Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 17:04, дипломная работа
Қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады.
Кіріспе.............................................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы.............................................................................7
1.1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары....................7
1.2 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде.........................................................25
1.3 Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер...........................................................................................................................34
1.4 Сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттары..................................35
2 Сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері..................43
2.1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері...........................................43
2.2 Жалпы сақтандыру саласының құқықтық негіздері..........................................49
2.3 Өзара сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................57
2.4 Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................62
2.5 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері.......................................................................................................65
2.6 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері........................................................................................................................73
Қорытынды...................................................................................................................81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................83
Әуе көліктері толығымен жойылудан және тәуекелдердің барлық түрінен сақтандырылуы ықтимал. Бүгінгі таңда әуе көлігін сақтандырудың кенінен таралған түрлері «авиакаско» және оларды (әуе көліктерін) пайдалануға байланысты әртүрлі жауапкершіліктер болып саналады. Сақтандырылуға жататын азаматгық авиаиияның әуе көліктері ретінде жолаушылық, жүк, жүкжолаушылық, құтқару, санитарлық, өртке қарсы, ауыл шаруашылығы, спорттық ұшақтарын, сондай-ақ жолаушылық, жүк, жүкжолаушылық, құтқару және т.б. тікұшақтарын атап көрсетуге болады. Сақтандыру объектісі иеленуі, пайдалануы әрі билік етуі құзырыңдағы әуе көлігінің. сақталуына байланысты сақтанушының мүліктік мүддесі болып табылады. Сақтану-шының сақтандырушымен жасасылатын әуе көлігін сақтандыру шартының мақсаты сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтанушының қаржылық жағдайын қалпына келтіруді нысаналайды.
Су көлігін
сақтандыру (халықаралық сақтандыру
практикасында кеңінен
Су көлігін
сақтандыру кезіндегі ықтимал оқиғалар
су көлігі иесінің іс-әрекетіне
Су көлігін сақтандыру шартына әскери (соғыс) және ереуіл жасау тәуекелдері, фрахтаны жоғалту тәуекелі, аса көп шығыстар тәуекелі, кредитордың мүдделері сияқты және т.б. тәуекелдердің қосылуы ықтимал. Су көлігінің каскосын сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (сомасы) жасасылған шарт бойынша сақтандыру сомасына және сақтанды-рылған кеменің шығарылған жылы мен шамасына байланысты процентпен айқындалады.
Жүктерді сақтанлыру тиісті тұлғаның жүкті, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуіне, пайдалануына әрі оған билік етуіне байланысты мүліктік мүдделеріне тасымалдау әдісіне қарамастан, жүктің зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қорғау нысаналанатын сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді. Жүктерді сақтандыру жүк иесінің мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етуді нысаналайды. Жүктерді сақтандыру шарты барлық тәуекелдерден немесе сақтандырушы даярлаған тізімде көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру жолымен жасасылады. Жүктерді транспорттық сақтандыру шарттары барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікпен, жеке авария үшін жауапкершілікпен және жүктердің зақымданғаны (бүлінгені) үшін жауапкершіліксіз жасасылады. Жүкті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы сақтандырушыға: жүктің нақтылы атауы, алатын орнының саны, салмағы және буып-түю нәрсесі; қоносаменттердің немесе басқа да тасымалдаушы құжаттардың нөмірі мен датасы; көліктің түрі; жүкті жөнелту тәсілі (арнаулы вагондармен, кемелердің трюмінде немесе палубасында, ұүйылған, төгіп тасталған, үйілген); жүкті жөнелту, қайта тиеу және жеткізу пункті; жүкті жөнелту датасы; сақтандыру сомасы әрі сақтандыру мән-жайының түрі баяндалған ақпаратты табыс етуге тиіс.
Тасымалданатын жүктер ретінде астық, көмір, құм, гравий, цемент, лак-бояу материалдары, өндірістік техника мен жабдықтар, автотехника, азық-түліктер, жеміс-жидектер, көкөністер, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. көрініс табады. Аталған жүктердің тек өзіне тән тәуекелдері орын алады. Мәселен, ав-томобиль техникасын тасымалдау кезінде оның кейбір агрегаттары мен детальдары ұрланады, сондай-ақ көбінесе автомобиль корпусына сызықтар түсіріліп, ұсақ зақымдар келтіріледі. Ал азық-түліктерді тасымалдау оларды ұрлау, тонау, бүлдіру (бүліну), ластау сияқты және т.б. тәуекелдерге әкел соқтырады. Осы орайда жүктер ұрынатын тәуекелдердің дәрежесін бағалау үшін сақтандырушы жеткізілетін пунктге жүкке қойылатын талаптарды мұқият зерделеуге әрі жүкке қатысты статистикалық деректерге айтарлықтай назар аударуға тиіс. Статистикалық деректерде тасымалды жүзеге асыру уақыты, жасалған рейстер мен түсірілген (жеткізілген) жүктердің саны, бір жөнелтудің орташа құны, сақтандыру жағдайларының жалпы саны, айтылған әрі төленген даулардың саны, залалдардың жалпы сомасы, бұрын төленген сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы сияқты ақпараттар болады. Осындай деректерді және залалдардың туындау себебін талдау нақтылы тасымал кезіндегі тәуекелдің дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.
