Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инвестициялық жобалар туралы түсінік................................................4
1.1. Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі............................4
1.2. Инвестициялық жобалар ұғымы.....................................................................5
2. Инвестициялық жобалардың негізгі принциптері мен тиімділігін бағалау әдістері......................................................................................................................8
2.1. Инвестициялық жобалардын экономикалық тиімділігін бағалаудың негізгі принциптері..................................................................................................8
2.2. Инвестициялық жобаларды экономикалық тиімділігін бағалау әдістері............................................................................................................10
2.3. Жобаның ақша төлемдерінің таза ағымын бағалау және инвестициялық жобаның шегін анықтау........................................................................................13
2.4. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау....................14
3. Инвестициялық жобаны бағалау.........................................................14
3.1. Инфляциялық факторын
есепке ала отырып инвестициялық жобаны бағалау....................................................................................................................15
3.3. Белгіссіздік жағдайларында инвестициялық жобаны бағалау..................17
3.4. Қаржылық инвестициялық жобаны бағалау...............................................21
3.5. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруын ұйымдастыру..................24
Қорытынды және ұсыныстар...............................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізім.........................................................................28
Қосымша.................................................................................................................29

Файлы: 1 файл

кур жумыс банк Word (4).doc

— 287.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министірлігі

Еуразиялық Академиясы

 

 

 

 

 

                                            

«Қаржы және басқару» деканаты

«Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» пәні

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

Тақырыбы:  «Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері»

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Қаржы 2(2) курс студенті Имашева Д.Т.

Тексерген: оқытушы Суюншкалиева Д.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал 2012ж.

 

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

1. Инвестициялық жобалар туралы түсінік................................................4

1.1. Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі............................4

1.2. Инвестициялық жобалар ұғымы.....................................................................5

 

2. Инвестициялық жобалардың негізгі принциптері мен тиімділігін бағалау әдістері......................................................................................................................8

2.1. Инвестициялық жобалардын экономикалық тиімділігін бағалаудың негізгі принциптері..................................................................................................8

2.2. Инвестициялық жобаларды экономикалық тиімділігін бағалау әдістері............................................................................................................10

2.3. Жобаның ақша төлемдерінің таза ағымын бағалау және инвестициялық жобаның шегін анықтау........................................................................................13 

2.4. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау....................14

 

3. Инвестициялық жобаны бағалау.........................................................14

3.1. Инфляциялық факторын

есепке ала отырып инвестициялық жобаны бағалау....................................................................................................................15

3.3. Белгіссіздік жағдайларында инвестициялық жобаны бағалау..................17

3.4. Қаржылық инвестициялық жобаны бағалау...............................................21

3.5. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруын ұйымдастыру..................24

 

Қорытынды және ұсыныстар...............................................................................27

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізім.........................................................................28

 

Қосымша.................................................................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері. Қаржы-экономика критерийлер – бизнес-жоспарда айқындалатын жобаның құны‚ ағымдағы таза пайда‚ пайда мен пайдалылық (инвестициялардың қайтарымы)‚ тиімділіктің ішкі коэффициенті‚ өтелімділік кезеңі‚ тағы басқалар. Нормативтік критерийлерге құқықтық талаптар (ұлттық және халықаралық құқық нормалары)‚ стандарттардың‚ конвенциялардың талаптары‚ экология талаптар‚ патент қабілеті және зияткерлік меншік құқықтарын сақтаудың өзге де шарттары жатады. Ресурстық критерийлер жобаның іске асуының әлеуеттік мүмкіндігін айқындайды және олардың мынадай топтарын қамтиды: ғылым-техника ресурстар (қажетті ғылым-техника бөлшектердің‚ тиісті кәсіптегі және біліктіліктегі мамандардың болуы)‚ өндірістік ресурстар (өнімді өндіру үшін қуаттардың болуы)‚ технология баламалар‚ қаржы ресурстарының көлемі мен көздері‚ тағы басқалар. Ғылым-зертхана және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуын жеделдетуден болатын нәтижені есептеудің де елеулі мәні бар‚ өйткені бір жағынан‚ зерттеулер мен талдамалдар үдерісін жеделдету жобаны іске асырудың осы саласында айтарлықтай шығын жұмсауды талап етеді‚ екінші жағынан‚ жаңа тиімді өніммен (тауармен‚ бұйыммен) рынокқа ертерек шығу мүмкіндігі пайда болады. Әрбір әлеуетті жоба оның елдегі саяси‚ әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуге‚ олардың өзгеруі мүмкін екендігі тұрғысынан да бағалануға тиіс. Күрделі жұмсалымды бағалаудың ең кең таралған әдістері: өтелімділік әдіс‚ пайданың жай нормасы әдісі‚ қаражатты‚ ағымдағы таза пайданы дисконттау әдісі. Олардың көбісі ЮНИДО-ның өнеркәсіптік техника-экономика зерттеулерді дайындау жөніндегі оқу құралында (БҰҰ басылымы) көрініс тапқан. Соның негізінде әзірленген бағдарламалар пакеті КОМФАР (COMFAR – Computer Model for Feasіbіlіty Analysіs und Reportіng немесе инвестиция жобалардың техника-экономика негіздемелерін әзірлеудің компьютерлік үлгісі деп аталады. Алайда бағалау әдістері мен критерийлерін таңдау жобаның ерекшелігіне‚ оларда жаңа енгізілімдердің болуына‚ сала тұрпатына‚ басқа да бірқатар факторларға байланысты. Түпкілікті шешімді тапсырыс беруші (кәсіпкер) қабылдайды‚ инвестормен‚ серіктестермен‚ контрагенттермен‚ басқа да мүдделі тұлғалармен келісіледі.

