Зейнетақы бойышна есептілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 15:18, лекция

Краткое описание

білім багдарламасы

Файлы: 1 файл

2011_2020_bilim_bagdarlamasy.doc

— 421.00 Кб (Скачать)

Электрондық білім беруге арналған электрондық ресурстармен және контентпен қамтамасыз ету – мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде жүзеге асырылады.

Технологиялық инфрақұрылымды дамыту білім беру ұйымдарын өткізу мүмкіндігі 4 – 10 Мбит/сек. Интернет жүйесіне қосуды көздейді.

Интернет желілеріне білім беру ұйымдарының 90 %-ынан астамы қосылатын  болады. Бірінші кезекте – ресурстық  орталықтардың пилоттық бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер.

Кең жолақты Интернетке (бұдан әрі  – КЖИ-ға) қосылу, электрондық білім  беру жүйесі үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізушілердің қызмет көрсетулерін таңдау мемлекеттік сатып  алу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады.

Білім беру ұйымдарының 90 %-ының қажетті  оқу ресурстары бар  Интернет-ресурстары болады.

Негізгі және бейіндік орта мектепте оқытылатын әрбір пән бойынша  интерактивті және зияткерлік цифрлы білім беру ресурстары әзірленетін болады.

Орта, техникалық және кәсіптік білім  беру ұйымдарын цифрлы білім беру контентімен (қандай да бір ақпараттық ресурспен – мәтін, кескіндеу, музыка, бейне, дыбыс және т.б. толықтыру (мысалы: интернет ресурстар контенті) ашық қолжетімділікте толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Оқытушылар жасаған электрондық  білім беру ресурстары (медиатекаларды бір орталықтан құру және ресурстармен толтыру) дамытылады.

Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердің жаңа түрлерімен, КЖИ-мен қамтамасыз ету және т.б.

2011 жылы әкімші, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер,  кітапханашы үшін функционалдар  әзірленетін болады.

Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі   (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады.

Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың  сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.

2015 жылға қарай жетекші шетелдік  ЖОО-лардың үлгісі қалпы бойынша университеттік порталдар құрылады, 2020 жылға қарай ЖОО-ларда кең жолақты Интернетке қол жеткізу 100 % қамтамасыз етіледі. ЖОО-лардың техникалық дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапханаға қосу жүзеге асырылатын болады. 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 

Мақсаты:

Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың  әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту.
  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз  ету.

Нысаналы индикатор:

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету (2015 жылы – 73,5 %, 2020 жылы – 100 %).

Мектепке дейінгі  ұйымдардың желісін ұлғайту

2015 жылға қарай «Балапан» бағдарламасының  шеңберінде мектепке дейінгі  тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 70 % қамтамасыз ететін мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар желісі дамитын болады.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы  орындар саны «Балапан» бағдарламасының  шеңберінде көбейеді.

Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық  қолдау көрсету үшін түзету және инклюзивтік білім кабинеттері құрылатын болады. 2015 жылға дейін барлық балабақшалардың жалпы санынан түзеу және  инклюзивті білім  кабинеттерінің желісі 8 %-дан 30 %-ға дейін ұлғаяды.

Мектепке дейінгі  арнайы түзеу ұйымдарының желісін сақтау және ұлғайту мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында арнайы балабақшалар ашылады. Мектепке дейінгі  арнайы түзеу ұйымдарының үлесі олардың жалпы санынан 2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы – 2,5 %-ды құрайды. Ұйымдарға кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасау арқылы балабақшалардың үлесі олардың жалпы санынан 2011 жылы 1 %-дан 2020 жылы 10 %-ға дейін ұлғаяды.

Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету

2015 жылға қарай МЖБС-ның жетекші  білім салаларына сәйкес 5 оқу бағдарламасын жаңарту жоспарлануда.

Әрбір оқу бағдарламасы үшін оқу-әдістемелік  кешендер әзірленеді (жыл сайын 5 бірліктен, барлығы 25).

2015 жылға дейін жоғары оқу  орындарында және ТжКБ ұйымдарында   мектепке дейінгі білім беретін 18 мыңнан астам педагог қызметкерлер даярланады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін қайта даярлау жүзеге асырылады.

