Ақша несиелік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 21:43, доклад

Краткое описание

Ақша-несие саясаты елден макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

Оглавление

1. Ақша-несиелік реттеу жайлы түсінік және оның экономиканы мемлекеттік реттеудегі рөлі.
2. Ақша-несиелік реттеудің әдістері мен негізгі формалары және инструменттері.
3. Ақша-несиелік реттеудің обьектілері, субьектілері және институционалдық негіздері.
4. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесінің құрылуы және дамуы.
5. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы.

Файлы: 1 файл

АНР 1 тапсырма.docx

— 1.57 Мб (Скачать)

1-тапсырма

  1. Ақша-несиелік реттеу жайлы түсінік және оның экономиканы мемлекеттік реттеудегі рөлі.
  2. Ақша-несиелік реттеудің әдістері мен негізгі формалары және инструменттері.
  3. Ақша-несиелік реттеудің обьектілері, субьектілері және институционалдық негіздері.
  4. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесінің құрылуы және дамуы.
  5. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы.
 

     Ақша-несие  саясаты елден макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар  жасауға бағытталған мемлекеттің  экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

     Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада  ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.

     Ұлттық  банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.

     Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.

     Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп  жиі айтылатынын атап еткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді. 

    Нарықтық  қарым-қатынаста салықтық бюджет пен  қаржылық несие негізгі орынды алады  және ол мемлекеттік реттеуде, мемлекеттің  экономикалық саясатын жүргізуде маңызды роль атқарады. Салықты-бюджеттік  және ақша-несиелік реттеудегі формалар мен бағыттары мемлекеттің экономикалық жағдайына байланысты анықталады.  Мемлекеттік бюджеттік саясаттың шешуші бағдарламасы ретінде, ең бастысы жеке меншік кәсіпорындардың және халықтың жинақтау қорына салықтық жеңілдіктер жасау болып табылады. Ақша-несиелік реттеудің мақсаты: Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның сатып алу  қабілетін және шетел валюталық курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.     

      Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізуге және  экономикалық өсу үшін қолайлы  жағдайлар жасуға бағытталған  мемлекеттің экономикалық саясатының  маңызды құрамдас бөлімдерінің  бірі болып табылады. Ақша-несие  саясаты – бұл айналыстағы  ақша жиынын, несие көлемін реттеу  мақсатында мемлекеттің ақша-несие  саласында қолданатын өзара байланысты  шаралар жиынтығы.   

    Мемлекет  өндірістік салаға тікелей әсер ете  алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты  мемлекеттің өндіріске әсер етуінің  тиімді әрі икемді әдісі болып  табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты  – ұлттық шаруашылықтың тұрақты  дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету. 

    Ақша-несие  саясатының негізгі  субъектісі – Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар. 

    Ұлттық  банктің міндеттері екі бағытта  атқарылады.

  • Валюта жүиесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

    Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

  • өндіріс көлемін өсіру;
  • толық жұмысбастылық;
  • инфляцияны төмендету.

    Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

  • Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
  • Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.
  • Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.
  • Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.
  • Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

        Қазақстан Республикасы ақша-несие  саясатының негізгі міндеттері  
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесі реформалаудың ұзақ та қиын жолынан өтті. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдарындағы қолайсыз макроэкономикалық жағдай (инфляцияның жоғары деңгейі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, жоғары пайыз мөлшерлемесі, т.б.) тиімді ақша-несие саясатын құруға айтарлықтай кедергі жасады. Алайда уақыт өте келе бұл қиыншылықтарды жеңе отырып еліміздің қаржы жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізілді. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, «Қазір шетелдік мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда ТМД елдерінің арасындағы ең үздік, бүгінгі заман талаптарына сай, жаңа банктік жүйе қалыптасты. Бұл реформалаудың маңызды жетістігі, өйткені рыноктық экономикаға өту кезеңінде Қазақстанның өзіндік дәстүрлі банктік мектебі болған жоқ».

      Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін  одан әрі жетілдіру үрдісі  жалғасуда және мемлекет алдында  жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер  тұр:  
- Ақша-несие саясатының инфляциялық аргеттеу принципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.  
- Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.  
- Нақты секторды несиелеуді өсіру және оның ресурстық базасын кеңейту арқылы банктік жүйе мен сақтандыру рыногының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.  
- Қаржы рыногына қатысушылардың бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік реттеудегі қызметін жетілдіру.  
- Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру. Мұнда Ұлттық банк электрондық ақшаларды енгізу мен дамытуды жоспарлайды.

       Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

     Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

     Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:

  1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
  2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

     Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

     Экспанциондық ақша-несие саясатынесие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

     Ақша-несие   саясаты    мемлекетті   реттеу    саясатының   бір    бағыты    болып    табылады.    Соның    ішінде   төлем   балансын    іске    асырудағы    маңыздылығын    баса   айтып    өткен   жөн.   Ақша – несие     саясаты    -    нарықтық     экономиканың    тірегі    ретінде    экономикалық    дамудың     ажырамас     элементін     білдіреді.

     Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты  көздеген бағыты: инфляцияны төмендету  және теңгенi тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргiзуде. Заңға сәйкес ұлттық мынадай ақша-несие  саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен  реттеледi:

  • Сыйақы мілшерлемелерiн белгiлеу;
  • Ең тіменгi мiндеттi резевтер нормасын белгiлеу;
  • мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргiзу;
  • банктерге және үкiметке несиелер беру;
  • валюталық нарықта интервенциялау;
  • кейбiр жағдайларда, несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен кілемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;

     Қазiргi уақытта жоғарыда аталған құралдардың iшiнде iс-жүзiнде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мілшерлемелерi, қысқа мерзiмдi ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

     Ұлттық банк өзiнiң жүргiзетiн операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелердi белгiлейдi:

  • ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi;
  • ресми есептiк (дисконттық) мөлшерлемесi;
  • РЕПО және керi РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесi;
  • “овернайт” займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесi;
  • күндiзгi займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесi.

    Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi - ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтiлетiн инфляция деңгейiне байланысты белгiленедi. ұлттық банкiнiң заң актiлерi, ҚР Президентiнiң актiлерi негiзiнде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргiзiлетiн заем операциялары бойынша қолданылады.

Информация о работе Ақша несиелік реттеу