Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 16:21, курс лекций

Краткое описание

Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін.

Файлы: 1 файл

Бухгалтерлік есеп.docx

— 17.80 Кб (Скачать)

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру  

Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:

  • Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты
  • Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі
  • Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы
  • Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы
  • Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі туралы Ереже
  • Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы
  • Типтік шаруашылық шарттар альбомы
  • Бухгалтерлік қызмет туралы ереже
  • Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары
  • Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.
  • Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже
  • Өзге де құжаттар
 

 

2. Бухгалтерлік есепті жүргізу

Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:

  • есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын
  • есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында толық көрсетілуін
  • есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін

Бухгалтерлік сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:

  • бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру
  • жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-фактураларды өңдеу және ұсыну
  • ҚР-ның Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау
  • барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік есептерін жүргізу
  • банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу
  • типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу
  • есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу
  • жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді жүргізу және өңдеу
  • тіркелген активтерді есептеу
  • жалақыларды есептеу
  • ішкі қаржы есептерін жасау
  • барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын жасау.
  • бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау
 

 

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру