Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 08:15, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі.Негізгі қосылғыштар мыналар алғашқы есеп пен құжат айналымы,түгендеу,субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.

Файлы: 1 файл

Нурик слайд.doc

— 166.50 Кб (Скачать)

Уақытылылық. Ақпарат  ұсынуда ақталуға келмейтін тежеу  болған жағдайда ол өзінің орындылығын  жоғалтуы мүмкін.

Пайда мен шығын  арасындағы баланс. Ақпараттан алынатын пайда оны алуға кететін шығыннан асып түсуі тиіс. Пайда мен шығынды бағалау едәуір дәрежеде кәсіби пайымдаудың мәселесі болып табылады.

Сапалық сипаттаулар  арасындағы баланс. Қаржылық есеп беруге арналып қойылған негізгі тағайындауды орындау үшін көбіне тепе-теңдік  немесе сапалық сипаттамалар арасындағы ымыра болуы қажет. Қаржылық есепті жасаушылар кәсіби пайымдаудың көмегімен әр түрлі жағдайларда сипаттамалардың салыстырмалы маңыздылығын айқындайды.

Шүбәсіз сенімді  және әділ (объектвті)көрсету. Негізгі  сапалық сипаттамаларды және бухгалтерлік есептің сәйкес стандарттарын қолдану,әдетте, шүбәсіз сенімді және әділ(объективті)ақпарат бар қаржылық есепті жасау мен алаламай көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қаржылық есеп берудің элементтерін белгілеу, мойындау және өлшеу

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есептер мәмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кен ауқымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді.Мұндай кен ауқымды категориялар деп қаржылық есептердің элементтерін атайды.

Субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен тікелей байланысқан элементтер бухгалтерлік баланста көрсетілген  активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.Кірістер мен шығыстар –кірістер мен шығыстар жайлы есеп беруде субъектінің көрсеткіштерін өлшемімен тікелей байланысқан элемнттер.Ақша қозғалысы туралы есеп беруді және меншікті капиталдағы өзгерістер жайлы есеп беруді бухгалтерлік баланс элементтерінде болған, кірістер мен шығыстар, өзгерістер туралы есеп элементтері көрсетеді.

Субъектінің қаржылық жағдайы бағасына тікелей байланысты элементтер болып  активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал  болып  табылады.

Активтер – болашақта табыс әкелетін, құндық бағасы бар, өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде алынған мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер  мен құқықтар. Бұл ресурстар ұйыммен бақыланады. Активте бекітілген болашақ экономикалық пайда –ақша түсіміне немесе баламаларына тура немесе жанама енетін әлеует. Активке айналған болашақ экономикалық пайда мыналардың нәтижесінде алынуы мүмкін:

1) егер актив  жеке немесе субъект өткізетін  дайын өнім (тауар, жұмыс,қызмет  көрсету)өндірісінде басқа активтермен  үйлесіп пайдаланылса;

2) басқа активтерге  айырбасталса;

3) міндеттемелерді  өтеу үшін қолданылды;

4) субъектілерді  меншіктеушілер арасында бөлінеді.

Міндеттеме - өткен  операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде  пайда болған және құндық бағасы, жеке тұлға немесе ұйым пайдасына белгілі  бір әрекет етуші, мүлік беруге,жұмыс  орындауға,ақша және басқасын төлеуге,әлде өтеу экономикалық пайдалы активтің кемуіне немесе ресурстың жылыстауына әкелетін белгілі бір іс-қимылдан қағыс қалуға міндеттілік.

Міндеттемелерді өтеу былайша атқарылады:

1)ақша төлеумен;

2)басқа активтерді  берумен;

3)қызмет көрсетумен,жұмыс  орындаумен;

4)бір міндеттемені  екіншісіне ауыстырумен;

5)міндеттемелерді  жарғы капиталына аударумен.

Меншікті капитал (таза актив)- міндеттемелерді есептен  шығарғандағы актив.

Акционерлік қоғамдардың  бухгалтерлік балансында меншікті капитал, бөлінбеген табыс,бөлінбеген табыс  есебінен пайда болған резервтік капитал, сондай-ақ меншікті капиталды қолдауды қамтамасыз ететін түзетуді көрсететін сома, акционерлер салған қаражат ретінде сынып тармақтарына бөлінеді. Бұл тұжырымдамалар басқа субъектілерге де сай келеді.

Қаржы-шаруашылық қызметін бағалаумен тікелей байланысқан қаржылық есеп беру элементтері мыналар:

1)кірістер-меншіктеушілердің  салымына байланысы жоқ, меншікті  капиталдың көбеюіне әкелетін  активтің немесе олардың құнының  артуы, не болмаса міндеттеменің  азаюы түріндегі есепті кезең  ішіндегі экономикалық пайданың өсуі.

2)шығыстар-меншіктеушілер  арасындағы бөлуге байланысы  жоқ, меншікті капиталдың кемуіне  жетелейтін,активтердің немесе олардың  азаюы, не болмаса міндеттеменің  ұлғаюы түрінде есепті кезең  ішіндегі экономикалық пайданың  азаюы.

