Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 15:18, лекция
білім багдарламасы
технопарктер, оның ішінде:
2013 жылы – «Металлургия және
дайын металл өнімдерін өндіру»
ғылыми әзірлемелер мен
Еліміздің жетекші ЖОО-лары жанынан
жоғары білікті ғылыми-педагог
Жеке меншік секторды ғылыми және инновациялық қызметке тарту бойынша оларды экономикалық ынталандыру шаралары әзірленген.
2015 жылдан бастап Назарбаев Университеті жоғары кәсіби мамандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады. Назарбаев Университетінің тәжірибесі біртіндеп елдің жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарына енгізіледі.
2016 жылдан бастап:
жетекші шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірлесіп, білім беру бағдарламалары әзірленеді;
жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өнім жасау үшін экономиканың басым бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізіледі;
әріптес университеттермен және шетелдік ғылыми орталықтармен бірлесу жүзеге асырылады.
Нәтижесінде, іргелі және қолданбалы зерттеулерді кеңейту үшін университеттердің маңызды ғылыми әлеуеті тиімді қолданылады, олардың кешенділік және практикалық нәтижелілігі артады.
Өмір бойы оқу
Мақсаты:
Өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Міндеті:
Баршаға арналған білім, өмір бойы білім алу үшін жағдай жасау.
Нысаналы индикатор:
Барлық жастағылар үшін білім берудің әртүрлі нысандары мен типтерін енгізу.
Өмір бойы оқу білім алудың барлық деңгейінде адамның білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың түрлі мүмкіндіктерін жасау есебінен жүзеге асырылады.
2020 жылға қарай өмір бойы оқу
үшін жасына, білімі мен кәсіби
біліктілік деңгейіне
Жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан барша халыққа техникалық және кәсіптік, жоғары білім жүйесінде оқытудың түрлі нысаны және білім беру қызметтерін жекеше берушілер арқылы (қашықтықтан оқыту, қайта біліктілік беру, формалды, формалды емес, инклюзивті қысқа мерзімді курстар) жаңа базалық дағдыларды игеруді қоса алғанда, негізгі дағдыларды игеру мен жетілдіру мүмкіндігі ұсынылатын болады. Оқу орындарымен, сондай-ақ әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, өндірістен қол үзбей оқыту қарастырылатын болады.
Білім беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіби даярлау үшін жағдайлар жасалатын болады, модульдік білім беру бағдарламалары жасалады.
Халықтың ересек тобын қайта
мамандандырудың ваучерлік
Өндірісте жұмыс істей жүріп, адам өзі оқытудың түрлерін, қарқынын және мерзімін таңдап, білім алу процесін дербестендіре алады. Білім алушылардың тәуелсіз коммерциялық емес агенттіктерде өздерінің алған біліктілік деңгейін бағалаудан өтіп, сертификаттар алуы арқылы мемлекеттік және жекеше білім беру қызметтерін ұсынушыларды оқыту нәтижелерін тануда тиімді шаралар әзірленетін болады.
Өмір бойы оқыту оқытудың формалды және формалды емес нысандарының тұтастай спектрін, инклюзивті білім беруді қоса алғанда, мектеп жасына дейінгі жастан бастап зейнеткерлікке шығу жасынан кейінгі оқытуды қамтитын болады.
Инклюзивті білімді дамыту тиісті
бейіндегі мамандарын даярлауды
жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының
жанынан консультациялық-
Жұмыс берушілер оқу бағдарламаларын қоса қаржыландыруға және әрбір қызметкердің үздіксіз білімге қатысуына мүмкіндік беретін икемді сызбаларды дайындауға тартылады.
Барша қазақстандық азаматтар мемлекеттік тілді толық меңгергенге дейін тілдерді меңгерудің халықаралық стандарттары негізінде мемлекеттік тілді үздіксіз оқытатын «Балабақша - мектеп, кәсіптік лицей, колледж – жоғары оқу орындары» жүйесі құрылатын болады.
Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, магистранттар, түрлі сала қызметкерлері) мен Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар үшін сертификат бере отырып, қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – Қазтест енгізіледі.
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
Мақсаты:
Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Міндеті:
Жастарды отансүйгіштікке
Нысаналы индикатор:
Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысатын жастардың олардың жалпы санынан үлесі (2015 жылы – 27 %, 2020 жылы – 55 %).
Жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
2011 жылдан бастап:
консультациялық, ақпараттық-талдамалық, оқыту және басқа да қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастардың үкіметтік емес ұйымдары базасында қызметті жүзеге асыратын облыстық және республикалық әлеуметтік қызметтер одан әрі дамитын болады;
республикалық деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде ерікті, әскери-патриоттық ұйымдардың, әскери-спорттық, әскери-іздеуші және спорттық-техникалық клубтардың желісі 20 дан 30-ға дейін көбейеді;
білім беру ұйымдарында спорт
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік рәміздерді таныту, тарих, салт-дәстүр және ана тілін білу жөнінде іс-шаралар жалғастырылатын болады;
түрлі жобаларды іске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар қабылданатын болады.
Алматы қаласы үлгісінде жастардың үкіметтік емес ұйымдарының және жастардың қызметін үйлестірудің орталықтандырылған жүйесін құру мақсатында жастар саясаты басқармасы құрылады.
