Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 08:15, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі.Негізгі қосылғыштар мыналар алғашқы есеп пен құжат айналымы,түгендеу,субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.

Файлы: 1 файл

Нурик слайд.doc

— 166.50 Кб (Скачать)

-  табыс салығы;

-  салық салудан  кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

-  төтенше  жағдайлардан алынған кіріс немесе  зиян;

-  таза кіріс  немесе зиян.

Осы баптардың  барлығының сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс. Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді. Бұл- кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе

операция. Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты  болып отырмайды. Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен  сомасын түсіндірме жазуларда бөлек  ашып береді.

Стандарт сондай-ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді. Бұны тоқтатылған операциялар бойынша  кәсіпорын: филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады.

Түсіндірме  жазбада мыналар ашылып көрсетілуі тиіс:тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян, өнімдерді сатудан немесе есепті кезкңдегі кәсіпорынның әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе зиян.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру  принциптері 
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі.Негізгі қосылғыштар мыналар алғашқы есеп пен құжат айналымы,түгендеу,субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны. 
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері Қазақстан

Стандарт бағалауды  өзгертудің әдістерін және олардың  кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады. Есептік бағалаудағы өзгерістердің  нәтижесі таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады:

-есепті кезеңге,  егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе;

-өзгеріс болған  есепті кезеңге және келесі  есепті кезеңге, егер өзгеріс  оларға да әсер етсе.

Кірістер мен  зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы  өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге  тиіс. Сонымен қоса стандарта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастырылады.

Елеулі қателік  дегеніміз есепті кезеңде анықталған, маңыздылығы соншалық, тіпті бұрынғы  жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы  жылдардың қателіктері. Бұрынғы жылдардың қаржылық есептемесін жасау кезінде жіберілген қателікке жасалған түзетудің сомасы есепті кезеңнің кірісіне немесе зиянына екі әдіспен қосылады:

- бөлінбеген  кірістің бастапқы сальдосын  өзгерту жолымен;

- есепті кезеңнің  таза кірісіне немесе зиянға енгізу жолымен, бұл орайда түсіндірме жазбаларда мыналарды ашу керек: елеулі қателіктің сипаты, есепті кезең және әрбір бұрынғы кезең үшін түзету сомалары, қайта есептелген салыстырмалы деректер немесе себептер, есеп саясатындағы өзгерістер.

Қателіктің  бұрынғы жылдардың кірісіне немесе зиянына қалай әсер еткенін көрсету  үшін қосымша ақпарат кесте түрінде  көрсетілген.

Есеп саясатын Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі департаментінің  талабы бойынша немесе егер мұндай өзгерту неғұрлым дұрыс ақпарат алуға мүмкіндік жасайтын болса, кәсіпорынның өзі өзгертуі мүмкін. Есеп саясатын өзгерту нәтижесінде туындаған түзету сомасы бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде көрсетіледі және есепті кезеңнің таза кірісін немесе зиянын анықтаған кезде ескеріледі. Егер есеп саясатындағы өзгерістер есепті кезеңге,алдыңғы кезеңге және кезекті есепті кезеңдерге елеулі түрде әсер ететін болса, онда түсіндірме жазуларда есеп саясатының өзгеру себебі, есепті кезең және әрбір бұрынғы кезеңдер үшін

Түзету сомасы, таза кірісті немесе зиянды анықтаған  кезде ескерілген түзету сомасы, қайта  есептелген салыстырмалы деректер немесе олардың қайта есептеудің мүмкін болмау себептері ашылып көрсетіледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру-бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің (баламаларының) келіп құйылуы мен  шыға басталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары (мерзімі бір жылдан кем)және облигация, қазынашылық және т. б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәсіпорынның қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша төлемдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі кәсіпорындардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге  бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі.

- Негізгі қызметтен  түскен ақша түсімдері;

- инвестициялық  қызметтен түскен ақша түсімдері;

- қаржыландыру  жөніндегі қызмет.

Операциядан түсетін  ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады. Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:

- тауар сатудан  және қызмет көрсетуден түскен  ақша түсімдері;

- сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа  табыстардың ақшалай түсімдері;

- тауарлар мен  қызметтер үшін жеткізушілерге  төленген ақша төлемдері;

- қызметкерлерге  ақша төлемдері;

- ақша төлемдері  немесе табыс салығын өтеу, егер  олар қаржыландыру жөніндегі  қызметпен және инвестициялық  қызметпен байланыссыз болса;

- шарттар бойынша  ақша түсімдері немесе төлемдер.

Инвестициялық қызмет- бұл ұзақ мерзімді активтердің  және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ  басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы. Инвестициялық қызметтің  нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысал болып табылады:

- негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді  сатып алу, сату кезіндегі  

ақша төлемдері  немесе түсімдері;

- меншікті капиталды  немесе басқа кәсіпорындардың  қарыз міндеттемелерін,

сондай-ақ бірлескен  кәсіпорындарындағы қатысу үлесін сатыа алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;

- басқа кәсіпорындарға  ұсынылған аванстық төлемдер  және берілетін қарыз;

- басқа кәсіпорындарға  ұсынылған аванстық төлемдерді  өтеуден алынған ақша түсімдері. 

Қаржыландыру  жөніндегі қызмет-бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызметі.Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:

-акциялар немесе  меншікті капиталдың басқа элементін  шығарудан түскен ақша түсімдері;

- акция сатып  алған кездегі немесе меншікті  акциялардың төлемін төлеп алған  кездегі акционерлерге ақша төлемдері;

- қамтамасыз  етілмеген қарыз міндеттемелерін,  займдарды, вексельдерді облигацияларды, басқа да қысқа мерзімді және  ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен ақша түсімдері;

- алынған займдарды  өтеу есебіне ақша төлемдері;

- қаржыландырылатын  жолмен, яғни ұзақ мерзімді жалмен  байланысты ақша төлемдері мен  түсімдері.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен  жасалады: тікелей әдіс және жанама әдіс:

Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ  ақша түсімдерін

Бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.

Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:

- біріншіден, журналдар,  қосымша ведомостарбойынша кәсіпорынның  есептік жазуларынын;

- екіншіден,  сату көлемін, сатылған өнімнің  өзіндік құнын және есепті  кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды,дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;

-  басқа да ақшалай емес баптардан;

- инвестициялық қызметтен  немесе қаржыландыру жөніндегі  қызметтен болған ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан. Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер:

- есепті кезкң ішінде  тауарлы-материалдық қорлардағы  және операциялық қызметтен алынған  дебиторлық және кредиторлық  берешектерде болған өзгерістер;

- тозу, амортизация, резервтер,  салықтар, бөлінбеген пайда сияқты  ақшалай емес баптар;

- инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде ақша әсері туындайтын өзге де баптар.

Түсіндірме жазбада кәсіпорындағы  ақша қаражаттары мен олардың  эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.

Кәсіпорынның қалауы бойынша  өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау  үшін пайдаланушыларға қажетті болып  табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.                  

 

 

Бухгалтерлік  есепті ұйымдастыру принциптері 
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі.Негізгі қосылғыштар мыналар алғашқы есеп пен құжат айналымы,түгендеу,субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны. 
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін құқықтық – нормативтік актілермен белгіленеді.Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бес деңгейі бар


Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері