Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 11:33, курсовая работа
Ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.
КІРІСПЕ
I.АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ РӨЛІ.
Ақша-несие саясатының мәні, түсінігі,мақсаты
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары
II.ҚР АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ.
ҚР Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізу механизмдері
ҚР 2010 жылға арналған ақша-несие саясаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
-қайта қаржыландыру мөлшерлемесі. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi.
-ҚҰБ-те
жинақталатын ең төменгі
-мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
-банктерге және үкіметке несие беру;
-валюталық нарықтағы басқыншылық;
-кейбір
жағдайларда несиелік
-ресми есепке алу (дисконттық ) мөлшерлемесі. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа,инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асыратын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланылады.[7]
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін
тікелей реттеу. Ұлттық банк коммерциялық
банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін
пайыздық норма арқылы шектеп отырады.Ұлттық
банк коммерциялық банктермен өзара келісімге
келеді.
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі. Ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады.
Міндетті
резервтер – бұл әрбір
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі. Коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі).
в) ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді. Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді. Сонымен қатар қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.[8]
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквиваленттілігінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.
Ақша
жүйесінің элементтеріне
1.Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.
2.Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.
3.Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.
4.Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.
5.Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
6.Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар–ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Ақша айналысы заңы мына формуламен белгіленеді:
M · V = P · Q
Мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны; V – ақшаның айналыс жылдамжығы; Р – бағаның орташа деңгейі; Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
- несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі. Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады.
Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді.
Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы.
Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:
Ақша ұсынысы – экономикадағы қазіргі уақыт мезетінде бар ақша көлемі. Ақша ұсынысын реттеудің үш құралы: ашық нарықтағы операциялар,
міндетті резервтер нормасы, есеп мөлшерлемесі.
Ақша ұсынысының көлемі: M = CU + D.
Ақша ұсынысының моделіне 3 экзогенді айнымалы кіреді:
1.Ақша базасы - MB=Cu + Re
2.Депозиттерді резервтеу нормасы – rr;
3.Ақшаның депонерлеу коэффиценті – cr.
Ақша
сұранысы - процент мөлшерлемесінің берілген
шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге
келу үшін және бағалы қағаздар сатып
алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын
ұнататын ақшаның жалпы көлемі.
1 сурет.
Орталық банктің ақшаға бақылау жасауы.
2 сурет. LM қисығын шығару.
Бұл график табыс пен қойылым арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді.[9]
Ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі, Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттардың ашықтығы. Инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.[10]
Әлемдік және ішкі нарықтардағы тұрақсыздықтың және белгісіздіктің сақталуы жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының бір жылға - 2010 жылға арналған негізгі бағыттарын әзірлеуге шешім қабылдады. Белгісіздіктің төмендеуіне қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының үш жылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын әзірлеу практикасына оралатын болады.
2009
жылдың басында әлемдік
Ақша-кредит саясатын жүргізу кезіндегі тәсілдердің міндетті түрде өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі назарды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуден және инфляциялық таргеттеуге көшу саясатын жалғастырудан валюталық дәлізді белгілеуге қарай ауыстыру жолдарын зерделеді. Әлемдік тәжірибеге жасалған талдау бағамды жаңа деңгейде кейіннен ұстай отырып, ұлттық валютаны бір реттік девальвациялау қалыптасқан жағдайдағы жалғыз дұрыс шешім болып табылатынын көрсетті.
Соған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +/-3% деңгейіндегі жаңа дәлізін белгіледі. Бұл нарықтағы девальвациялық күтулерді төмендетіп қана қоймай, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қайта қалпына келтіруді және алтынвалюта резервтерін сақтауды қамтамасыз етті.
Осы шаралардың, сондай-ақ қазақстандық экспорттың негізгі позияцияларының әлемдік бағаларының қалпына келуі нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып, 2009 жылдың аяғында ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алтын валюта резервтерінің көлемін толықтыра алды. 2009 жылдың аяғында ол 23,2 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 16,8% артық.
Экономикадағы ең төменгі әлеует Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақша-кредит саясатының негізгі бағыты ретінде халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды айқындауға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ол үшін банктерге қысқа мерзімді теңге өтімділігін беру жөнінде шаралар қабылдады. Осы бағыт шеңберінде банктерге қайта қаржыландыру заемдары берілді, осы операциялар бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесі түзетілді. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 10,5%-дан бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгей – 7,0% дейін біртіндеп төмендетілді. 2009 жылғы наурызда банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5% дейін төмендетілді. Борышын қайта құрылымдау үстіндегі банктердің ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде ЕРТ-нің жекелеген нормативтері белгіленді.