Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 23:43, курсовая работа
Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
2-кесте
Банктік сектордағы несие портфелінің
көлемі және өсімі, 2005-2009 жж.
Атауы | 01.01.05
жыл |
01.01.06
жыл |
01.01.07
жыл |
01.01.08
жыл |
01.01.09
жыл |
01.01.10
жыл |
Несие портфелі, млрд теңге | 1 813,4 | 3 062,0 | 5 991,8 | 8 868,3 | 9244,54 | 9558,9 |
Өсім, өткен кезеңге %-бен (оң жақ шкала) | 66,8 | 68,9 | 95,7 | 48,0 | 4,2 | 4,3 |
Ескерту - ҚҚА сайты деректері негізінде есептелді. |
Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс секторларын несиелеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік субьектілерін де несиелеу біршама азайды. Жылжымайтыне мүлік нарығындағы тұрақсыздық және бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті . Қазақстанның банк жүйесіндегі төлем мерзімі өткен (2, 4, 5 санаттағы күмәнді және үмітсіз) несиелердің деңгейі бірыңғай несиелерді есепке алғандағы жиынтық банк активтерінің 10% тең шекті параметрлерінен төмен, бұл ретте әрі қарай өсу үрдісі байқалды, бұл жаһандық өтімділік тапшылығының және жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның жағымсыз өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Несие банктің негізгі қызмет түрі болып табыс әкелуімен қатар, банк үшін тәуекелі де жоғары екені белгілі. ЕДБ-ң несие портфелінде мерзімі өткен берешектері күннен-күнге артып отырғанын көруімізге болады. Коммерциялық банктердің несие тәуекелдерін басқару жөніндегі тәжірибесінің аздығы және несие портфелінің басым бөлігінің доллармен толығуы, трансшекаралық несиелер мен бағалар тұрақтамауы несие портфеліндегі мерзімі өткен берешектердің өсуін арттырды.
2005-2009 жылдар аралығында жылдан-
3-кесте
ЕДБ несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер,
млн теңге
Барлығы | Ұлттық валюта
дағы несие |
Шетел валюта
ында ғы несие |
Қысқа мерзімді
несие |
Ұзақ мерзімді
несие |
Банктік емес заңды тұлға несиесі | Жеке тұлға
несиесі | |
01.01.05 ж. | 30043 | 16412 | 13631 | 17796 | 12247 | 27796 | 2247 |
01.01.06 ж. | 33135 | 15147 | 17988 | 17323 | 15811 | 28612 | 4523 |
01.01.07 ж. | 77859 | 30583 | 47276 | 53486 | 24373 | 69608 | 8251 |
01.01.08 ж. | 121395 | 74143 | 47252 | 58897 | 62498 | 91397 | 29998 |
01.01.09 ж. | 318120 | 203910 | 114210 | 89623 | 228498 | 228324 | 89787 |
01.01.10 ж. | 1048130 | 515835 | 532295 | 585154 | 765976 | 449583 | 82713 |
Ескерту - ҚР ҰБ статистикалық деректері негізінде. |
Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау барысында, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ң клиенті - «Жаңа-Олжа ұн комбинаты» ЖШС алынып, қарыз қабілеттілігі толықтай бағаланды.
ҚР ЕДБ тәуекел-менеджментін дамыту және олардың жай-күйі туралы қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу, несие жүйесін басқарудың тәуекел менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз деңгейде дамығанын анықтады. Банктердің ішкі жүйесіндегі несие тәуекелдерін басқару жүйесін құру және қызметін жандандыру банктердің ішкі қызметіндегі маңызды және керекті элементке айналуы тиіс. Осы элементтің дұрыс қызметі арқылы ЕДБ халықаралық талаптарға жауап беретін сенімді және мықты банкке айнала алады.Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару жөнінде жазылған отандық еңбектер жоқтың қасы, көп еңбектерде жазылған теориялық материалдардың іс жүзінде практикадан алшақтығы сезіліп жатады.
