Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 08:15, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі.Негізгі қосылғыштар мыналар алғашқы есеп пен құжат айналымы,түгендеу,субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.

Файлы: 1 файл

Нурик слайд.doc

— 166.50 Кб (Скачать)

 

                                   Бухгалтерлік  есепті ұйымдастыру принциптері

Бухгалтерлік  есепті ұйымдастыру – субъектінің  шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі.Негізгі қосылғыштар мыналар алғашқы есеп пен құжат айналымы,түгендеу,субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.

Бухгалтерлік  есептің негізгі принциптері  мен есептің жалпы ережелері  Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін құқықтық – нормативтік актілермен белгіленеді.Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бес деңгейі бар

1.Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есеп беру  туралы Заң

2.Заңнамалық  актілер мен ҚР Үкіметінің  Қаулылары

3.Бухгалтерлік есеп стандарттары  мен оларға әдістемелік ұсыныстар

4.Шоттардың  типтік жоспары мен оларды  қолдануға берілген нұсқау

5.Субъектінің  есеп саясаты

Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заңның 6-бабы 2-тармағына Қаржылық есеп беру туралы ұсыныс 30 Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есеп саясаты – ұйымының талаптары мен қызмет ерекшеліктеріне сай, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есепшоттарының үлгі жоспары туралы заңдарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есепберуді жасау үшін қабылданған принциптер, негіздер, шарттар, ережелер мен практика.

Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есеп беру есептеу  мен үздіксіз қызиеттің негізгі  принциптеріне, түсінікті, орынды, сенімді  және салыстырмалы сапалық сипаттамаларға сәйкес атқарылуы тиіс.

Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды  жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын  ролі.  

Бухгалтерлік есеп – субъектілерді  пайдаланушылардың қарауына ұсынатын қаржылық ақпаратының сипаты мен  көлеміне байланысты. Пайдаланушылар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: инвесторлар немесе берушілер, әлде бірлесе отырып іс-қызмет жүргізушілер. Әр қилы экономикалық шешім қабылдауда олар субъектінің қаржылық және басқадай есептеріне сүйенеді.

Қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың  екі негізгі топтары бар:

* ішкі;

* сыртқы.

Сыртқы пайдаланушылар екі категорияға бөлшінеді. Олар:

* субъект қызметіне  тікелей қаржылық мүддесі бар;

* субъект қызметіне  жанама қаржылық мүддесі бар;

Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына мыналар кіреді:

* қазіргі және  болуы ықтимал инвесторлар;

* қазіргі және  болуы ықтимал кредиторлар;

* сатыа алушылар.

Жанама қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына  кіретіндер:

* салық органдары;

* реттеуші органдар;

* статистикалық  органдар;

* басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар  топтары және т.б.).

Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық  есеп беруді дайындау мен ұсынуға  арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:

- берілген инвестицияларға  байланысты тәуекелді көтеруші  инвесторлар. Оларға акцияны сату, ұстай тұру немесе сату жайлы  шешім қабылдауға және субъектінің  дивиденд төлеуге қабілетін бағалауға  көмектесетін ақпарат керек болады.

- тиесілі кредиттер  мен проценттер бола ма, олар  уақтылы төлене ме деп білгісі  келетін қарыз берушілер;

- тиесілі сома  бола ма, төлене ме деп анықтауға  мүмкіндік беретін ақпаратқа  қызығушы жабдықтаушылар және  басқа сауда кредиторлары;

- сатып алушылар. Оларға субъектінің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе, олардың осы субъектіге ұзақ мерзімдік келісімдері туралы ақапарат қажет;

- қызтметкерлер.  Олар субъект қызметінің тұрақтылығы  мен тиімділігі туралы ақпаратқа,  сонымен қатар субъектінің еңбек  ақымен және басқа жеңілдіктермен, зейнетақымен, жалдау жөніндегі бұдан былайғы жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделілік танытады;

-  ресурстарды  бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі  мемлекеттік органдар. Сонымен қатар  оларға субъектінің іс-әрекетін реттеу, салық салу саясатын белгілеу үшін және ұлттық табыс пен басқадай статистикалықмәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет;

-    көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті  экономикаға көптеген тәсілдермен  елеулі үлес қосады, бұған халықтың еңбекпен қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушылардың қолдауы да қатысты. Қаржылық есеп беру көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістіктері мен даму бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көмектесе алады.

Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін ұйым басшылығы қаржылық жағдай, оның нәтижелері мен қаржылық жағдайдағы өзгерістер жайлы ақпаратқа сүйене отырып, жауапкершілік көтереді.   

     

 Бухгалтерлік есептің қазақстандық  және халықаралық стандарттары

Стандарттар- қаржылық есеп беруді дайындау ережелері.Бүкіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары комитеті (ҚЕХСК) Австралия, Канада, Франция, Германия, Жапония. Мексика, Голландия, Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ-тың кәсіби бухгалтерлері арасындағы келісім нәтижесінде құрылды.1983 жылдан бері барлық кәсіби бухгалтерлік ұйымдар – Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы мүшелері ҚЕХСК-ның мүшелері болды.

Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарттары комитеті(ҚЕХСК)барлық жерде қабылданып, ұстану үшін 41 қаржылық есеп берудің  Халықаралық стандарттарын жете зерттеп, жасап, жариялады және ұсынды.

ЕХСК-ның басты  мақсаты –егер мыналар анықталып, қол жеткізілсе,қаржылық есеп беруді ұсыну:

- міндеттер,  оларды шешу үшін қаржылық  ақпарат талап етіледі;

- ақпараттық  жүйе құру принциптері;

- осы ақпараттың  сапалық сипаттамалары;

- қаржылық есеп  беру элементтері.

1997 жылдан бастап  Қазақстан Республикасында қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары негізінде жасалған бухгалтерлік есептің 29 отандық стандарттары қолданыста жүр.

Бухгалтерлік  есептің тұжырымдамалық негізі.

Бухгалтерлік  есептің тұжырымдамалық негізі мынадай  аспектілерді қарастырады:

- қаржылық есеп  берудің мақсаттары;

- бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есеп берудің  негізгі принциптері;

- қаржылық есеп  беру элементтерін анықтау,тану  және өлшеу.

Қаржылық есеп берудің мақсаттары. Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады.Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.

Алайда қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпаратты жинақтайды:

- кредиттерді  ұсыну жөніндегі инвестициялық  шешімдерді қабылдауға;

- субъектінің  алдағы ақшалай түсімін бағалауға(ақшалай  қаражат пен олардың баламаларының түсімі мен жылыстауы.Баламалар (эквивалент)қысқс мерзімді ақшалай міндеттемелерді «овердрафт» қанағаттандыру үшін арналған      – қаражатты клиенттің шоты бойынша есептен шығару);

- субъектінің  ресурстарымен міндеттемелерін  қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;

- басшы органдардың  жұмысын бағалауға;

Экономикалық  шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға  субъектінің ақшалай қаражатты  генерациялайтын қабілеті,

Генерациялау  мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек.Бұл қабілет,мысалы, субъект өзінің қызметкерлері мен жабдықтаушыларына,проценттерді төлей ала ма,кредиттерді жауып,табысты бөле ала ма дегенді анықтайды.

Бұл үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.

Қаржылық жағдайға ол бақылайтын экономикалық ресурстар,оның қаржылық құрылымы,өтемділігін төлем  қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілеттілік әсер етеді.

Өтемділік,төлем  қабілеттілігі-қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.

Субъект қызметінің көрсеткіштері,оның тиімділігі,пайдалылығы  туралы ақпарат экономикалық ресурстарда  болатын ықтимал өзгерістерді бағалау  үшін керек.

Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақшалай қаржыны алу қабілетін бағалаған кезде пайдалы.

Қаржылық есептер  өзара байланысты,өйткені олар шаруашылық өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.

Түсініктеме жазбада (пояснительная записка)пайдаланушыларға қаржылық есеп баптары жөніндегі қосымша мәліметтер болады.

Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есеп беру.»Бухгалтерлік  есеп пен қаржылыұ есеп беру туралы»  заңда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі мақсаттары белгіленді:

1)субъектінің,сондай-ақ  басқа мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толық және күмәнсіз сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;

2)субъектінің  шаруашылық іс-әрекетін жүзеге  асыруда ҚР заңдарын сақтауын  бақылау үшін мемлекеттік органдарға  қажетті ақпаратпен қамтамасыз  ету.

Қойылған міндеттерді орындау үшін қаржылық есеп беру негізгі принциптерге(есептеу мен үздіксіз қызмет)және саналық сипаттамаларға (негізгілері-түсініктілігі,орындылығы,сенімділігі және салыстырмалылығы)сәйкес жасалады.

Кезеңдік қаржылық есеп беру субъект жөніндегі бухгалтерлік ақпаратты топтастырудың негізгі құралы болып табылады.

Элементтер  қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы.Қаржылық есеп берудің тұжырымдамасы 7 элемент (активтер,міндеттемелер,капитал(таза активтер(ф1),кірістер,шығыстар,пайда,шығындар,зияндар(ф2))белгілейді.Олар ұсынылатын қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері(атрибуттары)болып табылады.

Қазаұстан Республикасындағы  бухгалтерлік есептің стандарттарына сай мынадай принциптер қабылданған:

Есептеулер.Табыс алынған,ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады,зияндар,операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді.Осы принципі бойынша құрылған,

Қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді,ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес,экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте маңызды.

Үздіксіз қызмет.Субъект  өзінің іс-қызметін белгісіз уақыт  кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ,немесе ол қызметінің ауқымын елеулі түрде қысқартпақ емес деп шамаланады.

Қаржылық есеп берудің негізгі саналық сипаттамалары:

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде ұсынылған ақпарат  пайдаланушыға түсінікті болуға тиіс.

Орындылық. Пайдаланушыға  өткен, қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға, өткен бағалауды растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге ықпал ету.

Ақпараттың  орындылығына оның сипаты мен елеулілігі маңызды ықпал жасайды. Ақпарат егер оны қалдыру немесе дұрыс ұсынбау пайдаланушының экономикалық шешіміне әсер ете алса, елеулі деп саналады.

Сенімділік. Ақпаратта  елеулі қателер мен бұрмалаулар  жоқ және пайдаланушылар оған шынайы деп сенуіне болады.

Шынайы көрсету. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін қаржылық жағдай, операция нәтижелері, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат операцияларды және тағы басқа оқиғаларды шынайы көрсетуі тиіс.

Мәннің формадан артықшылығы. Оепрациялар мен басқа  оқиғаларды шынайы ұсынуы үшін олар тек  заңдық формамен ғана емес, оның мәні мен экономикалық шындығына сай есептеліп, ұсынылуы қажет.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп берудегі ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету үшін ақпарат нейтралды, яғни күні бұрын теріс түсінікте  болмауы керек.

Байқампаздық (осмотрительность). Активтер мен кірістер кемітілмей, ал міндеттемелер мен шығыстар әдейі арттырылмауы үшін белгісіздік жағдайларында талап етілетін, есептесулерге пікір қалыптастырған кезде сақтықтың белгілі бір деңгейін ұстау.

Толықтылық. Сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептердегі ақпарат толық болуы тиіс.

Салыстырмалық. Қаржылық ақпарат пайдалы және мазмұнды болуы үшін есепті кезең салыстырмалы болуы тиіс. Пайдаланушылар субъектінің  есеп саясаты, олардағы

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері