Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 17:03, курсовая работа
Екінші тарау бойынша: несие жүйесінің ұғымын, құрылымын, несиелік мекемелердің түрлерін және несиелік жүйені құру принциптерін қарастырдық. Үшініші тарау бойынша: Қазақстандағы ақша-несие саясатының ерекшілгін қарастырдық.
Осы курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер кеңінен қолданылды: Б.А Көшенованың «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Ғ.С Сейітқасымовтың «Ақша, несие, банктер», Я.Әубәкіровтың «Экономика білімдер негіздері», сонымен қоса «Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана» журналы және тағы да басқа әдебиеттер қолданылды.
Кіріспе.......................................................................................................................
I тарау.Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы.............................
1.1.Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.......................................................
1.2. Ақшаның металдық және номиналдық теориясы........................................
1.3. Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы.......................................
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының несие жүйесі.............................
2.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы............................................
2.2 Несиелік мекемелердің түрлері......................................................................
2.3 Несиелік жүйенің құру принциптері.............................................................
IIІ тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері...........................................................................................................
3.1. Ақша-несие саясатының мәні.........................................................................
3.2. Ақша-несие саясатын реттеудің әдістері......................................................
3.3. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты......................................
Қорытынды..............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................
Қосымшалар.............................................................................................................
Жоспар
Кіріспе.......................
I тарау.Ақшаның шығу тегі, мәні
және айналымы......................
1.1.Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы....................
1.2. Ақшаның металдық және номиналдық
теориясы......................
1.3. Ақша айналысының сипаттамасы,
айналым заңы..................
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының
несие жүйесі........................
IIІ тарау. Қазақстан Республикасының
ақша-несие саясатының ерекшеліктері.................
3.1. Ақша-несие саясатының мәні..........................
3.2. Ақша-несие саясатын реттеудің
әдістері......................
3.3. Қазақстан Республикасының
ақша-несие саясаты.......................
Қорытынды....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымшалар....................
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері».
Курстық жұмыстың өзектілігі – ақша, яғни ақшаның пайда болуы мен айырбастың пайда болуы, ақшаның қазіргі өмірде алатын орны, байлық пен табыстың өзі - ақшамен өлшенетіні, металдық ақшаның қағаз ақшадан артықшылығы, Қазақстандағы қазіргі таңдағы ақша айналымы. Қазақсатан Республикасының несие жүйесі, жалпы несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы, несиелік мекемелердің түрлері, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының мәнін түсіндіріп, ерекшеліктерін қарау.
Ақша ежелгі заманда пайда
болды. Олар тауар өндірісінің
дамуындағы бірден-бір шарт
Ақша дегеніміз – жалпы балама роль атқаратын ерекше тауар.
Курстық жұмыстың мақсаты – ақшаның пайда болуы мен эволюциясын, атқаратын қызметтерін зерттеп, соған байланысты ежелгі Қазақстандағы ақшаның орнын не басқанын білу арқылы теңгенің қалай пайда болғанын қарастырып, Қазақстандағы ақша-несие саясатының ерекшеліктерінтүсіндіру.
Осы мақсатқа сәйкес, мынадай міндеттер атқарылды.
Бірінші тарау бойынша ақшаның пайда болуы, ерте заманнан біздің өмірге дейінгі ақшаның тарихы, дамуы, бұрын оның орнына қандай тауар болғаны туралы толық түрде жазылып, мәліметтер беріледі. Сонымен қатар осы тарау теориялық сипатта металдық және номиналдық теорияларын ажыратып, ақша айналыс заңына толық түрде сипаттама беріледі.
Екінші тарау бойынша: несие жүйесінің ұғымын, құрылымын, несиелік мекемелердің түрлерін және несиелік жүйені құру принциптерін қарастырдық. Үшініші тарау бойынша: Қазақстандағы ақша-несие саясатының ерекшілгін қарастырдық.
Осы курстық
жұмысты жазу барысында
I тарау. Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы
1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы, атқаратын қызметтері
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы мен мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны – белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, «айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол – ақша. Тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».[8; 45б.]
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар мен ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Тауар айналысының тарихи-эволюциялық даму процесіндегі жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген «біздің жинаған малдарымыз:ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды.[8; 9-беттер.]
«Капитал» сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі,түлкі және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдарының бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналады. 1610жылы жаулап алған орыстардың әскери кассасында 5450 рубль күміс пен 7000 рубль жүн табылды. [2; 68-беттер.]
Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен
жер игерушілердің бөлінуімен
эквиваленттің жетілуі
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартада, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. XVII ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Б.э.д. XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыда белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала берді, бірақ тауар - ерекше жалпылама эквивалент.
1.2. Ақшаның металдық және номиналдық теориясы
Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэн) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский (1771-1839 жж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы XIX ғасыр теоретиктерімен қолданылған. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XX ғасырда дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жандануы XIX ғасырдың II жартысында алтын-монета стандартының Германияда 1871-1873 жж. енгізілуімен байланысты болды.
Неміс экономистері (К.Кинс) ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж.Рюэфф және М.Дебре, ағылшын экономисі Р.Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Р.Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралауы мүмкін деп ойлады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес деген шешімге келеді
. Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.
Мемлекет сынаманы (пробаны) (монетадағы таза металдың құрамы), массасын, типін, ремедиумды (заңмен рұқсат етілген номиналды массаның нақтыдан ауытқуы), эмиссиялау ережесін және т.б. белгілейді.
Монетада бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады. Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл - толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері – биллонды ақшалар.
Монеталық ақшалар айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:
Биметаллизм –
жалпыға бірдей эквивалент
Монометаллизм –
жалпыға бірдей эквивалент
Осылай, б.э.д. III-II ғасырларда Римде мыс монометаллизмі, Ресейде 1843-1852 жж. аралығында – күміс монометаллизмі болды. Ресейде, олай болса Қазақстанда да алтын монометаллизмі 1897 жылы II Николай патша тұсында енгізілді.
Түрікше «акче» сөзі – қазақша «ақша», яғни «ақ» сөзінен күміс монетаның түсіне қарап шыққан.
Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштан және алюминийдің құймаларынан жасайды.
Ақшаның номиналдық теориясы.
Ақшаның номиналдық теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.