Несие жүйесіндегі
Несие тәуекелділігін туындататын факторлардың бірі пайыз мөлшерлемелеріндегі өзгерістер немесе дұрыс есептелмеген пайыз мөлшерлемесі. Банктер өз қызметі барысында барлық уақытта пайыз мөлшерлемелерін ырықтандыра алмайды, себебі оған көптеген ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлардың да әсері бар. Атаулы жағдайларда ғана банктер, мысалы несие портфелін теңдестірп қаржыландыру саясатын жүргізулері мүмкін.
Пайыз
мөлшерлемесінің деңгейі
Біріншісі – қазақстандық нарықтағы бәсекенің қарқынына қатысты. Егер клиентке банкті ауыстыру қиынға түссе, онда пайыздық мөлшерлемелердің түсуін күткенде несиелер бойынша межеленген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді, ал пайыздық мөлшерлеменің өсуі күтілгенде – мерзімді салымдар мен депозиттер бойынша тіркелген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді. Екіншісі – пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелінің көбірек бөлігін қарыз алушыға аудара отырып, банк оның төлеуге қабілетсіз етуі және осының салдарынан анағұрлым көп жоғалтуы да мүмкін. Өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындарымен салыстырғанда банк мекемелерінің осы тәуекел түрін басқару мүмкіндіктері көбірек.
Бүгінгі күні Қазақстан шикізат отаны болып санала отырып, оны өндіруге қаржыны шетелдік инвестиция көздерінен алып отыр, ол ертеңгі күні бірнеше есе артық қаржы төлеу арқылы дайын өнім алу мүмкіндігіне ие боламыз. Осы тұрғыда несиелік ресурстардың басым бөлігін өндіріс орындарын ашуға жұмсасақ, еліміздің қаржыларын молайтуға, арзан ресурс пен қатар арзан өнімге, әлеуметтік тұрғыда жұмыспен қамтуға қол жеткізер едік, ал бұл дегеніміз ертеңгі күні заңды және жеке тұлғалардың несие қабілеттілігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз.
Несиелер бойынша мөлшерлеме белгілеу
кейбір базалық мөлшерлеменің немесе
несие тарту мөлшерлемесінің негізінде
жүзеге асырылады оған пайда маржасы мен
тәуекел үшін үстеме (негізінде шетел
банктерінде) қосылады. Мысалы, банктермен
өтелетін несиелер бойынша мөлшерлеме
«құнға қосу» формуласының көмегімен
белгіленуі мүмкін.
Несие бойынша
мөлшерлеме = Тққ + Нс + Қмот + Ош + Пм
(1)
мұнда,
Тққ – тартылған қаражаттың құны;
Нс – мерзімге байланысты сыйақы;
Қмот – қарызшының міндеттеме орындамау тәуекелі бойынша сыйақы;
Ош – операциялық шығындар;
Пм –
пайда маржасы.
Осы
үлгіні ЕДБ қалауы бойынша түрлендіруге
болады, біз несие мөлшерлемесін
есептеуде төмендегі формуланы
ұсынамыз:
Несие бойынша мөлшерлеме = Тққ
+ Нстқ
(2)
Тққ – тартылған қаражаттың құны;
Нстқ
– несие саясатындағы тәуекелдер
құны.
Тартылған қаражаттың құны (Тққ) несиелік ресурстың банк үшін арзан немесе қымбат көздерден алынуына байланысты болса, несие саясатындағы тәуекелдер құны (Нстқ) осы несиенің банк үшін қандай тәуекелділік (шығын мен залал ықтималдығы) әкелетіндігіне байланысты анықталуы қажет және банктің саясатымен белгіленгені дұрыс деп есептейміз.
ҚР Ұлттық банк және ҚР ҚҚА қолданатын соңғы 2007-2009 жылдары енгізіліп қолданылып келе жатқан модельдердің бірнеше түрі бар. Соның бірі құпия жүргізілетін яғни респондент аты-жөні көрсетілмейтін екінші деңгейдегі банктерді тексеру сауалнамасы - «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» деп аталады (4-кесте).
