Сақтандыру құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 17:04, дипломная работа

Краткое описание

Қандай болмасын мемлекет ауқымындағы экономикалық қатынастардың, оның ішінде сақтандыру қатынастарының жан-жақты дамуы арнайы құқықтық реттеушінің, бұл орайда, сақтандыру құқығының болуын объективті түрде шарттайды. Осы сақтандыру құқығының құзырындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) азаматтардың, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін материалдық қорғау жүйесі ретінде казіргі заманғы қоғамның аса кажетті элементі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................................3
1 Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығының және сақтандыру құрылысының жалпы сипаттамасы.............................................................................7
1.1 Сақтандыру ісі, сақтандыру рыногы және сақтандыру ұйымдары....................7
1.2 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде.........................................................25
1.3 Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер...........................................................................................................................34
1.4 Сақтандыруды жүзеге асыру негізгі сақтандыру шарттары..................................35
2 Сақтандыру құқық саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері..................43
2.1 Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері...........................................43
2.2 Жалпы сақтандыру саласының құқықтық негіздері..........................................49
2.3 Өзара сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................57
2.4 Қайта сақтандырудың құқықтық негіздері.........................................................62
2.5 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері.......................................................................................................65
2.6 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері........................................................................................................................73
Қорытынды...................................................................................................................81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................83

Файлы: 1 файл

дип.docx

— 150.74 Кб (Скачать)

«Сақтандыру қызметі  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағының 2 абзацында: «Өзара сақтандыру қоғамы тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ол ез қызметін «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына, осы Заңға және Қазақстан  Республикасының өзге де нормативтік  құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады» деп айқындалса, ал осы баптың 2-тармағының 2, 3-абзацтарыңда: «Өзара сақтандыру жөніндегі  қызметті уәкілетті орган беретін  лицензия негізінде жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесі  осы Заңмен және «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының  Заңымен айқындалады. Өзара сақтандыру жөніндегі қызметті лицензиясыз  жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесі «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының. Заңымен айқындалады» деп көрсетілген. Осы орайда өзара сақтандыру қоғамының  өз қызметін лицензия негізінде әрі  лицензиясыз жүзеге асыратын тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық. нысанында  кұрылған заңды тұлға екені белгілі  болды.

Өзара сақтандыру қоғамының, өз жарғысын алдын ала  келісімдеуге берген өтінішін уәкілетті  орган аталмыш қоғам жоғарыда көрсетілген құжаттарды өзіне табыс  еткен күннен бастап бір ай ішінде қарап шығуға тиіс. Бұл ретте ескеретін  маңызды жәйт [20,61]. Қоғамның жарғысын алдын ала келісімдеуден табыс  етілген құжаттардың «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына, сондай-ақ жарғы  ережелерінің Қазақстан Республикасы тиісті заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне орай бас тартылуы ықтимал. Өзара сақтандыру қоғамы мемлекеттік  тіркеуден өткен жағдайда, тіркелген  күннен бастап он күнтізбелік күн  ішінде уәкілетті органды өзінің мемлекеттік тіркеуден өткені жөнінде  хабардар етуге міндетті. Қоғамның кұрылтай кұжаттарына оның құрылтай шарты мен жарғысы жатады. Қоғамның құрылтай шарты Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілеріңде белгілен-ген  ережелері, құрылтайшылардың сақтандыру шартына қол қою және сақтандыру сыйлықақыларын енгізу жөніндегі міндетін әрі кұрылтайшылардың осы қоғамды  құруға және онын қызметін ұйымдастыруға  байланысты әкімшілік шығыстарға енгізетін  ақшалай жарналарының мөлшерін қамтиды.

Өзара сақтандыру қоғамының мүшелері жеке немесе заңды  тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар) болып табылады. Қоғамға мүше болу жасасылған сақтандыру шартына сәйкес алғашқы сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) төлегеннен кейін туындайды әрі  оның мүшелерінің саны екеуден кем  болмауға тиіс. Бұл орайда айта кететін маңызды жәйт, Қоғамның жарғысына жеке тұлғалар үшін – тегі, аты және қалауы бойынша әкесінің аты, сондай-ақ тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, заңды тұлғалар үшін – толық атауы, орналасқан жері және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректері көрсетілген қоғам мүшелерінің тізімі қоса беріледі. Қоғам өз мүшелерінің тізімін жүргізуді және оны сақтауды қамтамасыз етеді.