Қаржылық есеп элементтерін мойындау,тану-мойындаудың мынандай критерийлерін қанағаттанлыратын және элементті айқындауға сәйкес келетін баптың нәтижелері туралы есепке немесе бухгалтерлік балансқа кіргізу процесі:

1)бапқа байланысты  кез келген болашақ экономикалық пайданы субъект алады немесе жоғалтады деген ықтималдық бар;

2)объектінің  сенімді өлшенетін құны немесе  бағасы бар.

- бастапқы бағасымен.  Активтер оларды сатып алған  кезде қол жеткен тараптардың  келісімі мен белгіленген ағымдағы  құны бойынша немесе төленген ақшалай қаражат сомасында; міндеттемелер-міндеттемеге айырбасталып немесе кей жағдайлардағы белгілі бір шарттармен алынған (мысалы, салықтар) түсім сомасы бойынша жағдайлардың қалыпты тоғысуы кезінде міндеттемелерді орындау үшін төленетін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі; 

- ағымдық  құнымен. Активтер есепте сол  немесе соған ұқсас актив енді  ғана сатып алынған жағдайда  төленуге тиісті ақшалай қаражат  сомасы бойынша көрсетіледі, міндеттемелер  оларды өтеу үшін талап етілетін  ақшалай қаражаттың дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі;  

- өткізудің(өтеудің)ықтимал  құнымен. Активтер сатудан алынуы  мүмкін ақшалай қаражат сомасы  бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер-  оларды өтеу үшін талап етілетін  ақшалай қаражат;    

- дисконтталған  құн. Активтер субъектінің қалыпты қызметі барысында активтерді генерациялауға тиісті ақшалай қаражат болашақ түсімнің дисконтталғвн құны болып танылатын ағымдағы құнв бойынша;    

-  баланстық құнымен.

Активтер мен  міндеттемелердің бухгалтерлік баланста көрсетілетін құны.         

 Бухгалтерлердің кәсіби этикасы.Іскерлік  қатынастар этикасының тәжірибесі  сенім негізінде құрылады, клиенттермен  және жабдықтаушылармен тұрақты  өнімді қатынастар ынталандырылады.  Көптеген компаниялар қызметкерлер  басшылыққа алатын этика ережелерін жасап шығарады. Бұларға мыналар жатады:           

1.Құзыреттілік:

- қабылдаған  заңдарды, ережелер мен стандарттарды  қолдану;

- кәсіби құзыреттілікті  қолдану (нормативті құжаттарды  оқып білу);

- тиісті талдау  өткізгеннен кейін толық және  анық есептер дайындау.  

2.Құпиялылық:  

- заң бойынша  талап етілмейтін болса,құпия  ақпаратты жария етпеу; 

- құпия ақпаратты  жеке пайдасына қолданбау;  

- бағыныштылары  құпия ақпаратты жарияламайтындығына  көз жеткізу.

3.Адалдық/тұтастық: 

- мүдделер  қақтығысынан қашқақтау және басқаларға ықтимал кикілжіңге кіріспей, өзін-өзі ұстап қалуды ұсыну; 

- ұйымның  заңды мақсаттарын бұзбау; 

- мінез-құлыққа  әсер ететін сыйлықтар мен  қызметтерден бас тарту; 

- жеке және  кәсіби шектеулерді мойындау  және ол туралы хабарлау.

4. Әділеттілік  (объективтілік): 

- ақпаратты  әділ және объективті ұсыну;  

- басқару  үшін пайдалы болуы мүмкін  ақпараттың барлығын ашып көрсету;  

5. Этикалық  жанжалды шешу: 

- субъектіде  белгіленген саясатты қолдану;  

- егер жанжал шешілмесе немесе белгілі бір саясат болмаса, іс-қимылдардың ықтимал бағытын жете зерттеу үшін әділетті кеңесшілермен құпия әңгімеде лайықты тұжырымдарды түсіндіру; 

- егер тікелей  басшының мінез-құлқы этикаға  жат болса, мәселені одан жоғары  деңгейде талқылау керек; 

-егер мәселе  шешілмесе, соңғы амал жұмыстан  шығу; 

- компаниядан  тыс тұлғаларға этикалық жанжалдар  жайлы хабарламау.

Кәсіби этиканың ережелерін жасау американдық бухгалтерияның үлкен еңбегі болып табылады. Алғаш  реет мұндай талапты Р.Монтгомери қойды. Қазіргі заманғы бухгалтер этикасын жасаушы болып Джон Ленсинг Кэрри (1900-1984)

Саналады.

Американдық зерттеушілер (Вильям Рипли,Колер)барлық меншік иелері мен әкімшіліктегілер заң мен  мораль талаптарына сай жұмыс  істеуге тиіс деген пікірге келді. Бухгалтерлер жоғары тұратын адамдардың пікірін емес, өз пікірін өмірге енгізуге тиісті.Осыған байланысты 1987 жылы Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы моральддық ережелер кодексін қабылдады. Кодекс мәні мынада:

1. Бухгалтерлер  жұмысқа орналасарда алдағы ізашардың жұмысын мұқият зерттеуі тиіс.

