Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 17:04, дипломная работа
Қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады.
Кіріспе.............................................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы.............................................................................7
1.1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары....................7
1.2 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде.........................................................25
1.3 Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер...........................................................................................................................34
1.4 Сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттары..................................35
2 Сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері..................43
2.1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері...........................................43
2.2 Жалпы сақтандыру саласының құқықтық негіздері..........................................49
2.3 Өзара сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................57
2.4 Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................62
2.5 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері.......................................................................................................65
2.6 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері........................................................................................................................73
Қорытынды...................................................................................................................81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................83
Осындай баяндаулар
желісіндегі елеулі әрі маңызды
сақтандыру шарттылықтарының мағынасын
түсіну үшін халықаралық сақтандыру
практикасындағы сақтандыру шартын
жасасу жәйттеріне назар аударсақ,
аталмыш ауқымдағы: басталған кезінде
сақтандырушыны сақтандыру өтемін (сақтандыру
төлемінің сомасын) төлеуге міндеттейтін
оқиға; сақтандыру шарты қолданыста
болатын аумақ; сақтандыру объектісі;
сақтандыру сомасы; сақтандыру өтемін
төлеу тәртібі және мерзімі; сақтандыру
шарты қолданыста болатын мерзім;
сақтандырушының міндеттемелер
бойынша жауапкершілігінің
Сақтандыру қызметтерін көрсетуге орай сақтандыру шартын жасасу кезінде негізге алынатын сақтандыру ережелерінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 825-1-бабының 2-тармағына сәйкес: 1) сақтандыру объектілерінің тізбесі; 2) сақтандыру сомасын анықтау тәртібі; 3) сақтандыру тәуекелдері; 4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу; 5) сақтандыру шартынын қолданылу мерзімі мен орны; 6) сақтандыру шартын жасасу тәртібі; 7) тараптардың құқықтары мен міндеттері; 8) сақтанушының сақтандыру жағдайы туған кездегі іс-әрекеті; 9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мөлшерін растайтын құжаттар тізбесі; 10) сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары; 11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемін жасаудан бас тарту туралы шешімді қабылдаудың мерзімі; 12) сақтандыру шартын тоқтату талаптары; 13) дауларды шешу тәртібі; 15) қосымша талаптар болуға тиіс. Сонымен бірге осы баптың 4-тармағында «сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру ережелерінің негізінде сақтандыру шартын жасасу кезінде анықталатын қосымша талаптарды көздейтін сақтандыру шарттары жасалуы мүмкін» деп айтылған.
Ал осы Кодекстің 826-бабының 1-тармағына орай сақтандыру шартында: 1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және тұрған жері немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 3) сақтандыру объектісін көрсету; 4) сақтандыру жағдайын көрсету; 5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері; 6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері; 7) шарттын жасалу күні және қолданылу мерзімі; 8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету; 9) шарттың (сақтандыру полисінің) нөмірі, сериясы; 10) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі; 11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшін) төлеудің шарты және оның мөлшері болуға тиіс.
Сақтандыру шарты
сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын
төлеген кезден бастап, ал оны бөліп-бөліп
төлеу кезінде алғашқы
Сақтандыру сомасы
сақтандыру объектілері, сақтандырылушы
адам (тұлға) сақтандырылған ақша сомасы
болып табылады және ол сақтандыру
жағдайы басталған кездегі
Сөйтіп, сақтанушы
өзі жасасқан сақтандыру шартында белгіленген
мөлшерде, айқындалған тәртіппен
және нақтылы мерзімдерде сақтандыру
сыйлықақыларын төлеуге, сақтандыру тәуекелінің
жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар
етуге, сақтандыру жағдайының басталғандығы
жөнінде сақтандырушыға хабар беруге,
сақтандыру жағдайы салдарынан туындайтын
залалдарды азайту мақсатында шаралар
қолдануға, сондай-ақ сақ-тандыру жағдайының
басталғандығы үшін жауапты тұлғадан
талап қою құқығының
Бүгінде Қазақстан
Республикасы Азаматтык, кодексінің 809,
809-1, 810, 811, 812, 824-баптарына және 845-бабының
3-тармағына орай мынадай сақтандыру
шарттары: 1) жеке сақтандыру шарты; 2) мүліктік
сақтандыру шарты; 3) бас полисті
беру жолымен сақтандыру шарты; 4) жеке
сақтандыру бойынша жинақтаушы сақтандыру
шарты; 5) аннуитеттік шарт; 6) кәсіпкерлік
тәуекелді сақтандыру шарты; 7) зиян
келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру шарты;
8) сақтандыру шарты (шартты бұзу ықтималдығы)
бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру шарты; 9) кайта сақтандыру
шарты; 10) өзара сақтандыру шарты
жасасылады. Осы орайда ескерілуге
тиіс маңызды жәйт, сақтандырушы мүліктік
сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырылатын
мүлікті жан-жақты қарап
Мүліктік сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртібімен тиісті мүліктерді кабылдап алған (иеленген) тұлғаға (адамға) ауысады. Сақтандырылған тұлғаның (адамның) пайдасына өзінің келісіміне орай жеке сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда, аталмыш шартта айқындалған құқықтар мен міндеттер сақтандырылған адамға ауысады.
Сақтандыру шартының
қолданылуы: 1) сақтандыру объектісінің
болмысы тоқталған; 2) сақтанушы болып
табылмайтын сақтандырылған адамның
кайтыс болуына орай ол ауыстырылмаған;
3) шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушы
сақтанушының ауыстырылуына қарсылық
білдірген, сақтанушы мүліктік сақтандыру
объектісін өз иелігінен шығарған;
4) өзінің кәсіпкерлік тәуекелін
немесе осы кызметіне байланысты
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандырған сақтанушы белгіленген
тәртіппен кәсіпкерлік қызметін
тоқтатқан; 5) сақтандыру жағдайының басталу
ықтималдығы жоққа сайылған және
сақ-тандыру тәуекелінің
Демек, аталған
жағдайларда сақтандыру шартын тоқтату
үшін негіз ретінде көзделген
мән-жайлар орын алған уақыттан бастап
тиісті шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған
болып есептеледі. Бұл орайда мүдделі
тарап дереу басқа тарапты
хабардар етуге тиіс. Сақтандыру шартының
мерзімінен бұрын тоқтаты-луы
Сақтандыру шарты
мынадай жағдайларда: 1) шартты жасасу
сәтінде сақтандыру объектісі болмаса;
2) құқық қарсы мүдделер сақтандыру
объектісі ретінде көрініс
Сонымен, осылайша
қысқаша сипатталған сақтандыру
шартының негізінде ерікті сақтандырудың
барлық түрлері жүзеге асырылады. Осы
сақтандыру шартына байланысты соңғы
түйін ретінде ескерілуге тиіс маңызды
жәйт, Қазақстан Республикасындағы
міндетті сақтандыру тек заңнамалық,
актілер негізінде жүзеге асырылатынына
қарамастан, тиісті міндетті сақтандыру
барысында сақтандырудың осы
түрін реттейтін заңнамалық актіге
әрі кәп жағдайларда Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасының
Бұл орайда мынадай маңызды жағдаятты ашып көрсетуге болады: міндетті сақтандыру міндетгі сақтандыру шартының негізінде сақтанушының есебінен жүзеге асырылады; міндетті сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың нақтылы түрі бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандырушы мен тиісті мүдделері не азаматтық-кұқықтық жауапкершіліктері міндетті сақтандырылуға жататын сақтанушы арасында жасасылады; міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі жолымен жазбаша нысанда жасасылады; сақтандырушы тиісті сақтанушымен міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тарта алмайды; сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті.
Сонымен, сақтандыруды
жүзеге асыру негізін қалыптастыратын
ерікті сақтандыру шарты тараптардың
ортақ шешімге келуін білдіретін
келісім әрі сақтандыру құқықтық
қатынасын туындататын заңи факті
ретінде қос тарапты, консенсуалды,
ақылы, мерзімді және алеаторлы сипатымен
ерекшеленеді, сон-дайақ сақтандыру
міндеттемесінің және азаматтық-құқықтық
міндеттеменің пайда болуын негіздейді.
Сақтандырушы мен сақтанушының арасында
сақтандыру шартының жасасылғанын растайтын
факті сақтандырушының
Сөйтіп, «Сақтандыруды
жүзеге асыру негізіндегі сақтандыру
шарттары» ұлттық сақтандыру рыногының
салаларында өзіне тән