірілген  зиянды етеуге байланысты мүліктік мүдделер) сақтандыру қорғауымен қамтылады. Демек, сақтанушы  өзінің не үшінші тұлғанын әміріне, денсаулығына, еңбекке қабілеттілігіне, мүлкіне байла-нысты сақтандыру мүддесін білдіретін мүліктік мүддесін сақтандыратын жеке немесе занды  тұлға ретінде заңнамалык, актіге не жасатылған сақтандыру шартына орай тиісті сақтандырушымен екі арадағы  азаматтық құқықтық қатынастарға қатысады. Осы орайда ескеретін маңызда  жәйт, егер сақтандырушымен жасасылған ерікті немесе міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір  мезгілде сақтандырылушы (өзіне қатысты  сақтандыру жүзеге асырылған, былайша  айтқанда сақтандырылған тұлға) болып  табылады.

Ал сақтандырушы  сақтандыру ұйымы ретінде мемлекеттік  тіркеуден өткен, тиісті сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған  кезде келтірілген зиянды өтеу жөніндегі  өзіне жүктелген міндеттемеге орай сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда  алушыға - заңда не сақтандыру шартында көзделген мән-жайларға байланысты сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға) шартта белгіленген  сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін төлеуге міндетті занды  тұлға болып саналады. Сақтандыру экономикалық кызметтің айрықша  түрі ретінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) жұмылдыру арқылы сақтандыру қорын әрі сақтандыру резервтерін  кұру және сақтандырылған мүліктік мүдделерге келтірілген зиянды сақтандыру төлемін  жүзеге асыру жолымен өтеу ауқымында  тікелей көрініс табады. Сақтандыру бүгінгі танда қандай болмасын аяда, салада және ортада келтірілген зиянды уақтылы әрі толығымен өтеу есебінен қоғамдағы әлеуметгік және экономикалык тұрактылықты қамтамасыз етуге, мақсатты сақтандыру қорының уақытша бос  қаражаттарын сақтандыру ұйымының инвестициялық  қызметінде пайдалануға, сақтандыру өнімдерін  өткізуге байланысты сақтандыру операцияларының дамуына, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесіндегі жаңа сақтандыру түрлерінін, онын ішінде кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандырудың заңнамалық және шарттық, негіздерінің тиімділігіне мүдделілік танытып отыр.

Осыған байланысты дәстүрлі сақтандыру қорғауымен қамтылатын ауқымдағы төтенше әрі қолайсыз табиғи құбылыстар мен шаруашылық жүргізу  субъектілерінің техногендік тәуекелдеріне  қоса, бүгінде, заемдарды сақтандыру, ипотекалық сақтандыру, кепілдіктер  мен кепілдемелерді сақтандыру, басқа  да қаржылық шығындарды сақтандыру, соттағы  шығыстарды сақтандыру белеңалуда. Сонымен, жоғарыдағы баяндауларға орай сақтандырудың  экономикалық және заңи аспектілері  айқындала түскен сыңайлы.

Сақтандырудың заңи аспектісі сақтандыру өтеуінің міндеттілігін  белгілеу үшін жасасылатын ерікті не міндетті сактандыру шарты немесе тікелей  заңнамалық акті негізінде тиісті тұлғалардың  мүліктік мүдделерін сақтандыру корғауымен қамтуға байланысты сақтанушы мен  сақтандырушы катысатын сақтандыру құқықтық қатынастарын білдіреді. Сақтандырудын, экономикалық аспектісі мақсатты ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және оларды әр түрлі төтенше әрі  қолайсыз құбылыстар салдарынан келтірілген  зиянды өтеу үшін пайдалану жөніндегі  нысандар мен әдістердің жиынтығынан  тұратын экономикалық (ақшалай) қатынастар жүйесі ретінде жұмылдыру, өтемдік (қайта бөлуші) және қорғау —алдын алу  функциялары арқылы көрініс табады. Осы ретте сақтандыру: сақтандыру тәуекелінің болуына байланысты материалдық, зиян келтіретін ықтимал  сақтандыру жағдайының орын алуы (басталуы), заңды және жеке тұлғалардың (сақтанушылардың) өздеріне келтірілуі ықтимал зиянды жабуға (өтеуге) деген мұқтаждықтарының канағаттандырылуы, сақтанушы төлеген  сыйлықақылар мен жарналар есебінен құрылған мақсатгы сақтандыру қоры каражаттарының (сақтандыру жағдайының басталуына орай) сақтандыру өтеуі нысанында (зиян шеккен сақтанушыға) қайтарылуы сияқты және т.б. өзіне тән белгілерімен ерекшеленеді.