2. Егер алдында  болған ізашар жұмыс істемесе, оған жазбаша сұрау салу керек.

3. Кәсіби бұрыш  бұл ресми сұрауға жеткілікті  және шыншыл жауап беруге міндеттейді.

4. Егер істермен  алдын-ала танысу барысында жұмыс беруші қолданыстағы заңдарды бұзады немесе бұзуы мүмкін екендігі шықса, бухгалтер ұсыныстан (жұмыстан) бас тартуы тиіс.

5. Бухгалтер  кез келген уақытта жұмыс берушімен  еңбек шартын бұза алады.Жұмыс  берушінің кәсіпорында оны ауыстыратын  адам жоқ деп ойлауы шартты жалғастыруға негіз бола алмайды.

6. Бухгалтер  әкімшіліктен білім және өзі  істейтін жұмысты түсінуді талап  етуге құқылы емес.

7. Бухгалтер  қызмет бойынша өсуді талап  ете алмайды.

8. Жұмыс берушінің  пайдасынан бас бухгалтер үшін  үлес болмайды,яғни бухгалтер өзі шығарған қаржылық нәтижелер үшін сыйақы немесе қосымша ақы ала алмайды.

9. Бухгалтер  өзінің ынталандыру сыйақысын  кәсіпорын қызметіндегі басқа  қызметкерлермен бөліспейді

10.Бухгалтер  әкімшіліктің кәсіпорындағы шаруашылық  қызметке         

       Барлық сұрақтарына бірден жауап беруі тиіс.

11 Бухгалтер  толтырған тізілімдер бөлінбейтін  меншік болып саналады.

Материалдық-жауапты  адамдардан түскен бастапқы құжаттарды материалды-жауапты адамдар да, әкімшілікте  кері қайтаруды талап ете алмайды.

12. АҚШ-тың аппеляциялық соты бухгалтердің де, заң кеңесшілері мен биржалық маклерлер сияқты құжаттарды сақтауға арналған құқықтары болмайтындай негізді себептер жоқ деп таныды

13. АҚШ-тың аппеляциялық  соты 1976 ж. заң кеңесшілері мен  биржалық маклерлерге ұсынылған құжаттарды сақтауға арналған құқықтар бухгалтерлерде де бар деп таныды. 

14. Бухгалтер  жұмыс берушінің істері жайлы  кәсіби құпияны сақтауы тиіс.

Жұмыс берушіден қызметтен  кету бухгалтерді бұл міндеттен  босатпайды.

15.Кәсіби құпияны  сақтау міндеттемелеріне мыналар кірмейді: бухгалтер өзінің кәсіби арналары бойынша өз кәсіпорнының шаруашылық қызметі жөніндегі білімін кеңейтуге құқылы; сот қажетті мәліметтерді жариялауға өкім бергенде; жұмыс беруші мемлекетке қарсы қылықтар жасағанда; жұмыс беруші кәсіпорын жайлы мәліметтерді жариялауға келісім бергенде; бухгалтер егер оның кәсіби беделін көтеру мүддесіне қажет болса; кәсіби құпияны аша алады;

Бухгалтер фирма  құпиясы жайлы мәліметті ашып көрсету құқық бұзушылық орын алған себепті қоғамдық мүддеге қажет деп санаса.

16. Кәсіпорынның  шаруашылық қызметі туралы барлық  анықтамаларды бухгалтер тысқары  адамдарға жұмыс берушінің жазбаша  келісімі бойынша ғана ұсына  алады.

17. Мәліметтер  егер бухгалтер оларды ұстану  іс жүзіндегі заңдар сай деп  сенімді болып, көзі жеткен жағдайда ғана беріледі.

18. Бухгалтер  жұмыс берушіге құқық бұзушылықты  қалай жасап, із жасыруды үйретіп,  кеңес беруге тиісті емес.

19. Есеп беруді  бұрмалау үшін жұмыс беруші  мен бухгалтер бірдей жауапкершілік  көтереді.

20. Бухгалтер  өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттыруға міндетті.

Бухгалтердің  этикалық кодексі фирмадағы бухгалтердің мәртебесіне және бухгалтерлік есептің  ұйымдастыру құрылымына ықпал етеді.

Ресейлік есепте бухгалтердің құқықтары мен міндеттері Бухгалтерлік есеп туралы Ережелермен белгіленген. Қазақстан Республикасында бкхгалтерлердің құқықтары мен міндеттері «Бухгалтерлік есеп туралы» заңда (өзгерістермен және толықтырулармен) және «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» №24 бухгалтерлік есеп стандарттарында шамалы қарастырылған.

Есеп жүйесін  құру мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру  үшін («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңға сәйкес) жуапкершілікті субъект басшысы  өтереді.

Есеп – қисап  жұмысының келешегіне байланысты басшы  бухгалтер басқаратын құралымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызметті құрады; штатқа бас бухгалтер қызметін енгізеді; келісім – шарт негізінде бухгалтерлік есеп жүргізуді арнайы мамандандырылған бухгалтерлік есеп жүргізуге бухгалтер- маманға тапсырады.

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері