Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 10:51, реферат
Өндіріспен саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрлерімен айналысатын шаруашлық субьектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары , қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалаай жиынтығы капитал болып саналады.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Баяндама
Тақырыбы: Меншікті капиталдың құрамы, құрылымын және қозғалысын талдау
Орындаған: Карбозова А.
303топ Есеп және Аудит
Тексерген:Акимжанова Ж.Б.
Алматы 2011 жыл
Өндіріспен саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрлерімен айналысатын шаруашлық субьектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары , қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалаай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субьектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында құралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субьекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай , заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субьектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа да көздерден , тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы шаруашылық субьектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыланды көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Субъекті мүлкінің құрамы
Субъектінің барлық мүлкі айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай негізгі активтер және айналымдағы активтер деп екіге бөлінеді.
Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтердан, қаржылық инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық – техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер шаруашылқ субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы – материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.
Субъектінің мүліктерінің құралу көздері
Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталдың көздер болып мыналар саналады:
1. Жарғылық капитал
2. Резервтік капитал
3. Бөлінбеген пайда
Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.
Жарғылық қор меншік иесі субъектінің жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялаған қаржыларының сомасы болып саналады.
Жарғылық қор мөлшері субъектінің жарғысында және басқа да құралтайшылық құжаттарында белгіленген, өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құралтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы басқалардан туындайды.
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан бөлінген меншікті капиталдың бір бөлігі. Резевтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің жарғысында құрылады.
Бөлінбеген пайда – шаруашылық субъектінің жалпы табысының барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.
Жарғылық капиатал есебі
Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері , шығарылған мөлшері бойынша акциялардың сандары , бір акцияның номиналдық құны акциянерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізілуі тиіс. Қоғамның акцияны сатып алатын мүшесіне ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.
Резевтік капиталдың есебі
Акционерлік қоғамдармен басқа да шаруашылық субъектілері өздерінің таза пайдасы есебінен резервтік капитал құрады. Бұл резевтік капиталды мөлшенрі қоғамның жарғысында белгіленеді, бірақ та ол субъектінің жарғылық капиталының 10 пайызынан кем болмауы тиіс. Ақшаның құнсыздануына, өндірістің шаруашлық субъектінің жарғылық капиталы көбейген уақыттарда резевтік капиталда оған сәйкес артып отыруға болжалмаған, төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалынады. Жалпы резевтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәтібі акционерлік қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерде тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да субъектілер өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру субъекті үшін міндетті болып саналынбайды. Ол аталған қорлардың есебі Басқадаай резевтік капитал деп аталатын шотта жүргізіледі.