Девиантты және деликвентті балалармен жұмысты күшейту жоспарлануда. Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алуы түрлі факторлардың өзара іс-қимылымен қамтамасыз етілетін болады: отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта және тұтас қоғам.
Одан басқа, тәрбие мен оқытуды, девиантты және деликвентті мінез-құлықты балаларды әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету бойынша арнайы білім ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарына баса назар аударылатын болады.
Білім беру жүйесіне кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын беруге байланысты олар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (бұдан әрі – КТБО) болып қайта ұйымдастырылады.
КТБО-ның негізгі міндеті – кәмелетке толмағандардың дағдарыс жағдайынан шығуға және өмірін орнықтыруға, баланы отбасымен қосуға көмек көрсету мен отбасын әрі қарай сүйемелдеу.
Тұтас алғанда, мектепке дейінгі жастан бастап тәрбиеге ерекше көңіл бөлінетін болады.
Жастардың әлеуетін ашу тетіктерін іске асыру
Жастар саясаты саласындағы мәселелерді шешуге жастардың қатысуы үшін оның өкілді органдарда қатысуын қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.
Ұйымдастырушылық қабілеті мен
көшбасшылық қасиеті бар
Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық конкурстар, ойындар, турнирлер, КТК, оның ішінде Дельфий ойындарын өткізу және кейіннен қазақстандық құрамалардың халықаралық конкурстарға, турнирлер мен ойындарға қатысуын қамтамасыз ету көзделуде.
Осылайша, шығармашыл жастарды қолдау 2020 жылға қарай Дельфий ойындарына қатысушыларды 2000 адамға дейін жеткізуді көздейді.
Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін
тұрақты негізде нығайту үшін
ғылыми ұйымдарда және жоғары оқу
орындарында консультативтік-
Мәдениеттегі, өнердегі, ғылымдағы, ақпараттық технологиялар саласындағы ұзақ мерзімді конкурстық жобаларды дамыту бойынша ведомствоаралық жұмыс күшейтіледі.
Осылайша 2020 жылға қарай:
өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі 15%-ға жетеді;
жастар ұйымдарының қызметіне жастардың 29 %-ы қатысатын болады;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде
әлеуметтік маңызды жобаларды іске
асыруға тартылған жастар ұйымдарының
үлесі
6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Қазіргі заманғы жағдайда стратегиялық ресурсы адами капитал болып табылатын еңбек өнімділігі экономикалық өркендеу мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс. Мемлекет осы ресурстың дамуына үлес қосуы керек.
Білімді адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппарат құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты
қолдауының болуы осы реформаларды
жүргізуге негіз болып
Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады: 2011 – 2015 жылдар мен 2016 – 2020 жылдар.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) жекелеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін әзірлеумен, оларды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ауқымды қайта құрулар мен эксперименттердің басталуымен байланысты жұмыстарды жүргізу көзделген.
Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) басымдық
жабдықтарды сатып алуды, білім беру жүйесін
дамыту міндеттерін шешуге бағытталған
іс-
Әрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылу барысын және бағдарламалық іс-шаралардың білім беру жүйесінің жай-күйіне әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.
Күтілетін нәтижелер:
2015 жылға қарай өтпелі кезең аяқталады және Қазақстанның білім беру жүйесі құрылымы, мазмұны, басқару мен қаржыландыру тетіктері бойынша дамыған елдер моделіне сәйкес келетін болады.
Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан көшбасшылық орындарға шығады.
2020 жылға қарай білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі түрінде нәтиже беретін болады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде
мынадай әлеуметтік-
2015 жылға қарай:
1. Жаңа қаржы-экономикалық тетік әзірлеу.
2. Электрондық оқыту жүйесін құру.
3. Оқытудың 12 жылдық моделіне көшудің басталуы.
4. Ұлттық біліктілік жүйесінің негізі жасалады.
5. Мектептің және жоғары
6. Білімді, ғылымды және өндірісті кіріктіру басталады.
2020 жылға қарай:
1. Адами капиталдың сапасын
2. Ғимараттарды жобалау, салу және қайта салудың жаңа принциптерін ескере отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Тозған және апатты білім беру объектілерін жою. Білім берудің технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту (асханалар мен спорт залдарын, автопарктерді, компьютерлік техниканы жаңарту және т.б.).
3. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
4. Білім беру саласының
5. Нормативтік-жан басына шағу принциптері, ваучерлік негізде біліктілікті арттыру жүйесі негізінде орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін енгізу.
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың вариативті
7. Мектеп оқушыларын оқытудың
жеке траекторияларын
8. Оқушылардың әлемдегі барлық білім беру ақпараттық ресурстарына on-line арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету.
9. Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу.
10.
Даму мүмкіндіктері шектеулі
балалар мен ересектерге
11.
Республикада жаңа тұрпаттағы
педагогтердің қажетті санын
және тиісті біліктілігін
12. Ішкі нарықта білім берудің үлес салмағын арттыру, еліміздің білім беру жүйесіндегі білім беру қызметінің экспорттық көлемі мен құрылымын ұлғайту.
13. Еңбек нарығының талаптарына сай келетін, азаматтардың кәсіптік, мансаптық және жеке тұлға боп өсуіне ықпал ететін үздіксіз кәсіптік білім берудің икемді жүйесін қалыптастыру.