Зейнетақы бойышна есептілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 15:18, лекция

Краткое описание

білім багдарламасы

Файлы: 1 файл

2011_2020_bilim_bagdarlamasy.doc

— 421.00 Кб (Скачать)

Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.

Жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу нысанында  қосымша бейінді емтихандар тапсыратын болады.

Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім  беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді.   Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісінің саны  6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу үшін базалық алаңдар болады.

Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне  қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15 – 16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану  бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау), PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді түсінуі), TIMSS ADVANSED (11-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау).

Оқытудың 12 жылдық моделінің талаптарына  сәйкес материалдық-техникалық база жаңартылады.

Мектептердің спорт залдарын қазіргі  заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі.

Жергілікті бюджет қаражаттары  есебінен мектептерге сервистік  қызмет көрсете отырып, оларды физика, химия, жаңа түрлендірілген биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %-дан                          80 %-ға дейін ұлғаяды.

2011 жылы бейіндік мектептерге  қойылатын техникалық талаптар  мен оларды жарақтандыруға қойылатын  талаптар әзірленеді.

Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында мектептер салынатын болады.

ШЖМ проблемаларын шешу

ШЖМ-дағы білім беру сапасын арттыру  проблемаларын шешуге мынадай  іс-шаралар ықпал ететін болады:

2011 жылы:

Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының базасында ШЖМ-ды дамытудың республикалық орталығы, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңірлік орталық құрылады, ШЖМ қызметінің үлгі ережесі әзірленеді;

«Мектепке және мектептен тегін әрі қауіпсіз жеткізетін мектептер жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету» стандарты әзірленеді және қабылданады.

2011 жылдан бастап:

оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі компьютерлермен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту «e-learning» электрондық оқыту шеңберінде ұйымдастырылады;

160 тірек мектеп ашылады.

Тірек мектеп (ресурстық орталық) –  базасында жақын маңдағы ШЖМ-ның  білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) он күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

2020 жылға қарай ШЖМ, негізінен, бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері үшін жұмыс істейді.

ШЖМ проблемасы тірек мектептер (ресурстық  орталықтар), интернаттар, жеткізу есебінен шешіледі.

Инклюзивті білім  жүйесін дамыту

2015 жылға қарай аталған міндетті  шешу үшін:

мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;

мүмкіндіктері шектеулі балаларды  жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі  кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.

2020 жылға қарай мектептерде мүгедек  балалар үшін көтергіш жабдықтар,  пандустар, санитарлық бөлмелерде  арнайы құралдар орнату, тұтқалармен,  арнайы парталармен, үстелдермен  және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.

3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі  балаларды оқытуға және тәрбиелеуге  тең қол жеткізу үшін жағдайлар  жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).

Үйде білім алатын мүгедек балалар  жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.

Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа  өзге де бірқатар мәселелерді  шешу қажет.

Қосымша білім беру мазмұны жетілдірілетін болады.

Тұлғаның шығармашылық құзыретіндегі, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеудегі, кәсіби өзін-өзі анықтаудағы бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар: шығармашылық-эстетикалық; ғылыми-техникалық; экологиялық-биологиялық; туристік-өлкетанушылық; әскери-патриоттық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру және т.б. бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылады.

Қосымша білім беретін педагогтерді және аралас мамандықтардың педагог  ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдіріледі.

2015 жылға қарай қосымша білім  беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 625-ке жетеді.

Бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 23 %-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

Мектептерде спорт секцияларын  құру арқылы дене шынықтыруды ұйымдастырудың  мектептен тыс нысандары жетілдірілетін болады.

Құқық бұзушылықтар мен басқа да бейәлеуметтік құбылыстардың алдын  алу бойынша әрбір білім алушыны жекелей психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен қосымша білім беру конкурстары мен олимпиадаларының жүйесі арқылы оқушылардың қоғамдық және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыратын балалар қоғамдық бірлестіктері дамиды.

Жалпы оқытудың,  мектептегі тамақтану мен медициналық қызмет көрсетудің тиімді менеджментін ұйымдастыру

Жалпы оқыту

2015 жылы  оқушылардың қозғалыс мониторингінің бірыңғай ведомствоаралық кешенді ақпараттық жүйесі «Жалпы оқытуды», оның ішінде оқумен қамтылмаған «тәуекел топтарының» балаларын дербес есепке алу бойынша деректер базасымен бірге енгізу жоспарлануда.

«Жалпы оқыту» жүйесін пайдалану  жалпы оқытуды қамтамасыз етуге  функционалды түрде тартылған түрлі  басқару органдарының келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз етеді және балаларды міндетті орта біліммен қамту туралы нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Мектептегі тамақтану

2011 жылдан бастап облыстардың,  Астана және Алматы қалаларының  білім беру органдарының жанынан  мектепте тамақтануды ұйымдастырудың, оның ішінде білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің тамақтану сапасы мен қауіпсіздігінің мониторингі бойынша ведомствоаралық сарапшы топтар құрылады.

Мектеп оқушыларын тегін тамақтанумен қамту көрсеткіші барлық деңгейдегі әкімдер рейтингін бағалауға енгізіледі: 2012 жылы – табысы аз отбасылардан шыққан оқушыларға, 2020 жылы – бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларына.

2015 жылға қарай табысы аз отбасы  оқушыларының 100 %-ы және                    2020 жылға қарай мектептердің бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларының 100 %-ы ыстық дәрумендірілген тамақпен тегін қамтамасыз етіледі.

2020 жылға қарай орта жалпы білім беретін ауыл мектептерінің                     100 %-ында күрделі жөндеуден өткен және жаңа жабдықтармен жарақтандырылған толық кезеңдік асхана жұмыс істейтін болады.

2020 жылға қарай мектептің барлық  оқушысы мектептерде стационарлық  су тазартқыштар, спенсерлер, диспенсерлер  және басқа да құралдар орнату арқылы экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Медициналық қызмет көрсету

2015 жылға қарай мектеп жасындағы,  оның ішінде ауылдық жерлердегі  балаларды медициналық тексеру  100 % қамтамасыз етіледі.

Диспансерлік есепте тұрған мектеп жасындағы балалардың үлесі 70 %-дан 50 %-ға дейін, оқушылардағы асқазан-ішек жолының ауруы –  28,2 %-дан 18 %-ға дейін, сколиозбен (мүсінінің бұзылуы) ауыратындар –2 %-дан 1 %-ға дейін төмендейді.

Денсаулығы нашар 60 %-ы балалардың арнайы медициналық топтардағы дене шынықтырумен шұғылдануға мүмкіндік алады.

Осылайша «Орта білім» бағыты бойынша  2020 жылға қарай:

барлық мектептерге 12 жылдық білім  беру моделі енгізіледі;

орта білімнің инфрақұрылымын дамыту жалғасады және мектептер техникалық жарақтанумен қамтамасыз етіледі;

ШЖМ бірыңғай ақпараттық желіге қосылады;

қосымша білім беру білім алушылар үшін беделге ие болады және тұлғаның кәсіби қалыптасуына ықпал етеді. Қосымша  білім берумен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 30 – 50 % -ы қамтылады;

инклюзивті білім жүйесі енгізіледі:

инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы  санынан 70 %-ға ұлғаяды;

мүгедек балалар үшін «кедергісіз  қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан – 20 %;

инклюзивті біліммен қамтылған  балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан – 50 %.

медициналық қызмет көрсету мен  мектептегі тамақтанудың тиімді менеджменті  ұйымдастырылады;

оқушылар жалпы білім беретін  мектепте сапалы медициналық қызмет ала алады. Жалпы білім беретін мектептерде медициналық кабинеттерді ашу және оның қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады;

мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде  облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында мектептегі тамақтанудың 16 энергия үнемдегіш комбинаты салынады, республика  мектептерінің 50 %-ының мектептегі ас блоктарының материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Сапалы, дәрумен қосылған және қауіпсіз мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мониторингінің жүйесі енгізіледі. 