«Сақтандыру қызметі  туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы (онын 2-бабының 1-тармағында көрсетілгендей) кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде  сақтандыруды жүзеге асырудың ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін кұру, лицензиялау, реттеу, олардың кызметін тоқтату  ерекшеліктерін, өзге де жеке және занды  тұлғалардың сақтандыру рыногындағы  қызметінің талаптарын, сақтандыру рыногын  мемлекеттік реттеу міндеттерін  және сактандыру қызметін қадағалауды  қамтамасыз ету принциптерін белгілейді. Аталған Заңмен тікелей реттелген  сақтандыру қатынастарын қоспағанда, сақтандыруға байланысты туындайтын және өзге де заңнамалық актілер қолданылатын аядағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасынын Конституциясына негізделетін сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдармен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қаржылық, әлеуметтік және езге де тәуекелдерден қорғаудың  тиімді құралы, сондай-ақ ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың сенімді көзі ретіндегі сақтандырудың рөлін  нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын реформалауды жалғастыру және оның басымды бағыттарын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысымен «Қазақстан Республикасынын сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілген болатын.

Сақтандыру рыногы  арнайы тауарды-сақтандыру өнімін сату және сатып алу, сақтандыру қорғауына  байланысты сақтандыру өтемін жүзеге асыру нәтижесінде сақтанушылар, сақтандырушылар, үшінші тұлғалар арасында туындайтын, біртекті сақтандыру қызметтерін  көрсететін сақтандырушылар қатарының  көбеюіне орай қалыптасатын экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде өзіне  тән сақтандыру ауқымын  қамтиды [3,57]. Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының катысушыларына («Сақтандыру  қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес): сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымы; сақтандыру брокері; сақтандыру агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; өзара сақтандыру қоғамы; сақтандыруға бай-ланысты кәсіпкерлік  кызметті жүзеге асыратын өзге де заңды  және жеке тұлғалар жатады.

Бүгінде осы сақтандыру рыногын дамытудың негізі проблемалары тұрғысынан өмірді және жеке басты  сақтандырудың жаңа түрлерін дамыту, сақтандыру ұйымдарын корпоративтік  басқару жүйесін енгізу, мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымдарын кұру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының  қызметі жөніндегі статистикалық  және өзге де деректер базасын қалыптастыру, сақтандыру компанияларының қызметін автоматтандыру мәселелері және т.б. айқындалып отыр. Бұл ретте сақтандыру рыногының  кейбір проблемалары қатарына: сақтандыру ұйымдарының өз тәуекелдерін басқаруы сапасының төменділігін; рыноктағы  жекелеген сақтандыру ұйымдары белсенділігінің  жеткіліксіздігін; сақтандыру ұйымдарының өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы-ларға заем беру жүйесінің дамымағандығын; сақтандыру ұйымдарының қызметтер көрсетуі сапасының төменділігін; сақтандыру бизнесі саласындағы алаяқтыққа қоса ерікті сақтандыру бойынша кызметтер көрсетудің шектелуін және т.б. жатқызуға болады.