2020 жылға қарай:

өңірлердің ерекшеліктеріне қарай  мектепке дейінгі ұйымдардың түрлі  модельдерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Мысалы, оңтүстік өңірлерде – жекеменшік коттедждердегі балабақшалар, жұмысқа отбасы мүшелерін тарта отырып, тұрғын жайлар базасында 5 – 6 балаға арналған отбасылық балабақшалар. Солтүстік өңірлерде – оқушылық орынның профициті есебінен жалпы білім беретін мектептер базасында шағын орталықтар. Қалаларда тұрғын үй кешендерінің төменгі қабаттарында – шағын жинақталған балабақшалар мен шағын орталықтар. Барлық өңірде – «Мектеп-бақша» кешендері. Мемлекеттік балабақшалардың баламасы ірі компаниялар, ұйымдар, кәсіпорындар жанындағы балабақшалар болады;

мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы  орындар саны 373 мыңнан              662 мыңға дейін көбейтіледі;

балабақшалардағы топтардың толықтырылуы жас ерекшелік нормаларына (бөбектер тобы – 17, орта – 22, ересектер - 27) сәйкес                        27-ден (ел бойынша орташа) 22-ге дейін азайтылды;

мектепке дейінгі жастағы барлық бала санынан мектепке дейінгі тәрбиемен  және оқытумен қамтылған балалардың саны 70 %-дан                              100 %-ға дейін көбейтіледі.

10 оқу бағдарламасы жаңартылады, 30 ОӘК әзірленеді, оның ішінде    2016 жылы – 8, 2017 жылы – 8, 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 8, 2020 жылы –               8 бірлік. 

 

Орта білім

Мақсаты:

Жалпы білім беретін мектептерде  Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.  12 жылдық оқыту моделіне көшу.

Міндеттері:

1. 12 жылдық оқыту моделіне көшуді  білім беру мазмұнын жаңғырту  арқылы жүзеге асыру.

2. ШЖМ проблемаларын шешу.

3. Мектептегі инклюзивті білім  беру жүйесін жетілдіру. 

 

Нысаналы индикаторлар:

2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне  көшу толықтай жүзеге асырылады (2015 жылы – 1, 5, 11-сыныптар).

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»  жобасы шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мектептердің саны (2020 жылы – 20).

Жаратылыстану-математика пәндері  бойынша білім беретін оқу  бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі  (2015 жылы – 60 %, 2020 жылы – 70 %).

Қазақстандық жалпы білім беретін  мектеп оқушыларының PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық  салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері (2015 жылы: PISA – 50 – 55 орын, TIMSS – 10 – 15 орын, 2020 жылы:  PISA – 40 – 50 орын, TIMSS – 10 – 12 орын, PIRLS – 10 – 15 орын).

Инклюзивті білім үшін жағдайлар  жасалған мектептердің үлесі олардың жалпы санынан  артады (2015 жылы – 30 %, 2020 жылы – 70 %). 

 

Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу

Құзыреттілік тәсіліне негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.

Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі – әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани мәдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер Өзін-өзі танудың негізін, жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретін болады.

МЖБС коммуникативтік дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды  басқара білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыратын білімді алудағы тұлғаның дамуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталады.

2011 жылы бастауыш білімнің МЖБС  жаңартылады, негізгі орта және  жалпы орта білім берудің құзыреттілік  тәсілі негізінде оқу бағдарламалары  әзірленеді.

2015 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік  мектептері жинаған тәжірибенің  элементтері білім беру жүйесіне  енгізілетін болады.

2012 жылы жалпы орта білімнің  МЖБС жоғары білімнің (бакалавриат)  МЖБС-мен біріктіріледі – жоғары  білімнің жалпы білім беретін пәндер циклінің жеке пәндері (әлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, мәдениеттану және т.б.) оқу жүктемесін көбейтпей, «Бейіндік мектептің» бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі.

2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық  және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша «Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі.

Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша  эксперименттік алаң үшін оқулықтар  мен ОӘК, түзеу білім беру ұйымдары үшін электрондық оқулықтар, аударма  және оқулықтар мен ОӘК-ні бейімдеу жүзеге асырылады. Оқулықтарды әзірлеу және оқулықтарды сараптамадан өткізу функциялары бөлінеді.