Өзара сақтандыру қоғамының мүшелері: 1) қоғамның. тарапынан  көрсетілетін сақтандыру қызметтерінің  барлық түрлерін пайдалануға; 2) қоғамды  басқаруға қатысуға және оның органдарына  сайлануға; 3) өзара сақтандыру ережелерінде және қоғамның қызметін реттейтін өзге де құжаттарда белгіленген шарттылықтарға (мән-жайларға) орай өздерінің мүліктік мүдде-лерін сақтандыруға; 4) қоғам  органдарынан өздерінің әрі қоғамның қызметі жөніндегі кез келген ақпаратты алуға, оның ішінде қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен  бухгалтерлік есепке алу, есептілік  деректерімен және басқа да құжаттамамен танысуға; 5) қоғамның, жарғысында көзделген  тәртіп пен айқындалған жағдайларда  қоғамдағы мүшелігін тоқтатуға; 6) тиісті жинақтаушы сақтандру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде  қоғамнан қарыз алуға; 7) сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мақсатында қарыз  алуға; 8) сақтандыру жағдайының басталу  тәуекелінің алдын алу үшін қоғамның атқарушы органының қарауына өздеріне ақша беру туралы өтінішті табыс етуге; 9) қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен  оның мақсаттары үшін өзге де жарналар енгізуге; 10) қоғамның атқарушы, бақылаушы  және өзге де органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты қоғам  мүшелерінің жалпы жиналысына шағым  жасауға; 11) қоғам органдарының қоғам  мүшелерінің мүдделеріне нұсқан келтіретін шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

Сонымен қатар, өзара  сақтандыру қоғамының мүшелері: 1) қоғамның жарғысын сақтауға; 2) қоғам органдарының өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімдерін орындауға; 3) сақтандыру сыйлықакыларының төлемдерін (сомасын) уақтылы төлеуге; 4) аталған заңға және қоғамның жарғысына  сәйкес қоғам мүшелерінің жалпы  жиналысы белгілеген мөлшерде қосымша  жарналар (қосымша енгізілетін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін) төлеуге  міндетті.

Қоғам қызметінің негізгі түріне өзара сақтандыру жатады. Қоғам өзіне тән әрі  лицензияланбайтын өзара сақтандырудан  басқа мынадай қызмет түрлерін: 1) өзінің жарғысында көзделген тәртіппен  инвестициялық қызметті; 2) тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып  алу сомасы шегінде өз мүшелеріне қарыз беруді; 3) өз мүшелеріне сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін қарыз беруді; 4) қоғамдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету өнімін сатуды; 5) сақтандыру ісі және сақтаңдыру қызметі жөніндегі арнайы әдебиетті ақпарат жеткізгіштің кез келген түрінде сатуды; 6) қоғамның мұқтаждықтарына орай бұрын сатып алынған мүлікті сатуды немесе жалға беруді; 7) сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді; 8) өзара сақтаңдыру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыруға құқылы. Сөйтіп, қоғам тек осындай қызмет түрлерін және өзара сақтандыруды ғана жүзеге асыра алады.

Өзара сақтандыру қоғамындағы мүшелік: жеке немесе заңды  тұлға қатысушылар құрамынан  өз еркімен шыққан, қоғамнын мүшесі болып табылатын заңды тұлға  таратылған, қоғамның жарғысында көзделген  негізде және тәртіппен оның мүшелігінен  шығарылған, сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі міндеттемелерін  орындамаған, қоғамның мүшесі жеке тұлға  қайтыс болған, Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  хабар-ошарсыз кетті деп танылған, қоғам таратылған жағдайларда тоқтатылады (доғарылады). Осы орайда бірден ескеретін  манызды жәйт, Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген  жағдайларды есептемегенде, мүшелікті  тоқтату барысында қоғамның мүшесі төлеген сақтандыру сыйлықақылары  мен қосымша жарналар қайтарылуға  жатпайды. Сонымен бірге егер қоғамның мүшесі бұрындары қоғамның мақсаттары үшін өзге жарналар енгізген болса, өзінің коғамдағы мүшелігі тоқтатылған  кезде ол қоғам алдындағы берешегін  шегере отырып, тиесілі ақшалай соманы қоғамның жарғысында көзделген мерзімде қайтарып алуға құқылы. Қоғамның мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагері қоғам жарғысында айқындалған тәртіппен  қоғамға (мүше ретінде) кіре алады. Ал мүрагер  қоғамға кіруден бас тартқан  жағдайда, қоғам мұра қалдырушының бұрын енгізген өзге жарналары сомаларын  оған төлеу арқылы есеп айырысады. Қоғам  мүшелерінің оның кұрамынан өз еріктерімен  шығу туралы өтінішін қарау және өтініш берушінің бұрын енгізген жарналары  сомасын қайтару қоғам тарапынан  өтініш берілген күннен бастап бір  айдан аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.