 

 

 

 

I Тарау.  Инвестициялық жобалар туралы түсінік.

1.1. Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі

Инвестициялар кәсіпкерлік қызметінің объектілеріне бағытталған барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардын түрлері, яғни сонын нәтижесінде  пайда (кірістер) туады немесе құнарлы  тиімділікке қол жетерлік

Инвестициялар экономикалық категориясы ретінде келесі сипаттамаларын білдіреді:

капиталды өсіру мақсатында кәсіпкерлік  қызметіне салымдар жасау;

инвестициялық жобаларды іске асыру  процессінде инвестициялық қызметінде қатысушылар арасында (банкетер, мемлекет және инвестициялық жобаны тапсырушылар)  туатын ақша катынастары.  

Инвестицияның мәні инвестициялық  қызметінің екі жағын білдіреді: ресурс шығындары мен табатын  нәтиже (пайда). Инвестициялар нәтиже табу мақсатында екі жақты қарастырылады: саналық (пайда) және сапалық (білім  беру саласында – мектеп салу және білімді мамандар саның көбейту, кәсіпкерлікте -  өнім шығару мақсатында кәсіпорындардын саның көбейту. Инвестициялық қызметінің объектілері:

- мүліктік құқық;

өндірілетің және модернизацияланатын  негізгі құралдар;

бағалы қағаздар;

мақсатты ақша салымдары;

ғылыми – техникалық өнім;

интеллектуалдық меншікке құқық;

меншікті басқа да объектілері.

Инвестициялық қызметінің субъектілері: инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты  орындаушылар, инвестициялық қызметінің объектілерін қолданушылар, жабдықтаушылар, әр түрлі қаржы мекемелері – банктер, сақтандыру компаниялар, делдалдар.

Инвестициялаудын негізгі этаптары.

ресурстарды капиталдық шығындарға айналдыру, яғни инвестицияларды нақты инвестициялық  объектілеріне салу процессі (инвестициялаудын өзі);

салынған қаражаттарды капиталдық құндылыққа айналдыру, яғни  инвестицияларды  пайдалану және жаңа тұтынушылық  құнын алу (ғимарат пен құрылыстар, жаңа өнім және т.б.);

капиталдық құндылықтын пайдаға  айналуы, яғни инвестициялаудын сонға  мақсаты.

Капиталды өсіру көзі және инвестициялаудын мақсаты жобаны сатудан түскен пайда (кіріс) болып табылады. Тәжірибиеде пайда (П) массасын инвестициялық шығындармен салыстырады (ИШ) және олардын тиімділігін (ИТ) есептейді:

ИТ (%)=П/ИШ*100.

Инвестицияның көлеміне әсерін тигізетін факторлар.

Азаматтар кірістерінің жоғарлауы, олардың  бір бөлігін сақтап қалуына арналған және инвестициялық ресурстарының  көздері болады.   Сондықтан, Салымдар (сбережения) үлесінің барлық кірістердін  ішінде жоғарлауы инвестициялар  көлемінің өсуіне әкеледі және керісінше болуы мүмкін. Бұл жағдай азаматтардын мемлекетке сенім арттыру нәтижесінде камтамасыз етіледі және мемлекет өзі жағына инвестициялық белсенділікке мүмкіндік беруі тиіс. 

Инвестицияның көлеміне күткен табыстылық нормасы әсерін тигізеді, өйткені пайда қызығушылықты тудыратын негізгі себеп. Күткен табыстылық нормасы жоғары болған сайын инвестициялау көлемі де жоғарлайды, және керісінше. 

Инвестициялық процессінде меншікті қаражаттарымен қатар қарыз қаражаттарын қолдануға мүмкіншілік болғандықтан инвестицияның көлеміне ссудалық  пайыздын қойылымы әсерін тигізеді. Егер күткен табыстылық нормасы орташа ссудалық  пайыздын қойылымынан жоғары болса, онда мұндай салымдар инвесторға тиімді болғаны.   Сондықтан, орташа ссудалық  пайыздын қойылымының өсуі мемлекеттін экономикасына инвестициялар көлемінің төмендеуіне әкеледі. 