Қазақстанда сақтандыру рыногын дамытудың негізгі мәселелерінің  біріне жеке сақтандыруды  оның ішінде ұзақ мерзімді (жинактаушы) түрлерін дамыту жатады. Өйткені сақтандыру ұйымдары жеке сақтандырудың жинақтаушы түрлері  арқылы экономикаға жеткілікті көлемде  әрі ұзақ мерзімге ақша каражаттарын тартып, институционалды инвестициялар  жүйесінің дамуына айтарлықтай  мүмкіндік туғызады және ел экономикасы  үшін өте тиімді жағдай жасайды. Бұл  орайда жеке тұлғалар жеке сақтандырудың  және өмірді сақтан-дырудың барлықеспектрі: кайтыс болуы жағдайын сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру; шартта белгіленген  жасқа немесе мерзімге дейін өмір сүру жағдайын сақтандыру; еңбек ету  қабілетін жоғалту жағдайын сақтандыру бойынша нақтылы сақтанушылар бола алатын азаматтар ретінде, ал жұмыс  берушілер (заңды немесе жеке тұлғалар) өз қызметкерлерінің жазатайым оқиғаларға байланысты кайтыс болу жағдайын сақтандыруға, қосымша зейнетақыны сақтандыруға, қызметкерлерінің өмірінсақтандыруға және т.б. мән-жайларға қатысты мемлекеттің  заманауи заңдылқ талаптары және өз мүліктік мүделері тұрғысынан сақтандыру құқықтық қатынастарындағы әлеуетті сақтанушылар болуға мүдделілік танытуға тиіс.

Жеке сақтандырудың  дамыған рыногының болуы мемлекеттің  халықты әлеуметтік қамтамасыз етуге  жұмсайтын шығындарын азайта отырып, республикалы бюджеттің шығыс бөлігіне түсірілетін салмақты жеңілдетеді. Жалпы алғанда ұлттық сақтандыру рыногының ауқымындағы жеке сақтандыру рыногының дамуы қаржы рыногының  дамуына әрі осы рынок ұсынып отырған сақтандыру ұйымдарының  активтері инвестицияланатын кұралдарға тәуелді болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымдарының тәуекелдер және құралдардың  мерзімділігі әрі өтімділігі бойынша  активтерін диверсификациялауды қам-тамасыз  ету үшін елдегі бағалы кағаздар рыногын  тиісінше дамыту қажеттілігі туындайды. Жеке сақтандыруды, оның ішінде аннуитеттерді  дамыту мақсаттарына: аннуитеттерді  ұсыну, өмірді сақтандыру, еңбек ету  қабілетін сақтандыру саласындағы  зандарды, оның ішінде жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуын қамтамасыз ететін сақтандыру зандарын реформалау, сондай-ақ салалардың және сақтандыру сыныптарының жіктелуін нақтыландыру мүмкіндігін қарастыру; өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы жинақ ақшаның сақталуын қамтамасыз ету; ұзақ, мерзімді (жинақтаушы) сақтандыруды дамыту мақсатында салық салу режимін жетілдіру; емірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың институционалды қалыптасуы үшін жағдай жасау; өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың үзақ мерзімді инвестициялары үшін мүмкіндіктерді кеңейту жолымен қол жеткізуге болады.

Осындай ұзақ мерзімді жеке сақтандыруды, былай айтқанда аннуитеттерді ұсыну жүйесін  дамыту тиімділігі Мемлекеттік аннуитет компаниясының тиісінше жұмыс істеуіне байланысты болады. Мемлекеттік аннуитеттік  компаниянын сақтандыру рыногында  аннуитет өнімдерін ұсыну, оның ішінде зейнетақылық, аннуитет шартын жасасу, сондай-ақ аннуитет шарттарын жасасу арқылы еңбек (қызметтік) міндеттерін  орындауы кезінде жарақаттанған  және зақым алған қызметкерлерге қатысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметі: сақтандыру рыногында ұзақ мерзімді жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуына; сақтандыру рыногында өмірді сақтандыру бойынша  бірнеше арнайы сақтандыру ұйымдарының  жұмыс істеуіне; республиканың зейнетақымен қамсыздандыру жұйесінің жетілдірілуіне, ұлттық сақтандыру рыногы инфрақұрылымының одан әрі дамытылуына және нығайтылуына; сақтандыруды жүзеге асырудың жаңа технологияларының  енгізілуіне септігін тигізеді.

Сөйтіп, мемлекеттік  аннуитеттік компания аннуитеттерді  сақтандырудың жалпы және ұзақ мерзімді түрлерін ұсыну жүйесінің дамуын ынталандыруға; қызметкеріңіңіз еңбек (қызмет-тік) міндеттерін атқаруы  кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің  жауапкершілігін міндетті сақтандырудың  тиісінше жүргізілуін қамтамасыз етуге; сақтандыру ұйымдары қолданатын сақтандыру технологияларының дамытылуына  және жетілдірілуіне қосымша серпін беруге; аннуитеттерді ұсыну саласы бойынша кажетті тәжірибені жинақтауға; аталмыш сақтандыру өніміне (аннуитеттерге) деген сұранысты қанағаттандыруға және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес азаматтарға берілген құқыктардың іске асырылуын қамтамасыз етуге ат салысады.