Қызметі лицензиялануға жатпайтын өзара сақтандыру қоғамын  тарату Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасында белгіленген  тәртіппен жүргізіледі. Ал қызметі  лицензиялануға жататын өзара сақтандыру қоғамы Қазақстан Республикасынын сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып таратылады [21,33].

Өзара сақтандыру қоғамының жоғары органының айрықша  құзыретіне: 1) қоғамның. өз мүшелерімен  жасасқан сақтандыру шарттарының мән-жайларын айқындау; 2) қоғамның бюджетін бекіту; 3) қоғамға аудит жүргізу туралы шешім қабылдау және аудиторлық ұйымды таңдау; 4) қоғам мен оның мүшелері арасындағы дауларды қарау тәртібін айқындау; 5) өзара сақтандыру ережелерін бекіту; 6) сақтандыру тарифтерін есептеп  шығару тәртібін айқындау; 7) қоғамның қызметін қамтамасыз етуге қажетті  қоғамның сақтандыру және өзге де резервтерін  қалыптастыру әрі толықтыру, сондай-ақ. оларды пайдалану тәртібін айқындау; 8) қоғамның инвестициялық саясатын бекіту; 9) сақтандыру тәуекелдерін қайта  сақтандыру үшін беру саясатын бекіту және сақтандырудың әрбір түрі бойынша  өзінің ұстап қалу лимиттерін белгілеу; 10) тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде  қоғам мүшелеріне займдар беру туралы шешім қабылдау; 11) қоғам мүшелеріне өз сақтандыру сыйлықақыларын төлеу  үшін займдар беру туралы шешім қабылдау; 12) қоғамның атқарушы органы табыс еткен  қорытынды негізінде сақтандыру жағдайының басталу тәуекелдерінің алдын алуға арналған іс-шаралар  өткізуге ақша бөлу туралы шешім қабылдау; 13) ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мөлшерін және шарттылықтарын айқындау; 14) қоғамға  жаңа мүшелердің кіруі туралы шешім  қабылдау; 15) Қазақстан Республикасының  тиісті заңнамалық актілерінде, сондай-ақ қоғамның жарғысында көзделген өзге де мәселелер жатады.

Қоғам мүшелерінің  жалпы жиналысын (оның ішінде кезектен тыс жиналысты) шақыру, өткізу әрі  осы орайда тиісті шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының  тұтыну кооперативі туралы заңнамасында айқындалады. Ал өзара сақтандыру қоғамының  атқарушы органының құзыреті: 1) қоғам  кызметінің басымды бағыттары бойынша  ұсыныстар қалыптастыруды; 2) қоғамның инвестициялық саясатын әзірлеуді; 3) сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыру үшін беру саясатын және сақтандырудың  әрбір түрі бойынша өзінің ұстап  қалу лимиттерін әзірлеуді; 4) жылдық қаржылық есептеме және қоғамның келесі жылға  арналған бюджетінің жобасын даярлауды; 5) бекітілуі қоғам мүшелері жалпы  жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған есептемелерді қоспағанда, қоғамның есептемелерін бекітуді; 6) Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілерінде, сондай-ақ қоғамның жарғысында айқындалған өзге де мәселелерді  қамтиды. Қоғамның атқарушы органы қызметінің және оның шешімдер қабылдауының тәртібі қоғамның жарғысында, сондай-ақ қоғам мүшелерінің жалпы жиналасында қабылданған өзге де құжаттарда айқындалады. Қоғамның ішкі аудит қызметі оның қаржылық-шаруашылық, қызметіне бақылау жүргізу үшін құралады. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері қоғамның мүшелерінен тұрады. Бұл ретте бірден ескеретін жәйт, қоғамның атқарушы органының мүшесі ішкі аудит қызметінің мүшесі бола алмайды. Өзара сақтандыру қоғамының ішкі аудит қызметі қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізеді, қоғам мүшелерінің жалпы жиналысына қоғамның жылдық қаржылық есептемесі мен бухгалтерлік балансы бойынша қорытынды береді.

