Инвестициялық жоба

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 06:13, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру». Бұл жұмыста негізінен «Компанияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру» негізінде, кәсәпорынның да, потенциялды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағыттау қажет және қазіргі кездегі инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ

ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.................................................5

1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны.............................................5

1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері......................13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР....................................................................................................... 20

2.1 Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер................................................20

2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясының қалыптастыру ерекшеліктері.................................................26

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................34 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35

Файлы: 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ.doc

— 182.00 Кб (Скачать)

                                                  МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ 

 ЖӘНЕ  ТИІМДІЛІГІН  БАҒАЛАУ  ӘДІСТЕРІ.................................................5 

  1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны.............................................5

  1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері......................13 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН  НЕГІЗГІ      МӘСЕЛЕЛЕР....................................................................................................... 20 

  2.1 Қазақстан республикасындағы компаниялардың  инвестициялық     стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер................................................20

  2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясының қалыптастыру ерекшеліктері.................................................26 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................34  ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ.....................................................35    
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                               

                                                        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                          КІРІСПЕ

        
 

Бұл курстық  жұмыстың тақырыбы «Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру». Бұл жұмыста негізінен «Компанияның инвестициялық   стратегиясын    қалыптастыру» негізінде,  кәсәпорынның да, потенциялды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады. 

      Кәсіпорынның   инвестициялық   стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағыттау қажет және қазіргі  кездегі инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы  шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс.   Инвестициялық   жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясын өз шеңберінде қалыптастырады.

      Бұл тақырыптың  өзектілігі – неғұрлым    стратегияның    дұрыс   жолға қойылуы  компания үшін  де   кәсіпорын  үшін де тиімділігін  арттырады,  өндіріске   ықпал   жасайды. Сонымен  қатар компания  бірлігіне,  ұйымшылдығына,  мәртебесіне әсер етеді.

 Инвестициялық стратегияның мақсаты – белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғылырды ауыстыру.

         Бұл курстық жұмыстың  міндеті бүгінгі  күнде Қазақстан  Республикасы  компаниясының   негізгі  мәселелерді   негізге  ала отырып   компания  үшін  дұрыс  және тиімді стратегия  құру,  инвестициялық  тарту  көздерін  қалыптастыру,  оның  орналастыру  үшін түбегейлі  мәселе   болып  табылады.

                                                                                                                                 3

      Курстық  жұмыстың  құрылымы,  яғни  кіріспеден,  екі  бөлімнен,  қорытынды  және  қолданылған  әдебиетер  тізімінен  тұрады.

      Бірінші  бөлімде,  Инвестициялық  жобалардың   мәні,  мазмұны  және тиімділігін  бағалау  әдістері.

      Екінші  бөлімде,  Қазақстан  Республикасындағы   компаниялардың  инвестициялық  стратегиясын  қалыптастыру  ерекшеліктері   және   ондағы кездесетін  негізгі  мәселелер.   
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                                4

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

          1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны

      Халықаралық тәжірибеде кәсіпорының даму жоспары  бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның  даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып  табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

      Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін(арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі(жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, Әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен,  өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды  жаңартуымен байланысты болады.

      Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі  бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және  жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және  тактикалық  мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік  инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

      Кәсіпорынның  нақты бір  жобаға  қатысты  инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі

                                                                                                                                   5

кезеңдерге ие.

1.Жобаның тұжырымдалуы.Бұл  кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы  кәсіпорынның ағымдағы жағдайына  талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын  анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет.  Кәсіпорынның  одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде  бірнеше инвестициякыҚ!жоаакбр әзірленеді. 

2.Жобаны дайындау. Жобаның    бизнес- идеясы   бірінші        тексерілімнен

 өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде  жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру  талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін  бастапқы ақпараттарды  іздеу немесе жинақтау  аса маңызды болып табылады.  Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және  бастапқы ақпараттардың шынайлығына  тәуелді екенін түсіну керек.