Әлемдік сақтандыру практикасы қазіргі заманғы сақтандыру рыногының маңызды элементтерінің бірі өзара сақтандыру болып табылатынын  дәлелдеп отыр. 2006 жылғы 5 шілдеде қабылданған  «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы да осы мән-жайды  негіздей түсетін сияқты. Өзара сақтандыру барысында занды және жеке тұлғалар (осы коғамның мүшелері  сақтанушылар) өздері кұрған өзара сақтандыру қоғамы арқылы өздерінің, мүліктері мен өзге де мүліктік мүдделерінің сақтандырылуын нысаналайды [4,3]. Өзара сақтандыру қоғамы өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға ретінде өзіне тиесілі қызметін коғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тенділігі әрі қоғам мүшелерінің өзара корғалуы және өзара жауапкершілігі принциптеріне негіздеп жүргізеді. Өзара сақтандыру қоғамынын акционерлік қоғамнан (сақтандыру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанынан) айырмашылығы оның әрбір сақтанушысы бір мезгілде осы қоғамның мүшесі болып табылады. Әдетте өзара сақтандыру қоғамының кызметі бір тектес тәуекелдерге байланысты заңды немесе жеке тұлғалар құрады. Осы орайда өзара сақтандырудың қажеттілігі сақтандыруға байланысты шығынның жиі орын алуы, сақтандыру сомаларының, жоғары көрсеткіші сияқты және т.б. сақтандырушы сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын сақтандыру тәуекелдерінің көп болуына негізделеді.

Бүгінде сақтандыру рыногын, сақтандыруды және сақтандыру қызметін дамыту үрдісіндегі тағы бір  маңызды көрініс халыктың сақтандыру мәдениеті болып табылады. Өйткені  сақтандыру рыногының даму көрсеткіштері  тұрғылықты халықтың сақтандыру мәдениетінің калыптасуы деңгейіне тікелей байланысты болады. Бұл ретте халықтың сақтандыру мәдениетін тиісінше (қоғам мүддесіне  әрі мемлекет саясатына сай) қалыптастыру саласында сақтандыру рыногының  барлық кәсіби катысушыларының және олардың бірлестіктерінің, сондайақ тиісті мемлекеттік органдардың  қатысуымен келісімделген халық  үшін сақтандырудың тартымдылығын  арттыратын: тұрақты негізде халық  арасында сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыла-рымен әрі олардын  бірлестіктерімен бірлесіп сақтандыру қызметтерін көрсету рыногы және сақтандыру өнімдері туралы, оның ішінде көрсетілетін қаржылық қызметтерді  тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде толық және объективті ақпарат  берілуіне бағытталған оқу-ағарту, сондай-ақ түсіндірме жұмысын жүргізу; сақтандыру рыногы қатысушыларының  кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға  бағытталған тұрақты тақырыптық конференциялар және семинарлар өткізу; сақтандыру рыногындағы заңсыз немесе заңға кайшы қызмет, оның ішінде сақтандыру агенттерінің және резидент емес сақтандыру ұйымдары делдалдарының  Қазақстан Республикасы аумағындағы  қызметі жөнінде халықты хабардар ету; сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу кезінде және сақтандыру қызметінің басқа да құжаттарында пайдаланылатын терминологияны бір ізге келтіру; сақтандыру ұйымдарының және олардың бірлестіктерінің бүкүларалық ақпарат кұралдарымен өзара іс-әрекет етуді жандандыруы, көпшілік халық үшін сақтандыру жөнінде  жалпы білім беретін әрі оқытатын бағдарламаларды ұйымдастыруы, халықтың сақтандыру қызметтерін көрсетуге байланысты сұраныстарын зерделейтін маркетингтік зерттеулер жүргізуі сияқты кең көлемді іс-шаралар жүзеге асы-рылуға тиіс.

Информация о работе Сақтандыру құқығы