Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 15:18, лекция
білім багдарламасы
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
республикада жергілікті
Республиканың негізгі және орта мектептерінің 47,4 %-ы жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы лингафондық мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған.
Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жабдықтары мен мүкәммалының ескіруі 80 %-ды құрайды. Мектептердің 26,4 %-нда спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.
Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды.
Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы санының 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 68,6 %.
Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-да жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны
өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124
мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.
Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін барабар заңнамалық база мен жүйе құрылмаған.
Жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де және одан да үлкен. Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.
Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалімдер) байқалып отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог кәсібінің беделінің болмауы жоғары білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне ықпал етеді. 2000 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 400 %-ға өскеніне қарамастан, оның деңгейі еліміздегі төмен деңгейлердің бірі болып қалып отыр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың басым бағыты өскелең
ұрпақты тәрбиелеу жүйесін
Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының қызметі дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа елдермен (30 – 50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Білім алушыларды спорт секцияларымен қамту бүгінде 20 %-ды құрайды.
Орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.
Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.
Техникалық және кәсіптік білім
ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын және экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы мемлекеттік статистика деректері бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс істейді, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті, оның ішінде 306 кәсіптік лицей, 480 колледж. Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.
Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің 32,7 %-ы кәсіптік лицейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның ішінде 9-сыныптан кейін – 24,8 %, 11-сыныптан кейін – 7,9 %.
ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның ішінде 36,3 %-ы ғана мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық және 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар еңбек нарығында
кәсіби стандарттардың, мамандарға қойылатын
қазіргі заманғы біліктілік талаптарының
болмауы индустрия және жұмыс
берушілер сұраныстарына
ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.
Жоғары деңгейде білім беру үшін инженер-педагог қызметкерлерді қолдаудың төмен болуы біліктілігі жоғары кадрлардың экономиканың басқа салаларына ауысуына себеп болуда.
Тиімсіз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.
Аз қаржыландыру және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір маманды оқытуға кететін шығыстар құны оқушының қазіргі заманға сай біліктілік алуына мүмкіндік бермейді.
Бұдан басқа үздіксіз білім алу және біліктілігін өмір бойы арттыру мәселелерін шешу қажет.
Білімге негізделген экономика және қоғам, өмір бойы оқыту – бәсекеге қабілеттілік пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің, әлеуметтік бірлікті, тең мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тәсілдері болуы тиіс.
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым
Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.
Көптеген жұмыс берушілер
Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасырын фактор жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары білім саясаты тиімді болмайды.
Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын алған: профессор-оқытушы құрамын жүйелі даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңінен таралған.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар бойынша да кітапхана қорын жаңартудың бекітілген нормалары сақталмайды. Көптеген пәндер бойынша оқулықтар әзірленбейді немесе аз тиражбен басылады. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие.
Қазіргі уақытта білім беру қызметін қаржыландыруды мемлекеттік қолдаудың қазіргі тетіктері жеткіліксіз.
Білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамыту бүгінгі күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар.
Ескірген материалдық-
Жобалау институттары мен конструкторлық
бюролар санының
Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың қартаюы байқалады. Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 55-те.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының
ғылыми әлеуеті аса тиімсіз
Білімнің, ғылымның және өндірістің арасындағы байланыстың нашарлығы мына себептерге негізделген:
жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергілер;
жоғары оқу орындарының
ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай әрекет етуге, өндірістің өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін шамадан тыс әкімшілендіру;
жеке меншік сектордың білімді, ғылымды және инновациялық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы.
Қазақстанда әзірлемелерді орындайтын
және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарды нәтижесіне жеткізуді қамтамасыз
ететін, оларды тәжірибе жүзінде іске
асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың
институционалды нысандары
Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдерде қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
2010 жылдың басында 14 – 29 жас
аралығындағы халықтың саны
2010 жылдың басында туылғаннан
бастап 18 жасқа дейінгі жас
Мемлекеттік жастар саясаты саласында мынадай проблемалар орын алып отыр.
Жастар арасындағы тәрбие жұмысын үйлестірудің орталықтандырылған жүйесі жоқ.
2008-2009 жылдардағы әлеуметтік
Өкілді органдардағы жастар саясатының мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысатын жастардың үлесі 1 %-ға жетпейді.
Әлеуметтік сауалдың нәтижелері респонденттердің 64 %-ы мемлекеттік жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу орындарында жемқорлықтың деңгейін жоғары деп бағалайды, 28 %-ы дипломдарды «сатып алу» фактілерін көрсетеді.
Барлық балалар үшін өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз етілмеген.
Одан басқа, білім саласында білім беру статистикасы мәліметінің біртұтас базасы жоқ. Білім берудің мемлекеттік статистика нысандарында кең жарияланымдар жоқ, біріктірілмеген, олар бойынша терең талдау жоқ әрі қоғамның көпшілігіне қолжетімсіз. Білім берудің ұлттық статистикасының көрсеткіштері халықаралық статистиканың талаптарына сай емес.
Осылайша, білім берудегі ахуалды талдау мыналарды көрсетеді.
Күшті жақтары:
білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;
білім берудің әрбір деңгейі бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың болуы;
қазақстандық білім беру құрылымының
Білім берудің халықаралық
техникалық және кәсіптік білімді қайта құрылымдау;
Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі;
TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер;
Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.
Әлсіз жақтары:
білім беруді қаржыландырудың
педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі;
педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
жоғары білікті педагог
балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;
білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;
білім беру саласында мемлекеттік – жеке-әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жүйесі толық дамымаған;
білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;
білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және білім алушыларға қолжетімсіз;
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;
жалпы орта және жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;
білім беру ұйымдарының материалдық-
ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;
инклюзивті білімнің нашар дамуы;
ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;
колледждер мен ЖОО бітірушілер
жоғары білім мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.
Мүмкіндіктер:
Мемлекет үшін:
қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
адами капиталдың сапасын арттыру;
балалардың өмір сапасының әлеуметтік құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
еңбек ресурстарын пайдалану
ұлттық экономиканы
халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білімді инвестициялық қолдау;
білім беру саласында басқарудың жаңа тиімді әдістерінің пайда болуы;
оқушылар арасында спортты өрістету;