      3.Жобаны  сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті  саты жүргізілуі керек.  Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен  қаржыландырылатын  болса, онда инвестордың  өзі  сараптама жүгізеді,  мысалы,  болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін  жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік     фирмаға    ақшасының   кейбір     бөлігін 

                                                                                                                                  6 
 

жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын  инвестициялық  жобаны негізінен 

өз ақша құралдарының  көмегімен іске  асыруды жоспарласа,  онда жобаның негізгі  жағдайларының  дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

      4.Жобаны  іске асыру. Бұл кезең бизнес- идеяның  дамуынан бастап жобаның  іске қосылу  мезетіне дейін  толық қамтиды. Мұнда қызметтің  барлық түрінің орындалуын қадағалау  және мемлекеттің ішіндегі  реттеуші  органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының  бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске  асуының негізгі бөлігін  де қамтиды,  ал оның  мақсаты – бастапқы инвестицияны  жабу үшін  жоба өндіретін  ақша ағымдарының  жеткіліктігін тексеру  және  инвесторлврдың салған ақшаларынан  күтетін қайтарылымдарын  қамтамасыздандыру.

      5.Нәтижелерді  бағалау. Бұл жобаның соңында,  сондай-ақ  жобаны орындау процесі  кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет  түрірнің  негізгі мақсаты жобаға  салынған идеялар мен олардың  іс жүзіндегі орындалу дәрежесі  арасындағы  нақты кері  байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар  аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені  басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.

      Жобалық талдау  тәжірибесі жобаларды әзірлеу  тәжірибесін  жалпылауға және типтік жобаларды  атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде  кездесетін инвестициялық жобалардың  негізгі түрлері  мынадай:

      1.Тұрақты  масштабтағы  бизнестің табиғи  жалғасуы  ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған  ұқсас жобалар ұзақ және күрделі  дәлелдемелерді, шешім қабылдауды  талап  етпейді. Ұқсас  қондырғылардың  бірнеше түрі бар болса және олардың  ішінен біреуінің  басымдылығын дәлелдей керек болса,  көп баламалылық пайда болуы мүмкін.

      2.Ағымдағы  өндірістік  шығындарды  азайту  мақсатында 

                                                                                                                                  7

қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының  орнына неғұрлым  жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға  қарағанда салыстырмалы  түрде тиімділігі                                                                                                                                  

 азырақ болады.  Жобалардың осы түрі әрбір  жекелеген жобаны бөлшектеп   қажет етеді,  өйткені техникалық  мағынада неғұрлым  тиімді бола  бермейді.

      3.Өнім шығаруды  арттыру және қызмет көрсету  нарығын  кеңеуті.  Жобалардың бұл түрі  әдетте  кәсіпорын  басқармасының  жоғарғы деңгейі  қабылдайтын жауапты шешімді талап  етеді. Жобаның  коммерциялық  орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің  тиянақты дәлелдемесімен  және  сату  көлемін арттырудың табыстың өсуіне  алып келе-келмеуін  анықтай отырып, жобаның қаржылық  тиімділігін тиянақты  талдау керек.

      4.Жаңа  өнім шығару мақсатында  кәсіпорынды   кеңеуту. Жобалардың  бұл түрі  жаңа стратегиялық  шешімдердің   нәтижесі болып табылады  және  бизнестің мәнінің өзгерісін  қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері  теңдей дәрежеде  маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.

      5.Экологиялық   жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында  экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық  жүгі бар жобалар өздерінің  байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.  Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді  қажет ететін негізгі  дилемма – жобалардың қай түріне назар аудару керек: 1) капиталдық шығындарды көбейте отырып,  қондырғының аса жетілген және  қымбат түрін қолдану немесе  2) ағымдағы шығындарды  көбейте отыры, аса қымбат емес  қондырғыны қолдану.

      6.Шешім  қабылдаудағы  маңыздылығы  аса  жоғары емес жобалардың түрі.  Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу  және т.с.с. қамтиды[1].

                                                                                                                                   8

Информация о работе Инвестициялық жоба