Сөйтіп, «Өзара сақтандырудың  құқықтық негіздері» Қазақстан Республикасының  тиісті заңнамалық актілерінің талаптарына, өзара сақтаңдыру қоғамы мүшелерімен (сақтанушыларымен) жасасылған мүшелік  әрі өзара сақтандыру шарттарына сай, сондай-ақ өз мүшелерінің мүлкін және муліктік мүдделерін лицензиясыз  немесе міндетті сақтандыру туралы заңдарға сәйкес міндетті сақтандыру түрлерін, өз мүшелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін және өз мүшелері сыйлықақыларының жылдық жиынтық мөлшері  жұз елу мың, айлық есептік  көрсеткіштен асқан жағдайда лицензиялық  негізде жұзеге асырылатын өзара  сақтандыру мән-жайын, принциптерін, сақтандыру сыйлықақылары мен қосымша жарналардың  мөлшерін, сақтандыру резервтерін кұру ерекшеліктерін, инвестициялық қызмет бағдарын айқындайтын және сақтанушылардың (өзара сактандыру қоғамы мүшелерінің) мүліктік мүдделерін қамсыздандыру  тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың  жиынтығынан тұратын сақтандыру құкығының Жалпы бөлімінің институты  ретінде көрініс табады.

 

 

2.4 Қайта  сақтандырудың құқықтық негіздері

«Сақтандыру қызметі  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында берілген негізгі  ұғымдар қатарында көрініс тапқан «қайта сақтандыру - өздерінің арасыңда жасасқан қайта сақтандыру шартына  сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бөлігін қайта сақтандыруға беруіне  және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына  байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар» ретінде  сипатталған. Осы орайда Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексінің ерекше бөлімі 40-тарауының 824-бабының  І-тармағында «Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз міндеттерінің бәрін не-месе оның бір бөлігін орындау тәуекелін жабуды басқа сақтандырушы (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы» деп көрсетілген.

Демек, қайта  сақтандыру сақтандырушының тиісті сақтандыру шарттары бойынша өзіне  сақтандыруға қабылдаған тәуекелдерге байланысты жауапкершілігінің бәрін  немесе айкындалған бір бөлігін  өзара келісімделген мән-жайларға орай басқа сақтандырушыға қайтадан сақтаңдыруға беруін көрсететін экономикалық қатынастардың жүйесін білдіреді. Дегенмен, бұл ретте тәуекелдер трансфертіне орай сақтандырушы мен қайта сақтандырушының  арасында туыңдайтын экономикалық қатынастардың  мәні-маңызы нақтылы ашылып көрсетілмегені байқалады [22,102]. Осыған байланысты бірден айта кететін жәйт, қайта сақтандыру белгілі бір сақтандырушының  сақтандыруға қабыл-даған тәуекелдерге сәйкес туындауы ықтимал сақтандыру жағдайларының салдарын жоюға (залалдарды жабуға, өтеуге) өз қаржылық мүмкіндігінің  жеткіліксіз болуына орай оны  басқа сақтандырушының. (қайта сақтандырушының.) есебінен орындалуын (жабылуын, өтелуін) көздеп жүзеге асырылады. Сонымен бірге  сақтандырушы сақтандыру шарты бойынша  белгілі бір кезенде өзіне  жүктелген тәуекелдердің бәрін  немесе бір бөлігін бір немесе бірнеше қайта сақтандырушыға беру жолымен тәуекелдердің біртектілігіне (біркелкілігіне) қол жеткізуді әрі  осының нәтижесінде өз сақтандыру портфелінің  теңдестірілімдігін қамтамасыз етуді  де нысаналайды.

Теңдестірілген  сақтандыру портфелі қабылданған әрбір  тәуекел бойынша бір тектес жауапкершіліктің қалыптасуына әрі осындай жауапкершілік  дәрежесі тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген сақтандырушының бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайы бойынша  сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруына қарамастан онын қаржылық. жай-күйінің  тиісінше деңгейде орнықты болуына  мүмкіндік береді. Осы ретте қайта  сақтандыру ықтимал сақтандыру жағдайы  салдарынан келтірілген залалдық мөлшерін азайтуды көздемейді, ол тек залалдың салдарын тиісті мүдделерге сәйкес тиісінше жоюды мақсаттайды.

Информация о работе Сақтандыру құқығы