Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 21:43, доклад
Ақша-несие саясаты елден макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
1. Ақша-несиелік реттеу жайлы түсінік және оның экономиканы мемлекеттік реттеудегі рөлі.
2. Ақша-несиелік реттеудің әдістері мен негізгі формалары және инструменттері.
3. Ақша-несиелік реттеудің обьектілері, субьектілері және институционалдық негіздері.
4. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесінің құрылуы және дамуы.
5. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы.
Ресми есептiк (дисконттық) мөлшерлемесi - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс кілемiне байланысты белгiленедi және ұлттық банктiң коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу оепрацияларында қолданылады. Ресми есептiк (дисконттық) мілшерлеме жылдық пайыздық мілшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзiмi алты айлық вексельдердi қайта есептеугде қолданылады.
РЕПО және керi РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесi – жылдық пайыздық мілшерлемелер, iшкi қаржы нарығының жағдайына байланысты белгiленедi және мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мілшерлесiнен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мілшерлемелердi реттеу арқылы сыйақы мілшерлемелердiң елеулi ауытқуын болдырмау.
“Овернайт” заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесi - ұлттық банктiң екiншi деңгейдегi банктерге, олардың ҚұБ-ғы корреспонденттiк шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттiк қалдықпен аяқтауы барысында бiр түнге берiлетiн заемдары бойынша қолданылады.
Күндiзгi заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемесi - ұлттық банктiң екiншi деңгейдегi банктерге, олардың ҚұБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттiк шоттары бойынша тілем жүргiзуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажеттi ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетiспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.
Ең тіменгi резервтiк талаптар.Ақшалай нарықтағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несиелер кілемiн реттеуде, банктiң ітiмдiлiк деңгейiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша тілемсiздiктi тімендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында ұлттық банк ең тіменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.
Резервтiк
талаптар, ашық нарықтағы операциялар
және пайыз саясатымен қатар коммерциялық
банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң
негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан
банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында
резервтiк талаптар, бiр жағынан, сақтандыру
институттарының жоқ кезiнде, коммерциялық
банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн,
екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай
мультиплкация процесiн реттеу қызметтерiн
атқарады.
Банк жүйесінің мәні, белгілері және түрлері
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдык бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады. Кез келген жүйе барлық қажетті элементтері мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдетте, бір жүйе өзінен де аукымды басқа жүйеге енеді. Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элемемттері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т.б. Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды. Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе – елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып карау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты кызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді баскару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады. Осы аталган белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР «Банктер мен банк қызметі туралы» заңында (3-бап) былайша жазылган: 1.Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие. 2. Ұлттық банк мемлекеггің орталык банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді. 3.ҚР Заң актілерімен анықталган айрықша құқықтық мәртебесі (статусы) бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесіпің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. 4.Шетелдік қатысушылар банкісі - екінші деңгейлі банк, меншігінде және (немесе) басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР бейрезиденттері; ә) занды түлғалар -ҚР резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және (немесе) басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (окушылардың салым ақшасы); ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің (сенімді тұлғалардың) қаражатына. 5.Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған әрі әрекет ететін банк.
Орталык банк - бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз кез келген елдің ақша-несие ииституты. Орталық банк - бұл «банктердің банкі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операцияларды жүргізбейді. Оның клиеиттері - коммерциялық банктер және баска несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтік ұйымдар, оларға әр алуан қызметтер ұсынады.Орталық банк тікелей ықпал ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін банктік мекемелерге ғана қатысты орындайды. Орталық банк несиелік жүйенің басқа буындарына негізінен тек жанама ықпал етеді, ол несиелік және ақшалай операциялардың, нарықтың әр алуан секторларының, қаржы-несие қызметтерінің өзара байланысынан көрініс табады. Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарыгының әр түрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар мен кызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялык банктер дәстүр бойынша кез келген елдің несие жүйесінің базалық жүйесі ролін атқарады. Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаган жеке тұлғалардың салымдарын жинақтаушы қаржы орталығы болып табылады. Ссудалык және инвестициялық операциялар арқылы коммерциялық банктер әр түрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол ашады. Мамандандырылгаи қаржы-несие мекемелері (оларды басқаша парабанктер деп атайды) нарыктық экономикадағы несиелік жүйенің маңызды және объективті қажетті буыны болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі буындарында және халықка көрсететін несие жүйесінің қызметтері толық болмай қалады.
Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Бағалы қағаздар табысты иелеріне дивидент түрінде әкеледі.
Бағалы қағаздар нарығын
Бағалы қағаздың айналымы
Бағалы қағаз қызметтері:
Экономикалық категория
Бағалы қағаздар, экономикалық қатынастар жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау үрдісіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал болып табылады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі.
Бағалы қағазбен есеп айырысу кезінде кепіл ретінде қолданылуы мүмкін; жылдар бойы сақталуы мүмкін; мұрагерлікпен берілуі мүмкін және т.б.
Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды;
Бағалы қағаздарды мемлекет те,
корпорациялар да шығара алады.
Жалған капитал капитал - қосымша
құнның (яғни табыстың) бір бөлігін
дивидент немесе процент
Бағалы қағаздарды жалған
Жалған
капитал нақты (өндірістік) және
қарыз капиталдары мен
Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Казақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі
Сипаттамасы | Бағалы қағаздың түрлері |
Эмитенті бойынша |
|
Эмитент міндеттемелері бойынша |
|
Айналыс аумақтары бойынша |
|
Құқықты жүзеге асыратын формадары бойынша |
|
Шығарылатын формалары бойынша |
|
Айналыс мерзімі бойынша |
|
Базистік активі бойынша |
|
Табысты төдеу тәсілдері бойынша |
|
Табысты алу тәсілдері бойъшша |
|
Эмиссия тәсілдері бойынша |
|
Валюта бойынша номинал |
|
Айналыс шарттары бойымша |
|
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:
Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар келесі санаттарға бөлінеді:
Негізгі бағалы кағаз - олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға жәие т.б. берілген мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз; базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варрантар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.
Үлестік бағалы кағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, иивестициялық пайлар жатады.
Борыштық бағады қағаз - қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың ұлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.
Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:
Атаулы бағалы қағаз - олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.