Инвестициялық жобаның мазмұны  кез келген инвестициялық қызметі  болуы мүмкін – жаңа кәсіпорынды  құру жоспары мен жылжымайтын  мүлікке лицензиялар мен патенттерді  сатып алу бағдарламасы.  

 Инвестициялық жобаларды келесі  белгілерімен жіктеуге болады: 

- масштаб (көлемі);

іске асыру мерзімі;

орындау сапасы;

ресурстардын шектелуі;

іске асыру мерзімі және орны.

Негізгі этаптар:

- инвестициялық идеяның тууы;

- инвестициялық мүмкіншілікті зерттеу; 

- құрылыстың, объектіні қайта құру, техникалық қайта қаруландыру  жұмыстарының техникалық – экономикалық  негіздемесің құрастыру; 

- келісім шарт құжаттарын әзірлеу; 

- құрылыстық- монтаждық жұмыстар;

- объектіні эксплуатациялау және экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

 

1.2. Инвестициялық жобалар

Инвестициялық жобалар ұғымы, оларды әзірлеу этаптары.

 Нақты инвестициялаудын барлық  формалары негізгі үш этаптардан  тұрады, олардын жиыны инвестициялық  циклы деп аталады:

1) инвестициялаудын алдындағы стадия, мұнда альтернативті шешімдер нұсқаулары әзірленіп оларға баға беріліп, іске қосылуға нақты бір нұсқа қабылданады;

2) инвестициялық стадия – инвестициялық  шешімінің іске асырылуы; 

3) инвестициялық стадиясынан кейн  – объектіні эксплуатациялау процессін бақылау. 

Инвестициялаудын алдындағы стадиясы дегеңіміз инвестициялық жобаны дайындау, яғни бизнес – жоспарын, техникалық – экономикалық незідемесін әзірлеуден тұрады. 

Жоба (лат. рrojectus – брошенный вперед) – техникалық құжаттар – жаңадан құрылатын ғимараттардын, құрылыстардын, машиналардын, цехтердің, зауыттардын, фабрикалардын макеттері, сызулары, экономикалық және техникалық есептері мен өндірістік пен әкімшілік құрылыстарының орналасу генералдық жоспары. Басқаша жобаны техникалық – экономикалық құжаттарының синтетикалық жиыны деп атауға болады.

Инвестициялық жоба ұғымын екі жақты  қарастыруға болады:

1) қойылған нәтижеге жету мақсатында  әзірленген кез келген  іс, қызмет, шаралар кешені; 

2) қойылған нәтижеге жету мақсатында әзірленген есептік - қаржылық және құқықтық – ұйымдастырушылық жүйесі.

Сондықтан, инвестициялық жоба деп  нақты инвстициялауды жұргізуге  қажетті негізгі құжат, яғни онда жобаның сипаттамасы, қаржы көрсеткіштері  беріледі. 

Инвестициялық жобаны дайындау, әзірлеу, іске асыру мәнінде және оларды экономикалық бағалауда қолданылатын әдістерін зерттеуде бірнеше этаптардан өту керек: 

- инвестициялық идеяның тууы;

- инвестициялық мүмкіншілікті  зерттеу; 

- құрылыстың, объектіні қайта құру, техникалық қайта қаруландыру жұмыстарының техникалық – экономикалық негіздемесің құрастыру;

- келісім шарт құжаттарын әзірлеу; 

- құрылыстық- монтаждық жұмыстар;

- объектіні эксплуатациялау және  экономикалық көрсеткіштердің мониторингі. 

Инвестициялық идеяның тууы дегеңіміз:

- идеяны тандау және алдын  ала бағалау; 

- техникалық шешімді (техника,  ресурстар мен қызметтер объектілерің) инновациялық, патенттік, экологиялық  талдау; 

- сертификациялық талаптардың  орындалу қажеттілігін тексеру;  

- инвестициялық идеяны алдын ала келістіру; 

- жобаны іске асыралатын кәсіпорында,  мекемені алдын ала таңдау;

- рецепиенттің ақпараттық меморандумын  дайындау. Рецепиент – инвестицияның  субъектісі – инвестицияны қолданатын  кәсіпорын, мекеме. 

Инвестициялық жобаның жіктелу. Инвестициялық жобаларды бірнеше белгілерімен жіктеуге болады:    

1) инвестициялау мақсаты бойынша

- өнімді өндіру көлемін ұлғайтуға  арналған инвестициялық жоба;

-  өнім ассортиментің кеңейтуге  (жаңартуға) арналған инвестициялық  жоба;

- өнім сапасын жоғарлатуға арналған инвестициялық жоба;

- өнімнің өзіндік құнын төмендетуге  арналған инвестициялық жоба;

- әлеуметтік, экологиялық және  басқа да тапсырмаларды шешуге  арналған инвестициялық жоба.

2) іске асыру автономиясы бойынша

- кәсіпорынның басқада жобаларын  іске асырудан тәуелсіз инвестициялық  жобалар; 

- кәсіпорынның басқада жобаларын  іске асырудан тәуелді инвестициялық  жобалар.

Информация о работе Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері