Ақша-несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 11:33, курсовая работа

Краткое описание

Ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.

Оглавление

КІРІСПЕ
I.АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ РӨЛІ.
Ақша-несие саясатының мәні, түсінігі,мақсаты
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары
II.ҚР АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ.
ҚР Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізу механизмдері
ҚР 2010 жылға арналған ақша-несие саясаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 1.46 Мб (Скачать)

ЖОСПАР: 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I.АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ РӨЛІ.

    1. Ақша-несие саясатының мәні, түсінігі,мақсаты.....................................4-6

1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары........................................6-10

II.ҚР АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ.

    1. ҚР Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізу механизмдері........10-13
    2. ҚР 2010 жылға арналған ақша-несие саясаты.....................................14-17

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................18

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ...............................................................................19 
 

 

     Кіріспе. 

     Ақша-несие    саясаты    -   бұл   қайтарымдылық, жеделдік    және    процент    төлеу    шарты    бойынша    өзге    елге   валюталық    және тауар  ресурстарының    несиеге    берілуін    қадағалайтын    саясат.

     Мемлекетті   реттеу    саясатының   бір    бағыты    болып    табылады. Ол - нарықтық     экономиканың    тірегі    ретінде    экономикалық    дамудың     ажырамас     элементін     білдіреді. Ақша – несие   саясаты   Қазақстан   Республикасында    ҚР  Ұлттық    Банкімен    елдің    банктік    пайыздық    ставкаларын,    валюта    курсын,    төлем    қабілеттілігін    анықтау    жолымен    іске    асады.   Сонымен    қатар    ақша    массасы   көлемінің    кеңеюіне    немесе    оның    қысқаруына    бағытталуы    мүмкін.  ҚР    Ұлттық    банкі     түрлі    күрделі     операцияларды     орындайтын    және     ақша    айналымын     реттейтін,     ұлттық     валютаның     тұрақтылығын     қамтамассыз    ететін     негізгі     буын     болғандықтан      бірінші     деңгейлі    банк    болып    есептеледі.

     Ақша-несие  саясаты бүгінгі таңда несиелеуге    болатын   экономика    секторын    дұрыс    таңдай   білуге,    сондай-ақ    несие    беру    мүмкіндігі    туралы,   төлем   балансы   сұрақтарын    шешуде    банк    үшін   бірінші    реттік   маңызы   бар    басқа   факторлар   мен    қарыз    алушының    несиелік    қабілетіне    қарап   өз   клиентін   таңдаудағы   біліктілігіне    негізделеді.

     Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың  дамуына, нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық, институционалды, ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда. Ақша-несие     жүйесінде    мемлекет    мынадай    рольдер    атқара    алады:    несие    беруші, қарыз алушы және кепіл.

     Ақша-несие  саясатының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді. Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді. Сонымен қатар қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.

     Көптеген  нарықтық экономикасы бар елдерде  ққазіргі кезде  ЭМР-де қолданатын ақша-несие  құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда – Ұлттық банк қолданады.Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар.

     Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен  басқа институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.

 

  1. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ РӨЛІ.
 

1.1Ақша-несие саясатының мәні, түсінігі, мақсаты. 

     Ақша-несие  саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады. [1]

     Ақша-несие    саясатының    негізгі    мақсаты  инфляциялық    тежелуді    қамтамасыз    ету   және    қаржы    нарығының    тұрақтылығын    қадағалау   қызметтерін жүзеге асыру. Ақша-несие     саясаты    ғана    Ұлттық   банктің    инфляцияны     төмендету    мақсатындағы    саясатына    толық    жауап    береді    және    сонымен    қатар,     ақша-несие     саясатына    деген    нарықтың    қатысушыларының    үлкен    сенімін    қамтамасыз    етеді.

     Еліміздің ақша- несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі  нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр. [2]

     Ақша-несие  саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының  Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

     ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен  басқа шетел валюталарына қатысты  тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Кез   келген    Ұлттық    банктің     міндеті    -   ұлттық    ақша    өлшемінің   төлем     қабілеттілігі     мен    валюталық     курсының     тұрлаулылығын     қамтамасыз    ету,     банк    жүйесінің     өтімділігі      мен     тұрақтылығын,     төлем     жүйесінің     тиімділігі    мен    сенімділігін    қамтамасыз   ету. [3] Осы    міндеттерді    атқару    үшін     Ұлттық    банк    негізінен    мынадай    қызметтерді    орындайды:  

  • банкноталарды    монополиялы     түрде    эмиссиялау;
  • ақша-несиелік     қатынастарды    реттеу;
  • сыртқы    экономикалық    қатынастарды   жүргізу;
  • банктердің    банкісі    болу;
  • үкімет    банкісі    болу.

     Осы    аталған    қызметтер   Ұлттық    банктің    балансында   көрініс    табады.

     Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

     1) қарыздар беру;

     2) депозиттер қабылдау;

     3) валюталық интервенциялар;

     4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

     5) мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;

     6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;

     7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын  шешімі бойынша басқа да операциялар.[4]

     Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясаты мақсатында қысқа мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарды шығаруға құқылы. 
Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және отеу тәртібі мен талаптарын айкындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді нотасы - Қазақстан Ұлтық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар. Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырады. [5]

     Ақша-несие саясаты өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

     1)Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының мәнінің өзгеруі;

     2)Ақша нарығыңдағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

     3)Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресеинвестициялықшығындардың) реакциясы;

     4)Жиынтық  сұраныстың   өзгеруіне   байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

     Нарықтық  пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық  банктің ақша саясатын кеңейтуінің  салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мелшерлемесінің төмендеуі байқалады. 
Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді. Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.

     Табыстау  механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін. 
Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, онім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мүңдай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға өр уақытта дүрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мелшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Ақша    ұсынысының   тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҮӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі. Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бірақ мүндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.

     Ақша-несие  саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді. Ақша-несие саясаты келемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҮӨ көлеміне әсер етеді

     Ақша-несие  саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты. Егер де Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы артады.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. [6]

 

     

1.2Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары. 

Информация о работе Ақша-несие саясаты