Зейнетақы бойышна есептілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 15:18, лекция

Краткое описание

білім багдарламасы

Файлы: 1 файл

2011_2020_bilim_bagdarlamasy.doc

— 421.00 Кб (Скачать)

14. Білім беруге мемлекеттік-жеке  меншік әріптестікті енгізу.

15. Кәсіптік білім бағдарламаларының,  сондай-ақ ұлттық және халықаралық  аккредиттеуден өткен жоғары  оқу орындарының санын арттыру.

16. Заманауи ғылыми білім-білікке ие және еліміздің инновациялық дамуына үлесін қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау.

17. Бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық  өнімді жасау және өткізу.

18. Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды  іске асыруға қатысатын жастардың  үлесін 55 %-ға арттыру. 

 

7. Қажетті ресурстар 

2011 – 2020 жылдары білім беруге  жұмсалатын бюджет шығыстарын  кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға  қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі  үлесін дамыған елдердің орташа  деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз  ету жоспарланып отыр.

Білім беру саласында педагогтік қызметтің ерекшелігін ескере отырып, еңбекақы төлеудің сараланған жаңа жүйесі әзірленіп, енгізіледі.

Ауылдық ШЖМ педагогтерін қолдауға арналған шаралар жүйесі қарастырылуда.

Болжамды қаржы шығындары (күрделі  және ағымдағы)

Шығын құрылымында АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға,    3 ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің орнына бейіндік, «Назарбаев зияткерлік мектептерін» салуға, жетекші ЖОО-ларға шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға  қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына шығындар басым.

Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық  бюджеттен қаржыландырудың қосымша  көлемі 461,1* млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

2011 жылы – 59,7 млрд. теңге;

2012 жылы – 62,3 млрд. теңге;

2013 жылы – 52,8 млрд. теңге;

2014 жылы – 145,9 млрд. теңге;

2015 жылы – 140,4 млрд. теңге.

Бағдарламаның іс шараларын жергілікті бюджеттен  қаржыландыру  жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

*2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны  қаржыландыру көлемі Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  тиісті қаржы жылдарына арналған  республикалық бюджетті бекіту  кезінде нақтыланатын болады.


Информация о работе Зейнетақы бойышна есептілік