Ақша-несие саясатының ерекшіліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 17:03, курсовая работа

Краткое описание

Екінші тарау бойынша: несие жүйесінің ұғымын, құрылымын, несиелік мекемелердің түрлерін және несиелік жүйені құру принциптерін қарастырдық. Үшініші тарау бойынша: Қазақстандағы ақша-несие саясатының ерекшілгін қарастырдық.
Осы курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер кеңінен қолданылды: Б.А Көшенованың «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Ғ.С Сейітқасымовтың «Ақша, несие, банктер», Я.Әубәкіровтың «Экономика білімдер негіздері», сонымен қоса «Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана» журналы және тағы да басқа әдебиеттер қолданылды.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................
I тарау.Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы.............................
1.1.Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.......................................................
1.2. Ақшаның металдық және номиналдық теориясы........................................
1.3. Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы.......................................
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының несие жүйесі.............................
2.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы............................................
2.2 Несиелік мекемелердің түрлері......................................................................
2.3 Несиелік жүйенің құру принциптері.............................................................
IIІ тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері...........................................................................................................
3.1. Ақша-несие саясатының мәні.........................................................................
3.2. Ақша-несие саясатын реттеудің әдістері......................................................
3.3. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты......................................
Қорытынды..............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................
Қосымшалар.............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Ақша-несие саясатының ерекшіліктері.doc

— 194.50 Кб (Скачать)

    Номинализмнің  негізгі ережесі төмендегідей:

  • ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады;
  • бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.

 Сонымен номиналистер  ақшаның құндық жаратылысын толық  жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады.                     Адам Смиттің (1723-1790жж.) айтуынша, ақша – бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның       құны екі жақты мәнге ие деп санайды:

  • қандай да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
  • басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың  басында саяси экономияда номинализм  үстемдік ете бастады. Бірақ  бұрынғы номинализмнен айырмашылығы  оның объектісіне қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады.

Номинализмнің мәні неміс экономисі  Кнапптың («Государственная теория денег», 1905 ж.) еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:

  • ақша – құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің туындысы;
  • ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;

-         ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы.

Ақшаның номиналдық теориясы жағында  белгісіз американ экономисі П.Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланысты болса, ал алдағы уақытта ақшалар шарты белгілерге айналуда деп сендірді. «Тауар ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Ақша дегеніміз ол жасанды әлеуметтік шарттылық».

Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы  өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктерімен байланысты.

Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғасырға тән, яғни ол кездегі теріден жасалынған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.

XIII ғасырда Марко Поло Қытайда  ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын. Бұл ақшалардың төрт бұрышты пластин формасы және олардың ерекше белгілері мен мөрі болған. Олардың сатып алу қабілеті де әр түрлі.

Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғыс ханның немересі Хубила ханмен байланыстырады.

     Металл  ақшадан қағаз ақшаға ауысу  себептері:

  1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттілігінен әлдеқайда төмен.
  2. Монеталардың тозуы және бүлінуі.
  3. Мемлекеттік билік (ремедиум) пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы.

         Осыған байланысты, К.Маркс атап  көрсеткендей: «өзінің айналыстағы  делдалы ретінде алтын әр түрлі  өзгерістерге ұшырады, тіпті жай ғана бір жапырақ қағазға дейін жұқарды».

        Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан біртіндеп бөлінуі нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.

        Қағаз ақша – мемлекеттің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын мен күмістің белгілері ретінде пайда болды.

     Қазақстанда  1993 жылы ең ірі купюрада 100 теңге,  1994 жылы 200 және 500 теңгелік купюралар шығарылған болатын.

       

 

 

 

            1.3. Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы

Қайта құру кезеңіне дейін «ақша  айналымы» мен «ақша айналысы»  ұғымдары арасында айтарлықтай шек  қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол  ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль  тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен  қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. 

Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекет иелігінен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.

      Ақша  айналысы мен ақша айналымы  арасындағы шек жойылды. Тауар  айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

      Ақша  айналысының объективті негізі  – тауат өндірісі мен тауар  айналысы болып табылады. Құн  формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

      Бірақ  ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

      Айналыста  жүре отырып ақша әрі айналыс  құралы, әрі төлем құралы функцияларын  атқарады. Сонымен, тауарды сатудан  түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

     Жалпы ақша  айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

     Ақша айналысын  реттеудің маңызды элементі –  қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

     Банк жүйесін  реформалау және ақша банкнотасын  өндіруге байланысты өзінің меншікті  қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.

     Дамыған  елдерде бұл процесс кеңінен  дами түсуде: оларда қолма-қолсыз  ақша айналысы өріс алып жатыр.  АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен,  ал қалғаны чек, несиелік карточкалар  т.б. көмегімен жүргізіледі.

     Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды.  Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.

     Бұл екеуі  өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң, оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.

    Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдаланылады:

     ●   М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, монеталар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;

     ●   М2 – оған М1 агрегаты және мерзімі 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары (вклады) кіреді;

     ●   М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;

     ●   М4 – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.

     Қорыта  айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп, үлкен ақша массасын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.

     Ақша массасының  нақты құрамы әр мемлекеттің  өзіне тән ақша-несие жүйесімен  анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша массасын анықтау үшін – 4, Швейцария мен Германияда – 3, Ұлыбританияда -5, Францияда – 2 ақша агрегаты қолданылады.

     Қазақстан  Республикасының ақша массасының  құрылымына келесі ақша агрегаттары  кіреді:

        ●  М0 – айналыстағы қолма-қол ақша;

        ● М - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;

        ●  М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;

        ● М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займ облигацияларын біріктіреді.

    Ақша агрегаттарының  құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының  дамуына байланысты өзгерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     ІІ тарау. Қазақстан Республикасының несие жүйесі

                           2.1. Несие жүйесінің ұғымы және  оның құрылымы

Нарықтық экономикада  несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол  уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие  жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал  етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай  қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс  тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен  сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын  қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасның қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланған.

Несие жүйесінің өз қызметтерін  орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай  қаражаттарды жинақтап, оны қайтару  және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Несие екі формада  болады: тауарлық және ақшалай. Тауар  несиесі коммерциялық несиенің бірінші  негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне зарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ  салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне – шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатажы. Несиелік қатынастардың маөмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.

Бірлескен несие жүйесінің  күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиентеріне  көрсететін жіктелуін негізге алатын болсақ , онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

  • Орталық банк
  • коммерциялық банк;
  • мамандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және т.б.)

Информация о работе Ақша-несие саясатының ерекшіліктері