Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 11:33, курсовая работа
Ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.
КІРІСПЕ
I.АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ РӨЛІ.
Ақша-несие саясатының мәні, түсінігі,мақсаты
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары
II.ҚР АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ.
ҚР Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізу механизмдері
ҚР 2010 жылға арналған ақша-несие саясаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы мақсатқа жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін дамытуға, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамдық саясат үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларына жол бермеу мақсатында жүргізіледі.
Бағамды қалыптастыру икемділігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап теңгенің ауытқуы дәлізі кеңейтіледі: 150 доллар/теңге (+)10% немесе 15 теңге, (-)15% немесе 22,5 теңге. Теңге бағамының динамикасында басым үрдіс әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайға және төлем балансының жай-күйіне байланысты болады. [12]
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық
саясаты нарық ставкаларын
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған банктердің депозиттері бойынша ставка ақша нарығындағы қысқа мерзімді ставкалар дәлізінің төменгі шекарасы ретінде айқындалады. Бұл ретте ол болуы мүмкін ең төмен деңгейде, яғни банктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерде бос ресурстарды жинақтауға қайта ынталандыруға болатындай етіп белгіленеді. Артық өтімділікті алып тастау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталар эмиссиясын жалғастырады. Оларды шығару сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын қолдауға, 1 жылға дейінгі мерзімдегі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға бағытталады. Фундаментальді факторлар тарапынан күтілетін шамалы инфляциялық қысым кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Банктердің өтімділігі деңгейінің және оған байланысты тәуекелдердің, оның ішінде валюталық тәуекелдерің мониторингі жалғасады. Бұл операциялардың мерзімі қысқа болады.[9]
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қорландыру базасын қалыптастыру кезінде банктерді ішкі көздерге бұдан әрі қайта бағыттауға ықпал етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ын 11 млрд. теңгеге капиталдандыруды ұлғайтады. Сондай-ақ банктердің ресурстық базасын тұрақтандыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған банктік емес қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын отандық банктердің депозиттеріне аудару туралы мәселе қаралады.
Ақша-кредит
саясатының осы шараларын іске асыру
Қазақстан Республикасының
2.2
ҚР 2010 жылға арналған
ақша-несие саясаты.
Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:
Қазақстанның
төлемдік жүйесін Еврокеңес
Бірінші сценарийді іске асыру кезінде 2010 жылы Қазақстанның экономикасын қысқарту күтіліп отыр.Осы сценарий бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған үлгілеу мен болжау нәтижелері төлем балансы көрсеткіштерінің нашарлауын, кредиттеудің және ақша сұранысының төмендеуін көрсетті. Бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жиынтық сұранысты шектеу сияқты объективтік факторлардың ықпалына байланысты.
Екінші сценарийді іске асыру кезінде мұнай бағасының ең жоғары деңгейі Қазақстанның сыртқы ағындарына қолайлы әсер етеді, нәтижесінде 2010 жылы ағымдағы шоттың дефициті ЖІӨ-ге қарағанда 4%-ға жуықты, жалпы төлем балансының дефициті – ЖІӨ-ге қарағанда 2%-ға жуықты құрайды. Бұл даму сценарийінде ақшаға деген сұраныс шектеулі болып қалады. Ақша базасының кеңеюі 10,0%-ды құрайды, ақша массасы 9,6%-ға, банк жүйесіндегі депозиттер – 9,2%-ға, экономикаға кредиттер көлемі – 5,9%-ға ұлғаяды. Бұл ретте монеталандыру деңгейі 46,5%-ға дейін өседі (1-қосымша)
Осы сценарий бойынша ахуалдың дамуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылы экономикалық белсенділікті ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл экономиканың өсуінің қалыпты қарқының қамтамасыз етеді.
Үшінші сценарийге сәйкес 2010 жылы экономикалық өсу қарқыны алдыңғы сценарийлермен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейде болады деп күтілуде. Әлемдік нарықтағы анағұрлым қолайлы конъюнктура қазақстандық экспортерлерге оң ықпал етеді. Ағымдағы шоттың ЖІӨ-ге 1%-дан аспайтын деңгейде шамалы дефициті күтіледі, жалпы төлем балансы ЖІӨ-ге 1%-ға жуық мөлшерде оң белгімен қалыптасады.
1 кесте. АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ 2010 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
|
Алынған көзі: www.nationalbank.kz
Осы жағдайда ақшаға
деген сұраныс алдыңғы
Ұлттық банк бағаның,
айырбастау курсiнiң тұрақтылығының қамтамасыз
ету және елдiң қаржы секторының тұрақтылығына
бағытталған ақша-несие саясатын жүргізді.
2010 жылдың ақпанында қаржы дәлізі кеңейіп,
ол доллар үшін 150 теңгеге тең болды (+)10%.
Ұлттық банк экономикадағы инфляциялық
қысымды баяулатуға мүмкiндiк беретін
құралдарға ие. Бұл ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесi және екiншi деңгейдегi банк
үшiн ең төменгi резервтегi талаптардың
анықтау, қысқа мерзiмдi ноталарының шығарылымы,
және банктердiң депозиттерiнiң қабылдауы.
2010 жылдың қаңтар мен қыркүйек аралығында
2009 жылмен салыстырғанда қысқа мерзімді
ноталардың мөлшері 2,6 триллион теңге,
яғни 2,5 есе көбейді.
Сурет 3. Қысқа мерзімді ноталардың
өлшенген тиімді
табысы, %
Сурет 4. Қысқа
мерзімді ноталарды орналастыру көлемі,
млрд. теңге
Бұл мерзімде 13,6
триллион мөлшерде банктерден депозиттер
иеленді. 2009 жылмен салыстырғанда көрсеткіш
25,4%-ға көп.Депозиттер бойынша Ұлттық банкте
қалдықтар 367,5 миллиард теңге құрап, 24,8%-
ға азайды.
Сурет 5. Тартылған
депозиттер көлемі, млрд. теңге
Осы мәліметтерге сәйкес, 419,7 миллиард теңге айықтырылды. Инфляцияны төменгі деңгейде сақтау, ақшаны айырбастау курсын тұрақтандырады. [11]
Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізу керек. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді. Валюталық режим либеризация жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізеді. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді.Ақша-несие саясаты келемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады, өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҮӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады. Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.
Тұтыну нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін бар күштер негізгі тауар мен қызмет көрсету тобының бағаларының өсуіне бағытталған. Сонымен қатар ішкі нарықты бірінші қажеттіліктегі тауарлармен толтыру, субъектілердің өз үстем жағдайын теріспайдалануына бағытталған. [6]
Қорытынды.
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде ақша – несиенің даму ерекшеліктерін қалыптастыру мен нарық талаптарына түсіру міндеттерін жоспарға алып, бұл мәселенің кезек күттірмей шешілу еліміздің экономикасы мен ертеңі үшін ауадай қажет екендігін айқындады. Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек. Ақша-несие саясаты ғана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар, ақша-несие саясатына деген нарықтың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. 2004 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға ала бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен көкеністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен компоненті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен компоненті алып тастау көзделеді.
Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, ауыл шаруашылығы бағаларын, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды реттеп отыру шаралары болып табылады. Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда. Ақша-несие саясатының қазiргi кезеңдегi тиiмдiлiгi Орталық банктiң саясатына деген сенiмдiлiкпен тығыз байланысты.