Коммерциялық банктердің несие тәуекелділіктерін басқару және реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 23:43, курсовая работа

Краткое описание

Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

Файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ ПО БД.doc

— 300.50 Кб (Скачать)

Кіріспе 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар  – қазіргі нарықтық экономика  жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің  бірі болып саналады және банктік  бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің  ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.

    Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра  отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несие қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.

    Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен  алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін  несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несие тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай  несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.

    Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері «несие тәуекелділігі», «несие портфелі» және «несие қабілеттілік» түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз - несие операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.

    Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі  қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

    Зерттеудің  мақсаты коммерциялық банктің несие  тәуекелділігін басқару жүйесіндегі  қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

    Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:

  • қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
  • банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;
  • дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;
  • Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;
  • несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, оның ішінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.

    Курстық жұмыстың құрылымы және көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 НЕСИЕНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

    1.1 Банктік несиенің мәні, құрылымы және элементтері 

    Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтарда пайдаланады.Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау-бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. Несиенің мәнін ашу - бұл несиенің экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады.Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші және қарыз алшы болып табылады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар  ондірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді. /1, 76 б /

     Кредитор-несиелік мәміленің қарызды  ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін  кредитордың қарамағында белгілі  бір қаражаттар болуы керек.  Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субьектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттарды есебінен де бере алады. Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкілі болады. Банктер ұжымдық кредиторлар бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қарыз алушы  несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімінен анықталады.Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты. /1, 86-89 б/

     Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды  қайтаруға міндетті жағы болып  келеді. Борышқор және қарыз алушы  бір- біріне жақын, бірақ шамасы  бірдей түсінік емес. Борыш міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие:

  1. ол қарызға  қаражаттардың меншік иесі ретінде болады;
  2. қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да пайдаланады;
  3. қарыз алушы өз шаруашылығында шеңбер айналымын қарызға алынған қаражаттарды қайтарады;
  4. қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді;
  5. қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады; /1, 70 б /

     Несие экономикалық категория  ретінде формаларға ие: форма әруақытта қандай да бір обьектіге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді. Экономикалық әдебиеттерде, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық және т.б жатқызылады./1,90б/

     Несиенің формасы-бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де несие формасы сол күйінде сақталады. /4, 45 б/

     Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез-келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады. Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.

     Банктік және коммерциялық несиенің  динамикасы әр түрлі. Коммерциялық  несиенің көлемі өндіріс пен  тауар айналымының ұлғаюымен  жоғарылайды және олардың азаюымен  қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы  кезеңінде оған ұсыныс және  сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына ( қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға ( қарыз алушылар қаражатты  өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді.

      Жеке капиталды ұдайы өндіріс  тұрғысынан алғанда, бұл бөліну  қарыздың қамтамасыз етілуіне  байланысты және қарыз алушы  капиталының шамасына несиенің  әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл-ақша қарызы. /3, 152-155 б/

      Банктік несие әмбебап болып  келеді, өйткені банк арқылы қайта  бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады.Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың басты мақсаты-пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.

     Банктік несие өзінің маңызды  ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір  сандық және сапалық өзгерістерге  ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен  шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде «банктік емес» деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа (акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар-несиелік қаржылық мекемелер,  тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары  болып табылады. /2, 95б/

Информация о работе Коммерциялық банктердің несие тәуекелділіктерін басқару және реттеу