Жүкті сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйлықақысы
тасымалдаушы көлік түрлеріне және
сақтандыру жауапкершіліктерінің типтеріне
орай жіктеледі. Жүкті сақтандыру шартын
қосымша жауапкершілікпен жасасу кезінде
осы жауапкершіліктің мән-жайына және
тасымалданатын жүктердің ерекшелік-теріне
орай төлемдердін жекелеген
Мүлікті сақтандыру тұлғаның тиісті мүлікті иеленуіне, пайдалануына әрі оған билік етуіне байланысты мүліктік мүдделеріне осы мүліктің зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара не толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өтеу нысаналанатын сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады. Мүлікті сақтандыру кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтык кодексінің 809-бабының 3-тармағына сәйкес мүліктің жоғалуы (жойылуы) тәуекелі, жетіспеуі немесе бүлінуі, сондай-ақ, осы Кодекстің 115-бабында көрсетілген мүліктік игіліктер мен құқықтар (мүлік): заттар, ақшалар, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық, белгілер және т.б. сақтандырылады.
Мүлікті сақтандырудың
экономикалық. мән-жайы сақтан-дыру жағдайының
басталуынан туындаған зиянды өтеу
болып саналады. Мүлікті сақтандыру
кезінде сақтанушының жеке меншігіндегі
мүлігіне қоса оның иеленуіндегі, пайдалануындағы
және билік етуіндегі мүліктер де
сақтандырылады. Мүлікті сақтандыру
азаматтардың және заңды тұлғалардың
мүліктерін (мүліктік мүдделерін) сақтандыру
қорғауымен қамтуды (сақтандыру жағдайының
басталуына орай оларға келтірілген
зиянды сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру жолымен өтеуді) нысаналайды.
Осы орайда мүлікті сақтандыру: сақтандырылған
мүліктің жойылуы, зақымдалуы (бүлінуі)
немесе ішінара жоғалтылуы; белгілі
бір себептер мен негіздерге орай
күткен табыстардың (пайданың) алынбауы
немесе толығымен алынбауы; үшінші
тұлғалардың денсаулығына немесе мүліктік
және өзге де мүдделеріне зиян келтірілуіне
байланысты олардың алдындағы азаматтық-
Заңды және жеке тұлғалардың мүлікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыруға қабылданатын мүлігін: жеке меншігіндегі, сондай-ақ шаруашылық жүргізу әрі оралымды басқару құқығындағы негізгі және айналым қаражаттары; жалға, өндеуге, тасымалдауға, жөндеуге, сақтауға, комиссияға, бірлескен қызметке алынған мүлік объектілері; эксперименттік жұмыс немесе зерттеу жүргізу уақытына музейлерде, көрмелерде көрсету үшін алынған мүлік; ауыл шаруашылығы өсімдіктері, көпжылдық. жеміс-жидектік екпелер; ауыл шаруашылығы жануарлары; құрылыс-монтаждау жұмыстары; бұрындары есепке алынбаған өзге де мүлік тәрізді топтарға біріктіруге болады.
Жеке немесе заңды
тұлғалардың мүлкін сақтандыру кезінде
сақтандыру қорғауымен қамтылмайтын мүліктердің
де болуы ықтимал. Мәселен, заңды
тұлғалардың қолма-қол
Азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру тұлғаның
барлық тәуекелдерді сақтандыруы салдарынан
үшінші тулғаларға келтірілген залалды
өтеу міндетіне байланысты мүліктік
мүдделеріне келтірілген
Ипотекалық сақтандыру
заемшының (қарыз алушының) ипотекалық
тұрғын үй заемы бойынша кепілдік
мүлік болып табылатын тұрғын
үйінің нарықтық құнының төмендеуіне
орай оның (заемшының) ипотекалық тұрғын
үй заемының шарты бойынша кредитор
алдындағы міндеттемелерін
Кепілдіктерді және
кепілдемелерді сақтандыру тиісті тулғаның
(сақтанушының) өзіне берілген кепілдіктер
мен кепілдемелерлі орындау міндеті
салдарынан кепілдік немесе кепілдеме
берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне
келтірілген залалды ішінара
немесе толық өтемі мөлшерінде сақтаңдыру
төлемдерін жүзеге асыруы арқылы өтеу
нысаналанатын сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Сонымен, «Жалпы
сақтандыру саласының құқықтық негіздері»
Қазақстан Республикасының
2.3 Өзара
сақтандырудың құқықтық
Нарықтық дамыған елдерде кеңінен пайдаланылатын өзара сақтандыру әрбір сақтанушысы бір уақытта сақтандыру қоғамының мүшесі болып табылатын сақтандыру қорғауының бір нысанын білдіреді. Қазақстан Республикасы Азаматтық, кодексінің «Өзара сақтаңдыру» деп аталатын 845-бабына сәйкес: «Азаматтар мен заңды тұлғалар қажетті қаражатты өзара сақтандыру қоғамдарына біріктіру жолымен өзара негізде өз мүлкін және осы Кодекстің 809-бабының 2-тармағында аталған өзге де мүліктік мүдделерді сақтандыра алады. 2. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыруды жүзеге асырады және коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Өзара сақтандыру қоғамдарының құқықтық жағдайының ерекшеліктері мен олардың қызметінік шарттары осы Кодекске және өзара сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес айқындалады. 3. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыруды мүшелік және сақтандыру шарттары негізінде жүзеге асырады». Демек, белгілі бір азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің мүліктерін және өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғаумен қамтамасыз ету мақсатында өз қаражаттарын біріктіру жолымен коммерциялық. емес өзара сақтандыру қоғамын кұруға ат салысады. Ал өзара сақтандыру қоғамы өз мүшелерінің (сақтанушылардың) мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыруды нысаналап жұмыс істейді.