2013 жылы оқытудың 12 жылдық моделінің  бағдарламасы бойынша оқулықтар  мен ОӘК әзірленіп, ал 2014 жылы  олар сараптамадан өтеді.

2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптардың,   2016 жылы 3, 4, 7-сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың оқушылары үшін оқытудың 12 жылдық  моделінің бағдарламасы бойынша балама оқулықтар мен ОӘК-лер дайындалады.

Қазақстандық оқулықтармен қатар ҚР БҒМ рұқсат берген тізбеге енгізілген математика, жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар қолданылатын болады.

2015 жылы жалпы білім беретін  білім беру ұйымдарының барлық  оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне  дәйекті көшу мынадай сызба  бойынша басталады: 

 

Жылдар

Оқытудың 12 жылдық бағдарламасы бойынша

Оқытудың 11 жылдық бағдарламасы бойынша

2015 – 2016

1,5,11

2,3,4,6,7,8,9,11

2016 – 2017

1,2,5,6,11,12

3,4,7,8,9

2017 – 2018

1,2,3,5,6,7,11,12

4,8,9

2018 – 2019

1,2,3,4,5,6,7,8,11,12

9

2019 – 2020

1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12

 

 

 

11 жылдық мектептің 9-сыныбынан  12 жылдық мектептің 11-сыныбына  көшу 2015 – 2016 оқу жылынан 2019 – 2020 оқу жылына дейін жүзеге асырылады. Оқытудың 12 жылдық моделінің 11 және 12-сыныптарында оқыту ақысыз болады.

Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте оқушылардың жалпы саны шамамен 2,7 млн. баланы құрайды.

Олардың ішінде 12 жылдық бағдарлама бойынша: 1-сыныпқа – 600 мың баладан аса (шамамен 6 жастағы балалар – 450 мың және 7 жастағы балалар 150 мың). Сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 30 мың;

5-сыныпқа – 260 мыңнан астам,  сынып-жинақтардың болжамды саны  – шамамен 13 мың;

11-сыныпқа – шамамен 175 мың  бала, сынып-жинақтардың болжамды  саны – 8 мыңнан астам.

2015 жылдан бастап жалпы білім  беретін мектептердің, лицейлердің,  гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектептердің жоғары сыныптарында «Бейіндік мектеп» бейінді оқу бағдарламасы іске асырылады. Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.

Бейіндік мектепте оқуды 10-сынып  бітірушілерінің 60%-ы жалғастырады деп болжамданып отыр. Осы ретте  бейіндік мектеп ашу, оның ішінде жатақханамен, оның жартысынан көбін ауылдық жерлерде ашу қарастырылып отыр. Сонымен, бір уақытта жоғары оқу орындарының базасында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер құрылады. Бейіндік мектепте (11 – 12-сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкіндігі қарастырылатын 40 жоғары оқу орны анықталған.

Жинақталған тәжірибе мен халықаралық  тәжірибені ескере отырып,        2015 жылдан бастап Қазақстанның білім жүйесінің құрылымы ХББСК-ға сәйкестендіріледі. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтар жіктеуіші қайта қарастырылатын болады. Орта кәсіптік білімнің бөлек білім бағдарламалары үшінші білім жүйесіне (қолданбалы бакалавриат) ауыстырылады, колледждердің мәртебесі артады. Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларына түсу үшін толық орта білімді аяқтау қажет.

Қазақстан Республикасының  білім беру жүйесінің құрылымы 

Оқушылардың оқу жетістіктерін  сырттай бағалау жүйесі әлемдік  тәжірибені ескере отырып дамиды.

Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі  және бейіндік мектептерді бітіргеннен кейін:

бастауыш мектепте – ішінара, оқушылардың  оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу  мақсатында;

негізгі мектепте (10 сыныптан кейін) –  оқытудың одан әрі жолын анықтау  мақсатында;

бейіндік мектепте – алған білім-білігінің  деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

2015 жылға қарай жазба тапсырмаларын  қоса алғанда, білім алушылар  құзыреттіліктерінің қалыптасу  деңгейін анықтауға бағытталған  тестілеу тапсырмаларының базасы  құрылатын болады.

Информация о работе Зейнетақы бойышна есептілік