Нәтижелерді сондай-ақ респонденттердің пікірін көрсететін біріктірілген көрсеткіш болып табылатын «диффузия индексінің» көмегімен де бағаланады. Индекс мәндерінің шкаласы -100%-дан 100%-ға дейін өзгереді. Индекстің нөлге тең мәні респонденттердің ағымдағы ахуал туралы пікірі өткен зерттеулермен салыстырғанда өзгермегендігін көрсетеді. Респонденттердің пікірі оң немесе теріс жаққа өзгергенде, бұл тиісінше ұлғаю/азаю, жұмсару/қатаю жағындағы нәтижелерде көрінеді.
Индекс арналған деректер мынадай формула бойынша есептеледі:
«Диффузия индексі» = («айтарлықтай қатайған» деп жауап берген респонденттердің пайызы + «шамалы қатайды» деп жауап берген респонденттердің пайызы»*0,5) - («айтарлықтай жұмсарған» деп жауап берген респонденттердің пайызы + «шамалы жұмсарды» деп жауап берген респонденттердің пайызы *0,5).
ҚР
Ұлттық Банкі жүргізген 2010 жылғы
қаңтарда «Несие нарығының жағдайы
және өлшемдерінің болжамы» тұрақты
тексеру нәтижелері 2009 жылғы 4-тоқсанда
несие портфелі сапасының нашарлауы
қарқынының төмендегенін 2-сурет көрсетіп
тұр. Қаржылық емес ұйымдар несиелік ресурстарды
айналым қаражатын толықтыру және бұрын
алынған несиелерді қайта құрылымдау
үшін тартады. Бөлшек несиелеу нарығында
банктер ипотекалық қарызға қарағанда,
тұтынушылық несиелеуге біршама көбірек
басымдық беруді жалғастырып отыр.
4-кесте
«Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің
болжамы»
Зерттеудің мақсаты | Сапалық параметрлер негізінде: несиелік ресурстар сұранысының және ұсынысының өзгеру үрдістеріне, тәуекелдерді басқару жүйелеріне, банк секторын мемлекеттік реттеу шараларының бірдейлігіне баға беру. Банктің өзара байланыс жүйесін талдау, стресс-тестинг өткізу және қаржы тұрақтылығының индикаторларын бағалау үшін қажетті деректер алу. | |
Зерттеу әдісі | Сауалнама жүргізу арқылы тұтас әдіс (екінші деңгейдегі барлық банктер) | |
Мақсатты топ (респонденттер) | Сауалнама банктің жалпы несие саясатын қалыптастыруға және (немесе) тәуекелдерді басқаруға жауап беретін банк басшысына арналған. Ақпарат тұтастай алғанда банк бойынша беріледі. | |
Зерттеу жүргізу жиілігі | Тоқсандық - жылына 4 рет (қаңтар, сәуір, шілде, қазан) | |
Сауалнаманың құрылымы | Сауалнама 3 бөлімнен
тұрады (толтыру бойынша барынша
егжей-тегжейлі ақпарат әдістемелік
ұсынымдар бөлімінде берілген):
| |
«Банктік несиелеу нарығы» |
| |
Сұрақтар секциялары | Корпоративтік
сектор: несиелік ресурстарға сұраныс,
несиелік ресурстарға ұсыныс және оларға
ықпал ететін факторлар, екінші деңгейдегі
банктердің, оның ішінде несие портфеліне
қатысты болжамдық күтулер.
Жеке тұлғалар: тұтыну және ипотекалық несиелеу бойынша сұрақтар | |
Зерттеу нәтижелері | «ұлғайту» («жұмсарту») параметрлерін белгілеген респонденттер үлестерінің және оның «азаюын» («қатаюын») белгілеген респонденттер үлестерінің арасындағы «таза пайыздық айырмашылықты» есептеу арқылы бағаланады. |
Информация о работе Коммерциялық банктердің несие тәуекелділіктерін басқару және реттеу