 

Техникалық және кәсіптік білім

Мақсаты:

Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу. 

 

Міндеттері:

1. Экономиканың индустриялық-инновациялық  даму сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім  (бұдан әрі – ТжКБ) мазмұнының  құрылымын жаңарту.

2. Экономика салалары үшін кадрлар  даярлаудың инфрақұрылымын дамыту.

3. ТжКБ-да білім алудың беделін  арттыру. 

 

Нысаналы индикатор:

Жұмыс берушілер қоғамдастығында  біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы  реттен өткен ТжКБ түлектерінің қатысушылардың жалпы санынан үлесі (2015 жылы – 60 %, 2020 жылы – 80 % ).

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік  білім беру тапсырысы бойынша  білім алған түлектердің оқуды  бітіргеннен кейінгі алғашқы  жылы жұмыспен қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың үлесі (2015 жылы –78 %, 2020 жылы – 80 %).

Ұлттық институционалды аккредиттеу  рәсімінен өткен колледждердің  үлесі (2015 жылы –  10 %, 2020 жылы – 30 %). 

 

Техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту

Ұлттық және салалық біліктілік шеңберінің негізінде кадрлар даярлау  құрылымы ретке келтірілетін болады.

Мамандар даярлау еңбек нарығының  болжанған қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Кәсіптік стандарттардың талаптарына  сәйкес:

ТжКБ-ның мемлекеттік жалпыға  міндетті стандарттары, білім беру бағдарламалары жаңартылады;

арнайы пәндер бойынша типтік оқу  бағдарламалары, оқу әдебиеттері  әзірленеді;

бірнеше біліктілік алу үшін модульдік  бағдарламалар әзірленеді, модульдік  бағдарламалардың дерекқоры құрылады.

Білім алушылардың практикалық  дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы  кәсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін  ұлғаятын болады. Бұл үшін практика базасы жұмыс берушілермен әріптестік есебінен кеңейтіледі.

Білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын заманауи білім беру технологиялары оқу процесіне енгізілетін болады.

Озық әлемдік тәжірибе мен қолданбалы зерттеулер жүргізудің негізінде ТжКБ жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жетілдірілетін болады. Республикалық және облыстық ғылыми-әдістемелік кабинеттер тиімді жұмыс істейтін болады, ТжКБ ұйымдарының кітапханалары қажетті оқу әдебиетімен толықтырылады.

Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту

Жастардың кәсіптік білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін    кәсіптік лицейлер мен жатақханалар салу есебінен оқушы орындарының саны өседі. Атырау қаласында – мұнай-газ саласы бойынша, Екібастұз қаласында  – отын-энергетика саласы бойынша, Шымкент қаласында - өңдеу және Өскемен қаласында – машина жасау салалары бойынша 4 өңіраралық кәсіптік орталық жұмыс істейтін болады.

Оқу орындары шарт негізінде өндірістік практикадан, тағылымдамадан өту үшін базалық кәсіпорындарға бекітілетін  болады.

ТжКБ-ның 70 %-дан астам мемлекеттік  оқу орындары заманауи оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен қайта жарақтандырылады. Оқу орындарын заманауи оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңартуға және қайта жарақтандыруға жергілікті, республикалық бюджет, жұмыс берушілер қаражаты, халықаралық ұйымдардың заем қаражаты есебінен тартылады.

Экономика салаларына мамандардың  біліктіліктерін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізе отырып, жоғары білікті жұмысшы кадрлар даярлау  сапасын реттеу, оның ішінде жергілікті жерлерде «оқушылық» түрінде қамтамасыз етілетін болады.

Информация о работе Зейнетақы бойышна есептілік